VI.Жаңа сабақ Тақырыпы анықтау. Мақсат қою. V. Ой толғаныс. (Бекіту) VI.Дәптермен жұмыс VII. Сергіту сәті | Балалар, «Адасқан әріптер» ойынын ойнаймыз. Мына орны ауыстырылған әріптерді дұрыс қою керек. Қандай сөздер шықты? Енді жұмбақтар шешейік. Басында таяғы бар, Төрт аяғы бар. Егіз құлағы бар, Иегінде сақалы бар. Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Екі айнасы бар, Екі найзасы бар. Төрт жылтырмағы бар, Бір шыбыртқысы бар. Қамыс құлақ,тостаған тұяқ Мінсең қанат,сүті дәрі,еті тамақ. Топтастыру. Балалар бұлардың барлығын не дейміз? Бүгінгі тақырыбымыз қандай екен? Осы сабақта мақсатымыз қандай? Балалар біз бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар? Мұғалімнің толықтырулары. Сабақ барысында біз саяхатқа шығып, бекеттерге тоқтаймыз. Ондағы тапсырмаларды орындап, төрт түлік төлдерін енелеріне қайтарамыз. Әр орындалған тапсырмаға смайликтер алып, критериалды бағалау кестесіне жинайсыңдар. Соңында кім қанша смайлик алғанын санап, баға қойылады. Балалар бізге саяхатқа шығу үшін не керек? Ендеше мына жұмбақты шешіңдерші: Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді. Ешдеше біз саяхатқа автобуспен шығамыз. Бірінші бекет қалай аталады? 1-тапсырма. Жүмбақ шешу. Осы бекетте қай төл жүр екен? Ендеше «құлын» деген сөзді дәптерге көркем жазамыз. Оқушыларға смайликтер беру. 2-тапсырма. Оқушыларға смайликтер беру. 3-тапсырма. Дәптерімізді көлбеу қойып, арқамызды тік ұстаймыз. Оқушыларға смайликтер беру. Балалар, сергіту сәтін орындайық. Құлынымызды алып, келесі бекетке аттанайық. Екінші бекет қалай аталады? Екінші бекеттің тапсырмаларын орындайық. Тыйым сөздер айт. Төрт түлік туралы қандай өлең білесің айт. Мақал-мәтел айт. Төрт түлік иелерін ата. Өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқы. Бұл бекетте қозы, бұзау, және лақ жүр екен. Соларды енелеріне ала кетейік. Смайликтер беру. Енді көлігімізге мініп, 3-ші бекетке барамыз. 3ші бекет қалай аталады? 1-тапсырмасын оқы. 2-тапсырмасын орында. Венн диаграмманы орында. Жылқы мен қойдың ұқсастығы мен айырмашылығын тап. 3-тапсырма:Сөзжұмбақ шешу. Бұл бекетте қандай төл жүр екен? Оны енесіне қайтарамыз. Балаларға смайлик беру. Балалар біз барлық бекеттерден өттік, төлдерді таптық. Енді оларды енлеріне апарып берейік. | у, н, Ж, а, н, е, ж, ә ж, ш, і, ң, і, е, к н, а, т, й, ы, а, л, т, ы ө, д, с, з, р, е. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. қосымша №2 (ешкі) қосымша №3 (түйе) қосымша №4 (қой) қосымша №5 (сиыр) қосымша №6 (жылқы) қосымша №7 Төрт түлік мал дейміз. Оқушылар топтастырып жазады. қосымша №8 Бүгінгі тақырыбымыз: «Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Төрт түлік.» қосымша №9 Оқушылардың жауабы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздерді салыстыра білу. Оларды бір- бірінен ажырата білу. Төрт түлік туралы тапсырмалар орындап, мағлұмат алу. Оқушылардың жауабы: Ойындар ойнаймыз, тапсырмалар орындаймыз, бекеттерге барамыз. қосымша №10, 11 Көлік керек. (автобус) қосымша №12 Балалар автобусқа отырып, жол ережесін сақтап бекеттерге жол жүреді. Бірінші бекетке келеді. «Зерек» деп аталады. Балалар осы бекетте берілген карточкалардағы тапсырмаларды алып, орындайды. Оқушылар тапсырмаларды өздері оқып, орындайды: 1-тапсырма: Туа сап жүріп кеткен, Енесін қуып жеткен. (құлын) –деді балалар. Құлын жүр екен. Оқушылар дәптердің бұрышын кеуде ортасына келтіріп қойып, арқаларын тік ұстап, «құлын» сөзін дәптерлеріне көркем жазады. 2-тапсырма: Сөйлемді мәнерлеп оқыңдар және әр сөзде неше дауысты дыбыс барын, олар қалай естілетінін айт. Ауылдардың қойы бар, Қойы бардың тоны бар. Оқушылар сөздерді өздері түсіндіреді. 3-тапсырма: Әр топтағы сөздерден сөйлем құрап жаз. Өріске, жайылды, мал. Шөп, қозы, жеді. Ішті, құлын, су. Тасқа, лақ, секірді. Өріске сөзі қалай естіледі? Неліктен? Оқушылар дәптерге жазады. қосымша №13, 14 Оқушылар қимылдар жасап орындайды: Бала, бала, балақан, Қане қайссы алақан. Саусақтары айбат, Былай, былай ойнат. Топ-топ, топ-топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн, Жаса, жаса қызыл күн. Оқушылар өздері айтады. 2-ші бекет «Жүйрік сөз»-деп аталады. 1-тапсырма: Өлеңді оқы. Жуан айтылатын сөздерді ата. Ол сөздер неге жуан айтылады деп ойлайсың? Ешкі мағантүбітін берді,- Қолғап кидім. Қой маған жүнін берді,- Қалпақ кидім. Тыйым сөздер: Малды теппе. Ақты төкпе. Малды басынан ұрма. Малға теріс мінбе Төрт түлік туралы өлеңдер. «Сиыр», «Қозы», «Құлыншақ» өлеңдерін балалар айтады. Мақал-мәтелдер: Сиырдың сүті – тілінде. Малды бақсаң, сиыр бақ, Сүт кетпейді шарадан. Сиыр сауған шөлдемес. Төрт түлік иелері: Жылқы атасы - Қамбар ата. Түйе атасы - Ойсылқара. Сиыр атасы - Зеңгі баба. Қой атасы – Шопан ата. Ешкі атасы – Сексек ата. Өлеңдердің шумақтарын кезекпен мәнерлеп оқиды: «Мәә-мәә» деген әні бар, Жібек тоны – сәні бар: Қошақаным момақан Сүйкімді бір жануар. Ақ бұзауым ұнайды, «Мө-мө» деп сүт сұрайды. Ақ бұзуады бағамын, Апамнан алғыс аламын. Шөре-шөре, лағым, Тентек болма, шырағым. Секектеме, деміңді ал, Селтеңдемей құлағың. Карточкалар-қосымша №15 Қозы-қосымша №16 Бұзау-қосымша №17 Лақ-қосымша №18 3-ші бекет «Грамматика» деп аталады. 1-тапсырма: Сөз құра. Айырмашылықты тап. М, е, е, н-емен, О, б, т, а-бота, С, ы, ы, д-ыдыс. Мұнда «емен» сөзі айрықша, өйткені ондағы дауысты дыбыстар жіңішке болғандықтан, сөз де жіңішке айтылады. Ал «бота, ыдыс» сөздері жуан болып естіледі. 2-тапсырманы оқушылар оқиды. Оқушылар «Венн диаграмманы» орындайды. Айырмашылығы: Жылқы: көлік, қымыз береді. Қой: жүн, тері береді. Ұқсастықтары: төрт түлік мал, ет береді, үй жануары. Оқушылар сөзжұмбақты шешеді. Бұл бекетте бота жүр екен. Қосымша №19, 20 Балалар тақтаға барып, әр төлдің тұсына сәйкес төлдерін орналастырады |