Мотивациялық- қозғаушылық | Балалар, бүгін біздерге қонақққа тиын келіп қалыпты.Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық. Қуан, шаттан алақай! Қуанатын күн туды, Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Тиын тәрбиеші құлағына сыбырлап бір құпияны айтады.Бейнетаспаны көрсетеді. Тәрбиеші бейне таспаны көріп болғаннан кейін балаларға түсініктеме сұрақтар қояды: Балалар , бейне таспада, тиын ненің көрінісің көрсетті? Ормандағы ағаштар қандай, жерде не жатыр, жапырақтар дың түсі қандай ? Осы көріністі « Алтын күз» деп атайтындығын түсіндіреді. Балаларға алтын күз, ала жапырақтар,үйілген жапырақтар сөзіне, сөздік жұмыстар жүргізеді. Енді сендер ормандағы ағаштарды әдемілеп, күз бейнесін салыңдар. | Балалар тиынмен сәлемдеседі.. Балалар,осы құпияны орындау үшін, тиынға көмектесуге келіседі. Тиын әкелген бейне таспаны тамашалайды. Тиын өзі мекен етіп жатқан орманды көрсеткенің, онда әртүрлі ағаштар көп, жерде жапырақтар үйіліп жатқандығын, түстері сары, ала, қызлғыт екендігін айтады. Көріп болғаннан кейін балалар күзгі бейненің суретін салып беруге келіседі. Алтын күз, ала жапырақ, үйілген жапырақ сөздерін сыбырлау әдісімен қайталау. |
Ұйымдастыру шылық – ізденістік | Осы сюжеттік суретті салу үшін тәрбиеші балаларға түсіндіріп, көрсетеді. Билигвиальды компонент; күз-осень,алтын күз- золотая осень, жапырақтар-листья. Демонстрациялық көрнекілікте емен, қарағаш, аққайын, терек ағаштардың, бұлттар, төмпешіктер мен жолдардың суретін жапсырып дайындап қойғаның көрсетіп, осы дайын бетке жапырақтарды қылқаламмен басып, жағу тәсілімен салуды түсіндіреді. Балаларға жапырақтардың түсі қанық, әдемі болу үшін, қылқаламды суға жуып, сүртіп отыруды үйрету. Сергіту сәтін жасауды ұсынады Тиын:- Балалар, сіздерге арнаған бір ойыным бар. Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді. Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина» Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау. | Балалар қайталайды күз-осень,алтын күз- золотая осень, жапырақтар-листья. Балаларға алдарына сурет дәптерленін таратып береді.Дайын суретке сары, қызғылт сары, тоқ сары, қоңыр бояуларды пайдаланып, қылқаламды оң қолдарына ұстап салады. Осы бояуларға қылқаламның ұшын матырып, ағаштарға, жолдарға,жерге бояуды басып, жағу барысында жапырақтарды салады. Жапырақтарды салып болған соң , қылқаламды суға жуып, сүртіп отырады. Сергіту сәтін жасайды. Әуенмен жапырақтар болып тұрады, ақырындап ұшып жерге қонады, құйын болып ұшады . Балалар қызығушылықпен ойнайды. |
Рефлексиялық – түзетушілік | Салған суретін тиын көріп, балалардың әдемі,күз бейнесін салғандарын айтады. Өзінің досы қоянға апарып беріп, дос болатындығын айтып, рахмет білдіріп, балалармен қоштасады. Балалардың қалай сурет салғандарын жапсырманы қалай орындағандарын ерекше атап өтеді, мадақтайды. | Балалар тиынға алтын күзі салғандарын, кім қандай жапырақты салды айтып, көрсетіп, досымен достасуды тілеп, қоштасады. Тиынды қонаққа тағы шақырады Балалар өздерінің еңбектеріне қарап өз ойларын айтуға талпынады. |