kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Астана-жас қалам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Астана-жас қалам атты тәрбие сағаты 2-сыныпқа арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Астана-жас қалам»

Астана – жас қалам.


Сабақтың мақсаты: Елбасының жүргізіп отырған саясатының дұрыстығын, еліміздің ертеңіне деген сенімді, Елбасыға деген құрмет сезімдерін тереңдету. 1 желтоқсан « Президент күні» екенін айту. Отаншылдыққа, Ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: Ой-пікір алмасу, миға шабуыл, шығармашылық жұмыстар.

Сабақтың түрі: Сырттай саяхат, телекөпір.

Көрнекілігі: «Ұлы достықта», «Ел және Елбасы», «Астана жаңа қала», атты стендтер, Елбасының портреті, ҚР рәміздері, картасы, оқушылар шығармасы.

Сабақтың барысы: Үнтаспадан «Елім менің» әні естіліп тұрады.

Мұғалім: Балалар Қазақстан Республикасының Ата заңының 3 бөлім 40 бабында Президент туралы былай делінген.

Оқушыларға сұрақтар қойылады. (миға шабуыл)

  • ҚР-да Президенті кім ?

  • ҚР- ның қандай рәміздерін білесің?

Жауаптар алынған соң үйге берілген тапсырмалар бойынша «Менің Президентім» деген тақырыптағ суреттерді көрсету (суреттердің ішінен үздік деп танылған екі оқушының суреттерін көрсету).

Менің Президентім. Оқушы арасындағы тақпақтарын айту.

1-оқушы шығармасынан үзінді:

Менің Президентім.

Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.

Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?

2-оқушы:

Мұғалім:: Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді.Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған дәлел жаңа ғана өздеріңіз тыңдаған «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндері. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

Тақтада «Ұлы достықта» деген фотомонтаж ілінген. Онда Қазақстан Республикасының Президентінің шетелге сапарлары, әр түрлі елдердің басшылармен түскен суреттері орын алған.

4-оқушы: «21 ғасыр әлем саясаткерлері Н.Ә.Назарбаев туралы» кітабын сыныбымызбен қызыға оқып шығып, төмендегідей ойға жүгіндік: Қазақстан Президентінің басқа лидерлерден өзгешелігі өз алдына тамсана айтылар үлкен сыр. Еуропаның тіс қаққан кәнігі саясатшылары мұхиттың арғы жағындағы алпауыттар бас түйістіріп, тілдесе қалса, біздің Елбасымыздың шешендігіне үйіріліп түсе қалады. Осындай әлемдік ірі мемлекет басшыларының біразын атап өтуге болады. Олар АҚШ, Франция, Ресей, Қытай т.б. елдері (атап, суреттерін көрсетеді).

5-оқушы: Солардың бірі Ресей Президенті В.Путиннің Н.Ә.Назарбаевқа жолдаған хатынан үзінді оқып берейін (оқиды). В.Путиннің Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауын құптағандығын айтады.

6-оқушы: Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.

Сонымен қатар, «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

«Ел және Елбасы» деп аталады.

Онда Президентіміздің Республиканың әр өңірін аралағандағы фото суреттері берілген.

мұғалім - Қымбатты 2-сынып оқушылары: Біз қазір «Орел – Астана» телекөпірін, яғни Астанамен тікелей байланысу мүмкіндігін жүзеге асырмақпыз. Сондықтан сұрақтарыңызды қоюға дайындалып отырыңыздар.

Сұрақ: - Сізге Астана қандай жер қалдырды?

Жауабы: - Астана әркімнің көргісі келетін – арман қала, маған ондағы тазалық, Сарыарқаның самал желі, құрылыстардың қайталанбас әдемілігі ерекше әсер қалдырды. Әсіресе Еуразия университетінің бүгінгі заманға лайық оқу орны екендігіне көзім жетіп қайтты.

Сұрақ: Сен Астананың қандай жерлерінде болдың?

Жауабы: Мен Астананың ең көркем, тарихи-мәдени құндылықтар орналасқан жерлерінің бәрінде болдым. «Бәйтерекке» ерекше толқумен шығып, «Еліміз өркендей берсін деп, тілек тіледім».

Сұрақ: Сен Астанаға қайта барғың келеме?

Жауабы: Әрине. Мен мектепті үздік бітіріп, еліміздегі ең таңдаулы оқу орны Еуразия университетінен білім алам деймін.

Журналист: - Телекөпірге қатысушыларға рахмет айтамыз. Енді назарларыңызды «Астана – жаңа қала» атты фотомонтажға аударыңыздар. (Астананың ең көрнекті жерлері, музейлері, басқа да тарихи-мәдени орындармен таныстырады).

Қорытынды: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:

«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, қазір 15-20 жасқа толған және одан да ересектеу Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағы сыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңізбен, балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Астана-жас қалам

Автор: Алибекова Жанна Кабдыкаримовна

Дата: 05.12.2017

Номер свидетельства: 442384


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства