kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

АРНАЙЫ КОРРЕКЦИЯЛЫ? МЕКТЕПТІ? БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА МАТЕМАТИКА П?НІН О?ЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ. ?дістемелік ??рал.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?дістемелікте дидактикалы? ойында мазм?ны, ойынды ?йымдастыруды? ?діс - т?сілдері,ойынды ж?ргізу ережелері к?рсетілген. Оларды? ойлау, есте са?тау ?абілеттерін, логикалы? ойлауын, зейінін, ерік - жігерін,зердесін, бай?а?ышты?ын,к?збен м?лшерлеуін, ?олды? ?са? моторикасын,тап?ырлы?ын дамыту?а, математикалы? білімдерін,икемділіктері мен да?дыларын,заттарды т?сі, пішіні, ?лшемі бойынша топтастыру?а, салыстыру?а, ажырату?а, ке?істік пен уа?ытты ба?дарлау?а ?йретеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«АРНАЙЫ КОРРЕКЦИЯЛЫ? МЕКТЕПТІ? БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА МАТЕМАТИКА П?НІН О?ЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ. ?дістемелік ??рал.»

Қайранбаева Гулшат Болатовна

Қосалқы мектеп – интернат

Қазақстан, Семей қаласы

[email protected]


АРНАЙЫ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ.


Қысқаша андатпа: Әдістемелікте дидактикалық ойындар мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс–тәсілдері, ойынды жүргізу ережелері көрсетілген. Олар балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауын, зейінін, ерік –жігерін, зердесін, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, қолдың ұсақ моторикасын, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйретеді. Ойындар топтық және жеке баламен жұмыс істеуге қолдануға арналған.

Ілмек сөздер: Арнайы білім беру, математика, ойын технологиясын пайдалану.


«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілген. Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде – қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетіледі. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет.[1]

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған.[2]

Осыған орай, арнайы білім беретін «Қосалқы мектеп – интернаттарда» әр пәнді, соның ішінде бастауыш сыныпта математика пәнін оқытудың дәрежесі неғұрлым жоғары болуы қажет.

Қазіргі уақытта қоршаған ортада болып жатқан әлеуметтік мәселелер:

отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соғып отыр. Бұл балалардың бір бөлігін зерде қызметі бұзылған, ақыл – ойында кемістігі бар оқушылар құрайды.

Бастауыш сыныптағы зерде қызметі бұзылған оқушылардың шамамен 70 % -ы қарапайым математикалық және сенсорлық түсініктерді меңгеруде түрлі қиындықтарға ұшырасады. Қарапайым математикалық және сенсорлық бұзылыстардың алдын алу және жою мәселелері кеңінен қарастырылып келгенімен, қазіргі заманда ақыл – ойында кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының түсініктері мен дағдыларын қалыптастыруда көптеген түрлі қателер кездесетіндігі мәлім болып отыр. Дәл осы жағдай біздің зерттеуіміздің тақырыбын таңдауымызға себепші болды.

Зерттеу мақсаты: Зерде қызметі бұзылған ақыл-ойында кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының қарапайым математикалық және сенсорлық түсініктерін меңгерудегі кемшіліктерді зерттеу және оны ойын технологиясы арқылы түзету әдістерін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

1.Зерде қызметі бұзылған ақыл –ойы кем балалардың психологиялық –педагогикалық мінездемесін қарастыру;

2.Ақыл – ойы кем балалардың қарапайым математикалық және сенсорлық түсініктерінің бұзылуын түзету әдістерін анықтау;

3.Алынған нәтижелерді статистикалық өңдеуден өткізу;

Зерттеу болжамы: Егер мақсатты түрде үздіксіз түзету жұмыстарын жүргізсе, ақыл – ойы кем бастауыш сынып оқушыларының қарапайым математикалық және сенсорлық түсініктерін ойын технологиясын қолдану арқылы жетілдіруге болады.

Зерттеу нысаны: Зерттеу Семей қаласындағы Қосалқы мектеп-интернатында өтілді. Зерттеуге ұстаздар, тәрбиешілер пікір-сарапшы ретінде қатысты. Тәрбиешілер мен ұстаздарға сауалнама жүргізу нәтижесінде 1 сынып оқушылары, 7-8 жастағы балалар тобы бөлініп алынды. Эксперименттік топтағы оқушылар саны 8: топта 3 қыз, 5 ұл бала. (Ақыл – ойы кемдіктің жеңіл және орташа түріне шалдыққан).

Зерттеу пәні: Ақыл – ойы кем балалардың математикалық түсініктері мен дағдысы, ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту жолдары мен әдістері.

Жұмыстың практикалық құндылығы: Зерде қызметі бұзылған баланы оқытуда қолданылатын әдістемелік құралдар, қазақ тілінде жұмыс істеуге бағытталған оқу материалдары мүлдем аз. Осы орайда ұсынылып отырған әдістемелік құралдың орны ерекше.

1.Зерде қызметі бұзылған бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті. Математика пәнін оқыту.

Зерде бұзылысы бар балаларда барлық ойлау операциялары бұзылған, ойлау процестерінің белсенділігі төмен болады. Ақыл-ойы кем балалардың ойлауындағы негізгі кемшілік қорыту, жалпылау қабілеттерінің төмендігі, бұл оқу процесінде ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмауынан көрінеді. Олар ережені жатқа білгенімен, көп жағдайда мағынасына бойламайды, тәжірибеде пайдалана алмайды. Бұндай балалар заттарды салыстыру кезінде олардың ұқсастықтарынан гөрі айырмашылықтарына назар аударады. Ақыл-ойы кем балалардың ойлау қабілетінің тағы бір басты ерекшелігі ойлау түрі нақты екендігінде. Келесі бір кемшілік ойлаудағы реттеушілік рөлдің әлсіздігі. Бала ойлау операцияларын қажетті жағдайда тиісінше қолдана алмайды. Оларда мәселені шешу жолын алдын-ала ойша қарастыру кезеңі болмайды. Ақыл-ойы кем балалар өздерінің іс-әрекеттерін сыни көзбен қарамайды, өз қателіктерін көрмейді. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей (Петров В.Г., Пинский Б.И., Соловьев И.М., Стадненко Н.М., Шиф Ж.И.) зият қабілеті бұзылған баланың ойлау процестері жеткілікті дамымаған және өзіндік ерекшеліктері бар. Психикалық дамуы қалыпты баланыкі сияқты ақыл-ойы кем баланың да ойлау қабілеті ортақ заңдылықтарға бағынады. Л.С. Выготскийдің концепциясы бойынша алғашқы кемістіктер қандай да бір биологиялық жүйенің органикалық зақымдануы мен жетілмеуінен болады, осының нәтижесінде баланың қоршаған ортаны танып-білуге дене енжарлығы, білуге ұмтылмауы – ол кемістіктің биологиялық, ядролық белгісі. Екіншілік кемістіктер бірінші кемістіктен туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасқан жоғары психикалық функциялардың дұрыс жетілмеуі (ойлау, есте сақтау, т.б.) және әлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы. Л.С.Выготскийдің теориясы бойынша жоғары функциялар анағұрлым тәрбиеге көнгіш болады. Сондықтан, ерте жастан және жүйелі жүргізілген түзету жұмыстары ақыл-есі кем баланың психологиялық дамуына ықпал етеді. [7]

Интеллектісі бұзылған оқушылардың оқу материалын қабылдаудағы кездесетін осындай қиындықтары, олардың оқуға деген қызығушылықтарын төмендетеді. Әсіресе, алғашқыда қиын және ұнатпайтын пәндері математика болып саналады. Бұл түсінікті де. Өйткені, математикалық білімді меңгеру үшін салыстыра, білімді жинақтай білу керек, ал зерде қызметі бұзылған балада бұл функциялары өте төмен. Оқу пәні ретінде математиканың қиындығына қарамай, ақыл – ойында кемістігі бар баланың танымдық қабілеттерінің даму ерекшеліктеріне қарамай, оқытудың әдіс – тәсілдерін ойластыру, оқуға, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, содан белгілі бір нәтиже алу мұғалімнің алға қойған ең басты мақсаты болуы тиіс. Коррекциялық мектепте математика сабағын жүргізудің өзіндік ерекшелігі бар. Математика сабағы баланың образдық және логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, зейінін, зердесін, тілін дамытып қана қоймай, оның болашақ өміріне керекті білімді беруі қажет. Сабақта берілетін білім балаға түсініксіз болып, онсыз да қабылдауы төмен баланы енжарлыққа әкеліп соқтырмауы тиіс.

Сондықтан, сабақ жоспарларын жазғанда әр мұғалім алдында отырған баланың даму, қабылдау, менгеру ерекшеліктерін ескергені жөн. Мысалы: сабақтың ақпараттық картасын жазарда, 4 типологиялық топтың тапсырмаларын алдын ала дайындап алған дұрыс. Өйткені, сыныпта отырған балалардың барлығының түсініктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейі, жұмыс істеу темпі бірдей болмайды. Тіпті диагноздарының өзі әртүрлі болуы мүмкін. ( Ғ-70, Ғ71, Синдром дауна, ДЦП, әртүрлі тіл кемістіктері т.б.) Қосымша әртүрлі соматикалық аурулары болуы мүмкін. Математика сабағын неғұрлым қызықты ұйымдастырып өткізу дефектолог – мұғалімнің шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін талап етеді. Сондықтан, мұғалім үнемі іздену үстінде болғаны дұрыс. Қарапайым қолда бар заттарды пайдалана отырып әр сабақты қызықты, мағыналы қылып өткізуге болады. Тез шаршағыштықтан зерде қызметі бұзылған баланың бір іс – әрекеттен екінші іс – әрекетке көшуі қиындық туғызады. Демалысты қажет етеді. Мұғалім дефектологтардың күнделікті сабаққа қолданатын көрнекілік материалы, шаблондар, кеспе үлгілерісіз оқу материалын қабылдау, сабақты жүргізу мүмкін болмай қалады.

Зерде қызметі бұзылған балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан, бастауыш сыныпта балалардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін әртүрлі жұмыстың түрлерін қарастырған жөн. Оқушыларды математика пәнін оқуға қызықтырып тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу қажеттілігі, оқуға қызықтырудың басты шараларының бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру. Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы.

Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Сабақ үстінде ойын элементтерін пайдалану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Сабақ кезінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне де нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.

Ойындарды мұғалімнің шығармашылықпен түрлендіре және қарапайымнан бастап күрделендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады.

2.Ойын туралы ұғым.

Ойын терапиясы – күрделі жұмыс. Бала психикасын дәріссіз емдеу, көңіл - күйіне, өзіне, қоршаған ортаға қарым – қатынасын өзгерту, пәнге қызығушылығын арттыру, іскерлік, белсенділік және сөздік қоры мен тіл байлығын дамытудың жолы, тиімді әдісі. Ойын дегеніміз – «ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деуге болады.[8] Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы ақыл – ойында кемістігі бар баланың білімге деген ынта - ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруға болады. Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иоган Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Әрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербицкий, Т.В. Кудрявцев, И.П. Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров т.б. Сонымен қатар, ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар: P.M. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленка т.б.

Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің бірі, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екінші жағынан - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы деп түсіндіруге болады. Психолог, профессор А.В. Запорожец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдермен бейімділіктерді игерудің формасы болып қана қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» - десе,Н.К.Крупская [8] «балалар үшін ойын - оқу , олар үшін ойын - еңбек , олар үшін ойын - тәрбиенің елеулі формасы» - дейді, ата-аналарға арналған лекцияларында А.С.Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан, А.С.Макаренко: «Бала ойында қандай болса, ол өскен кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады» - деп тұжырымдайды.[12]
Ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Ойын ойнау барысында балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, еліктеу қабілеттері, көру, сезіну, сөйлеу процестері дамып, заттарды түріне, түсіне, көлеміне, пішініне қарай ажыратуға, іріктеуге әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді.

Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі - дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.

3.Ойынның түрлері.

Коррекциялық мектептердің бастауыш сыныптарында оқушыларға тиянақты білім беру мұғалімнің творчестволық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді. Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Мұның өзі көп жағынан олардың әлі ойын баласы екендігімен байланысты. Сондықтан сабақ оларға тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып, сабақ барысында ұтымды пайдалану керек. Сонда ғана барлық баланың сабаққа ынтасын қатыстыруға болады. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ, олар:

Дидактикалық ойындар.

Сөздік — дидактикалық ойындар

Заттық – дидактикалық ойындар

Үстел үсті баспа – дидактикалық ойындар

Рөлді – сюжетті ойындар

Творчестволық ойындар.

Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап алғаны жөн. Өйткені, ойын мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске еңгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты.

4.Ақыл – ойында кемістігі бар балалардың қарапайым математикалық және сенсорлық түсініктерін дамытуға арналған ойындар, тапсырмалар жүйесін оқу процесіне енгізу.

Бұл ойындар жинағын пропедевтикалық кезеңде, 1, 2 сыныпта оқу процесі барысында пайдалану өте қолайлы. Ойындар қысқартылып берілді. Жалпы жинақта 50 ойын қамтылған. Балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ойындарды қарапайымнан бастап күрделіге, шығармашылықпен түрлендіруге болады. Мысалы:

Сан және цифр туралы түсінікті дамыту:

«Дабыл соғу»ойыны.

Мақсаты:Бірден беске дейін тура санауды, заттың саны мен цифрды сәйкестіре білуді үйрету. Есту, көру арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік: Цифрлар жазылған карточкалар, 5 саны көлемінде заттардың суреті салынған карточкалар.

1.Ойынның барысы: Мұғалім қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар іштей санайды да, мұғалімнің неше рет соққанын атайды.

2.Ойынның барысы: Мұғалім қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар іштей санайды да, алдарындағы карточкалардан тиісті цифр жазылған карточканы көтереді.

3.Ойынның барысы:Мұғалім балалардың алдарына 1-ден 5- ке дейінгі заттардың суреті салынған карточкалар қояды. Соңынан: «Мен үстелді тықылдатып соғамын. Сендер санап отырыңдар. Мен қанша рет соқсам, сонша суреті бар карточканы көтеріңдер» дейді. Мысалы: Үстелді 5 рет соқсам, 5 алмасы бар карточканы көтересіңдер.

3.Ойынның барысы:Мұғалім үстелді тықылдатып соғады. Балалар іштей санап, алдарындағы карточкалардан тиісті цифр жазылған карточканы алып, сонша заттың суреті салынған карточканың астынан сәйкестіріп қояды. Яғни, заттың саны мен цифрды сәйкестіреді.


Сурет 1 – «Дабыл соғу» ойыны


Заттың түсі және пішіні туралы түсінікті дамыту:

«Сиқырлы доптар» ойыны.

Мақсаты:Заттарды түсіне қарай ажырата білуге, дәл сондай түсті затпен сәйкестіруге үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, тілін жетілдіру.

Көрнекілік: Қапшық, пирамида ойыншығының дөңгелектері, әр түсті доптар.

1.Ойынның барысы:Ойынның барысында мұғалім сиқыршы ата өзінің сиқырлы қапшығын жібергенін айтады. Балалар қапшықтан түрлі – түсті доптарды кезекпен алып, түсін, пішінін атайды. Соңынан дәл сондай түсті дөңгелекпен сәйкестіріп үстіне қояды.

2.Ойынның барысы:Мұғалім кезекпен балаларды шақырып, «көзіміз ұйықтайды» деген команда береді. Балалар қөздерін жұмғанда мұғалім доптардың орынын ауыстырып қояды. Балалар доптарды қайтадан түсіне сәйкес дөңгелекті тауып, допты дөңгелектің үстіне қою арқылы сәйкестіріп шығуы керек.

3.Ойынның барысы: Мұғалім балаға теріс қарап тұруға команда береді. Бала теріс қарағанда, мұғалім бір түсті доп пен дөңгелекті тыға қояды. Бала өз кезегінде жоғалған түсті атауы керек.

3.Ойынның барысы: Мұғалім дөңгелектерді ретімен қойып, балаға мұқият қаратқызады. Балаға теріс қарап тұруға команда береді. Бала теріс қарағанда, мұғалім дөңгелектерді орнымен ауыстыра қояды. Бала өз кезегінде орны ауысқан дөңгелектерді тауып, бастапқыдай қоюы керек.


Сурет 2- «Сиқырлы доптар» ойыны




Кеңістік туралы түсінікті дамыту:

«Ертегі кейіпкерін білесің бе?»ойыны.

Мақсаты: 10–ға дейін ретімен санауды бекіту. 1-ші, 2-ші ұғымдарымен, алдында, артында, соңғы түсініктерімен таныстыру.

Көрнекілік: Сандар, «Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлері.

1.Ойынның барысы: Әр топтағы ертегі кейіпкерлерінің санын анықтау. Қораптан керекті сандарды алып, кейіпкерлерді ретімен белгілеу.

№2.Ойынның барысы: Кейіпкерлердің сандармен ретін анықтау, «Шалқан», «Бауырсақ» ертегілері бойынша бірінші, екінші, үшінші, алдында, артында, соңғы т.б. түсініктерін қолдана отырып ертегіні әңгімелеу, бос тор көздерге кейіпкерлерді орналастыру.

Көлем және өлшем туралы түсініктерін дамыту:

«Зейінді бол» ойыны.

Ойынның мақсаты: Ұзын және қысқа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары:Ұзын – қысқа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар, ұзын – қысқа қарындаштар, карточкалар.

1.Ойынның барысы: Балаларға карточкалар таратылады. Балалар ұзын – қысқа заттардың суреттерін көрсетеді, атайды.

2.Ойынның барысы: Балаларға ұзын – қысқа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Өлшемі ұзын затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, қысқа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді т.б..


Сурет 3-«Зейінді бол» ойыны


Қорыта айтқанда, ойын түрінде берілген материал зерде қызметі бұзылған баланы жан – жақты дамытуға, психикалық, әлеуметтік денсаулығын сақтауға, балалардың зейіндерінің көлемін кеңейтуге, тіл кемістігін түзетуге, дене тәрбиесі тұрғысынан оңалтуға, қарапайым білім мен дағдыларды меңгертуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға жәрдем етеді. Балаларға көп салмақ түсірмеуге, сабақты ұтымды ұйымдастырып өткізуге, әр баланың жеке ыңғайын таба білуге, мүмкіншілігін ашуға, оны жүзеге асыруға көп көмектеседі.

Алынған ойындар мен ойын түрінде берілген тапсырмалар жүйесі оқушылардың қызығушылығын оятып, жұмысты ынтамен, сапалы түрде орындауға жағдай туғызды. Құрастырылған ойындар мен тапсырмалар жүйесі және ойын түрінде жүргізілген жұмыс жалпы математикалық түсініктер мен дағдылардың бұзылуының алдын алу және түзету жұмысында пайдалылығын білдіртті.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.ҚР - ның 2011- 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасы, Астана, 2010 ж 

2.ҚР Мемлекеттік Білім стандарты 2010 ж 

3.Әбішева А. «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері». Бастауыш мектеп 4-2003ж. - 17бет.

4.Бантова М.А.«Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы». Алматы «Мектеп» 1978ж.

5.Балқуатова «Ойын мен оқытуды сабақтастыра жүргізу».

Бастауыш мектеп 5-2005ж. 7-8бет .

6.Бекжурсінова Ғ. «Ойын - тиімді тәсіл». Бастауыш мектеп 2-2000ж.- 25бет.

7.Выготский А.С. Игра и ее роль в психическом развитие ребенка. 
//Вопросы психологии. 1966.

8.Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы, 1973.
9.Қайбулдаева.Г.,Жаздықбаева.М.,Әлімбекова.С. Ойын технологиясы. 
Түркістан, 2007.

10.Қазенова Г. «Ойын арқылы оқыту». 4-2001ж.- 12бет.

11.Құрмалина С.Ш. «Математикада дидактикалық ойындар және

қызықты тапсырма» . Алматы «Атамұра» 1997ж.

12.Макаренко А.С. «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар».

13.Наурызбайқызы.Ә, Мұхамедқызы.С «Математикадан

дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар».Алматы «Рауан» 1994ж.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Автор: ?айранбаева Гулшат Болатовна

Дата: 28.02.2016

Номер свидетельства: 300102


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства