kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

12 ЖЫЛДЫ? БІЛІМ БЕРУГЕ К?ШУ ЖА?ДАЙЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП М??АЛІМДЕРІНІ? К?СІБИ ??ЗЫРЕТТІЛІГІ/ баяндама/

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тлеужанова Гульнар Жумабековна

Солт?стік ?аза?стан облысы  Айыртау ауданы

«?лжан орта мектебі » КММ

12 ЖЫЛДЫ? БІЛІМ БЕРУГЕ К?ШУ ЖА?ДАЙЫНДА

БАСТАУЫШ СЫНЫП М??АЛІМДЕРІНІ?

 К?СІБИ ??ЗЫРЕТТІЛІГІ

 

 

?стаз болу – ж?ректі? батырлы?ы,

?стаз болу – сезімні? а?ылды?ы. 
?стаз болу – мінезді? к?н шуа?ы, 
?стаз болу – адамны? асылды?ы,


?мірдегі к?п маманды?тарды? ішінде жан-жа?ты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше ш?кіртжандылы?ты, мейірімділікті ?ажет ететін маманды? та – ?стазды? маманды?. Олай дейтінім, м??алім е?бегі біріншіден, адамзат ?о?амы тарихында жина?тал?ан ?ылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ?немі ш?кірттерімен ?арым-?атынаста болып, білсем, ?йренсем деген бала арманы мен оны? сырлы та?дырына басшылы? етуді мойнына ал?ан маман.   Б?гінгі ?стаз ш?кіртіне ?ылым негіздерінен м?лімет беріп ?ана ?оймай, оны д?ниеж?зілік білім, а?парат, экономика ке?істігіне шы?у?а, я?ни ?ата? б?секе жа?дайында ?мір с?руге т?рбиелеуі керек. Ол на?ыз ?стазды? ?ана ?олынан келеді. ?стаз атана білу, оны ?адір т?ту, ?астерлеу, арындай таза ?стау - ?р м??алімні? борышы. Ол - ?з к?сібін, ?з п?нін, барлы? ш?кіртін, мектебін шексіз с?йетін адам.Осы іске деген ?ызы?ушылы? пен с?йіспеншілік ?ана оны небір ?иын ?рекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Н?тижесінде бір емес, бірнеше жас ж?рекке м??гі ?стаз болып ?алады. ?стазды? осыншама ?адір-?асиет, ??рметке б?ленуі ?зін ?орша?ан орта мен ?рбір ш?кіртіне ас?ан сезімталды?пен, жауапкершілікпен ?арым-?атынас жасауында.?йткені оны? ?арапайым да сыпайы киім киісі, м?дениетті с?зі, ?депті ж?ріс-т?рысы, жина?ы іс-?рекеті, білімі ш?кіртке де, ата-ана?а да, ж?ртшылы??а да ?неге. ?лы а?ылшын а?артушысы Уильям Уорд: Жай м??алім хабарлайды, Жа?сы м??алім т?сіндіреді, Керемет м??алім к?рсетеді, ?лы м??алім шабыттандырады,- дейді. Білім беру ж?йесі мамандардан к?сіби икемділік пен ?т?ырлы?ты, сан ?ырлы шы?армашылы? ?ызмет пен ?зін-?зі бас?ару, ?зін-?зі ?йымдастыру жа?дайында?ы біліктілікті ?ажет етеді. ?йткені ?азіргі жас буын - елімізді? келер к?нгі келбеті. Б?л ж?нінде Елбасымыз Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев: «?асырлар ма?саты – саяси-экономикалы? ж?не рухани да?дарыстарды же?іп шы?а алатын, ізгіленген ХХІ ?асырды ??рушы іскер, ?мірге икемделген, жан-жа?ты жеке т?л?аны т?рбиелеп ?алыптастыру»,- деген т?жырым жасады. Ол ?шін б?гінгі о?у ?рдісіне сай педагогикалы? шеберлік ?ажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, ?йрену, ізденуді? н?тижесі. М??алім шеберлігі жайлы жазыл?ан дайын ?а?ида жо?, болуы да м?мкін емес. тексеруші,жазалаушы ?ызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, ?нертап?ыш, шы?армашылы?пен ж?мыс істейтін жа?ашыл болу керек. О?ушыны субъект ретінде ?арастырып,оны? ?зін-?зі тануына жол ашу, жеке т?л?а бойында?ы ?асиетті дамыту, «Мен» менталитетін ?алыптастыру, білім мен т?рбиені жеке т?л?а?а ?арай ба?ыттау-б?гінгі та?да?ы м??аліміні? кезек к?ттірмейтін ?асиетті міндеті. М??аліміні? ?зі жеке т?л?а?а к?терілмей, м?ндай зор ма?сат?а жетуі м?мкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: «?стазды?ты? алдына ?ой?ан міндет ?те ау?ымды: білім ж?йесін іштей ?айта ??ру ж?не сол ар?ылы б?кіл ?о?амда?ы а?арту ж?йесіні? барлы? айма?ын ?згерту. Ол ?шін ішкі ?айта ??ру ?ажет: ??рылымды?, ?ызметтік, ??ндылы?. Жа?а ?рпа? м??алімдеріні?,андрагогика мен акмеологияны?, психологиялы?-педагогика мен гуманды? педагогиканы? міндеті– білім ж?йесіні? ішінен ?айта ??руды? м?мкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастауларды? тазалы?ын тексеру.

К?сіби ??зырлылы?ты? ?атарына келесі ?абілеттер жатады:
• Ба?дарлы ??зіреттілік (азаматты? белсенділік, саяси ж?йені т?сіну, ба?а бере білу, елжандылы?);
• М?дениеттанымдылы? ??зіреттілік (?лтты? ерекшеліктерді тани білу, ?з хал?ыны? м?дениеті мен ?зге ?лттар, ?лем м?дениетін салыстыру, саралай білу ?абілеті);
• О?у - танымды? ??зіреттілік (?зіні? білімділік ?абілетін ?йымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік - зерттеушілік ?рекет да?дыларын игеру, талдау, ?орытынды жасай білу);
• Коммуникативтік ??зіреттілік (адамдармен ?зара ?арым - ?атынас т?сілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде ?аза? тілінде, халы?аралы? ?атынаста шетел тілінде ?атынас да?дылары болуы);
• А?паратты? - технологиялы? ??зіреттілік (а?паратты? технологиялармен, техникалы? объектілер к?мегімен ба?дарлай білу, ?з бетінше іздей білу, та?дай, талдай білу, ?згерте білуді ж?зеге асыра білу ?абілеті);
• ?леуметтік - е?бек ??зыреттілігі (?леуметтік - ?о?амды? жа?дайлар?а талдау жасай білу, шешім ?абылдай білу, т?рлі ?мірлік жа?дайларда жеке басына ж?не ?о?ам м?ддесіне с?йкес ы?пал ете білу ?абілеті);
• Т?л?алы? ?зін - ?зі дамыту ??зіреттілігі (отбасылы? е?бек, экономикалы? ж?не саяси ?о?амды? ?атынастар саласында?ы белсенді білімі мен т?жірибесіні? болу ?абілеті).

12 жылды? білім беру ж?йесіне к?шу т?сында м??алімні? к?сіптік жетілуі мен дамуы т?р?ысында к?п м?селелер ?алыптастырылуы ?алыпты жа?дай. ?йткені, Ы.Алтынсаринні? «М??алім – мектепті? ж?регі», - деп айт?анындай, барлы? к?ш м??алімге т?седі. Ойы ж?йрік, а?ылы жетік, б?секеге ?абілетті, ?згерістерге бейім жеке т?л?аны тек ?ана жа?а т?рпатты педагог ?алыптастыра алады.


?стаз жолы ?иыныра? бас?адан,
Сырлары к?п сырт?а ?лі шы?па?ан.
Шаршаса да осы жолды? бойында,
?андай ра?ат,шын ба?ытын тапса адам.

 

 


 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«12 ЖЫЛДЫ? БІЛІМ БЕРУГЕ К?ШУ ЖА?ДАЙЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП М??АЛІМДЕРІНІ? К?СІБИ ??ЗЫРЕТТІЛІГІ/ баяндама/ »

Тлеужанова Гульнар Жумабековна

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы

«Әлжан орта мектебі » КММ

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ

КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ/ баяндама/



Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. 
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 
Ұстаз болу – адамның асылдығы,


Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.   Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшы-лық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.
Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!   Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді..Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.  Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің,андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар,əр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн шығар. Сондықтан да белгілі бір əдісті немесе іс шараларды іске асырмас бұрын мұғалімнің əдістемелік жұмысының мазмұнын анықтаған жөн. Ол үшін мұғалімнің жалпы мəдениеттілік даярлығы, əдістемелік, зерттеушілік, кəсіптік адамгершілік, тəрбиелік мəдениеті, диагностикалық жəне басқару мəдениетінің жиынтығы арқылы кəсіптік педагогикалық деңгейін зерттеу қажет.Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен іс əрекетін жүйелі ұғыну үшін оған жаңа теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы қадам, ауыл мұғалімдерін арнайы əлеуметтік кəсіби топ деп қарай отырып, оларды зерттеу бағытында психологиялық педагогикалық жəне əлеуметтік ілімдердің біріктірілуі қажет. Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, оның кəсіптік мəдениетінің өрістеуіне жан -жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай жасалуын ескерген жөн. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында “XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық” дей келе 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.

Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу болып табылады.

Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп кұру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.

Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімінің теориялык және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялык, тұрғыдан негізделуін керек етеді.

12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдылық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.

Мұндағы мақсат – психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл-оқушы, жаңа әрекет – оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым-қатысының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.

Бастауыш мектепті бітіргенде 9 (тоғыз ) жастағы бала XX ғасырдағы өзінің замандастарымен салыстырғанда оқу, ойлау, қарым-қатынас сияқты іс-әрекетінің жоғары деңгейімен, білімді өздігінен ізденуге ұмтылушылығымен, өзін-өзі дамытуға икемдігімен, адамгершілік және отанжандылық құндылықтарының жоғарылығымен, яғни тұлғаның барынша жан-жақты даму үрдісін сезіну біліктілігімен ерекшеленуге тиіс.

Соңғы үшінші сатымыз – бағдарлы білім беру.

Бағдарлы білім беру – оқытудың дифференцияланған және жекелеген принциптері жүзеге асатын, толық жалпы орта білімнің қорытынды кезеңі. Бұл кезеңде оқушылардың өмірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарының арқасында білімді тұлғалық анықталу мақсатында жүргізе отырып, мамандық таңдауға мүмкіндік алады.

Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенінжәне сол жолға жету үшін кәсіби құыреттілігі жоғары ұстаз керек екендігін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.  

Бастауыш сынып – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Бастауыш сынып ұстазының негізгі міндеті – жеке тұлғаға хат танытып,ойын дамытып,білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы – нәтижелі білім берудің негізі.

Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан - жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.

«Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой - тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ онда «құзыр» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс - әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Құзырлылық белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас салалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арна тоғысуы деуге болады.

Кәсіби құзырлылықтың қатарына келесі қабілеттер жатады:
• Бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық);
• Мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
• Оқу - танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
• Коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым - қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
• Ақпараттық - технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық объектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
• Әлеуметтік - еңбек құзыреттілігі (әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
• Тұлғалық өзін - өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені, Ы.Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі», - деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түседі. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады.


Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Тлеужанова Гульнар Жумабековна

Дата: 24.01.2015

Номер свидетельства: 160506


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства