Та?ырыбы: Жеміс ж?не к?к?ніс шаруашылы?ы
Ма?саты:
- О?ушылар?а жеміс ж?не к?к?ніс шаруашылы?ы туралы а?парат беру;
- Елімізді? ауыл шаруашылы?ыны? ерекшелігі мен ?ндіру жолдарымен танысады;
- Е?бек етуге ?ызы?ушылы?ын ояту.
Міндеттері: М?дени ?сімдіктерді? алуан т?рлілігі туралы ??ымдарын ?алыптастыру; адам ?міріндегі ?сімдіктерді? ма?ызын т?сіндіру;?сімдіктерді
топтауды ?йрету; адам е?бегін ?адірлеуге баулу.
К?рнекілігі:кестелер, суреттер
Просмотр содержимого документа
«Жеміс ж?не к?к?ніс шаруашылы?ы (2-сынып)»
Дүниетану
Тақырыбы: Жеміс және көкөніс шаруашылығы
Мақсаты:
Оқушыларға жеміс және көкөніс шаруашылығы туралы ақпарат беру;
Еліміздің ауыл шаруашылығының ерекшелігі мен өндіру жолдарымен танысады;
Еңбек етуге қызығушылығын ояту.
Міндеттері: Мәдени өсімдіктердің алуан түрлілігі туралы ұғымдарын қалыптастыру; адам өміріндегі өсімдіктердің маңызын түсіндіру;өсімдіктерді
топтауды үйрету; адам еңбегін қадірлеуге баулу.
Көрнекілігі:кестелер, суреттер
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Гүл өсірсең терлеп
Мұның аты - еңбек
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты- еңбек
Сабағыңды жөндеп
Әзірлесең еңбек
Қиындықтың бәрі
Еңбек қана жеңбек.
ΙΙ Үй тапсырмасын тексеру.
Егін шаруашылығы туралы әңгіме жүргізу.
Миға шабуыл
Бау бақша туралы не білеміз, не білгілерің келеді деген сұрақтарға жауап беру тапсырылады
Дәптермен жұмыс.
Қазақстан жерінде өсетін дәнді дақылдар мен жемістердің аттарын жазу.
Бидай, қара бидай, алма, алмұрт,...
-Бидайдан не алынады?
Мақтадан не алынады.
Мақта → талшық → жіп → киім
1.Қ.Әжікеевтің «Көйлекті маған кім берді?» әңгімесі еске түсіріледі.
2.Сұрақтарға жауап беру.
3.Көйлекті неге мақташылар берді немесе көйлек мақта алқабынан келді дейді?
4.Мол өнім жинап алу үшін не істеу керек?
5.Егістікке зиян келтірушілерді атап шық.
Егістік зиянкестерімен қандай жұмыстар жүргізіледі ?
Мағынаны тану.
Кестеге Қазақстанның ауыл шаруашылық салаларын жазып толтырады.
Егіншілік | Бақ шаруашылығы | Көкөніс шаруашылығы |
Бидай | Қараөрікалма | Үрмебұршақ |
Қара бидай | Шие | Бұршақ |
Тары | Таңқурай | Ірі бұршақ |
Күнбағыс | Алмұрт | Картоп |
Мақта | | Сарымсақ |
| | Қарбыз |
| | Қауын |
| | Шалқан |
| | Жүгері |
| | Пияз |
Оқулықпен жұмыс.
«Мәтінді оқы және талқыла» әдісі
Оқушылар мәтінді үш қатарға бөлініп оқиды.
1-қатар жеміс-жидектер туралы бөлімді оқиды.
2-қатар дәнді дақылдар туралы оқиды.
3- қатар көкөністер туралы жазылғанды оқиды.
Білімді бекіту.
Бақ өсімдіктерін шаруашылық қалай аталды?
Көкөністер өсіретін шаруашылық қалай аталды ?
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.