kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«12 жылды? білім беру ж?йесіне к?шу жа?дайында бастауыш сыныптарда математика п?нін о?ытуды? м?селелері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

12 жылды? білім беруде бастауыш сынып о?ушыларына математика п?ніні? о?ыту м?селелері ?арастырыл?ан

?азіргі заман – математика ?ылымыны? ?те жан-жа?ты тара?ан кезе?і. Математиканы о?ытуды? мазм?нын ж?зеге асыру ?шін жа?а технологиялар ауадай ?ажет. Б?гінгі к?ні а?паратты?  технологияны?  озы?  жетістіктерін  математика саба?ында ?олдану ар?ылы танымдылы? іс-?рекеттерін ?йымдастыра отырып, о?ушыларды? ??зіреттілігін дамыту?а болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««12 жылды? білім беру ж?йесіне к?шу жа?дайында бастауыш сыныптарда математика п?нін о?ытуды? м?селелері» »

«12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытудың мәселелері»

  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Бәсеке басы білім, ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігінде» деген. Ендеше, ұстаздар қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімін қамтамасыз ету керек. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің барысы әр түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін арттырады.

Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.

12 жылдық білім берудің ең бірінші сатысы 1 – 4 сынып болып табылады. Оқуды бастау жасы – 6 жас. Оқу мерзімі – 4 жыл. Негізгі міндеті – баланың жеке басының қарқынды қалыптасуын қамтамасыз етіп, оның өз бетінше білім алуы және оларды танымдық есептерді шығаруда пайдалану қабілеттері, коммуникативтік іскерліктері дамытылады, оқуға құштарлық, оқу іскерліктері қалыптастырылады.

Ондағы негізгі мақсат – оқушының барлығын  және  әр біреуін жақсы оқыту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында педагогика саласында бірнеше жаңа технологиялар жүйесі жинақталған. Математика пәніне тиімді қолданылатын технологиялардың бірі – сын – тұрғысынан ойлау болып саналады.

Білім жетілдіру тақырыбым: «Сын – тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін қолдану арқылы оқушылардың құзіреттілік - танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру».

«Құзірет» – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс – әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс.

«Құзыреттілік» – сәйкес құзіретке ие болу негізінде іс – әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық қасиет немесе тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы.

Оқушылардың негізгі құзіреттіліктері:

  • Құндылық-бағдарлық

  • жалпы мәдени

  • оқу-танымдық

  • ақпараттық технологиялық

  • әлеуметтік-еңбек

  • коммуникативтік

  • өзін-өзі тұлғалық дамыту болып табылады.

Оқушылардың болашақ өміріне қажетті «Математика» пәні бойынша құзіреттіліктеріне  тоқталайық:

Вербалды-коммуникативтік құзыреттілік:

  • оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру;

  • математикалық ұғымдар мен амал – тәсілдерің саналы әрі берік игеру;


Логикалық-алгоритмдік құзыреттілік:

  • ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жіктемелеу және т.б.) орындау барысында логикалық пайымдаулар жасау білігін дамыту;

  • математикалық тұжырымдардың логикалық заңдылық тұрғысындағы сипаттамасын оның адамзат қызметінің барлық аймағында қолданылуын білу.

  • ақыл-ой амалдарын орындау және практикалық қызметте объектілерді кеңістік пен жазықтықта орналастыра, құрастыра, сәйкестендіре, түрлендіре, ерекшелендіре білу.


Ақпараттық  құзыреттілік:

  • математикалық білімді игеруде ақпараттық технологияның негізгі мүмкіндіктерін пайдалана білу;

( интербелсенді тақтамен жұмыс және т.б.)

  • дайын бағдарламаларды пайдалану; (конструктор, электрондық оқулықтар)

  • көрнекілікті мынадай түрде пайдалану ұсынылады: нақты заттық иллюстрация, схемалық иллюстрация, оқушының түсінігі, белгілі түсіндірмелердің үлгілері, есептің қысқаша жазылуы, тұжырымдалған жалпы ережеге сілтеме жасау, есептің мәтіні(тірек сөздер);


Оқушыларға математикалық жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін  өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін – мұғалім. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы жақсылық пен адамгершілікке, өнегелі рухани борышқа толы. Мұғалім ретіндегі  мақсатым – оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға жалпы бастауыш деңгейінде терең білім беру.

Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу – әр мұғалімнің  негізгі міндеті. Математика – ерекше құдіретті ғылым.

Қазіргі заман – математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Бүгінгі күні ақпараттық  технологияның  озық  жетістіктерін  математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интербелсенді тақта ерекше орын алып отыр. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және интербелсенді тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы бола алады.

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделі, әрі қиын негізгі пәндердің бірі – математика болып саналады. Сын – тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін қолдана отырып, математика пәнінің оқу сапасын, оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру мақсатына жету үшін оқушылармен жеке-дара жұмыстар ұйымдастырамын. Осы бағытта тақырыптық қима қағаздар, логикалық тапсырмалар мен деңгейлік тапсырмалардың орны ерекше.

Қима қағаздардың тиімді жақтары:

  • Меңгерілмеген тақырыптарын қайталауға мүмкіндік береді.

  • Үлгіге сүйене отырып, деңгейлік тапсырмаларды өздігінен орындайды.

  • Тақырып бойынша негізгі білімді өздігінен меңгереді.

  • Өздігінен жеке жұмыс жасауға дағдыланады.

  • Біліміндегі олқылықтарды нақтылап қайталауға, бекітуге мүмкіндік береді.


Кетелік қосу және азайту бойынша 1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалардың үлгісін ұсынамын:

1 деңгей

1. Есепте:

5 + 2 =

7 – 5 =

5 + 5 =

9 – 4 =

6 – 3 =

6 + 3 =

2 деңгей

1. Сан қой және салыстыр:

5см – 2см

6см * 3см + 4см

7см – 4см

8см * 7см – 6см

3 деңгей

1. Керекті таңбаны қой (+, -): 9 * 7 * 6 = 8

8 * 2 * 3 = 7

6 * 1 * 3 = 4

7 * 3 * 2 = 6

4 деңгей

1. Сөзді тап:

3 + 4 = 7с

9 – 6 = 3қ

2 + 4 = 6а

8 – 6 = 2б

3 + 2 = 5а

7 6 2 5 3 сабақ


Деңгейлік тапсырмаларды әр сабақтың мазмұнына, құрылымына байланысты қолдануға болады. Ал логикалық есептерді әр сабақта қолданған тиімді деп есептеймін.

Мысалы,  төмендегідей есептерді  теңдеу  құру арқылы логикалық есепті шығарып көрейік.

Еркіннің әкесі 36-ға келген кезде туылған болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Еркіннің әкесі қазір нешеде болғаны?

 

Шешуі:

Х  жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 5 есе кіші болады деп тұжырымдаймыз да, оның сандық мәнін іздейміз.

Ол үшін тапсырма шартына сәйкес теңдеу құрамыз.

5*(0+х)=36+х

5*х=36+х

5*х-х=36

4*х=36

х=36:4

х=9

5*(0+9)=36+9

45=45

Баласы 9 жаста болса, онда әкесінің жасын табу үшін:

36+9=45

 

Жауабы: Әкесі қазір 45 жаста.


Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептерді математикалық фокус, яғни ойын түрінде де құрастыруға болады.

 1.Туған күнді табу.

Өзіңнің туылған  күніңе  20 санын қосып, шыққан нәтижені 17-ге азайту керек.  Қандай сан шықты?

(х+20)-13

Шешуі:

Соңғы шыққан нәтижені 3-ке кемітсе, туған күнің  шығады.


Осындай тапсырмаларды қолдану барысында оқушы жинақтылыққа, нақтылыққа, өздігінен ізденуге үйренеді. Белгілі бір тәртіппен орындалғанда тақырып оқушының ойында тез сақталады деп есептеймін.

12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы жеке тұлғалық,  іс-әрекеттік, құзіреттілік тұлғалар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда. Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сол себепті бастауыш сыныптарда 12 жылдық білім беруге толық көшудің алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгеру керек.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір – қасиеттердің мән – маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан – жақты мәдениетті, патриот – азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз», - деп атап айтты. Ендеше осындай ұлы істе жеке тұлғаның жан – жақты өсуіне бір кісідей ат салысайық.
Сонымен, қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беру жағдайында педагог – бұл қай кезде де, ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол – оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу – тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу – тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс - әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары – адамгершілік, ізгілік еңбекқорлық, парасатты мінез - құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.













Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012ж. 14.12.). – Астана, 2012.

  2. Бастауыш білім беру деңгейінің «Математика» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (1 – 4 –сыныптар) Астана 2013 (ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы)

  3. 12 жылдық білім беру журналы №1, 2012ж.

  4. «Оқушылардың логикалық танымдық әректтерін дамытуда қызықты есептерді пайдалану» С.Омарханов, А.Әуелбекова

  5. «Қазақстан мектебі» №8 (1064)тамыз 2014

  6. 12 жылдық білім беру http://tileysai.ucoz.kz сайтынан


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Автор: Нуртазина Майгуль Мейрамовна

Дата: 21.05.2015

Номер свидетельства: 213920


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства