Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты "Ана-?мірді? г?лі" »
Тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі
Мақсаты:8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сынып мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, құттықтау сөздер.
Барысы:
Би: Толегенова Д
Мұғалім:Қымбатты қонақтар,ақ жаулықты әжелер,аналар!Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша, шуақты мейрамдардың бірі- 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар!
1 жүргізуші: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар, Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпыраған. Балғын шақты біз бақытгы балалар!
2 жүргізуші: Мереке құтты болсын! Табиғат ояна бастаған наурыз айының алғашқы күнінде жадырап, «Аналар мерекесі де» келіп жетті.
1жүргізуші: Ендеше құрметті асыл әжелер, аналар, аяулы ұстаздар, қыздар бүгінгі «Айналайынанашым» атты кешімізге қош келіпсіздер.
2жүргізуші : Бүгінгі ән- жырымыз тек сіздерге арналады.
Мейрам
Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай .
Назерке
Ана деген кім десе.
Шуақ шашқан күн дер ем.
Сәбиі үшін ұйықтамай арпалысқан түнменен,
Ана үні өмірде ең мейірімді үн дер ем.
Жомарт
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз.
Арлан
Бала ,бала бала деп,
Бар өмірін арнаған.
Жанұясы жарасқан,
Бар ма сізден артық адам?
1жүргізуші: Үш әріптен құралған,қасиетті есімсің.Дүниеде жалғыз жан,анашым бір өзіңсің
2 жүргізуші:
Қыздар,қыздар ару қыздар
Неткен ғажап , сұлусыңдар.
Бүгінгі той мерекеде,
Ән арнайық біз сендерге.
Қуыршақ биі: Амержанова Д
Көрініс: Не тәтті? Алишер, Даулет, Шыңғыс.
Т.Даяна
Ана деген, ана деген-бұл өмірдің тірегі,
Аналардың мөп- мөлдір ғой, мөм-мөлдір ғой тілегі.
Құлыным деп шырылдаған, ешбір тыным таппаған,
Ауырмасын,ауырмасын аналардың жүрегі.
Сания
Менің апам тамаша,
Еркелеткен иіскеп.
Мен өскенде апама,
Берем әсем үй істеп.
Аружан
Жоқ ешқандай дауымыз,
Мереке ең жайдары.
Өйткені бұл наурыз,
Аналардың мейрамы.
Данияр
Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа.
Даниял
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегінді ақтайын,
Аман болшы анашым.
Ұлдар КВН командасы. Мейрам,Расул,Алихан,Жомарт
Әлішер
Анам менің аялап, әлдилеген
Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген
Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы
Қалайша ұмытамын бал татыған
Алихан
Алтын әжем ол менің,
Мені жақсы көреді.
Үйретеді өлеңін,ертегі айтып береді.
Милана
Ақыл құйған баптаған,
Алғыс айтам анама.
Күн алыста ,ал анам
Үнемі менің қасымда.
Дәулет
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал даналар.
Айзада
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
Бадияр
Ардақты апам асылым,
Теңдігінді жырлаймын.
Жырымның ең асылын,
Мерекеге сыйлаймын.
Хор: Құттықтаймын Анашым
Ақнұр
Ақыл айтқан шаршамай
Анамыздың тойы бұл
Өзі қамқор баршаға,
Өзі мейір бойы нұр.
Нұрали
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Ажар
Әлемнің жарығын,
Силадың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Шыңғыс
Анашым алдыңызда қарыздармын
Өтеуден оны ешқашан жалықпаймын
Ананың баласына махаббаты
Мәңгілік алаулаған шам-шырағы
Махамбет
Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ, көңілі
Күн шуақты саялы.
Мұғалім:Ал,енді балалар ата-аналармен ойын ойнайық.
Ата- аналармен ойын
1 топ: Халықаралық 2топ:Мерекелеріңізбен 3 топ: Құттықтаймыз
Осы сөздерді пайдаланып, жаңа сөздер құру керек.
«Кім жылдам?» шарды үрлеп жару.
Қызықты казино ойыны.
1.Әуенге ең бірінші ұшқан әйел (жалмауыз кемпір)
2.Арыстандар неге шикі ет жейді?(пісіре алмайды)
3.Ең әмбебап сыйлық не ? (гүл)
4.Үлкен кәстүрелге не сйымайды? (өзі сыймайды)
5.Адам қандай жолмен жүре алмайды? (құс жолымен)
6.Көшеде жүріп келе жатқан адамның аяғында не жатады? (ұлтарақ).
7.Қандай екі санды қосқанда, көбейткенде нәтижелері бірдей шығады? (2)
8.Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (толық)
9.Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
Хор: «Ақ мамам»
1 жүргізуші:
Ана біздің күніміз,біз ананың гүліміз. Ұл –қызыңды қуантып, ұзақ өмір сүріңіз- деген өлең жолдарымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз!
2жүргізуші:
Аналарымызға деген біздің көңіліміз , құрметіміз шексіз. Аналар, сіздерге арналған сыйлығымызды қабыл алыңыздар. «Айналайын анашым" атты тәрбие сағатымызды аяқтай келе сіздерге шат көңіл, мықты денсаулық тілеіміз.