kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?лкі мен тырна

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балалар?а ?стел ?стіндегі театр ж?не к?ле?келі театр туралы т?сінік беру, ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды д?рыс ажырата білуге ?йрету. К?ркем шы?армалар?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру. Ойын, тілін, білімділігін, с?здік ?орларын молайту. Ертегіні ?ызы?ушылы?пен ты?дау?а да?дыландыру, балаларды татулы??а, ?йымшылды??а, адамгершілікке т?рбиелеу.
К?рнекілігі: к?ле?келі театр, ?стел ?сті театрыны? атрибуттары, ж?ректер.
?діс – т?сілдері: т?сіндіру, к?рсету, с?ра? – жауап, салыстыру, мада?тау.
?рекет кезе?дері
Т?рбиешіні? іс – ?рекеті
Жылулы? ше?бері: - Балалар сендерді? бір – бірі?е ?арап к?лгендері? ?андай ?демі, ж?здері?нен тек жылулы? сезіліп т?р. Мен де сендерге ?з жылуымды беріп «?айырлы та?» деймін. Сендер де бір – бірі?е ?айырлы та? тілеп, к?нмен с?лемдесіп, ?она?тар?а да жа?сы тілек білдірі?дер.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?лкі мен тырна»

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұымдастырылған оқу іс-әркетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Күз» (өлең)

Мақсаты: күз туралы білмдерін тиянақтау. Адамдар еңбегіне құрмет сезімін тәрбиелеу. Ырыс, құт-береке, молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру, сөздік қорын молайту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын дамыту.

Қолданылатын көнекті құралдар: күз мезгілінің суреттері, хрестоматия, себет.

Сөздік жұмыс: күз, ырыс, құт-береке, молшылық.

Оқу іс-

әрекетінің түрлері



Педагогтің іс- әрекеті



Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Ұымдастыру кезеңі

Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогпен бірге Ж.Калжанованың «Қүз келгенде» әнін орындайды.

Күз келгенде

Қүз келіпті, көңілсіз

Десек те, десек те,

Қүздің берер жемісі

Есепте, есепте.

Қайырмасы:

Түрлі түсті бояуын

Жер бетіне кестелеп.

Күз келгенде, егініш

Егін жинар дестелеп.


Күз келіпті, көңілсіз

Десек те, десек те,

Бау-бақшаның пісері

Есепте, есепте.


Қайырмасы:

Күз келіпті, көңілсіз

Десек те, десек те,

Бау-бақшаның пісері

Есепте, есепте.






Музыка жетекшісімен бірге орындайды.

Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе әңгіме..

Жұмбақ жапсыру:

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар.


Қызыл, сары немелер

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел

Ырғалады, толқиды.


Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман» ойнатын

Қай мезгіл деп ойлайсың?


Аспай піскен,

Қайнамай түскен.


Бақшада өседі,

Көп өнімін береді


Сурет бойынша әңгімелеу:

«Күз мезгілі»

-Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Күз туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?

«Күз» өлеңін оқып беру.

Бидай






Жапырақ





Күз





Жеміс



Көкөніс





Күз

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытындылау.


«Жеміс жинау» ойыны.

«Күз-жомарт» ән орындалады.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды:жыл мезгілдерін.

Түсінеді: жаңа сөздерді.

Қолданады: өлең арқылы күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұымдастырылған оқу іс-әркетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жұмыстың бәрі жақсы» (өлең)

Мақсаты: қоршаған ортаның жан-жақтылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар, мамандық арқылы кеңейту. Туынды кейіпкерлерінің іс-әркетін бағалау, өз ойлары мен алған әсерлерін айта білу білігінн дамыту.

Қолданылатын көнекті құралдар: суреттер, хрестоматия.

Сөздік жұмыс: қалақ, сарай, кен, шахтер, ғарыш

Оқу іс-

әрекетінің түрлері


Педагогтің іс- әрекеті


Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Ұымдастыру кезеңі

-Балалар, бәріміз ортаға шығып,

«Шаттық шеңберін» құрайық.


Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келген қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.


-Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын.

-Бүгінгі оқу іс әрекетімізде ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Жұмыстың бәрі жақсы » өлеңімен танысамыз



Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.







Жайғасып отырады


Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе әңгіме.

Құрылысшы:

Қолда темір қалағым,

Содан сарай қаладым.

Алматындан аумайтын,

Әсем қала саламын.

Шахтер:

Орны бөлек елдегі,

Шахтердің көп еңбегі.

Тау-тау болып үйілген,

Оның қазған кендер.

Ұстаз:

Оқу-білім ордасы,

Ұстаз оның арнасы.

Ұстаздық деген ұлы іс,

Адамдардың айнасы.

Ғарышкер:

Тұңғышты-ғарышты,

Тұнып тұрған алысты,

Орындалып арманы

Ғарышкелер шарлады

Сұрақ-жауап.

-Өлең шумағында не жайлы айтылған?

-Кім білім береді?

-Автобусты кім үйлерді кім салады?

-Балаларды кім емдейді?

Дидактикалық ойын: «Кім болам?»

Мақсаты: мамандық туралы білімдерін бекіту

Шартты: бала өзі қалған мамандығын (сурет) алады да, солмамандық туралы әңгімелейді.










Мұқият тыңдайды.












Үстаз

Жүргізуші

Құрылысшы

Дәрігер


Ойын ойнайды

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытындылау.


«Жеміс жинау» ойыны.

«Күз-жомарт» ән орындалады.




Күтілетін нәтиже:

Орындайды:жыл мезгілдерін.

Түсінеді: жаңа сөздерді.

Қолданады: өлең арқылы күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.





Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта


Ұымдастырылған оқу іс-әркетінің түрі: Көркем әдебиет


Тақырыбы: шалқан (орыс халық ертегісі)


Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-түрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.


Қолданылатын көнекті құралдар: атрибуттар, хрестоматия.


Сөздік жұмыс: шалқан

Оқу іс-

әрекетінің түрлері

Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Ұымдастыру кезеңі

Шаттық, достар, жүрсің қайда.,

Бірге еді ғой жанымыз.

Көмек сұрап бір-бірінен

Жеңіп шықтық бәріміз.



Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды.

Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе әңгіме.

-Балалар, бүгін біз оқу іс-әрекетінде «Шалқан» ертегісін алдымен оқып, одан кейін мазмұнын талдап, әрбір бала осы ертегіні, өз ойларын, қаншалықты түсінгенін жеткізеді.

Ертегіні оқып беру.

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

-Балалар қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтай алдыңдар?

-Шалқан қайда өседі?

-Атай көмекке кімді шақырды?

-Әжей кімді шақырды?

-Немере қыз кімді шақырды?

-Күшік кімді шақырды?

-Мысық кімді шақырды?

-Сонымен, бәрі бірігіп не істеді?

-ендеше, балалар, осы ертегідегі кейіпкерлердің атрибуттарын алып, ойынды сахналаймыз.



Зейін қойып тыңдайды.





Балалардың жауабы




Әжейді

Немере қызды

Күшікті

Мысықты

Тышқанды

Рефлексиялық түзетушілік

Ертенгі сахналау. Қорытындылау.

Қазақтың мақал-мәтелдерін айтқыза отырып, оқу іс-әрекетін аяқтау.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірліктің арқасында шалқаны жұлып алды.

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңсе кім,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы, досым-ай.


Рөлге бөлініп сахналады.







Мұқият тыңдайды


Күтілетін нәтиже:


Орындайды:ертегінің мазмұнын.


Түсінеді: кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасауды


Қолданады: сахналау арқылы ертегіні көрсете білуді









Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұымдастырылған оқу іс-әркетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Алтын дән» (өлең)

Мақсаты: еңбекке қызықғушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көнекті құралдар: хрестоматия, суреттер


Сөздік жұмыс: алтын дән.

Оқу іс-

әрекетінің түрлері

Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Ұымдастыру кезеңі

Тәрбиешімен бірге шеңбер бойны тұрып өлең жолдарын орындайды.

Алқанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан салайық,

Достық мейірін салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық.



Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе әңгіме.

-Ал енді, балалар, бәріміз орынымызға жайғасып отырайық. Бүгін біз ақын Күляш Ахметованың «Алтын дән» өлеңін мәнерлеп оқып, оның мазмұнын ашатын бірнеше сұрақтарға жауап беруге тырысайық.

Өлендер мәнерлеп оқу.

Алтын дән

Жатыр дала жалтылдап,

Жас шуағын мол құйды.

Күн астында алтын дән

Тербеледі, толқиды.

Толықсыған тасқындай

Көкжиекпен ұштасып,

Күн астында ақ бидай

Билейді қол ұстасып.

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

-Осы оқыған өлең шумағында не жайлы айтылған?

-Өлеңнің авторы кім?

-Сендерге өлең ұнады ма?

«Алтын дән» дегенді қалай түсінесіңдер?


Сергіту сәті

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан:

жай- жай- жай.

Қозған барлық денені,

Қатырақ соқ қолды енді:

сарт- сарт- сарт

Айтқан кезде өлеңді,

Ақырын бас еденді:

жай- жай- жай.

Өленді қайталап, мәнерлеп оқу, жаттап алу.




Орындарына жайғасып отырады.




Мұқият тыңдайды.









Жауап береді.






Өлең шумағына байланысты дауыс ырғағын келтіріп, қимыл жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытындылау.

Қазақтың нақыл сөздері арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.

Ас-атасы –нан.

Нан болса-ән де болады.




Күтілетін нәтиже:


Орындайды: өлеңнің мазмұнын.


Түсінеді: алтын дәннің нәтижесі – нан, оны қадірлеу керек екенін.


Қолданады: нанның үлкен еңбекпен келетінен.

Технологиялық карта 11

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жапырақтар»

Мақсаты: а) Қүзгі табиғат жөніндегі түсініктерін қалыптастыру

ә) Табиғат әсемдігін көре білуге, әңгемелеуге баулу

б) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Қолданылатын көнекті құралдар: суреттер, жұмыс дәптері, хрестоматия.




Технологиялық карта 13

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ойдан шыққан әңгіме»

Мақсаты: а) Қиялдап, ойдан әңгіме құрауға үйрету

ә) Тілдерін дамыту

б) Өз ойларын жеткізге білуге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Қолданылатын көнекті құралдар: суреттер, жұмыс дәптері.


Технологиялық карта 14

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Суретші қыс (өлен)

Мақсаты: өлеңді көрнекті құралдар көмегінсіз жатқа айтуға, оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету. Балаларды шығарма мазмұнын өз іс-тәжірибесімен салыстыра отырып, озінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету.

Қолданылатын көнекті құралдар: суреттер, хрестоматия

Сөздік жұмыс: суретші, ақ мамық




























Технологиялық карта 15

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Не деу керек?»

Мақсаты: а) Өлеңнің мазмұнын түсіну;

ә) Баланың ой-өрісін дамыту;

б) Балаларды имандылыққа, мейірімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу, әдептілікке баулу.

Қолданылатын көнекті құралдар: хрестоматия, сурет үлгілері, нақыл сөздер, мақал –мәтелдер, жұмыс дәптері.

Оқу іс-

әрекетінің түрлері

Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық
















Ұйымдастыру кезеңі


































































Рефлексиялық түзетушілік




Күтілетін нәтиже:



Біледі: өлеңнің мазмұнын түсіне біледі


Игереді: адам бойындағы жақсы қасиеттерді.


Меңгереді: сұрақ-жауап, ойын арқылы тапсыпманы орындауды






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Т?лкі мен тырна

Автор: Мельничук Гульстам Жаслановна

Дата: 22.01.2016

Номер свидетельства: 281007


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства