Просмотр содержимого документа
«2 – сыныптар?а арнал?ан «Математикалы? марафон» атты ба?дарламасы, ?дістемелік к?мекші ??ралы »
Қосымша сабақтың мазмұны. 1. Түсінік хат
2.Мақсаты мен міндеті
3.Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар. 4.Күнтізбелік жоспар. 5. Қолданылған әдебиеттер.
Түсінік хат
«Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр.Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркен-деткенде ,сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек»
М.Жұмабаев
Екінші сыныптың математика пәніне қосымша сабақ ретінде, « Математикалық морофон» пәнін алдық. Бұл қосымша сабақ аптасына
1 рет жүргізіледі Оқу жылында барлығы-34 сағат өткізіледі. Бұл қосымша сабақты алу себебім: оқушылардың ойлау логикаларын дамыту, ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Қосымша сабақ арқылы оқушылардан математика пәніне 3деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар, математикалық жұмбақтар, қазақ халқының ұлттық өлшемдерін қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдылары тиянақтала түседі.
Қосымша сабақтарында оқушыларды қызықтыратын логикалық есептер шығартудың білімдік те, тәрбиелік те маңызы зор. Өйткені есептерді шығару барысында оқушылар математикалық ұғымдарды меңгереді, ойлау қабілеті дамиды. Өз пікірлерін логикалық жолмен дәлелдей білуге, алған білімдері бойынша тиісті қорытынды жасауға, өздері игерген есепті шығару дағдыларын іс жүзінде қолдана білуге жаттығады.
Математикалық есептерді шешу, тапсырмаларды дәлелдеу оқушылардың ойын оятып ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады, батыл қимылдар жасауға, шығармашылық ізденіске тәрбиелейді. Математика сабақтарында ауызша есептеу оқушының логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастырады.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, әрі пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі логикалық ойын есептері.
Қызығу танымдық іс – әрекеттің қозғаушы күші оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйреніп барысында қабілетті, дарыны ұшталады.
Ауызша есептеу оқушының логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастыруға итермелейді.
Математикадан жүргізілетін қосымша сабақтың негізгі мақсаты –Оқушылардың ауызша ойлау қабілетін арттырып, тез есептеу жолдарын үйрету. Ойындар ойнау арқылы пәнге қызығушылығы мен сындарлы ойлау және сыни көзқарасын қалыптастырып,өз ойын еркін дәлелдеп беретін тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
-оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру;
-алған білімнің тиянақты болуын қамтамасыз ету;
-оқушылардың математикаға дайындығын жан – жақты жетілдіру;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру;
-логикалық ой - өрістерін арттыру;
-математиканы оқып – білуге ынталанады;
-есеп шешуін іздеу оқушылардың қиыншылықты жеңуге жігерлендіреді;
-берілген тапсырманың шешуін табуға қатысты оқушылардың шығармашылық шабыттануына мүмкіндік береді;
-тапсырмаларды талдауға дағдыланады;
-өз бетімен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады;
-жеке, топпен тапсырмаларды орындауға үйренеді;
Оқушыларға қойылатын талаптар
Оқушылардың білуі тиіс:
Ауызша есептеу жолдарын
Тез есептеу әдістерін
Натурал сандардың реттік қасиеттері мен белгілерін ажырату әдістері
4 .Логикалық есептерді әр түрлі тәсілдермен түрлендіре шешу әдістерін үйрету
Оқушылар меңгеругетиіс:
Логикалық есептерді шешу тәсілдерін
Математикалық тілде дәлелдеу
Геометриялық фигураларды ажырату
Математика туралы және онда қолданылатын ойын әдістерін.
Оқушылар жасауға тиіс:
Математикалық тарихи мағлұматтар жинақтауға;
Логикалық есептерді аналитикалық, графиктік әдістермен шешуді;
Математикалық ойын есептерді шығару тәсілдерін игеруді.
Сандардың қасиеттерін білуді.
Оқушылардың көрсете білу:
Ауызша қосу және азайту тәсілдерін білу
Логикалық есептерді шешу
Сандардың ауыстырымдылық қасиеттері мен белгілерін білу.
Пәнаралық біріктіру:
Математиканың дүниетанумен байланысуы
Жұмбақ есептердің әдебибеттік оқумен байланысуы
Шырпымен басқатырғыштардың геометриямен байланысы
Пәнаралық байланыс:
Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу,қазақ тілі.
Базалық мазмұны
1.Математика пәні не үшін керек?
Математика пәні не үшін керек екенін оқушыларға мысал келтіру арқылы дәлелдету.Оның мазмұны мен мақсаты және міндеттері өмірдің қай қырын алсақ та,математикасыз ойлауда, есептеулерді дәлелдеу мүмкін емес екенін ұғындыру.
2.Ауызша және жазбаша есептеу
Есептеулер жүргізуде қолданылатын ауызша қосу және азайту тәсілдерін қайталау. Қосу мен азайту амалдарының қасиеттері және дербес жағдайлары. Бекіту.
3.Логикалық есептер шығару
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушының логикалық қабілетін дамыту. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.Карточкалар, сиқырлы шаршылар, геометриялық суреттер арқылы жұмыс жасау және дәлелдеу.
4.Ескі қазақ өлшемдері
Ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз өңделіп, жаңарып жетуінің нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасқанын, мәселен, сыйымдылықты, массаны, уақытты, көлемді, ауданды өлшеу жүйесіне сипаттама беру барысында ұғынуы және түсінуі.
5.Викториналық сұрақтар
Виктриналық сұрақтар арқылы математикалық терминдерді, ережелерді, қосудың және азайтудың қасиеттерін қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.
6.Математикалық жұмбақтар
Математикалық жұмбақтардың шешуі мен жауабы тек
математикаға байланысты емес екендігі айтылып, жұмбақтың мағынасы
мен мәні түсіндіріледі, салыстырылады және жауабы нақты шешім табады.
7. Математикалық ойындар
Оқушылардың ой-өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.
«Арифметикалық шығыр» ойыны.
8.Ұлттық ойын есептер
Қазақтың ұлттық ойындары,оқушылардың ой-өрісімен қайрат жігерін,қимыл қозғалыстарын шыңдайды және математика пәніне зеректікке бағыт-бағдарын қалыптастырады.
9.Деңгейлік тапсырмалар
Қазіргі заман талабына байланысты математикадан үш деңгейде тапсырмалар орындаған жөн,тапсырманы орындап болған оқушыларға әр түрлі бағыттағы шығармашылық тапсырмалар беріледі.Шығармашылық тапсырмалар балаларға жан-жақты ізденуге мүмкіндік алып,қабілеттері жоғарлай береді.
10.Теңдеу құру
Теңдеулерді шешудің оңай тәсілдерінен, күрделі теңдеулерді әр түрлі тәсілдермен шеше отырып,берілген сандарды бір-бірімен байланысты ұғымдар арқылы шешу.
11.Математикалық сөзжұмбақтар
Сөзжұмбақтарды шешу үшін берілген математикалық әр деңгейдегі сұрақтарға жауапты дәлме-дәл беру.Сөзжұмбақтарды құрастырғанда математикадан алған білімдеріне байланысты жүйелі тапсырмаларды қарастырып берген жөн.
12.Сандық ребустар мен есептеулер
Ребустарды тез шешу тәсілдерін ұғындыру,оның өзіне тән ерекшелігін ескере отырып,жеңіл және күрделі тапсырмаларын нақты шеше білуді қарастыру.
13.Қызықты есептер,тапсырмалар
Әр бағыттағы қызықты есептерді шешу үшін,оны бірнеше рет оқып түсіну керек.Көп жағдайда амалдарды қолданбайтыны айтылады.Оны мұғалімдердің көмектесуі арқылы түсініп орындалады.
14.Жиынтық амалдарға қатысты тапсырмалар
Амалдардың орындалу тәртібіне байланысты білімдерін тексеру және өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
15.Математикалық фокустар
Оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту. Өз бетімен ойласа отырып, тапсырмаларды шеше білуге үйрету.Өтілген тапсырмаларды құрастыру және шешімін анықтау қасиеттерін қарастыру.
16. Математикалық викториналар
Ертегіні қолдану арқылы викториналық сұрақтармен жұмыс жүргізу.Оқушы ойын дамыту, зейінін сақтандырып, есте сақтау қабілетін шыңдау, сыни ойлауға төселдіру және өзінің жасаған жұмысын баяндауған,дәлелдеуге ыталандыру.
17. Математикалық жұмбақтар шешу
Разрядтық бірліктерге байланысты алған білімдерін дамыту мақсатында кестемен жұмыс жүргізу арқылы білімдерін кеңейту. Математикалық диктант жұмысы арқылы есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық және логикалық тапсырмалармен жұмыс жүргізу барысында ойлау қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
18. Геометриялық фигуралар сыр шертеді
Фигуралардың ішінен керекті кесіндіні көрсету несесе
көзбен тік бұрыштарды ажырата білу. Фигуралардың ішінен тік бұрыштарды табу, геометриялық фигуралардан тік бұрыштарды анықтау.Тік бұрыштан және шаршының қабырғаларының қосындысын табу. Берілген өлшем бойынша тік бұрыштар сыза білуге дағдыландыру.
19. Қозғалысқа есеп шығару
Оқушыларды қозғалысқа байланысты есептер шығаруға жаттықтыру. График сызу арқылы есептер шығаруға қалыптастыру.
20.Шаршы салу
Алгоритмді пайдаланып,шаршы салуды орындайды,периметрді есептеп табады,бір амалмен шығаратындай етіп,есепті талдайды және өзгертеді,топта шаршылармен амалдар жүргізуді және қосу мен азайтуға дағдыланады.
21. Математикалық эстафета
Өтілген материалдар бойынша тапсырмалар құрастырылады. Қосу мен азайтуды тез орындап, тексеру. Берілген тапсырмаларды топтарға бөліп сайыс түрінде орындату.
22.Сөз есеп құрастыру
Сөз есептің құрамды бөлігін ескере отырып, сөз есеп құрастыру жолдары көрсетіледі, оқушылар берілген суреттер арқылы сөз есептер құрастыруға ағдыланады, оны өзі шешу жолын өзі табады.
23.Уақыт өлшеуіштері
Уақыт ұғымы сағат ғана емес екенін түсіндіру ,секунд, минут,апта, ай,жыл тәулік, ғасыр,жыл мезгілдерінің өлшеуіштері туралы ақпарат беру,дәлелдеуге машықтандыру.
24.Дидактикалық ойындар
Жан-жақты дамытуға берілген тапсырмаларды,қызықты ойындар мақсатында шешуге қалыптастырып орындатуға болады.
Мысылы: «Киіз үй», «Мен үшін қызық», «Сиқырлы қорап», « Кім жылдам?»
25.Логикалық қызықты әзіл есептер
Әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.
26.Санды және әріпті өрнектер
Әр түрлі өрнектер құрады, оқиды және жазады,екі таңбалы сандарды салыстырады,заңдылықты анықтайды және оларды жіктемелейді,топта көпбұрышты сипаттайтын әр түрлі әлементтерді анықтайды және атайды, тапсырманы түрлендіріп орындайды. « Дәрігер Айболит» ойыны арқылы жетістікке жетелеу.
27.Алгебраның және геометрияның элементтері
Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратуды,олардың периметрлерін табуға,көпбұрыштардың түрлік ерекшеліктерін,олардың мәндік белгілерін тағайындайды: санды теңдік және теңсіздіктерді,санды және әріпті өрнектерді құрады,салыстырады,өрнектің мәнін табады,теңдеулерді шешуге қалыптасады.
28.Логикалық қорытындылар (ықтималдыққа байланысты логикалық пікір,ой қорыту)
Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады.Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып,логикалық есептер оқушылардыңжас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.
29.Шығармашылық тапсырмалар.«Басқа қырынан таны».
Белгілі бір заттың басқа қырын ашу. Мысалы, сіріңке тек жанып, жарқырап қана қоймай, пішіні мен салмағы жағынан кішірейеді. Оқушыларға қарапайым заттардың: полиэтилен қақпақ, пенопласт т.б ерекше қасиеттерін ашу, анықтау ұсынылады. Ерекше жауаптар ескеріледі және ұсынымдарды талдауға да, пікірталас ұйымдастыру.
30.Ұқсастықтар іздеу.
Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ». Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «көбелек» (ұшады, қонады), «автобус», «поезд» (көлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған тапсырмаларды орындату,
31.Заттың қолдану тәсілдері
Жақсы танымал бір сөз беріледі, мысалы: «Кітап». Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдану аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады т.с.с. сондай-ақ, тіс щеткасы, тоқыма сымы т.б ұсынуға болады. Бірақ заттарды адамгершіліксіз, жыртқыштық жолмен қолдану тәсілдерін айтуға тыйым салынады.
32. Фигураларды штрихтау
Білімділік мақсаты: оқушыларға берілген тарсырмаларды орындату, сабаққа деген қызығшылықтарын ояту
Дамытушылық мақсаты: тапсырмаларды орындауда логикалық ойлауларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: шығармашылыққа баулу
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі
2 – сыныптарға арналған
«Математикалық марафон» атты бағдарламасы, әдістемелік көмекші құралы