kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-ананы? ?адірін білмеген – халы? ?адірін білмес.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-ананы? ?адірін білмеген – халы? ?адірін білмес.

 ?. М?стафин

Ата-ана – отбасыны? негізгі ді?гегі, бастап?ы д?некері. Д?ст?рлі ?аза? отбасында ата-ананы? ?адірі ерекше ?спеттелген.

?сіресе, тіршілікті? ?айнар к?зі, махаббатты? шуа? к?ні, мейірімні?  к?ус?р б?ла?ы – Ана есіміне ?атыссыз д?ниеде ?асиетті еште?е жо?. Сонды?тан ананы арда?тамайтын халы? та жо?.

Ана баланы то?ыз ай к?теріп, тол?атып, д?ниеге келтіріп ?ана ?оймайды.

Бала, бала, бала деп,

Т?нде шошып оян?ан.

Т?н ?й?ысын т?рт б?ліп,

М?зды бесік таян?ан, -

да ана, к?зіні? ?арашы?ындай ?ор?ап, аялап ?сіріп, ая?ынан тік т?р?ызатын да - ана. Халы?ты? халы?ты?ыны? басты нышаны – ту?ан еліні? тілін ?йретіп, жадында ?алдыратын да - ана. Сонды?тан ?рбір ?лтты? рухани ?зегі, ?ан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.

«Баланы – жастан» деген ?те д?рыс айтыл?ан. Бірде Бернард Шоудан: «Ма?ан а?ылы?ызды айты?ызшы, баланы ?ай жастан т?рбиелеген ?олайлы?» деп с?рамай ма, сонда ата?ты драматург ?арсы сауал ?ойыпты: «Бала?ыз ?анша жаста?». «?мірге келгеніне екі апта болды», депті о?ан сауал ?оюшы. Сонда Б. Шоу: «Сіз д?л екі апта?а кешікті?із» деген екен. М?ны? ?зі досты? на?ышта айтыл?анмен, астарында шынды? жатыр.

?мір есігін жа?а аш?ан н?рестені? бойына ту?ан еліні? рухын сі?іретін,  балбыратып уататын т???ыш т?тті сазы, жылауын ?ой?ызатын ?н ?ле?і де сол ?азиз ана бесікке с?йеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры.

Ал н?ресте ?міріні? н?рі - Ана с?ті. Хал?ымызды? байыр?ы ??ымында баланы? Анасы алдында?ы парызын ?теуі «Ана с?тін а?тау» деп аталады. Оны? ж?нін халы?: «Ана с?тін Ана?ды Меккеге ?ш рет ар?алап апарып келсе? де, ?тей алмайсы?»,- деп т?сіндіреді. Ата?ты орыс жазушысы                 М. Горькийді?: «Д?ниедегі асыл атаулыны? б?рі к?нні? н?рынан, ананы? а? с?тінен жарал?ан»,- деуі де сол шынды?ты ай?ындайды. ?рине, сонды?тан да д?ние ж?зіні? барлы? елдерінде Отан?а опасызды? пен Ана с?тін а?тамау е? зор ?ылмыс саналады.

Ал ананы? бала?а деген с?йіспеншілігі жайында мынандай бір а?ыз бар. Оны ?аза?ты? дарынды ?ызы А??штап Ба?тыгереева ?демі де ?серлі жыр?а айналдыр?ан:

…Ертеде с?лу ?ыз?а бол?ан ?ашы?

Ананы? ?лпештеген жал?ыз ?лы.

?ыз атын айтса, ауыздан зар шы?ыпты,

??с жасты? а??ан жас?а малшыныпты.

Дертіне са?ынышты? шыдай алмай,

Жас жігіт ??р с?лде боп таусылыпты.

?инады ?ызды? шарты, б?лек екен

О, с?лу неткен ?атал керемет е??!

«Ана?ны? ж?регін ап келген к?ні

Мен са?ан жар боламын», - деген екен.

Сол ?ыз?а есі ау?ан жігіт м?лде,

Б?к т?сіп жата алмады ??рып к?нде.

?й?ыда бей?ам жат?ан сорлы ананы?

Ж?регін ж?лып алды т?рып т?нде.

С?юді? серті ме еді соны? б?рі,

Ол, міне, ?ызды? шартын орындады.

С?рініп кетсе жігіт келе жатып,

Ж?регі т?сіп кеткен ?олында?ы

Ананы? кезі бар ма кекті бол?ан,

О?ыста ж?рек т?сіп кетті ?олдан.

?мтылса топыра?та жат?ан ж?рек:

«??лыным, бай?аса?шы», - депті о?ан…

Б?л – ананы? баланы ?аншалы? шексіз с?йетінін білдіретін тере? м?нді к??ілсіз мысал.

Ал  Ы. Алтынсаринні? «Ананы? с?юі» деген ?ле?ін естері?ізге т?сірі?іздерші. Бала ??ымына лайы? тілмен ананы? ?адір-?асиетін ж?рекке жылы етіп жеткізген ?ле? шума?тары кімні? болса да  есі?де ?алары с?зсіз.

Кім сендерді  балалар с?йет??ын,

?уанышы?а ?уанып, ?ай?ы?а к?йет??ын.

Т?н ?й?ысын т?рт б?ліп, кірпік ?а?пай,

Шеше? бай??с дамылсыз ж?рет??ын.

Кім сендерді, балалар тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жал?ау болса?, балалар, жаман болса?,

?ам?ор ана? к?з жасын к?лдететін.

Кім сендерді са?ынар шетке кетсе?,

?ылым іздеп, тез ?айтпай, к?пке кетсе?.

?мытпа, е? кемінде ж?лдыз сайын,

Хат жазып т?р, т?бесі к?кке жетсін.

Кім са?ынар сендерді келгені?ше,

??лындарын к?зімен к?ргенінше?

Сендер ?айтып келгенде адам болып,

Еш арманым болмас дер ?ле-?лгенше.

    Дін м?сылман жолында ?кені ??рметтеу - айры?ша парыз. «?кеге ба?ыну - Алла?а ба?ыну. Оны? алдында к?н??ар болу - Алла алдында  к?н??ар болу» дейді Пай?амбарымыз.

Хал?ымызды? ма?ал - м?телдерінен, даналы? с?здерінен де ата-ананы? ?адір-?асиеті туралы айтыл?ан асыл с?здерді табар едік.

«Алты а?а бірігіп - ?ке болмас,

 Жеті же?ге бірігіп - ана болмас»,-

деген с?зде де тере? ой жатыр. Ата-ананы? ?міт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті оларды? бар тілеуі бала?а ба?ыштал?ан. А?ыры, е? ?астерлі тілектері: бала-ша?аны? алдында д?ние салып, солардан топыра? б?йырса, - дейді. Осындай ата-ананы сыйлау с?би ша?ы?да ?зі?ді олар ?алай ба?ып-?а?са, ?артай?анда оларды да солай ала?ан?а салып аялап, к?ту ?андай ?анибет!

     ?аза?тар – «Т?рі?нен ?арт  кетпесін» деп тілеген халы?. Жасы ?лкенге ??рмет ету, ?артты? б?гілген беліне с?йеу болу – бізді? ата-д?ст?ріміз.

     ?зі?ді ?мірге келтірген, тіршілігі?е н?р берген ата-ананы? алдында адамны? парыз-міндеті ?лшеусіз. ?аза? ??рпында?ы ата-ананы? ал?ан ерекше биік орны, ?адір - ?асиеті емес пе?! Ананы? а? с?тін, ?кені? адал к?шін а?тау - ?з болаша?ы?ды са?тау.

     Ата-ана?а не істесе?, алды?а сол ?айтады. Д?ние кезек.  Сен ?мір бойы жас болып т?рмайсы?.  Сен ата-ана?ды сыйласа?, сені? балалары? да ?артай?анда ?зі?ді аялап к?тіп, ба?ып-?а?атын болады.

     Алайда, «Ананы? к??ілі – балада, баланы? к??ілі – далада», - демекші, ?зіні? перзенттік борышын т?сінбеген, с?йтіп, ата-анасын жерге ?аратып, к?кіректерін ?арс айыр?андар б?рын да бол?ан, ?азір де жо? емес.

Абайды?: «Баланы? жа?сысы – ?ызы?, жаманы – к?йік», - дейтіні содан шы?ар.

     Отбасында?ы психологиялы? о?ды ахуал, татулы? пен тынышты?, жайдары ?аба?, пейіл-береке – оны? барлы? м?шелеріні? ырысы, ой?а ал?ан істеріні? ?рге басып, ма?саттарыны? ж?зеге асуыны? кепілі.

    Балаларды? ?рыс?а?, жанжал?ой, д?рекі-д?кірлігі ?ке-шешені? жатса-т?рса жадынан шы?пайтын ?ауіпі, азабы болады. Ондай ата-аналар ?немі ала?даумен к?н кешіп, ?аба?тарынан кірбі? кетпейді.

     Б??ан ?арама-?арсы е?бек?ор, ке? пейіл, жар?ын мінезді болып ?скен ?л-?ыз ата-ананы? ?ас-?аба?ына ?арап, хал-жа?дайларын айт?ызбай а??арып, оларды? к??ілін тауып, мерейін ?сіреді. Демек, балалары ата-анасын, ?лкендерді ?уаныш?а б?леп, ба?ыт?а кенелтем десе, алдымен, ?депті болулары керек, ?з ж?мыстарын адал да ты??ылы?ты ат?арып, отбасына кіріс кіргізіп, ?ке-шешені? ?артты?ын ?ажетті тынышты?пен ж?не д?улетпен ?амтамасыз етулері ?ажет.

Ал ондай баланы т?рбиелеу ?шін біз, ата-аналар кеш ?алмауымыз керек. Осы уа?ыт на?ыз адам болатын баланы т?рбиелер кез. Бала?а д?рыс ба?ыт-ба?дар беруден кеш ?алмайы?.  Бала ?з ата-анасын ?лгі т?тып, солар?а ?арап ?седі. Егер баламыз д?рекі іс жасап жатса, «алдымен мен ?ай жерде ?ателестім деп» кін?ні бас?адан емес ?зімізден іздеуіміз ?ажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-ананы? ?адірін білмеген – халы? ?адірін білмес. »

Оқушы ережесі

Естілердің сөздерін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады.


Абай Құнанбайұлы


1. Оқушы сабаққа келгенде қажетті кітап, дәптер, жазу-сызу құралдары- мен келуі керек. Әр сабақтың алдында сол сабаққа қажетті оқу құрал – жабдықтарын дайындап қоюға тиісті.


2. Сабақ кезінде оқушы мұғалімнің айтқандарын тиянақты тыңдап, жазып отыру керек. Үй тапсырмасын күнделікке мұқият жазып алу керек, аптаның соңында мұғалім күнделікті тексеріп, ата-ананың қолын қойдыруды талап етеді.


3. Мектеп оқушыларына тыйым салынады:

- өзімен бірге сабаққа кедергі жасайтын заттарды, басылымдарды, ойын зат-тарын әкелуге;

- ақша салып ойнайтын ойындар ойнауға;

- бөтен нәрселер әкеліп сатуға, айырбастауға;

- сабақта, үзіліс кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзуға;


4. Оқушылар бір-бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.


5. Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек.


6. Оқушылар себепсіз сабақ босатпауы тиіс, босатқан күнде себебін мұғалімге жеткізуі керек.


7. Ауру себепті немесе басқа да себепті жағдайлармен сабақтан қалғанда, оқымай қалған сабақтарын мұғалімнің көмегімен оқып түсінуі қажет.


8. Оқушылардың білімі мен тәрбиесі үшін жасалған мектептептің барлық талаптарын оқушылар міндетті түрде орындауға тиісті.


9. Оқушылар мектептің ішкі-сыртқы тазалығын сақтауға, кезекші оқушылардың талаптарын орындауға міндетті.


10. Демалыс күндерінің алдында, соңында оқушылар сабақтан қалмауға, уақытында сабаққа келуге тиісті.


11. Осы Ереже барлық оқушылар үшін бірыңғай міндетті.


Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.


Ғ. Мұстафин


Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.


Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.


Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Мұзды бесік таянған, -

да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да - ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, жадында қалдыратын да - ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.


«Баланы – жастан» деген өте дұрыс айтылған. Бірде Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?» деп сұрамай ма, сонда атақты драматург қарсы сауал қойыпты: «Балаңыз қанша жаста?». «Өмірге келгеніне екі апта болды», депті оған сауал қоюшы. Сонда Б. Шоу: «Сіз дәл екі аптаға кешіктіңіз» деген екен. Мұның өзі достық нақышта айтылғанмен, астарында шындық жатыр.


Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры.


Ал нәресте өмірінің нәрі - Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді. Атақты орыс жазушысы М. Горькийдің: «Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған»,- деуі де сол шындықты айқындайды. Әрине, сондықтан да дүние жүзінің барлық елдерінде Отанға опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады.


Ал ананың балаға деген сүйіспеншілігі жайында мынандай бір аңыз бар. Оны қазақтың дарынды қызы Ақұштап Бақтыгереева әдемі де әсерлі жырға айналдырған:

…Ертеде сұлу қызға болған ғашық

Ананың әлпештеген жалғыз ұлы.

Қыз атын айтса, ауыздан зар шығыпты,

Құс жастық аққан жасқа малшыныпты.


Дертіне сағыныштың шыдай алмай,

Жас жігіт құр сүлде боп таусылыпты.

Қинады қыздың шарты, бөлек екен

О, сұлу неткен қатал керемет ең?!


«Анаңның жүрегін ап келген күні

Мен саған жар боламын», - деген екен.

Сол қызға есі ауған жігіт мүлде,

Бүк түсіп жата алмады құрып күнде.


Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың

Жүрегін жұлып алды тұрып түнде.

Сүюдің серті ме еді соның бәрі,

Ол, міне, қыздың шартын орындады.


Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,

Жүрегі түсіп кеткен қолындағы

Ананың кезі бар ма кекті болған,

Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.


Ұмтылса топырақта жатқан жүрек:

«Құлыным, байқасаңшы», - депті оған…


Бұл – ананың баланы қаншалық шексіз сүйетінін білдіретін терең мәнді көңілсіз мысал.


Ал Ы. Алтынсариннің «Ананың сүюі» деген өлеңін естеріңізге түсіріңіздерші. Бала ұғымына лайық тілмен ананың қадір-қасиетін жүрекке жылы етіп жеткізген өлең шумақтары кімнің болса да есіңде қалары сөзсіз.


Кім сендерді балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.


Кім сендерді, балалар тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.


Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.


Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келгенде адам болып,

Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.


Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу - айрықша парыз. «Әкеге бағыну - Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу - Алла алдында күнәһар болу» дейді Пайғамбарымыз.


Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір-қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік.


«Алты аға бірігіп - әке болмас,


Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,-

деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, - дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет!


Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата-дәстүріміз.


Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір - қасиеті емес пе?! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау.


Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.


Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», - демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.


Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», - дейтіні содан шығар.


Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, пейіл-береке – оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.


Балалардың ұрысқақ, жанжалқой, дөрекі-дөкірлігі әке-шешенің жатса-тұрса жадынан шықпайтын қауіпі, азабы болады. Ондай ата-аналар үнемі алаңдаумен күн кешіп, қабақтарынан кірбің кетпейді.


Бұған қарама-қарсы еңбекқор, кең пейіл, жарқын мінезді болып өскен ұл-қыз ата-ананың қас-қабағына қарап, хал-жағдайларын айтқызбай аңғарып, олардың көңілін тауып, мерейін өсіреді. Демек, балалары ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен, әдепті болулары керек, өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарып, отбасына кіріс кіргізіп, әке-шешенің қарттығын қажетті тыныштықпен және дәулетпен қамтамасыз етулері қажет.

Ал ондай баланы тәрбиелеу үшін біз, ата-аналар кеш қалмауымыз керек. Осы уақыт нағыз адам болатын баланы тәрбиелер кез. Балаға дұрыс бағыт-бағдар беруден кеш қалмайық. Бала өз ата-анасын үлгі тұтып, соларға қарап өседі. Егер баламыз дөрекі іс жасап жатса, «алдымен мен қай жерде қателестім деп» кінәні басқадан емес өзімізден іздеуіміз қажет.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ата-ананы? ?адірін білмеген – халы? ?адірін білмес.

Автор: Мажитова Самал Кабылтаевна

Дата: 31.08.2015

Номер свидетельства: 227906


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства