kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жуан ж?не жі?ішке айтылатын с?здер.(грамматика) Не т?тті? (о?у материалы) 1 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:  а)  білімділік: о?ушылар?а шешендік с?здер туралы ал?аш?ы т?сінік  беру,      

                          ана тілімізді? ?асиетін ??ындыру, кейбір с?здерді? жуан, кейбір с?здерді?     

                         жі?ішке айтылу себебін д?л?лдей білуге ?йрету.

                     ?) дамытушылы?:  баланы? тілдерін, шы?армашылы?ын  дамыту.

                     Б) т?рбиелік: балаларды? отбасы м?шелеріне, анасына деген с?йіспеншілігі  

                        мен ??рметін т?рбиелеу.              

?дісі: «сын т?р?ысынан ойлау технологиясы» стратегияларыны?    элементтері

Формасы: с?ра?-жауап, пікірталас.

Типі: жетілдіру саба?ы

Т?рі: кіріктірілген саба?

К?рнекілік: ?а?аз?а жазыл?ан кеспе с?здер, ананы? суреті, ана туралы на?ыл с?здер, 

                       н?мірлер, стрелкалар (са?атты? тілі), ба?алау пара?ы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жуан ж?не жі?ішке айтылатын с?здер.(грамматика) Не т?тті? (о?у материалы) 1 сынып»

1-сынып

Ана тілі

Тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.(грамматика)

Не тәтті? (оқу материалы)


Мақсаты: а) білімділік: оқушыларға шешендік сөздер туралы алғашқы түсінік беру,

ана тіліміздің қасиетін ұғындыру, кейбір сөздердің жуан, кейбір сөздердің

жіңішке айтылу себебін дәләлдей білуге үйрету.

ә) дамытушылық: баланың тілдерін, шығармашылығын дамыту.

Б) тәрбиелік: балалардың отбасы мүшелеріне, анасына деген сүйіспеншілігі

мен құрметін тәрбиелеу.

Әдісі: «сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегияларының элементтері

Формасы: сұрақ-жауап, пікірталас.

Типі: жетілдіру сабағы

Түрі: кіріктірілген сабақ

Көрнекілік: қағазға жазылған кеспе сөздер, ананың суреті, ана туралы нақыл сөздер,

нөмірлер, стрелкалар (сағаттың тілі), бағалау парағы.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру. Сабаққа қажетті құралдарды түгендеу. (сабаққа әзірлігін тексеру)

Психологиялық дайындық.

Сабақты біз бастайық ,

Артта қалып қоймайық .

Қандай сұрақ болса да,

Жауап таппай қоймайық .

Үй тапсырмасын тексеру.

«Әже» өлеңін мәнерлеп оқу. Кім оқып бергісі келеді?

Өткенді қайталау. «Нөмірленген бастар топтасады.» әдісі. Топ мүшелері нөмірленеді: (№1, №2, №3, №4). Қойылған сұраққа әр топтың аталған нөмірлі оқушысы жауап беруі тиіс. ( жаңа сабаққа керекті білімді қайталау )

1) Жуан дауысты дыбыстарды ата.

2) Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

3) Қандай сөздер жуан айтылады?

4) Қандай сөздер жіңішке айтылады?

Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын хабарлау.

-Жуан және жіңішке айтылатын сөздер туралы тақырыпты жалғастырамыз. « Не тәтті?» әңгімесін оқып, Жиренше шешен туралы оқып білеміз, шешендік сөздермен танысамыз.

Әр топтың оқушылары болып нөмірленеді. Әрбір жауап дұрыстығына сай «5»- жұлдызша, «4»- төртбұрыш, «3»- үшбұрышпен белгіленетінін хабарлау.

Тақта жанында балалардың аттары жазылған бағалау парағы.

І. Қызығушылығын ояту.

Мұғалім, кітап сөздері жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма? ( басқа елден енген кірме сөз болғандықтан, не жуан айтылатынға , не жіңішке айтылатын сөздерге жатқыз-байды )

Сендер дүниеде не тәтті деп ойлайсыңдар?

( оқушылар өз ойларын айтады. )

Күтілетін жауаптар: бал, балмұздақ, кәмпит, т.с.с.

ІІ.Мағынаны ажырату.

Жиренше шешен туралы кіріспе әңгіме (алғашқы танысып, білуі)




Оқулықпен жұмыс. «Сыншы сауалы арқылы бағытталған оқу» әдісі.

1.Тақырыпты хабарлау. Қызығушылығын ояту.

«Не тәтті» әңгімесі не туралы деп ойлайсыңдар?

Оқушылар болжап ойларын айтады.

2. Мәтінді мазмұнына қарай бөліктерге бөлу

3. Ойды әрі қарай дамытатын, болжау жасауға жетелейтін сұрақтар қойып, мазмұнын өздеріне ашқызу..

4. Қорытынды.

Түсінгенін көршісіне айтып пікір алмасады.

Өз тобында түсінгендерін бір-біріне айтады.

Топтық жоба жасалады.

Дәптермен жұмыс.

Әңгіменің ішінен өзіңе ұнаған 2 жуан айтылатын және 2 жіңішке айтылатын сөздер теріп жаз.

Уақыт беріледі.

Оқып бергісі келген балалар өздерінің теріп жазған сөздерін дәптерінен оқып береді. Басқалары қате, дұрыстығын тексеріп, талдайды.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Бойымызды жазайық.

Оң жаққа, сол жаққа,

Жоғары, төмен қарайық.

Бекіту. «Нөмірленген бастар топтасады» әдісімен балалардың түсінгендерін тексеру. Сұрақтарға аталған нөмір тұрып жауап беруі тиіс.

1) Жиренше шешен жолда келе жатып кімдерді кездестіреді?

2) Жиренше шешен олардан нені сұрады?

3) Балалар не деп жауап берді? Салыстыр.

4) Қай баланың жауабы дұрыс деп ойлайсың? Неліктен?

ІІІ. Ой толғаныс.

Дүниеде ең жақын адам кім ? ( мама )

Кімнің мамасы ? ( Әрине, менің мамам )

«Менің мамам» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

«Дөңгелек үстел» әдісі. Партада ортада айналып тұрған стрелка (сағаттың тілі) Сол стрелканы (сағаттың тілін) кезектесіп бұрып отырып, әрқайсысы өз мамасы туралы әңгіме айтады. Ең жақсы деген әңгімені айтуға спикер дайындайды.

«Автор орындығы» әдісі бойынша ең жақсы деген әңгіменің авторы ортаға орындыққа отырып, өз әңгімесін ұжым алдында айтып береді.( Әр топтан 1 оқушы )

Сабаққа қорытынды жасалады.

Бағалау.

Үйге тапсырма : І және ІІ-топтар: «Ең жақын адам» өлеңін жаттап келу.

ІІІ және ІV-топтар: Ана тақырыбына 5 жол өлең құрастырып келу.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Жуан ж?не жі?ішке айтылатын с?здер.(грамматика) Не т?тті? (о?у материалы) 1 сынып

Автор: Досмагамбетова Гульбаршын Шариповна

Дата: 21.04.2016

Номер свидетельства: 321012


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства