kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Астана-елімнің жүрегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отаның,елін сүюге,,құрметтеуге,қастерлеуге баулу.Еліміздің астанасының көрікті жерлері туралы мәлімет беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Астана-елімнің жүрегі»



Күні:16.03.2018

Сынып:4 В

Пәні:Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы

Сабақтың мақсаты:

  • Астана қаласы туралы жан-жақты мағлұмат беру,жаңа сөздерді меңгерту.

  • Жаңа сөздер арқылы оқушының сөздік қорын молайту,ауызекі сөйлеу тілін,ойлау қабілетін,сауатты жазу дағдысын дамыту.

  • Отанын,жерін,сүюге,елін,халқын құрметтеуге баулу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Жеке жұмыс,топпен жұмыс,сұрақ-жауап. Бейнеролик, мәтінмен жұмыс.

Көрнекілік: АКТ, смайликтер, суреттер.

Басталуы

2 минут


І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу. Кезекшімен сұхбат

2.Психологиялық дайындық

Әрбір адам ? Досым, сыныптасым, туысым

Әрбір сабақ ? Үйрену, оқу, іздену

Әрбір ісің ? Тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің ? Шындық, бірлік , адалдық

3.Оқушыларды гүлдер арқылы топқа бөлу.Топ басшыларын сайлау.Әр топ басшысы өз тобын бағалайды.Бағалау парағын толтыру.

1 топ «Бәйтерек»

2 топ «Ақорда»

3 топ «Хан шатыр»



Ортасы 30минут































Сергіту сәті

2минут








ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылармен «Шахмат» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ал қазір мына бейнеклипті көрейік. (Алтынай Жорабаеваның «Астана» әнімен Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттерін көрсету)

-Бейнеклип қай қала туралы?

-Астана қаласы туралы

-Ендеше,балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болды?

-Астана қаласы туралы

-Дұрыс айтасысындар,біздің бүгінгі тақырыбымыз Астана қаласы

-Астана қаласында кім болды?

Жаңа сабақтың мақсатын айту.

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы.Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Астана – Азияның солтүстігінде орналасқан елорда. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.



«Қара жорға» биі.


Сөздік жұмысы.Тыңдалым.Айтылым.Жазылым.

Мәтінмен жұмыс істемес бұрын жаңа сөздермен танысайық.Жаңа сөздерді оқу, аудару, сөздік дәптерге жазып алу.

Өзеннің жағасында- на берегу реки

Жастар сарайы-дворец молодежи

Қонақ үй-гостиница

Орналасқан-расположено

Тұрғын үйлер- жилые дома

Ұлт өкілдері тұрады- живут предстовители нации

Ғимараттар-здание

Елорда-столица

Сұлу-красивый

Жас-молодой

Гүлденуде- цветет

Салынып жатыр- строят

IV Мәтінмен жұмыс.Оқылым


Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы. Ол Есіл өзені жағасында,Сарыарқа жерінде орналасқан.Астананың символы-Бәйтерек.Қазіргі кезде Астана ең сұлу, жас қала.Астанада ғажап, зәулім ғимараттар салынып жатыр.

Астанада Жастар сарайы,Парламент үйі, Интерконтиненталь қонақ үйі,көп қабатты тұрғын үйлер бар.Астана қаласында 100 ден астам ұлт өкілдері тұрады.Астана күннен-күнге гүлденуде.Астана күні 6 шілдеде.


Топтық жұмыс.

1 топ Мәтінді оқып,аударады

2 топ Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды

3 топ Мәтіннен септік,көптік жалғаулы сөздерді табады


1-Топ. Бес жолды өлең.

2-Топ. Кластер.

3-Топ. Сөзжұмбақ.


Айтылым.

Алдын ала берген тапсырмалар бойынша оқушылар Астана қаласының көрікті жерлерінен слайдтар дайындап,қосымша хабарламалар жасайды.


V Жазылым

1 топ Астана сөзін тәуелдеу

2 топ Елорда сөзіне фонетикалық талдау жасау

3 топ Қала сөзін септеу




Аяқталуы

8минут

VI. Сабақты бекіту.

Тест

1.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

А.Шығыс Ә.Сарыарқа Б.Батыс В.Оңтүстік

2.Астана қаласының символы?

А.Ту Ә.Әнұран Б.Бәйтерек В.Елтаңба

3.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

А.Еділ Ә.Есіл Б.Жайық В.Қарасу

4.Астана-столица Казахстана аудармасын тап?

А.Астана- ең әдемі қала Ә.Астана- Қазақстанның жүрегі Б.Астана- еліміздің астанасы В.Астана- Қазақстанның астанасы



VII. Қорытынды. Ашық микрофон әдісі арқылы.

Балалар, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

Не білдік?


IІ. Рефлексия.

Кері байланыс орнату. Көңіл күй таразысы.

Өздеріңе қандай баға бересіңдер?


Үй тапсырмасы: Астана қаласы тақырыбына эссе жазу. Жаңа сөздерді жаттау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Астана-елімнің жүрегі

Автор: Аубакирова Гүлжан Ибрагимқызы

Дата: 05.11.2019

Номер свидетельства: 525772


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства