kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Зерде" интелектуалды?-танымды? сайыс (2 сынып)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайыс?а 3 топ ?атысады. Сайыс 6 айналымнан т?рады. 1. "Б?йге" топ басшылар сайысы. 2. "Тіл ?нері" ж?мба?ты? жауабын ?аза?,орыс,а?ылшын тілдерінде жауап береді.3. Логикалы? тапсырмалар. 4."Дода" сайысы. 5. Мозайка ??растыру. ??рыл?ан мозайка бойынша ертегі айту. 6. Ребусты шешу. Сан?а байланысы ма?ал-м?тел шы?ады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Зерде" интелектуалды?-танымды? сайыс (2 сынып)»



Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Игілік ауылы «Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна





Тақырыбы: «Зерде» интелектуалдық - танымдық сайыс 2 сынып

Білімділік: оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерін саралау, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу.

Дамытушылық: логикалық ойлауларын қалыптастыру, шапшаңдығын дамыту.

Тәрбиелік: төзімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Құрылымы:  интелектуалды ойынға 3 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 17. Ойын 6 айналымнан тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. 6 айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.  Барысы: Психологиялық дайындық

Сабағымыз басталды, Балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, Сабаққа зер салыңдар.

Мұғалім: Білім мен өнер жарысып, Тәрбие, тәлім табар мән. Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды –танымдық сайысымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 3 топ қатысады.

«Тұлпар» тобы: Ұраны: Асау тұлпар желдей ескен арынды, Оқу менен еңбекке сал барыңды.

«Болашақ» тобы: Ұраны: Болашақтың ұл-қызымыз Көркейтеміз елді біз. «Сұңқар» тобы: Ұраны: Білім алып бүгін алтын ұяда, Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

Ойын 6 айналымнан тұрады.

  1. «Бәйге» топ басшылар сайысы

  2. «Тіл өнері» қазақ, орыс, ағылшын тілінде жауап береді.

  3. Логикалық тапсырмалар

  4. «Дода» сайысы

  5. Мозайка құрастыру

  6. Ресбусты шешу

«Бәйге» айналымын бастаймыз . Топ басшылар ортаға келсін. Сұрақтарға ауызша жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Әр топ басшысына 5 сұрақтан қойылады.


1.Табиғат нешеге бөлінеді? Атап шық.

2.Бес асыл мен бес дұшпанды ата?

3. 1м-де неше см бар? 4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 5. Әліппенің атасы кім?

1. Периметрді қалай табамыз? 2.Қосудың қандай қасиеттері бар? 3.Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? 4. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? 5. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

1. Адамның сезім мүшелерін ата. 2. Қазақстан Республикасы Туының авторы кім? 3. Біз қай ауданда тұрамыз? 4.Қосудың компоненттерін ата. 5. Сынық сызықтың ұзындығын қалай табамыз?

(«Бәйге» айналымы бойынша ұпай санын анықтау)

2. «Тіл өнері» айналымы. Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақ, орыс, ағылышын) айтуларың керек және 1 мақал беріледі. Мақалда қалып кеткен сөзді қойып оны да 3 тілде айту керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

1-жұмбақ: Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр - шиыр жолы көп. Өзі сөйлей білмейді, Салған ізі сөйлейді. (қалам-...)



1-мақал: ...-асқар тау, Ана -бауырындағы бұлақ, Бала-жағасындағы құрақ (ата-...)

2-жұмбақ: Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – ...)

2-мақал: ..., баланың ісі шала (бала-...)

3-жұмбақ: Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарды күзге жеткенде. (Алма-...)

3-мақал: ...сы бардың- жағасы бар, Інісі бардың –тынысы бар.(аға-...)

(«Тіл өнері» айналымы бойынша ұпай санын анықтау)

3. «Логикалық тапсырмалар» айналымы. Бұл айналымда әр топқа 5 логикалық тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.


1. Бөлменің 4 бұрышында бір мысықтан отыр, әр мысыққа қарап үш мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (4)

2.Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ неше бұрыш қалады? (5 бұрыш) 3.1кг мақта ауыр ма, әлде1кг темір ауыр ма? (тең) 4.Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы тұр. Бірінші не жағасыз? (жауабы: шырпы) 5. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? (жауабы: 12 жұмыртқа)


1.Әтештің екі аяғымен тұрғандағы салмағы 4 кг. Бір аяғымен тұрғанда неше кг? (4 кг)

2. Үстел үстінде 3шам жанып тұр. Оның біреуін өшіргенде неше шам қалады? (1 шам қалады,жанып тұрған екеуі жанып ағып кетеді)

3.Бұтақта 10 торғай отыр еді. Аңшы 1 торғайды атып қалды. Неше торғай бұтақта қалды? (1 торғай)

4. 107-ге дейінгі сандардың ішінен 7-саны неше рет кездеседі? (жауабы: 21 рет)

5. Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жауабы: жоқ)


  1. Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? (жауабы: 5 баласы бар)

  2. 4жұмыртқа 4минутта піседі. 1 жұмыртқа неше минутта піседі? (4минутта)

  3. 2 бала шахмат ойынын 2 сағат ойнады. Әр бала неше сағат ойнайды? (2сағаттан)

  4. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

  5. Қарағайда 40 апельсин пісті, олардың 10 түсті. Неше апельсин қарағайда қалды? (қарағайда апельсин өспейді)



(«Логикалық тапсырмалар» айналымы бойынша ұпай санын анықтау) «Дода » айналымы. Бұл айналымда дүниетану, ана тілі, қазақ тілі, математика пәндерінен сұрақтар қойылады. Сұрақтар ұяшықтарда орналасқан. Егер дұрыс жауап берсең, сонша ұпай қосылады.


10

20

30

Әдебиеттік оқу




Қазақ тілі




Математика




Дүниетану






Әдебиеттік оқу 10- «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? Әдебиеттік оқу 20- «Кел,балалар,оқылық» өлеңінің бір шумағын жатқа айтып бер.

Әдебиеттік оқу 30- Жүсіпбек Аймауытов кім туралы әңгіме жазған? Әңгіменің басы : Жазық, кең дала. Жел жоқ. Күн шуақ.( «Қартқожа»)



Қазақ тілі 10- Қатаң дауыссыз дыбыстарды атап шық. Қазақ тілі 20- Мәтін деген не? Түрлерін атап шық Қазақ тілі 30- Сөйлем деген не? Түрлерін ата және ережелерін жатқа айтып бер



Математика 10- 5ондықта неше бірлік бар? Математика 20- Айырманың компоненттерін атап бер. Математика 30- 100 минутта неше сағат,неше минут бар?



Дүниетану 10- Судың қасиеттерін ата Дүниетану 20- Өсімдік мүшелерін ата Дүниетану 30- Жануарлар тобын атап бер



(«Дода» айналымы бойынша ұпай санын анықтау)

  1. Мозайка құрастыру. Мозайка құрастырып, шағын ертегі айту

( «Мозайка құрастыру» айналымы бойынша ұпай санын анықтау)

7.Ребус шешу. 1.Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі. 2.Бас екеу болмай, мал екеу болмайды.

3.Елуінде ер дана,елуінде ел жаңа.

Қорытынды: айналымдарда алған ұпай сандарын қосып есептеу. Жеңген топты анықтау. Мақтау қағаздарын тапсыру.

Сөз кезегі ұстаздарда.



Сабақтағы сәттер







Оқушыларды марапаттау кезі.

1-ші орын алған «Болашақ» тобы ,топ басшысы Бердібай Гүлнұр-129 ұпай

2-ші орын «Сұңқар» тобы, топ басшысы Сейлхан Қалипа-111 ұпай



3-ші орын «Тұлпар» тобы, топ басшысы Кенесбай Тәңірберді-84 ұпай




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Зерде" интелектуалды?-танымды? сайыс (2 сынып)

Автор: Полатова Айгуль Жамантаевна

Дата: 05.02.2016

Номер свидетельства: 288931


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства