kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ауа райыны? ??былыстары мен халы?ты? болжам арасында?ы ?ндестік» ?ылыми жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Ауа райыны? ??былыстары мен халы?ты? болжам   арасында?ы ?ндестік»

Ма?саты: Ауа райы туралы толы??анды ма?л?мат алу, ауа райыны? адам ?міріндегі жа?дайын    ба?ылау.

Міндеттері:

    Ауа райны? ??былыстарын жеке-жеке талдау;

   Ауа райын ба?ылауда?ы ?лтты? ерекшеліктер туралы ма?л?маттар жина?тау;

 Зерттеуді? жа?ашылды?ы:

   Метеорология станциясыны? ??пиясын аны?тадым;

   Халы? даналы?ыны? ауаны ?алай болжа?аны туралы о?ып білдім

Зерттеу ?дістері:

   Баяндау; жина?тау, салыстыру, талдау, ??гімелеу;                                                                   

Жоспар

І.Кіріспе          

А) Ауа райы ж?нінде жалпы т?сінік            

ІІ. Негізгі б?лім

А) Ауа райыны? ??былыстары

?) Ауа райынан болатын апаттар

Б) Ауа райын ба?ылау ж?не халы?ты? болжам жасау

В) Таби?атты ба?ылауда?ы ?лтты? ерекшеліктер

ІІІ.?орытынды

І.КІРІСПЕ    Адамзат пайда бол?аннан бастап таби?атпен тікелей байланыста. Адам таби?атты? ?німі. Таби?атта пайда болады, таби?атта ?оректенеді, а?ырында таби?атты? бір б?лшегіне арналады. Сонды?тан адам таби?аттан тыс ?мір с?ре алмайды.                                                                                                                                        Ертедегі адамдар таби?атты? ?ыр – сырын т?сінбегендіктен, таби?атты? барлы? ??былыстарына ??дай атауын беріп, табын?ан.Жердегі барлы? ?мір с?ріп т?р?ан тірі а?залар  ?шін тіршілік етуді? негізгі т?рт к?зі бар: ауа, су, от, жер. Б?ларсыз еш?андай а?за ?мір с?ре алмайды.

 ауа райынан болатын апаттар

.??йын, су топаны, су тас?ыны, Цунами тол?ындары, б?рша?, сел, б?р?асын, к?ктай?а?, ша? дауылдар, ??м дауылдар, дауылдар мен ?атты желдер, тропикалы? циклон, т.б.

    Ж?мыр жерді? бетіндегі ауа райы жа?дайларыны? айырмашылы?ы орасан. Планетамызды? кез – келген т?пкірінде ауа райы ?згеріп отырады – жыл т?улігінде де, ?р айда, ?р маусымда да ?р ?илы. Онда?ан жылдар бойы белгілі бір жерде болатын ауа райына зер салып бай?аса оны? сол айма??а т?н ?згеру шегін а??ару ?иын емес.

    Ауа райы дегенде ?алымдар жер бетінде ж?не ?рт?рлі биіктікте  белгілі бір с?тте немесе уа?ыт аралы?ында болатын на?ты атмосфера жа?дайларын айтады, ал на? сол айма??а т?н осындай жа?дайларды? к?п жыл?ы жиынты?ын климат деп біледі. Б?л ??ымдарды? ?зара байланысы да, оларды? арасында?ы елеулі айырмашылы? та айдан аны?. Ауа райы бір т?улікті? ?зінде талай м?рте ?згеруі м?мкін, ал климат одан ?лде?айда т?ра?ты келеді.

Б) Ауа райын ба?ылау  ж?не халы?ты? болжам болжау.

    Ауа райын зерттеуді? практикалы? ма?ызы зор. Оны болжау халы? шаруашылы?ыны? барлы? салаларына керек. Ауа райын болжаумен метеорология ш??ылданады.

    Метеорология дегеніміз не? Метеорология ?ылымы ?з атауын гректі? «метеора» деген с?зінен алады. Ол «аспанда?ы ?лдене» дегенді білдіреді. С?збе с?з айт?анда б?л метеорлар туралы ?ылым. Метеорит емес. Метеорология гидрометеорларды (жа?быр, ?ар, б?рша?), ауа метеорларын (жел, ша? дауылдар), литометеорларды (ша?, тоза?), жары? шашатын метеорларды (кемпір?оса?, са?ымдар), отты метеорлар (найза?ай) ж?не бас?аларды зерттейді.

   Ауа райын ба?ылау ?шін ?олданылатын ??ралдар.

    Термометр – ауа температурасын ?лшейді.

    Жауын – шашын ?лшеуіш – жазда жауатын жауын – шашын м?лшерін есептейді.

    Желба?ар (флюгер) – желді? ба?ыты мен к?шін аны?тайды.

    ?ар ?лшеуіш сыры? – ?ыста ?арды? ?арды? ?алы?ды?ын ?лшейді.

    Метеорологиялы? термограф М – 16АС – ауа температурасыны? ?згерістерін тіркеуді ?амтамасыз етеді.

    Метеорологиялы? гигрограф М – 21АС – ауаны? салыстырмалы ыл?алдылы?ын тіркеуді ?амтамасыз етеді.

    Гелиограф – К?н ш??ыласыны? ?за?ты?ын аны?тайды.

    Ауа райын болжау. Ауа райыны? белгілері жайында?ы к?птеген ?ате т?сініктерді? ішінде «?ыс аязды болса жаз ысты?, жаз сал?ын болса ?ыс ж?мса? келеді» деген пікір бар. Б?л ?ате пікір. Жылды? ?р мезгіліндегі ауа райы жа?дайларыны? арасында байланыс жо?.

                  Пайдаланыл?ан ?дебиеттер тізімі.

                  1.Астапенко П. Д.

                   Ауа райы туралы ??гіме. А. 1983.

                   2.Ауа райыны? ??былуы. А. 1984.

                   3.Бірма?амбетов ?., Мамырова ?.

                   Географиялы? с?здік. А 1992.                   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ауа райыны? ??былыстары мен халы?ты? болжам арасында?ы ?ндестік» ?ылыми жоба »






Кіші ғылыми жобаның тақырыбы:


«Ауа райының құбылыстары

мен халықтық болжам

арасындағы үндестік»



Жұмысты орындаған: №3 орта мектебінің

2 «А» сынып оқушысы

Нұрқасым Думан

Ғылыми жетекшісі: Машакова Шынар








Тақырыбы: «Ауа райының құбылыстары мен халықтық болжам арасындағы үндестік»


Мақсаты: Ауа райы туралы толыққанды мағлұмат алу, ауа райының адам өміріндегі жағдайын бақылау.


Міндеттері:


  • Ауа райның құбылыстарын жеке-жеке талдау;

  • Ауа райын бақылаудағы ұлттық ерекшеліктер туралы мағлұматтар жинақтау;

Зерттеудің жаңашылдығы:


  • Метеорология станциясының құпиясын анықтадым;

  • Халық даналығының ауаны қалай болжағаны туралы оқып білдім

Зерттеу әдістері:


  • Баяндау; жинақтау, салыстыру, талдау, әңгімелеу;






Жоспар


І.Кіріспе


А) Ауа райы жөнінде жалпы түсінік


ІІ. Негізгі бөлім


А) Ауа райының құбылыстары

Ә) Ауа райынан болатын апаттар

Б) Ауа райын бақылау және халықтық болжам жасау

В) Табиғатты бақылаудағы ұлттық ерекшеліктер


ІІІ.Қорытынды

















І.КІРІСПЕ


Адамзат пайда болғаннан бастап табиғатпен тікелей байланыста. Адам табиғаттың өнімі. Табиғатта пайда болады, табиғатта қоректенеді, ақырында табиғаттың бір бөлшегіне арналады. Сондықтан адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Ертедегі адамдар табиғаттың қыр – сырын түсінбегендіктен, табиғаттың барлық құбылыстарына құдай атауын беріп, табынған.Жердегі барлық өмір сүріп тұрған тірі ағзалар үшін тіршілік етудің негізгі төрт көзі бар: ауа, су, от, жер. Бұларсыз ешқандай ағза өмір сүре алмайды.

Берілген жұмыста тіршілік көзінің ең маңыздысы ауадан туындайтын ауа райы, оның адам өміріндегі маңызы туралы қарастырылады.

Ауа райы жайындағы түрлі сұрақтар әр адамның, тіпті олардың жасы мен жынысына, кәсібі мен біліміне қарамай бәрінің көкейінде жүреді. Адамдар ауа райының жағдайын кітаптардан немесе оқулықтардан оқып емес, өзінің жеке тәжірибесіне, күнделікті тіршілігіне тигізетін әсеріне, табиғат құбылысын қалай қабылдайтындарына қарап бағалайды.

Ауа райы неліктен әрқилы болады? Оны қалай болжауға болады? Климат дегеніміз не? Оның адам өміріне тигізетін әсері қандай? Берілген жұмыстың мақсаты осындай сауалдарға жауап беру.

Жұмыстың мақсаты ауа райы туралы толыққанды мағлұмат алу, ауа райының бір аймақтағы жағдайын бақылау.


А) Ауа райы жөнінде түсінік.


Атмосфераның нақты бір сәттегі немесе уақыт аралығындағы метеорологиялық өлшемдер мен құбылыстардың жиынтығымен сипатталатын жағдайы ауа райы деп аталады. Дәл қазіргі сәтте, не болмаса өткен кезеңдегі ауа райы, бір күннің немесе маусымның ауа райы туралы сөз қозғауға болады. Ауа райына қарапайым, шамалау, жалпылау терминдері (бұлтты, жауын-шашынды, жылы, суық, ыстық, жел) арқылы немесе метеорологиялық өлшемдер мәндерінің тұтас жиынтығы түрінде (мысалы, тұтас бұлтты, жел солтүстіктен, ауа температурасы т.б.) сипаттама беріледі.

Біз ауа райын жеке элементтері бойынша емес, тұтас қабылдаймыз. Мұнда элементтердің қайсысы болсын ең маңызды болып көріне алады.

Ауа райы дегеніміз осы сәттегі немесе қысқа уақыт аралығындағы белгілі бір жердегі атмосфераның күйі. «Тәуліктер ауа райы» ұғымы өте маңызды. Өйткені тәуліктер дегеніміз атмосфера күйінің заңды өзгерістерінің ең қысқа табиғи кезеңі. Бұл өзгерістерді ауа райы элементтерінің: ауаның температурасы мен ылғалдылығының, бұлттылықтың, жауын-шашынның, атмосфера қысымының, желдің тәуліктік барысын бақылай отырып, қадағалауға болады.



Ауа райын жүйелі түрде бақылап отыру, оны зерттеу бір тәуліктік ауа райының комплекстік типтерін бөлуге мүмкіндік береді. Әр тәуліктің ауа райын қайсыбір типке жатқызуға болады. Ауа райының типтерін үш үлкен топқа: аязды, нөл градус арқылы ауыспалы және аязсыз ауа райларына біріктіреді.

Жердің айналуы планетамыздың ауа райына әсер етеді. Яғни Жер айналмаса, тыныштықта тұрса, ауа райы мүлде өзгеше болар еді. Жермен бірге Жердің ауа құрсауы – атмосфера да бірдей жылдамдықта бірге айналып жатады. Бұл ауаның қозғалысында, яғни желде көрініс табады. Ұзақ уақыт бойына соққан жел белглі бір ауа райын қалыптастырады.



ІІ. А) Ауа райының құбылыстары.





ГИДРОМЕТЕОРЛАР

Жаңбыр – жер бетіне бұлттардан тамшы түрінде түсетін сұйық жауын.

Нөсерлі жаңбыр – кенеттен басталып жылдам аяқталатын және қарқындылығы күрт өсетін сұйық жауын.

Сіркіреуік - өте майда тамшы түрінде түсетін жауын. Олардың құлап келе жатырғаны көзге көрінбейді.

Қар – жеке қар кристалдары немесе ірі болып келетін қар ұлпалары түріндегі қатты жауын.

Бұршақ - әртүрлі пішінді мұз түйіршіктері түрінде жауатын жауын.

Мұз инелері – майда мұз кристалдары түріндегі жауын.

Шық – жер бетінде, өсімдіктер мен заттар бетінде пайда болатын су тамшылары.

Қырау – негізінен түнде немесе кешке, қыс маусымында күндіз де жер бетінде және заттар бетінде ақ түсті қоным.

Көктайғақ – жер бетіндегі мұз немесе мұзға айналған қар.

Тұман – ылғалды ауаның салқындауы нәтижесінде пайда болатын судың өте майда тамшыларының ауада жиналуы.

Борасын – жауып тұрған және қатты ұйтқи соққан желмен жер бетінен көтерілген қардың тасымалдануы.

Жалпы борасын – қар бөлшектерінің бейберекет қозғалысы.








ЛИТОМЕТЕОРЛАР

Шаң – ауада қалқып тұратын шаңды желдің немесе шаңды дауылдың нәтижесінде жер бетінен көтерілген құрғақ топырақтың, құмның майда қатты бөлшектері.

Шаңды дауыл – күшті желмен жерге жақын ауа қабатында шаңның немесе құмның көп мөлшерлі тасымалдануы.















ЭЛЕКТРЛІК ҚҰБЫЛЫСТАР

Найзағай – жарықтың жарқырауымен және күрт шығатын дыбыспен қабаттаса жүретін атмосферадағы электрлік разрядтар.

Жарқыл – жарық құбылысы. Күн күркіреуі естілмейді, тек найзағайдың бұлттарды және көкжиекті жарық қылуы

көрінеді.

Поляр шұғыласы – жердің магниттік алқабының қарқындылығы тербелгенде электрлі зарядталған бөлшектердің енуі нәтижесінде атмосфераның жоғарғы сиретілген қабаттарының жарқырауы.













ОПТИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР

Сағым – ауада көкжиек бойында шынайы заттың бейнесі пайда болады.


















ЖІКТЕЛМЕЙТІН ҚҰБЫЛЫСТАР

Дауыл – қысқа уақыт ішінде желдің кенеттен күшеюі.

Құйын – аз бұлтты ауа райында төселме беткей қатты қызғанда жер беткейінде пайда болатын ауаның құйынды қозғалысы.

Қара құйын – жақсы дамыған будақ – жаңбыр бұлтының астында құрылатын, өте үлкен қара бұлт бағаны тәрізді немесе воронка тәрізді күшті құйын.

Ауа райының адамзатқа тигізетін әсері. Жұқпалы аурулардың желмен таралуы өте сирек болатын жағдай.

Аса мол жауын – шашын жоғары температурамен және ылғал ауамен қосылып, кейбір аурулардың таралуына себепкер болады. Безгек, тырысқақ, іш сүзегі, оба, т.б.










Ә)Ауа райынан болатын апаттар


.Құйын, су топаны, су тасқыны, Цунами толқындары, бұршақ, сел, бұрқасын, көктайғақ, шаң дауылдар, құм дауылдар, дауылдар мен қатты желдер, тропикалық циклон, т.б.

Жұмыр жердің бетіндегі ауа райы жағдайларының айырмашылығы орасан. Планетамыздың кез – келген түпкірінде ауа райы өзгеріп отырады – жыл тәулігінде де, әр айда, әр маусымда да әр қилы. Ондаған жылдар бойы белгілі бір жерде болатын ауа райына зер салып байқаса оның сол аймаққа тән өзгеру шегін аңғару қиын емес.

Ауа райы дегенде ғалымдар жер бетінде және әртүрлі биіктікте белгілі бір сәтте немесе уақыт аралығында болатын нақты атмосфера жағдайларын айтады, ал нақ сол аймаққа тән осындай жағдайлардың көп жылғы жиынтығын климат деп біледі. Бұл ұғымдардың өзара байланысы да, олардың арасындағы елеулі айырмашылық та айдан анық. Ауа райы бір тәуліктің өзінде талай мәрте өзгеруі мүмкін, ал климат одан әлдеқайда тұрақты келеді.


















Б) Ауа райын бақылау және халықтық болжам болжау.


Ауа райын зерттеудің практикалық маңызы зор. Оны болжау халық шаруашылығының барлық салаларына керек. Ауа райын болжаумен метеорология шұғылданады.

Метеорология дегеніміз не? Метеорология ғылымы өз атауын гректің «метеора» деген сөзінен алады. Ол «аспандағы әлдене» дегенді білдіреді. Сөзбе сөз айтқанда бұл метеорлар туралы ғылым. Метеорит емес. Метеорология гидрометеорларды (жаңбыр, қар, бұршақ), ауа метеорларын (жел, шаң дауылдар), литометеорларды (шаң, тозаң), жарық шашатын метеорларды (кемпірқосақ, сағымдар), отты метеорлар (найзағай) және басқаларды зерттейді.

Ауа райын бақылау үшін қолданылатын құралдар.

Термометр – ауа температурасын өлшейді.

Жауын – шашын өлшеуіш – жазда жауатын жауын – шашын мөлшерін есептейді.

Желбағар (флюгер) – желдің бағыты мен күшін анықтайды.

Қар өлшеуіш сырық – қыста қардың қардың қалыңдығын өлшейді.

Метеорологиялық термограф М – 16АС – ауа температурасының өзгерістерін тіркеуді қамтамасыз етеді.

Метеорологиялық гигрограф М – 21АС – ауаның салыстырмалы ылғалдылығын тіркеуді қамтамасыз етеді.

Гелиограф – Күн шұғыласының ұзақтығын анықтайды.

Ауа райын болжау. Ауа райының белгілері жайындағы көптеген қате түсініктердің ішінде «қыс аязды болса жаз ыстық, жаз салқын болса қыс жұмсақ келеді» деген пікір бар. Бұл қате пікір. Жылдың әр мезгіліндегі ауа райы жағдайларының арасында байланыс жоқ.

Болжам жасау үшін орасан көлемді территория бойынша деректер жинақталуы қажет. Ал метеорологиялық станциялар барлық жерде бірдей бар деу қиын. Оның үстіне бір қаланың өзінде ауа райы әртүрлі (бір ауданда жаңбыр жауса, бір ауданда ашық) болатынына байланысты болжау жағдайларын талдау өте қиынға соғады. Тағы бір атап өтетін жәйт, ауа райының көпшілікке арналған болжамдары математикалық есептеулердің дәлдігіне ғана емес, сонымен бірге субъективті факторларға байланысты. Дәлірек айтсақ, синоптиктердің тәжірибесі мен білігіне байланысты. Ал адмның ешбір қателіксіз жұмыс істеуі мүмкін емес.

Ауа райын болжау мейілінше күрделі, өйткені бұлардың тұрақты дамуында өзара әрекет жасайтын факторлардың бүкіл комплексін есепке алу қиынға соғады.



Халық даналығынан

Желтоқсан айы атына сай халық даналығында жел айы және биылғы қыстың алғашқы күніндегі ауа құбылысы нағыз қыс түскенін байқатты. Ызғарлы қыс басталды.

Бұл біздің даналар тұжырымында «өліара» деп аталады. Жаңа ай туып, ескі ай толысады. Бұл бір жағынан: «Адамзатқа жасалған қиянатты да табиғат азат тұтады» деген болжамға сайып келеді. Олай болса әр жыл сайын қайталанып тұратын 16,17 желтоқсан бораны сонау 1986 жылды еске түсіреді. Өларадағы қатты жауын-шашын келесі айдың ауа-райын болжауға негіз болған. Бұл да биылғы қыс айларының суықтығын көрсеткендей


Өлара қайталанып ай шалқасынан туып, шаруаға жайсыздық танытты. Осы аралықта қарғалар қарқылдап жауын-шашын шақырып тұрды. Қаңтар айының аталуының өзіндік себебі осында барлық шаруаға ауа-райының құбылыстары әсер етіп тоқтап тұрады.

Қазақ халқының көрегендері «Ақ ықпа » айы деп болжап ат қойған. Бұл ай қыстың қаһарлы кезі болады деп топшылаған. Бұған дәлел 8.02.08 күні таңда қарға қарқылдап қатты шуылдады. Олар жауын-шашын болатынын хабарлаған. Ақпанның ақ бас бораны болды.



В) Табиғатты бақылаудағы ұлттық ерекшеліктер.


Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған? Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан –ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс, тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген. Солардың бірі халықтың ауа райын болжау тәсілдері еді. Жазы – қысы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең білгендігі сондай, айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, көз аштырмас боранда жердің шөбіне қарап ел тауып, құс, жан – жануар, құрт – құмырсқа тіршілігіне зер салып ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған. Енді қазақтардың ауа райын болжаудағы қалыптасқан қағидалары мен тәсілдеріне тоқталайық. Бұлар халық даналығын жадына ұстаған қариялар мен жұлдызшы – есепшілер аузынан алынған.

Самрқанның көк тасы жібитін күн. Бұл наурыз күніне байланысты сөз. Әйгілі астроном Ұлықбек (1394 - 1449 ) обсерваториясындағы көктасқа дәл 22 наурыз күні Күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді мыс. Әр жыл сайын сол уақытта күн жылынады.

Бес қонақ – байырғы қазақ күнтізбесінде қолданылып келген, жыл айларынан тыс алынатын бес күн. Нақты астрономиялық жылдың ұзақтығы бүтін күн санымен өрнектелмейді. Ол жуық түрде 365,24 тәулік (яғни 365 күн 6 сағат) деп есептелген. Бұл ширектерден 4 жылда 1 күн құралатындығы ескеріліп, әрбір 4 жылдың алдыңғы үшеуі 365 күн болып алынған. Ал әрқайсысы 30 күндік 12 айдан тұратын қазақ күнтізбесінде 360 күн болды. Жыл толық болу үшін оған 5 ( кейбір жылдары 6) күн қосу керек. Аптаға толмайтын осы 5 күнді қазақ халқы «бесқонақ» деп атаған.

Құралай салқыны – Қазақстанның орталық және солтүстік аумақтарында шамамен 20 мамырдан басталып, оншақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері. Көбінесе адамға да, малға да жайсыз қара суық, ызғырық жел еседі, не жауын-шашынды болады. Осы кезде киік лағы аяқтанады.

Өліара деп екі айдың аралығын атаған. Жаңа айдың туу, толысу, өліара шағын байқап отырып ауа райын да бақылап отырған. Ай шалқалап туса «өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» деп, тік туса «шаруаға жайлы, өзіне жайсыз» деп болжам жасап отырған. Өліара кезінде жауын – шашын болса, келесі айда жауын – шашын көп болады деген.

Бозторғай ән салса, күн ашық болады.

Жазда күн қатты ысып кетсе, көп ұзамай жауын жауады.

Аяқ – қолы сынған адамдардың сүйегі сырқыраса, ауа райы өзгереді.

Қызара батқан күн – желдің, ашық сары болып батқан күн – жаңбырдың белгісі.



ІІІ. Қорытынды.


Табиғаттың өзі адам ағзасының айналадағы ортаға, оның құбылыстарына, атап айтқанда мезгілдік (тәуліктік, маусымдық) және бір сәттік өзгерістеріне жақсы бейімделе білуін ойластырған сияқты. Әр адамның бойында белгілі бір дәрежеде «төзім қалтасы» болады. Жұтатын ауадағы газ құрамының өзгерістерін төзімділікпен көтеретін қабілет болады. Алайда «төзім қалтасы» барлық адамда бірдей емес. Ол оның жынысына, жасына, денсаулық жағдайына, шыныққандығына және басқа да факторларға байланысты. Бүлдіршіндерде, түрлі аурулармен ауыратындар және қарттарда ол аса мол емес. Дені сау және шыныққан жандарға ешқандай әсер ете алмайтын ауа райының күрт өзгеруінің өзі оларға едәуір әсер етеді. Ауа райының көп жағдайда жекелеген адамдарға ғана емес, көпшіліктің көңіл күйінен көрініс беретіні ежелден –ақ белгілі, ал дәрігерлер осыдан екі мың жыл бұрын ауа райымен кейбір ауру түрлерінің арасындағы байланысты анықтаған. Ертедегі ұлы дәрігер ғалым Гиппократтың мынадай сөздері бар: «Егер көп адам бір мезгілде бір аурумен ауыратын болса, оның себебін анықтау адамдарға ортақ боларлық нәрседен және олардың нені жиі пайдаланатынан іздеу керек. Олай болса, бұл жерде әңгіме жұтатын ауаның төңірегінде болмақ». Шынында да ауа және оның түрлі жағдайлары адамдардың көңіл – күйіне, денсаулығына әсер етеді. Ауаның температурасы мен ылғалдылығы адам ағзасындағы жылу алмасудың тыныс алумен, жүрек қызметімен, қан айналысымен және тері қабатымен астасып жататын жағдайларды айқындайды. Ауа райының адам ағзасына ықпалы әр алуан және көп жағдайда олар толық мәлім емес. Оны зерттеумен медицина ғана емес, сонымен бірге биология, метеорология да, олармен қанаттас биометеорология да айналысуда. Биометорология - адам өмір сүруінің экологиялық астарын, адам өміріне қоршаған ортаның әсерін зерттейді.

Климат өзгермей қала алмайды, өйткені уақыт ішінде оның қалыптасу факторлары өзгереді.





























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


1.Астапенко П. Д.

Ауа райы туралы әңгіме. А. 1983.


2.Ауа райының құбылуы. А. 1984.


3.Бірмағамбетов Ә. , Мамырова Қ.

Географиялық сөздік. А 1992.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
«Ауа райыны? ??былыстары мен халы?ты? болжам арасында?ы ?ндестік» ?ылыми жоба

Автор: ?анатбаева Дильяра Болат?ызы (4-сынып о?ушысы)

Дата: 06.10.2015

Номер свидетельства: 236635


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства