kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?Т? ж?не Ж?ТБ дегеніміз не?

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                   А?Т? ж?не Ж?ТБ дегеніміз не?

Та?ырыбы:  А?Т? ж?не Ж?ТБ дегеніміз не?

Ма?саты: М?селе жайында базалы? білім беру.

Міндеттері:

1)    А?Т?, Ж?ТБ туралы жалпы т?сінік беру.

2)    ?лемдегі  ж?не ?аза?стан Республикасында?ы індет о?и?алары мен пайда болу тарихына ?ыс?аша шолу жасау.

3)    ?аза?стан ?шін А?Т?/Ж?ТБ –ны?  таралу м?селесі ?зекті екеніне к?з жеткізу.

Сынып са?атыны? жабды?тары: ма?ал-м?телдер, слайдты? презентация суреттер, ойын, маркерлер, плакат, та?па?, денсаулы? к?мекшілері.

Барысы:

І. Психологиялы?  дайынды?.

 1-жатты?у. Бой жазу: «Ше?берді кесіп ?ті?дер».    ?атысушылардан  ше?бер ??рып т?руын  ?тіну. ?рбір ?атысушы ?арсы кім т?р?анын аны?тайды. М??алім «Ж?рі?дер» дегенде, ?рбір ?атысушы  к?здерін ж?мып, ше?берді кесіп ?тіп, ?зіне ?арсы т?р?ан баланы? орнына  т?руы керек. Барлы? о?ушылар б?рін бір с?тте істеуі керек ж?не ?арау?а болмайды. (ал?аш?ыда шатасады, кейін т?селеді). Содан кейін о?ушылардан к?здері жабы? бол?анда, оларды? не сезгенін с?рау.

-Жатты?уды? шынайы ?мірмен ?атынасын ай?ындау.

-Балалар б?л жатты?у барысында ?андай ?иынды?  к?рді?дер?               -Адам?а барлы? м?шесіні?  сау бол?аны ?ажет пе?           –Д?рыс айтасы?дар.

2.Б?гінгі сынып са?атымызды?  ?ранын ?айлап айтайы?шы. №2 слайд

?з-?зімді баптаймын,      Денсаулы?ымды мен са?таймын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?Т? ж?не Ж?ТБ дегеніміз не?»

АҚТҚ және ЖҚТБ дегеніміз не?

Тақырыбы:  АҚТҚ және ЖҚТБ дегеніміз не?

Мақсаты: Мәселе жайында базалық білім беру.

Міндеттері:

1)    АҚТҚ, ЖҚТБ туралы жалпы түсінік беру.

2)    Әлемдегі  және Қазақстан Республикасындағы індет оқиғалары мен пайда болу тарихына қысқаша шолу жасау.

3)    Қазақстан үшін АҚТҚ/ЖҚТБ –ның  таралу мәселесі өзекті екеніне көз жеткізу.

Сынып сағатының жабдықтары: мақал-мәтелдер, слайдтық презентация суреттер, ойын, маркерлер, плакат, тақпақ, денсаулық көмекшілері.

Барысы:

І. Психологиялық  дайындық.

 1-жаттығу. Бой жазу: «Шеңберді кесіп өтіңдер».    Қатысушылардан  шеңбер құрып тұруын  өтіну. Әрбір қатысушы қарсы кім тұрғанын анықтайды. Мұғалім «Жүріңдер» дегенде, әрбір қатысушы  көздерін жұмып, шеңберді кесіп өтіп, өзіне қарсы тұрған баланың орнына  тұруы керек. Барлық оқушылар бәрін бір сәтте істеуі керек және қарауға болмайды. (алғашқыда шатасады, кейін төселеді). Содан кейін оқушылардан көздері жабық болғанда, олардың не сезгенін сұрау.

-Жаттығудың шынайы өмірмен қатынасын айқындау.

-Балалар бұл жаттығу барысында қандай қиындық  көрдіңдер?               -Адамға барлық мүшесінің  сау болғаны қажет пе?           –Дұрыс айтасыңдар.

2.Бүгінгі сынып сағатымыздың  ұранын қайлап айтайықшы. №2 слайд

Өз-өзімді баптаймын,      Денсаулығымды мен сақтаймын.

ІІ. Негізгі кезең.

1.     Миға шабуыл. Балалар, сендер АҚТҚ/ЖҚТБ  туралы  не  естідіңдер?

-Ол не деген сөздер? Ертеде естігендерің бар ма?

2. Кіріспе сөз.

         Ендеше, мұқият тыңдаңдар, бұл не деген сөздер екенін сендерге түсіндіремін. Маған денсаулық көмекшілері де көмектеседі.

Бұл өмірде ауру, сырқаттың түрлері көп –ақ. Солардың ішінде емделетіні де, емделмейтіні де бар. Біз бүгін  жұқпалы ауорулар туралы естиміз.

-Жұқпалы аурулар  дегеніміз қандай аурулар? Дұрыс, жұғатын (әртүрлі жолдармен).

Сонымен, АҚТҚ/ЖҚТБ  дегеніміз  қандай аурулар? (3-4 слайдтар)

 

АҚТҚ (ВИЧ) –бұл адамның  қорғаныш тапшылығының қоздырғышы, ол ағзаның  жұқпаға қарсы қорғанышына  жауапты иммундық жүйесін зақымдайды.

 ЖҚТБ (СПИД)- жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі, АҚТҚ-жұқпасының соңғы  кезеңі.

 -Балалар, бұл ауру  бірден шықпай, ұзақ ұйықтайды екен.

АҚТҚ-жұқпасын жұқтыру  мен ЖҚТБ-ның пайда болуының аралығы 10 жылға дейін созылады екен. Тіпті жұқтырып алған адам сау көрінгенімен бұл ауруды басқаларға  жұқтыруы мүмкін екен.

 Сендер жаңа ғасырдың балаларысыңдар, сондықтан бұл ауру туралы білу керексіңдер.

 Сонымен, АҚТҚ қалай жұғады: (№5,6,7 слайдтар)

 *АҚТҚ жұқтырған  адамның қанын құйғанда немесе мүшесін ауыстырып салғанда.

*Медициналық мекемелерде стерилденбеген құрал- жабдықтарды пайдаланғанда.

*Қан тамырына есірткі енгізу үшін ине мен шприцтерді бірлесіп пайдаланғанда.

*Құлақ тесу үшін, пирсинг және  татуировка үшін стерилденбеген құрал-жабдықтарды пайдаланғанда.

*АҚТҚ бар анадан баласына жүкті болғанда, босанғанда және емізгенде.

 АҚТҚ  БІЛІНУ  БЕЛГІЛЕРІ:  (№8 слайд)

-тұрақты қызба;

-бездердің үлкеюі;

-терінің зақымдануы;

-тоқтамайтын диарея (іш өту);

-ұзақ уақыт  жөтелу;

-едәуір салмақ жоғалту.

 АҚТҚ  қалай  жұқпайды: (№9 суретті  слайд) 

 -         қол алысқанда, құшақтасқанда;

-         гигеналық заттар, денеге жағатын немесе киімге себетін иіс-майлар арқылы;

-         бассейнге,  ваннаға, моншаға барғанда;

-         су және ауа арқылы;

-         жәндіктер шаққанда және жануарлармен  жанасқанда;

-         ойыншықтар, спорттық құрал-жабдықтар арқылы;

-         жәй сүйгенде.

 3.     Мақал –мәтелдермен жұмыс:  №10 слайд

-Кім денсаулық туралы мақал біледі? Жарайсыңдар!

-Ал мына мақалды қалай түсінесіңдер?

*Тазалық- саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

*Ауру жүйкені бұзады,

Жүйке ұйқыны бұзады.

Жарайсыңдар, балалар! 

Адам баласы бұл аурудан өзін қорғай алады. Қалай екен?

 Дәрігердің кеңесі.  Өзіңді қалай қорғауға болады:  №11 слайд

·        Есіңде болсын, ауруханада құрал- жабдықтарды, қолданған піспеті және т.б. пайдалануға  болмайды.

·        Егер пирсинг, татуировка жасағың келсе,  оны арнайы салондарда стерилденген  құралдарды қолдануымен істету крек.

·        Тіс щеткасы, ұстара сияқты қарапайым бөтен адамның заты ауруды жұқтырудың көзі болуы мүмкін. Өзіңнің заттарың  жеке болсын.

·        Есіртке  қолданбау керек.

·        Сау отбасы, тұрмысы болған жағдайда.

 *Осы қиын емес , қауіпсіз ережелерді сақтасаңдар ауруды жұқтыру қаупін едәуір  төмендетуге болады. Жеке және қоғамдық гигиена талаптарын сақтап жүріңіздер.

 М: Бұл ауру қашан пайда болды?  Кесте.  №12 слайд

1981 жылы АҚШ елінің Сан-Франциско қаласында  пайда болған. Содан бастап бұл ауру  ЖҚТБ  деп аталды. Ал біздің елімізде 1987 жылы  пайда болған.  Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымының  бағалауы бойынша  2006 жылдың  басына аурығандар 42 миллионнан астамды құрады, 25 миллионнан көбі  қайтыс болды.  Әлемде күніне 16 мыңға  жуық ересектер мен балалар  зақымданады.

-Көрдіңдер ме балалар, бұл өте қауіпті дерт  тек біз үшін емес, барлық әлем үшін .

ІІІ. Қорытынды кезең:  Рефлексия. –Көңіл-күйлерің қалай?  – Ұнады ма?

-Бүгін біз не білдік?

-АҚТҚ/ЖҚТБ деген қандай ауру?

- Қалай жұғады?

-Қалай жұқпайды?

-Белгілері?

-Өзіңді сақтау жолдары?

*Сурет салу.  Енді осы білгенімізді суретпен бейнелеп көрейік.  Жарайсыңдар!

 

*Слайдтық презентация.  (13-      Ал сөзімді балалар, Мещанова Наташаның  өлең жолдарымен аяқтағым келеді.(өзімнің  аудармам).

Бір оқушы болыпты,

Өзі әрең оқыпты.

Күнделігі толған екі,

Көп болды тентектігі.

 

Жақсы істерді білмеген,

Қыздарды ренжітпей жүрмеген.

Өзі секілді достарымен,

Сыбайласып, еріккен.

 

Алдыменен желімді,

Иіскеп алып мәз болды.

Сосын кетті ацетон,

Тоқсикаман болды ақыры.

 

Өмір деген тез өтеді,

Бұл бала ер жетеді.

Сотқар болып шатасып,

Татып көрді есірткені.

 

Күні- түні егіліп,

Нашақор болды біртіндеп.

 ЖҚТБ –ны жұқтырып,

Алды ақыры бұл жігіт.

 

Әжетханадан шықпады,

Іші өтті тоқтамай.

Әлсізденіп, арықтап,

Үрейленді  уайымдай.

 

Бар денесі қалтырап,

Қызуы да қояр емес.

Жанталасып, уыстап,

Жатты дәрі қабылдап.

 

Бір қараса мойнында,

Қолтығының астында,

Ісіп кеткен бездері.

Жанға батты өздері.

Жыларман болып дәрігерге,

Жүгірді ертеңінде.

 

-Өлең ұнады ма?

- Бұл баланың тағдыры басқаша болар ма еді?

-Ол үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

 

  Жарайсыңдар!  Жақсы қатысып отырғандарыңа рахмет!  Денсаулық көмекшілеріне де рахмет.  Амандық, саулықпен  жүздесейік.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
А?Т? ж?не Ж?ТБ дегеніміз не?

Автор: Тастанбекова Акмарал Сансызбековна

Дата: 11.04.2016

Номер свидетельства: 317477


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства