Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру; | Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер, аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері |
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті -Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін... Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік. | Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында |
2. Үй тапсырмасын тексеру «Жақсылық пен жамандық» ертегісі . Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады,деп ойлайсыңдар? . «Жамандыққа ерсең жаман боласың,жақсылыққа ерсең жақсы боласың»деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар? Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық,жанашырлық,мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп,жақсы әдетке үйренеді.Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз.Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап,жақсылық жасуға ұмтылатын болса,онда әлемде тыныштық,ынтымақ орнайды,адамдар бақытты өмір сүреді. | |
Әңгімелесу: «Жан Ана» мәтінін әңгімелеп беру | |
Дәйексөз: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» Өзі жақсы адамның айналысы қашанда жақсылыққа толы болады. Ол өзін осы ортада ерекше бақытты сезінеді. Себебі оны адамдар, айналасы жақсы көреді. Ол осындай жетістіктерге өзінің жақсылықтары арқылы жетті. Сондықтан халық: Жақсының жақсылығын айт нұры тассын,- дейді. Сол себепті: шамамыз жеткенінше, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Себебі жасаған жақсылығымыз ешқашан зия кетпейді. Оның шарапаты өзіңе, жақын туыстарыңа, еліңе тиеді. Сондықтан әр уақытта жақсылық жасау арқылы алғысқа бөленіп, ризашылыққа кенеліп жүрейік. | Халық мақалы |
Шығармашылық жұмыс: Оқулықта берілген ертегілерден үзіндіні оқып, оқушылардың жақсы мен жаманды айыра білу, өмірде жақсылық жасаудың маңызыдылығын ұғындыру,ой толғау мақсатында аяқталмаған мәтінді өз ойымен жалғастыруға шығармашылық жұмыс беріледі. «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі. «Аю мен тышқан» ертегісі. | |
Топпен ән айту:Не деген керемет күн! Сөзі: М.Мақатаев Әні: Т.Шапай | |
Дәптермен жұмыс: дәптерде берілген ертегіні өз ойларыңмен жалғастырып жазыңдар. ... Бір күні орманда шөп жанып кетіп,өрт басталады. Барлық аңдар шошып қаша жөнеледі.Тек тасбақаға өзінің қысқа аяқтарымен алысқа кете алмайды.От тасбақаға жақындап қалды. Ол енді қалай құтылмақ? | |
Үй тапсырмасы:«Қанат пен Жанат» әңгімесін оқып түсінік айту | |
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. | |