Просмотр содержимого документа
«А? алтынды айма?та »
Сабақтың тақырыбы:«Ақ алтынды» аймақта
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақты меңгерту.Мақтаның
өсіріліп, өндірілуін,одан жасалатын заттарды
үйретіп,түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты:Ақыл ой ,тіл байлықтарын, есте сақтау
қабілеттерін арттыру.Дүние танымын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты:Табиғатты қорғауға, тазалық пен ұқыптылыққа
үйрету. Адамгершілік,рухани тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: ойын элементтеріне байланысты көрнекіліктер,мақал – мәтелдер,пирамида,смайлик,жаңа сабаққа байланысты плакат суреттері.
Сабақтың барысы: I . Ұйымдастыру
Оқушылардың оқу құралдарын әзірлетіп, сабаққа назарларын аудару.Топқа бөлу: 1. «Раушан» гүл тобы
2. «Түймедақ» гүл тобы
3 «Баршынгүл» гүл тобы
II. Өткен сабақ
Үйге берілген тапсырма «Егіншілік» тақырыбын түсініп оқу, сурет салу.Тексеріп,түсінік сұрап ойын арқылы қорытындылау.
«Жеміс жинау» ойыны.(жемістердегі сурақтарға жауап беру арқылы жинау)
1.«Егіншілік», «өсімдік шаруашылығы » деген сөздер нені білдіреді?
2.Бидайдың неше түрі бар?
3. Диқанның еңбегі қандай?
4. Адам өсімдік шаруашылығымен не үшін айналысады?
5. Өсімдіктің арамшөбін отауға кімдер көмектеседі?
6.Егінді қандай көлік жинайды?
III. Жаңа сабақ
Ребус шешу арқылы жаңа тақырыпты шығарып алу
‘’’’Қалам аю’ қоңырау’’’’’’ ‘’’ балта
«МАҚТА»
А)жаңа сабақты түсіндіру.
Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің бау –бақшалы , мақталы өңір.Күзде пісіп, қауашағы жарылған мақта аппақ қардай үлпілдеп тұрады.Оны мақта теретін арнаулы машиналар жинайды.
Сергіту сәтін ұйымдастыру:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Біп биік боп өседі.
Ә) Оқулықпен жұмыс жүргізу «Моншақ тізу » ойыны арқылы тізбектей оқыту.
Б)топ – топ болып мақал – мәтел бәйгесін ұйымдастыру.Еңбек туралы.
В)Дәптермен жұмыс жүргізу
Шығармашылық тапсырма:Әр топ өз атауларына байланысты өлең шығару.
IV.Қорытындылау
Тест
Мақта қай өңірде өсіріледі.
Тазартылған мақтаны не деп атаймыз
Мақтадан не аламыз?
Мақтаны тағы қалай атауға болады?
Мақтаның түсі қандай?
Тестті тексеріп нәтижесін айтып,қателерін жөндеу
Смайлик арқылы әр топтың көңіл күйлерін білу
VI. Үйге тапсырма:түсініп оқу,мақтаның суретін салу
V.Бағалау
Пирамида арқылы бағалау
Хаттама
2014 жыл 10 сәуір
Күн тәртібінде
Бастауыш сынып мұғалімі Ағатаева Айнұрдың дүниетану пәнінен «Ақ алтынды аймақта» әдіс алмасу сабағын талдау.
Тыңдалды: А.Ағатаева өз сабағы туралы айтып өтті
А.Ағатаева: Сабағымды өрлеуге байланысты көрнекіліктермен өткіздім.Ақ мақта туралы кең ауқымды түрде түсіндіріліп, практикалық жүзінде көрсетілді.Сергіту сәті тақырыпқа сай өткізілді.Оқушылар сабаққа белсенді, қызығушылықпен қатысып отырды.Өзімнің қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
Ж.Жиреншиева:Сабақ жақсы өтті. Сабақтың құрылымы жақсы.Балалар өте белсенді түрде қатысып отырды.Ойындар жақсы ұйымдастырылған.Сабақты жақсы деп бағалаймын.
А.Жетібаева: Сабақ тартымды өтті. Құрылымы жақсы.Шығармашылық тапсырма өте жақсы пайдаланылды.
Мұғалімнің өзін өте жақсы ұсады.Сабақты жақсы деп бағалаймын.
М.Хайруллина: Сабақтын ұйымдастыру кезеңі,дәптермен жұмыс кезінде партаға дұрыс отырып жазғызуы,топқа бөліп,өзара сайыстыруы ұнады.
Ұсыныс: Сөйлеу тоқтатылсын.
Қаулы: А.Ағатаеваның өткізген ашық сабағы 8 баллмен бағалансын.
Хаттама төрайымы: С.Тұрабаева
Хатшы: А.Тайбағарова
Хаттама
19.10.2013 ж
Күн тәртібінде
Бастауыш сынып мұғалімі Ағатаева Сұлушаштың математика пәнінен «Жазбаша көбейту мен бөлуді пысықтау» әдіс алмасу сабағын талдау.
Тыңдалды: С.Ағатаева өз сабағы туралы айтып өтті
С.Ағатаева: Сабағымды жарыс сабақ ретінде өткіздім,оқушылар 3 топқа бөлінді,тақырыпқа сай көрнекіліктер пайдаландым.Қазақтың ұлттық ойындары арқылы есептер шығарылды..Сергіту сәті тақырыпқа сай өткізілді.Оқушылар сабаққа белсенді, қызығушылықпен қатысып отырды.Өзімнің қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
Ж.Жиреншиева:Сабақ жақсы өтті. Сабақтың құрылымы жақсы.Балалар өте белсенді түрде қатысып отырды.Ойындар жақсы ұйымдастырылған.Сабақты жақсы деп бағалаймын.
А.Жетібаева: Сабақ тартымды өтті. Құрылымы жақсы.Қазақтың ұлттық ойындары арқылы есеп шығару өте жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылған.Мұғалімнің өзін өте жақсы ұстады.Сабақты жақсы деп бағалаймын.
Г.Досқалиева: Сабақтын ұйымдастыру кезеңі,дәптермен жұмыс кезінде партаға дұрыс отырып жазғызуы,топқа бөліп,өзара сайыстыруы ұнады.
Ұсыныс: Сөйлеу тоқтатылсын.
Қаулы: С.Ағатаеваның өткізген ашық сабағы 9 баллмен бағалансын.