3-сынып бойынша ?аза? тілін о?ытуда а?паратты? – коммуникациялы? технологияны (АКТ) ?олдану тиімділігі
3-сынып бойынша ?аза? тілін о?ытуда а?паратты? – коммуникациялы? технологияны (АКТ) ?олдану тиімділігі
Б?л баяндама тамызды? конференцияда о?ылды ж?не жо?ары д?режеде деп ба?аланды. «?аза? тілі. 3-сынып» электронды о?улы?ы 3-сынып ба?дарламасында ?сыныл?ан негізгі та?ырыптар ж?не ?орытындылау тапсырмалары жан-жа?ты ?арастырыл?ан. Бастауыш сыныпта ?аза? тілін жетік игеру ?шін с?з ??рамы, жай с?йлем т?рлері, с?йлем м?шелері, с?з таптарынан гиперм?тін (ереже), де?гейлік тапсырмалары, тест с?ра?тарын кездестіруге болады. Осы ?сынып отыр?ан жина? о?ушыларды? білімін толы?тыру?а, ал?ан білімін бекітуге ?аза? тілі п?ніне деген ?ызы?ушылы?ын арттыру?а зор ы?пал етеді деп сенемін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«3-сынып бойынша ?аза? тілін о?ытуда а?паратты? – коммуникациялы? технологияны (АКТ) ?олдану тиімділігі»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Теміртау қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Тақырыбы: «3-сынып бойынша
қазақ тілін оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияны (АКТ) қолдану тиімділігі»
Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі
Исаева Алтынай Саматовна
Теміртау қаласы
2013 – 2014
«Баланың ынтасын артыру үшін
оқылатын нәрседен біржаңалық
болуы керек»
Жүсіпбек Аймауытов
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.
Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын
Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын
Білімді, іскер, шебер болу керек.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
Дүниетаным қабілеті жоғары
Дарынды, өнерпаз
Іздемпаз, талапты
Өз алдына мақсат қоя білу керек.
Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігі қарай жүзеге асады.
Мақсаты: қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияның кеңінен пайдалануға негізделген «Қазақ тілі. 3-сынып» электронды оқулығын жасақтау және оның қазақ тілі сабақтарына қолдану тиімділігін анықтау.
Міндеттері:
электронды оқулық құру;
жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу;
сол арқылы білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне шығу;
оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру;
пәнге деген қызығушылығын арттыру;
пән бойынша білім сапасын арттыру
электронды оқулығының тиімді екеніне қорытынды жасау.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне АКТ-ны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы есептеу техникалары біртұтас күрделі жүйе болып табылады. Сол себепті, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруда АКТ - ны оқып - үйрену және оны қолдану күрделі процесс болып табылады.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.
Ақпараттық – коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады.
Ақпараттық – коммуникациялық технология – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттелігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық – коммуникациялық технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады (1 - сурет).
1 – сурет. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның бағыттары мен міндеттері.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
- Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру
- Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
- Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
- Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Әрбір ұстаз балаға тиянақты, терең білім беруге, заман талабына сай ақпараттық – коммуникациялық, технологияларды меңгерту, оның жетістіктерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалану міндетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану: білім мазмұнының заман талабына сай болуына, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен алуына, білімді өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды. Оқу үрдісінде мектептер компьютерлік техниканы пайдаланудың локальды және ғаламдық жүйе мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда. Оның ішінде электронды кітапхана, электронды басылымдар, электронды оқулықтар.
Қазіргі таңда кез-келген мектепте электронды оқулықтар пайдалану кең үрдіс алып келеді. Білім берудің кез келген саласында «Электронды оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазіргі ақпаратандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электронды оқулықты қолдану саласы өте кең: электронды – оқыту жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген талпыныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша оқушылардың дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның дамуының тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдете түседі.
Электронды оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:
- Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
- Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін - өзі тексеруге;
- Жұмысты тиянақты түрде орындауға;
- Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;
- Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
- Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.
Қазіргі таңда мен өз сабағымда дайындаған электронды оқулығымды пайдаланып өтемін. Онда әр тарауда кестелер, жаттығулар қамтылған. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары оқушы білімін бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор. Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай смайликпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.
Мәселен, сан есімді қорытындылау сабағымда электрондық оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген зейіні, қызығуының ерекше артқандығы байқалды. Сонымен қатар ұмытып қалған ережелерді тапсырмалар арқылы еске түсіруге зор ықпал етеді, уақытты үнемдейді.
Мысалы, Тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
... мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
...наурыз-Халықаралық бірлігі күні.
...тамыз Қазақстан Республикасы Конституция күні.
...желтоқсан-Тәуелсіздік күні.
...наурыз-көктем,береке мерекесі.
Керекті сөздер. Он алтыншы,отызыншы,сегізінші,бірінші,жиырма екінші.
Тапсырма. Реттік сан есімнің тиісті жұрнағын жалғаңыз.
он бес, жеті, алпыс, үш, отыз, алты, екі, он, тоғыз
Керекті жұрнақтар.-ыншы,-ншы,-інші,-нші
Әр тарауда қайталау сабағында тест арқылы жұмысын жүргізуге болады. Мысалы:
4. Туынды сөздерді тап.
А) көлшік, қояндар
Ә) суат, қалашық
Б) іскер, мектепке
Ескерту. Тесттің «жауабы дұрыс» күлген смайлик, «жауабы бұрыс» болса жылап жатқан смайлик көрінеді. Осы тапсырмаларды орындағанда оқушылардың сауаттылығы жақсарып, сөз қорлары молайып, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады т.б. Жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану тиімді.
«Қазақ тілі. 3-сынып» электронды оқулығы 3-сынып бағдарламасында ұсынылған негізгі тақырыптар және қорытындылау тапсырмалары жан-жақты қарастырылған. Бастауыш сыныпта қазақ тілін жетік игеру үшін сөз құрамы, жай сөйлем түрлері, сөйлем мүшелері, сөз таптарынан гипермәтін (ереже), деңгейлік тапсырмалары, тест сұрақтарын кездестіруге болады. Осы ұсынып отырған жинақ оқушылардың білімін толықтыруға, алған білімін бекітуге қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді деп сенемін.
Мақсаты: Әдістемелік құралдың мақсаты - оқушылардың ой - өрісін кеңейту, алған білімдерін одан-әрі тереңдету. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгерілгендігін анықтап және шығармашылық қабілеттерін, интеллектуалды жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу. Жинақта 3-сыныпқа тарау бойынша жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар жинақталып алынған. Тақырыптық тестік тапсырмаларды орналастырғанда оқулықтардағы тарау реті сақталды. Бұл жинақта 3 сынып материалдары толық қамтылған. Бұл жинақта пән қызыл түспен, гипермәтін (ереже) көк түспен, тапсырмалар жасыл түспен, ал тест сары түспен боялған.
Міндеті: Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту ойлау қаблетін дамыту. Сұрақтарға дұрыс жауап беру. Оқушылардың білімін толық ашуда оқытудың барлық әдіс-тәсілдері пайдаланылды. Қазақ тілін құрметтеуге баулу.
Күтілетін нәтиже: қазақ тілі жинағы 3-сыныпқа арналған көмекші құрал ретінде оқушылар мен ұстаздарға ұсынылып отыр. Бұл жинақ тест тапсырмаларын пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысқа бейімділігін арттыра отырып, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Бұл ерекшелік сөз жоқ оқушыларды жан-жақты дамуға, өз пікірін айта білуге, білімге деген құштарлығын, пәнге деген сүйіспеншілігіне ықпал етеді деген мақсатпен құрылды.
Мектепте 3-4 сыныптарға «Информатика негіздері» атты вариативті сабақ өткізілуде. Осының арқасында оқушылар компьютер ережелерімен, компьютер құрылымымен, компьютерде жұмыс істеуін біледі. Сабақтың көмегімен маған ешқандай қиындық туғызған жоқ. 2012 – 2013 оқу жылы бойы сабақтан соң арнайы кесте бойынша (электронды оқулық) әдістемелік құралмен қосымша сабақ өткізілді. Берілген тараулар бойынша оқушылардың өз бетінше орындауды ұйымдастыру арқылы жеткен сыныптың білім кесіндісінің нәтижесін көруге болады:
Тараулар
«5»
«4»
«3»
«2»
Білім сапасы
Үлгерімі
2-сыныпта өткенді қайталау
5
7
9
57%
100%
Дыбыс және әріп
6
8
7
1
63%
96%
Сөйлем және оның мүшелері
4
9
9
59%
100%
Сөз құрамы
5
9
8
63%
100%
Сөз таптары
6
9
7
68%
100%
Жоғарыда көрсетілген диаграммаға көңіл аударсақ, электронды оқулықтың көмегімен пән бойынша оқушылардың білім сапасы 56% -дан – 63%-ға көтерілді.
Мен өзімнің электронды оқулығымның көмегімен 2012 – 2013 оқу жылында 3 «В» сыныбында ашық сабақ өткіздім. Сабақтан бір үзінді көрсеткелі отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:Сан есім туралы оқушы ұғымын кеңейту,теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгеру,
2. Дамытушылық. Оқушылардың алған білімдерін практикалық жұмыс барысында қалыптастыра отырып, дұрыс қолдана білуге үйрету.
3. Тәрбиелік. Әр оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыра отырып, болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, деңгейлік тапсырма, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық
-Негізгі сын есім дегеніміз не? Мысал келтір. - Туынды сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Балалар, жарайсыңдар! Ал, енді білімдерінді тағы бір сынап білейін.
5•3═а 7•5═е 9•9═ н 8•8═м 12:2═с 36:6═с 20:4═і
36:6
5•3
9•9
7•5
12:2
20:4
8•8
Мұғалім: Балалар, өрнектерді шығара отырып, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады. «Сан есім» тақырыбы шығады. Сан есім дегеніміз не? Ол қандай сұраққа жауап береді? ІҮ. Жаңа сабақ
А). Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ә). Жұмбақ шешу
Ол қай сан?
Оңынан оқысаң, ол – сан.
Терісінен оқысаң, ол – сан. (Қырық)
Қырық сөзі қандай сұраққа жауап береді? Қай сөз табына жатады? Қырық санына байланысты не білетіндерін сұрау.
«Қызға қырық үйден тыйым», «қырық парыз» «қырықты қырқа матап бердім» деген сөздер тілімізде жиі кездеседі. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда "Қырықынан шығару" деген ырымы бар.
Б). Көркем жазу. Қ қ әрпін көркем жазу.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
В). Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Өтірік өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олардың қай сөз табы екенін айт.
Елу метр есіктен
Еңкеюмен шақ кірдім.
Жүз қасқырды өшіккен
Бір қозыға бақтырдым.
Кімнің шығармасы? Ол туралы не білеміз?
Өтірік өлеңнің авторы – Қадыр Мырза Әли. Ол – ақын. Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұранының сөзін жазған.
Қарамен жазылған сөздерді тауып, оларға сұрақ қой.
Елу, жүз, бір – қанша? неше? деген сұраққа жауап береді. Бұл заттың санын білдіріп тұр. Бұл – сан есім.
9-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Сан есімдерді байланысты сөзімен қоса теріп жаз.
Бір жүз елу бес метр, отыз төрт қабат үй.
Сергіту сәті:
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп
1, 2, 3 – иілеміз онға қарай,
1, 2, 3 – иілеміз солға қарай!
8-жаттығу. Көңілді шумақ оқы.
1-бір
Же1 екен 1қазан:
Ке1жемді 1қазан
1-ақ сәтте қойды жеп.
Кү1 етті,
«Тойдым», - деп.
Естіп 1 кез дү1ді,
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Г) Электронды оқулық бойынша тапсырма орындау (деңгейлік тапсырма)
1-деңгей. Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшір. Сан есімдер қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Уақыт өлшемі.
Бір жылды он екі ай бар. Бір айда отыз күн, төрт апта болады. Әр аптада жеті тәулік бар. Әр тәулікте жиырма төрт сағат, бір сағатта алпыс минут бар.
2-дейгей. Жұмбақтың шешуін тап. Жатқа жаз. Сан есімдерді тап, сұрақ қой. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Алтын терек, он екі бұтақ,
Үш жүз алпыс бес жапырақ. (Жыл, күн)
3-деңгей. Сан есімдердің қасына тиісті зат есімдерді қойып жаз. Жазған сан есім мен зат есімдерді қатыстырып, үш-төрт сөйлем құра.
Төрт, алты, тоғыз, он жеті, жиырма төрт.
4-деңгей. Шығармашылық тапсырма.
1). Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу болғаны? (Жауабы: 6 баласы)
Есепжұмбақтың авторы кім? Ол туралы не білесің?
-Ахмет Байтұрсынұлы. Ол – ақын. Тұнғыш «Әліппе» оқулығын жазған.
2). Анаграмманы шеш. Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.
Қажет сондай құралмын,
Қолыңа жылда мың алдың.
Соңғы екі әріп алмасса,
Баспана болып шығармын. (Күрек – күрке).
ҮІ. Қорытындылау.
Рефлексия.
Бүгін сабақта қай тықырып өттік?
Не білдіңдер?
Не білгілерің келеді?
ҮІІ. Үйге тапсырма. 10, 11-жаттығу. Бет 204. Ереже жаттау.
ҮІІІ.Бағалау. Мадақтау.
Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар. Шығармашылықпен іздену мұғалімнің еңбегіне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру.
Меніңше, осы оқыту жүйесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану төмендегідей нәтиже береді:
Ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;
Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;
Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;
Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;
Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуы тиіс.
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.
Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық.
Тиімді жақтары
Тиімсіз жақтары
Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.
Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ қазақ тілі пәнінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.
Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
Мұғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.
Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.
Пәнаралық байланыстың аздығы.
Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.
Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.
Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:
1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
4. Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу;
5. Топтық жұмыстар мен жарыстар көбейту.
Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электронды оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;
Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Электронды оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.
Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды қазақ тілі сабағында пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімді қорыта келе, бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарымда ақпараттық - коммуникациялық технологияны (электронды оқулық) пайдаланудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтілу;
оқушының оқуға деген ынтасы арту;
әр оқушының жеке қабілеті айқындалу;
үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туғызу;
жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туғызу;
әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдылану;
оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік берді.
Қорыта айтқанда, бастауыш сыныпта дайындаған «Қазақ тілі. 3-сынып» электронды оқулығын тиімді пайдалану арқылы мынадай нәтижеге жеттім:
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексерілді;
оқушылардың ойлау қабілеті дамыды;
қазақ тілі пәніне деген қызығушылығы, ынтасы артты;
әр оқушы компьютерде өздігінен жұмыс істеуге дағдыланды;
үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туды;
әр оқушының жеке қабілеті айқындалды;
Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
“Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл.
«Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»
Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
“Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл
Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» - 17 бет
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 8-бап.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
Роберт И.В., Панюкова С.В., Кузнецов А.А., Кравцова А.Ю. Информационные и коммуникационные технологии в образовании: Учебно-методическое пособие для педагогических вузов. / Под редакцией И.В. Роберт. - М.: ИИО РАО, 2006. - 374 с. (ғаламтор желісінен)
«Қазақ тілі. 3-сынып» электронды оқулығы. Исаева А.С. Оқу – әдістемелік құралы.