ІІ Үй тапсырмасын тексеру | 7 минут | 1.Сиыр жырын жатқа сұрау. 2. «Бәйге» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру. 1.10.Сиырдың пірі не? 1.20.Сиырды қалай шақырады? 1.30.Сиыр малы туралы мақал-мәтел айт. 2.10.Сиыр сүтінен қандай тағамдар жасалады? 2.20.Жырға сүйеніп айт. Мүйізі ... Мұрын ... Ірімшік, құрт, майы ... 2.30.Сиыр терісінен жасалатын заттар. | Сиыр жырын мәнерлеп жатқа айтады. «Бәйге» ойынында әр топ бір ұяшық таңдап, сұрағына жауап береді.Егер дұрыс жауап берсе, сол ұяшықтың ұпайын алады. Ал басқа топ оқушылары жауапты тез тауып қойса, онда сол жауабын айтқан топқа ұпай саны беріледі. Ойынға оқушылар белсене, қызыға қатысады. | Ұпай санымен бағаланады Формативті бағалау. |
ІІІ Қызығушылықты ояту. | 6 минут | Миға шабуыл. Интербелсенді тақтадан жұмбақ жасыру. Иір-иір денесі, Сахараның кемесі. Ащы шөптер-тамағы, Шөлге шыдап бағады. Бұл не? (Түйе) -Түйе қандай жануар? -Түйе туралы не білесіңдер? Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Түйе малы туралы видео-ролик көрсету және презентациямен таныстыру, оқушы жауаптарын толықтыру. -Дұрыс, ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы «Түйе». Сабақтың мақсатын айтып өту. | Оқушылар жұмбақты шешеді. Түйе малы туралы білетіндерін айтады. Видео-ролик және презентация арқылы түйе туралы білімдерін толықтырады. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсінеді. | |
ІV Мағынаны тану | 10 минут | Оқулықпен жұмыс жүргізу. «Түйе» жырын іштей оқыту, 3 жолдан әр топ оқушыларына оқыту. «Доп лақтыру» ойыны арқылы жырға талдау жасау. -Түйенің жүрісі туралы неделінген? -Шудасы туралы ше? -Түйе қандай шөптерді жақсы көреді? | Оқушылар жырды іштей оқиды.Әр топтан бір оқушы 4 жолдан тізбектей жырды кезектесіп оқиды. Сұрақтарға ойланып жауап береді. | Әр топ бір-бірінің оқығанын бағалайды. Топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды. |
VІ Ой қорыту | 10 минут | Топтық тапсырма. Түйе туралы әңгімелесіп, постерге салу. «Шопан ата» тобы Кестені толтырып, түйенің пайдасы туралы әңгімелеңдер. Түйе жүнінен істелетін бұйымдар | Түйе сүтінен әзірленетін тағам | Түйе терісінен істелетін бұйымдар | | | | «Қамбар ата» тобы Түйе атауына байланысты сөздерді тауып, сызбаға топтастырыңдар. Бота, тай, тоқты, тайлақ, нар, дөнен, бура, саулық, үлек, атан, құнан, інген, бие. «Сексек ата» тобы Жырға сүйеніп түсіп қалған сөздерді тауып жазыңдар. Маң-маң басқан, ... басқан, Шудаларын ... басқан. Екі ... қом басқан, Төрт аяғын ... басқан. Тілін ... теспеген, Мұрындығы келіскен. «Зеңгі баба» тобы Адасқан сөздерден екі мақал-мәтел құраңдар. 1.Бақырауық, көлік, демесең, Бағалы , түйе, ғой. 2.Нар, қалмас, жолында, жүк. Жеке жұмыс. Тест алу. 1.Түйенің пірі не? 2.Түйенің төлі Қамбар ата а)Құлын Ойсыл қара б)Қозы Шопан ата в)Бота Зеңгі баба г) Бұзау 3.Түйенің сүті 4.Түйені қалай шақырады? Шұбат а)Аухау-аухау Қымыз б)Құрау-құрау Сүт в)Пұшайт-пұшайт Айран г)Көс-көс 5. «Тілін тікен теспеген, Мұрындығы келіскен» не? Жылқы Түйе Сиыр Қой Бағалау парағы. Оқушының аты-жөні: | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | Ұпай саны | | | | | | | | Тапсырманы топтаса отырып ойланып талқылайды, білгендерін ақылдаса отырып жазады.Топтан бір оқушы шығып жұмыстарын қорғайды. Топпен талдай отырып, керекті сөздерді теріп, жапсырмалайды, топтастырады. Жұмыстарын топтан бір оқушы түсіндіреді. Берілген шығармашылық диктантты топта бірлесе отырып орындайды. Жұмыстарын топтан бір оқушы шығып түсіндіреді. Мақал-мәтелді сын тұрғысынан ойланып бірлесе отырып құрастырып, жапсырмалайды. Жұмыстарын түсіндіреді. Оқушылар берілген тест тапсырмасын 1 минутта орындайды. Жауабын интербелсенді тақтамен салыстырады, ұпай сандарын есептейді. | Оқушылар өз топтарының жұмысына баға береді, мұғалімнің, өзге топтың бағалауын тыңдайды. Оқушылардың жеке жұмыста рын жұптаса отырып бірін-бірі бағалайды. Форматив ті бағалау. Топтық бағалау. Мұғалімнің бағалауы. Форматив ті бағалау. |