kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

3 СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНА АРНАЛ?АН ТА?ЫРЫПТЫ? МАТЕРИАЛДАР

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?сінік хат

Жина? о?ыту орыс тілінде ж?ргізілетін жалпы білім беретін орта мектептерді? 3-ші сынып о?ушыларына ?аза? тілі п?ніне арналып ??растырыл?ан. Е?бек мемлекеттік жалпы?а білім беретін орта мектеп стандарты ж?не типтік ба?дарлама негізінде жазылды. О?ыту орыс тілінде ж?ргізілетін мектепті? 3-ші сыныбына арналып жазыл?ан негізгі о?у ??ралын басшылы??а ала отырып, ба?дарламада бар та?ырыптар?а арнайы ?осымша материалдар жина?талып беріліп отыр. Сонды?тан б?л е?бекті ?осымша о?у ??ралы деп тану?а болады.  материалдар легі с?рыпталып, м?тіндер терілді, сондайа? ?р та?ырып?а жатты?улар ??растырылды. Е?бекті жазу барысында о?ушыларды? жас ерекшелігі, білім де?гейлері, ?рине ба?дарлама бойынша ме?герілу ?ажет дегендер ескерілді.  

        Жатты?улар – о?ушыны? белгілі бір та?ырып де?гейінде ал?ан білімін жина?тауда, тексеруде ?олданылатын ж?мыс т?рі. Сонды?тан да оны? о?у ?рдесіндегі р?лі ?ашан да зор. Жатты?улар о?ушыларды? жалпы п?н бойынша білімдерін ексеруге, ?алыптастыру?а ба?ыттал?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«3 СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНА АРНАЛ?АН ТА?ЫРЫПТЫ? МАТЕРИАЛДАР»












БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША 3 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҚ МАТЕРИАЛДАР





















Түсінік хат


Жинақ оқыту орыс тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін орта мектептердің 3-ші сынып оқушыларына қазақ тілі пәніне арналып құрастырылған. Еңбек мемлекеттік жалпыға білім беретін орта мектеп стандарты және типтік бағдарлама негізінде жазылды. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептің 3-ші сыныбына арналып жазылған негізгі оқу құралын басшылыққа ала отырып, бағдарламада бар тақырыптарға арнайы қосымша материалдар жинақталып беріліп отыр. Сондықтан бұл еңбекті қосымша оқу құралы деп тануға болады. материалдар легі сұрыпталып, мәтіндер терілді, сондайақ әр тақырыпқа жаттығулар құрастырылды. Еңбекті жазу барысында оқушылардың жас ерекшелігі, білім деңгейлері, әрине бағдарлама бойынша меңгерілу қажет дегендер ескерілді.

Жаттығулар – оқушының белгілі бір тақырып деңгейінде алған білімін жинақтауда, тексеруде қолданылатын жұмыс түрі. Сондықтан да оның оқу үрдесіндегі рөлі қашан да зор. Жаттығулар оқушылардың жалпы пән бойынша білімдерін ексеруге, қалыптастыруға бағытталған.



























І. Әлеуметтік–тұрмыстық ая

Мен және менің отбасым

1-сабақ

Отбасы


1-жаттығу. Берілген сурет бойынша Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді ата.




2- жаттығу. Мәтінді оқып түсініп ал.


Үшінші сынып оқушысы


Менің атым – Асан. Мен тоғыз жастамын. Мен Павлодар қаласы № 35 орта мектебінде үшінші сыныпта оқимын. Маған сурет сабағында мұғалім тапсырма берді. Мен өз отбасымды суретке салуым керек еді. Сондықтан мен әкемді, шешемді, ағамды және қарындасымды суретке салдым. Мұғалім маған «5» деген баға қойды.

(Бейсембаева А.С.)

3- жаттығу. Өз отбасың туралы сөйлемдер жаз.


4- жаттығу. Қазақ тіліне аудар:


Меня зовут Аня. Мне девять лет. Я учусь в третьем классе. Моя семья небольшая. Четыре человека. Это: мама, папа, старший брат и я. Мама учитель. Она работает в школе. Папа врач. Он работает в больнице. Мой старший брат студент. Наша семья очень дружная.

(Бейсембаева А.С.)

2-сабақ

Менің отбасым


Жаңа сөздер:

Мейірімді – добрый (ая)

медбике – медсестра

өртсөндіруші – пожарный

жігерлі – смелый (ая)


1-жаттығу. Тиісті сөздерді қойып оқы.

- Сәлем, сенің атың кім?

- Сәлем, менің атым ..........

- Сенің отбасың қандай? Неше адам бар?

- Менің отбасым ..........., ........... адам бар. Ал сенде ше?

- Ал менің отбасым ............ Сенің ата-анаң кім болып жұмыс істейді?

- Менің әкем .............. . Менің шешем ................ .

- Олар қандай адамдар?

- Олар ............ адамдар. Ал сенің ше?

- Менің де ата- анам ............... адамдар.

- Сау бол ...........

- Сау бол ...........


2- жаттығу. Сызба бойынша сөйлем құрап, сөйле.






Менің бар (жоқ).







3- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап ал.


Ақ мамам

Менің мамам, ақ мамам,

Балын маған сақтаған.

Әнін маған сақтаған,

Бәрін маған сақтаған,

Менің мамам, ақ мамам.

( С. Жиенбаев).

4- жаттығу. Өз досыңнан отбасы туралы интервью ал.


3-сабақ. Ойнайық та ойлайық


1-жаттығу. Әріптерден сөз жина.

өкз, лоқ, мала, оыйн.


2-жаттығу. Цифрларды сөзбен жаз.

18 орындық, 7 оқушы, 2 кітап, 88 дәптер, 50 алма, 10 терезе.


3-жаттығу. Ойлан,тап. Жұмбақты оқы,шеш.

Ыдыста бар Сарыда бар,

Кітапта жоқ. Қарада жоқ.

Тиында бар, Арыстанда бар,

Тиінде жоқ. Пілде жоқ.


4-жаттығу. Керекті сөздерді дұрыс қойып айт.

Атам... тұр

әкем... жүр

үстел... жатыр

үйрек... отыр

























4-сабақ

Жұмбақ әлемінде


1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Жұмбақ– адамның ой-өрісін, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген.

Сөздік:

Жұмбақ – загадка

Ой-өрісі – кругозор

Әдеби – литературный

2-жаттығу. Мәтіннің ішіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.


3-жаттығу. Жұмбақтарды оқы, шешуін тауып, дәптерге жаз.


1.Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны.


2.Қатар тұрып екеуі

Бірін-бірі көрмейді,

Көр десе де көнбейді.


3.Көзде бар,

Баста жоқ.

Өмірбекте бар,

Омарбекте жоқ.


4-жаттығу. Жұмбақ өлеңді шеш,жаттап ал.

Ағам бізді жинады,

Сегіз қолғап сыйлады.

Қамқор болған ағамыз,

Сонда қанша баламыз.









5-сабақ

Мақал-мәтелдер әлемінде


1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Қазақ халқы әдебиеті мен мәдениеті жөнінен, ұлттық тәрбиесі тұрғысынан өте білгір ел болған, халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып мақалмен айтқан, танытқан. Мақал-мәтел шешендік өнердің бір үлгісі.

(Жүсіпова Д.З.).


мақал-пословица

шешен-оратор

шешендік-красноречивый

өнер-исскуство


2-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқы.

  1. Ата балаға сыншы.


2. Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ.


3. Батаменен ер көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер.


3-жаттығу. Мақалдың мәнін түсіндір, жаттап ал.

Еңбек – ер азығы,

Жауын – ер азығы.


4-жаттығу. Мақалдардың аудармасын тауып жаз.

Еңбек түбі береке. Трудовой хлеб сладок.


Еңбек етсең емерсің. Труд -источник достатка.


Еңбектің наны тәтті. Венец труда - достаток.













ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая

Қазақстан картасы

6-сабақ

Мерекелер


1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.  Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi. 
(Жакиянова Г.Қ.).


Мереке-праздник

Ұлттық-национальный

Іс-шаралар-мероприятий

2-жаттығу. Көктемдегі мерекелерді бір бағанға,жаз мерекелерін екінші бағанға жазып ал.

8 наурыз, 1 маусым, 22 наурыз. 1 мамыр, 4 шілде, 9 мамыр, 30 тамыз,


3-жаттығу. Тиісті әріптерді қойып жаз.

1.Асхат мерек...ге дайындалып жатыр. 2.Айнұр г...лдер,шарларды дайындап жатыр. 3. Ринат ш..рларды үрлеп отыр.


4-жаттығу. Метаграмманы оқы,аудар.


«А»-дан егер бастасақ,

Бір түрімін түйенің.


«О» -дан егер бастасақ,

Оны анамдай сүйемін.

(Атан – Отан).













7-сабақ

1-мамыр мерекесі


1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.


Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді [1].


Бірлік-единство

Тату-дружный

Келісім-согласия


2-жаттығу. Сұрақтарға жазбаша жауап бер.


  1. 1-мамыр мерекесіне қалай дайындаласың?

  2. Мерекеге әр түсті гүлдер,шарлар,тулар керек пе?

  3. 1-мамыр мереке күні қайда боласың?


3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы,жаттап ал.


Бүгін бәрі парадта

Орыс, Неміс, Араб та.

Армян, Эстон, Қазақтар-

Еңбектегі озаттар.


4-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді аударып, жаз.


Каринаның (заяц)-ны бар, шары жоқ

Әсемнің (флаг)-ы бар, добы жоқ.

Әнелдің (кукла)-ғы бар, гүлі жоқ.















8-сабақ

9-мамыр мерекесі


1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.


Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының батыры.Соғыс басталғанда,елі мен туған жерін қорғауға аттанады.Майданда да дарынды қолбасшы, ер жүрек батылдығын көрсетті. Ерлігі үшін оған Қеңес Одағының Батыры деген атақ берілді [2].


Жеңіс күні – день победы

Батыр – герой

Майдан – фронт

Ерлік – подвиг


2-жаттығу. Сұрақтарға жауап бер.


1. Бауыржан Момышұлы кім?

2. Соғыс басталған соң қайда аттанды?

3. Бауыржан Момышұлына қандай атақ берілді?


3-жаттығу. Мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздерді аударып жаз.


Батыр аға

Өр тұлғалы, келбетті

Қошқарбаев Рахымжан.

Сын сағатта ерлепті

Ел сүйсінген батыр жан.

Арпалысып ел күнде,

Аңсап талай жыл күткен-

Жеңіс күні Берлинде

Рейхстагқа ту тіккен!


4-жаттығу. Ұқсас сөйлем құрып жаз.

Ту.

Көк ту.

Көк туды алдым.

Мен көк туды алдым.







9-сабақ

Тәуелсіздік күні

Жаңа сөздер

Тәуелсіз – независимый (ая, ое)

мемлекет – государство

қонақжай – гостеприимный

мемлекеттік рәміздері – государственная символика


1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.


Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. Отанымыздың Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік тілі, өз мемлекеттік рәміздері, өз салт-дәстүрлері бар. Еліміздің халқы қонақжай және тату халық [3].


2- жаттығу. Сұрақтарға жауап бер.


1. Қазақстан қандай мемлекет?

2. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

3. Кім Отанымыздың Президенті?

4. Қазақстанда не бар?

5. Қазақ халқы қандай халық?


3- жаттығу. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі тиісті қосымшаны қосып, сөз тіркестерді көшіріп жаз.

Менің ел... (-ім, -ым)

Сенің ел... (-ың, -ің)

Сіздің ел... (-іңіз, -ыңыз)

Оның ел... (-ы, -і)


4- жаттығу. Мақалдарды оқып жаттап ал.

Отан өз ұлын ұмытпас.

Отан оттан да ыстық.










10-сабақ

Жаңа жыл. Жаңа жыл жыры


Жаңа сөздер

Қалың – густой

қар басқан- завалило снегом

қарсы алды – встретили

жыр - песня

1- жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.


Далада қар жауып тұр. Қалың орманды да қар басқан. Түнгі аспанда жұлдыздар көрінеді. Бізге алыстан Аяз ата келді. Балалар Аяз атаны әнмен, бимен қарсы алды. Жаңа жыл құтты болсын! [4].


2- жаттығу. Сөйлем құрастырып жаз.

    1. Жауып тұр, қар, далада.

    2. Көрінеді, аспанда жұлдыздар.

    3. Келді, Аяз ата, бізге.

    4. Қарсы алды, Аяз атаны , балалар.

    5. Болсын, құтты, жыл, Жаңа.


3- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы

Дала аппақ, Кәне досым,

Жапалақтап, Әнге қосыл,

Қар жауып тұр тынбастан. Әнге қосыл қалыспа.

Қалың орман, Қол ұстасып,

Қар жамылған, Құшақтасып,

Маужырайды түнгі аспан. Үйренейік жаңа жыр.

О, алақай, Құтты болсын,

Аяз атай, Құтты болсын,

Келді бізге алыстан! Жаңа жыл!

(Ә. Дүйсенбиев).


4- жаттығу. Жұмбақтарды шешіп, көшіріп жаз.

Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым. (....................)

Таудан түссем тоқтауды білмейді,

Тауға қарай тартсам да жүрмейді. (.....................)


11-сабақ

Спортзалда


Жаңа сөздер

Әйгілі – известный, знаменитый (ая)

армандаймын – мечтаю

жаттықтырушы – тренер

өтеді – проходят

қатысты – участвовали

1- жаттығу. Мәтінді оқы.

Спортзалда

Біздің мектепте екі спортзалы бар. Үлкен спортзал екінші қабатта. Мұнда дене тәрбиесі сабақтары мен мектеп жарыстары өтеді. Кіші спортзал үшінші қабатта. Мұнда кіші сыныптар үшін сабақтар жүреді.

Өткен демалыста мектепте жарыстар болды. Біздің сынып командасы қатысты. Біз екінші орын алдық. Біздің жаттықтырушы Любовь Владимировна. Бізге мектептің әйгілі спортшылары туралы айтты. Мен де спортшы болуға армандаймын [5].


2- жаттығу. Сөйлесімді досыңмен оқы.

- Сәлем, ...........

- Сәлем .............

- Кеше мектепте жарыстар болды. Сен білесің бе?

- Жоқ, мен білмедім. Қалай өтті?

- Жақсы. Мен қатыстым. Жүгіруден бірінші орын алдым.

- О, жарайсың! Тағы кімдер қатысты екен?

- Қатысушылар көп болды. Жарыс қызық болды. Жақсы, сау бол.

- Сау бол.


3- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қой. Көшіріп жаз.

Біздің қала... үлкен саябақ бар. Саябақ.... кішкентай көл бар. Көл... қайықпен жүзуге болады. Асан қайық... отыр. Қала... мұражай бар. Мұражай... экспонаттар көп. Мектеп... әдебиет үйірмесі жұмыс істейді.


4- жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жаттап ал.


Топ бала топтана,

Қуып жүр допты ала.





12-сабақ

Стадионда


1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Стадионда

Мен мектепте оқимын. Біздің мектептептің ауласында стадион бар. Стадионда оқушылар дене шынықтырады, секіреді,жүгіреді. Доп лақтырады, қағып алады. Балалар футбол, баскетбол ойнайды. Стадионда әр түрлі жарыстар өтеді [6].


Аула – двор

Секіреді – прыгают

Жүгіреді – бегают

Жарыстар – соревнования


2-жаттығу. Тиісті әріптерді қойып жаз.


1.Стади...да балалар көп.2.Дене шыны...тыру саба..ына арнайы ки...м қажет. 3. Доппен ойна...анда абай б...лу керек.


3-жаттығу. Сөз тіркестерін жаз.


үлкен секіртпе

ұзын доп

домалақ стадион



4-жаттығу. Стадион туралы әңгімелеп жаз.


















ІІІ Оқу еңбек аясы

Менің оқу құралдарым

13-сабақ

Сен оқу құралдарын таза ұстайсың ба?


Жаңа сөздерді оқы

Ұқыпты – прилежный (ая), аккуратный

әдепті – воспитанный (ая)

таза ұстайды – аккуратно содержит

шимайламайды – не чиркает

беттерін жыртпайды – не вырывает страницы


  1. жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақ құрастыр.

Оқу құралдары

Бүгін Әлияда бес сабақ болады. Ол сабаққа сөмкесін жинады. Сөмкесіне кітаптар, дәптерлер, күнделік, қаламдар мен қарындаштар салды. Әлия ұқыпты, әдепті оқушы. Ол дәптерлерді таза ұстайды. Кітаптарын шимайламайды, беттерін жыртпайды [7].

  1. жаттығу. Оқу құралдары туралы диалог құрастыр:


  • Сәлем, Аня

  • Сәлем, Оля

  • Бүгін сенде неше сабақ болады?

  • .... ....

  • Сен сабаққа қандай оқу құралдарын апарасың?

  • .... .....

  • Аня сен оқу құралдарын қалай ұстайсың?

  • .... ....

  1. жаттығу. Бос нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз:

Менде әдемі ..... бар. Наташада көп ... бар. Ол онымен ..... салады. Кеше Азамат дүкеннен қызық .... сатып алды. Үстелде .... ...... жатыр.

Керек сөздер: қарындаштар, оқу құралдары, дәптер, кітап, сурет.

  1. жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы:

Бүктеме, қарағым,

Кітаптың парағын.

Арманы бар онда

Атаның, бабаның.

Жыртпашы, қарағым,

Кітаптың парағын

Ақылы бар онда

Ақынның, дананың.

(К. Сауғабаев).

14-сабақ

Оқу құралдары туралы жұмбақтар

Жаңа сөздерді оқы

Ақылды – умный (ая)

жақсы оқиды – хорошо учится

қатар отырады – вместе сидят

еңбекқор – трудолюбивый


1-жаттығу. Мәтін түсініп оқы.

Оқушылар

Қанағат оқушы. Ол үшінші сыныпта оқиды. Қарлығаш та үшінші сыныпта оқиды. Екеуі қатар отырады. Қанағат кітап оқыды. Қарлығаш тақтаға шықты екеуі де жақсы оқиды. Олар еңбекқор оқушылар [8].


2- жаттығу. Берілген жұмбақтарды шеш, дәптерге көшіріп жаз:

Қабат-қабат ақ тақыр,

Беті тегіс жап-жалтыр.

Қабат сайын тізілген,

Қатар-қатар жол жатыр.

(......................)


Бір үйде көп бала,

Біреуі – көк бала.

Біреуі – ақ бала.

Біреуі – қап-қара.

Жасыл бала,

Сары бала,

Қызыл бала,

Қоңыр бала,

Әтеуір

Бәрі бала.

(........... ......................)


3- жаттығу. Мына мақалды жаттап ал

Мектеп білім бесігі.


4- жаттығу. Бос нүктенің орнына тиісті сөз қойып, көшіріп жаз:

Асан ........ жазды. Алина қызық ........... оқыды. Наташада әдемі түрлі түсті .......... бар. Әйгерім сурет сабағына ........... әкелді. Игорь .............пен сызды.


Керек сөздер:сызғыш, қарындаштар, сурет дәптер, дәптерге, кітап

Пайдаланған әдебиеттер


  1. Жүсіпова Д.З. Көркем әдебиет. – Алматы: «Аруана» баспасы.


  1. «Отбасы және балабақша» журналы. №3 2005 ж.


Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар (2 сынып). – Алматы, 2009 ж.


4. Акбаева К. «Қазақ тілі» для русских школ (4 класс). – Алматы, 1996 г.


5. Акбаева К. «Қазақ тілі» для русских школ (2 класс). – Алматы, 1996 г.


6. Ермекова Т.Н. Қазақ тілі (4 сынып). – Алматы, 2011 ж. - 6 б.


  1. Адамбаева Ж.Д. Қазақ тілі для русских школ (4 клас). – Алматы: «Рауан», 1997.


Мәтіндердің алыну көзі


1. «Отбасы және балабақша» журналы. №3 2005 ж.


2. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар (2 сынып). - Алматы, 2009 ж. 22 бет.


3. Акбаева К. «Қазақ тілі» для русских школ (4 класс). - Алматы, 1996 г. С. 35.


4. Акбаева К. «Қазақ тілі» для русских школ (2 класс). - Алматы, 1996 г.С. 35.


5. Ермекова Т.Н. Қазақ тілі (4 сынып). - Алматы, 2011 ж. 6 бет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
3 СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНА АРНАЛ?АН ТА?ЫРЫПТЫ? МАТЕРИАЛДАР

Автор: Дюсенова Асем Сапарбековна

Дата: 06.01.2016

Номер свидетельства: 272936


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства