Ма?саты: ?ыз балалар бойына н?зіктік, ілтипаттылы? пен инабаттылы? ?ялату, ер балаларды ?лкенді сыйлау?а, кішіге ?ам?ор, еліне ?ор?ан болар азамат болу?а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты. Та?ырыбы: Ата-ананы ??рметтейік!»
Тақырыбы: Ата-ананы құрметтейік!
Мақсаты: Қыз балалар бойына нәзіктік, ілтипаттылық пен инабаттылық ұялату, ер балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор, еліне қорған болар азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Кіріспе.
Мұғалімнің сөзі:
- Қош келдіңіздер ардақты, аяулы ата-аналар, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Әкем мен шешемнен, үлгі алып өсем мен!».
«Алты аға бірігіп – әке болмас, жеті жеңге бірігіп – ана болмас» - деген сөз бар қазақ халқында.
Әр отбасындағы ата-ананың орны ерекше , әкені құрметтеу оның айтқаны заң болуы керек.
1-жүргізуші: «Ер елді қорғайды, ел жерді қорғайды» дей отырып, ер адамның бір сөзді, ер мінезді қайсар, ақ көңілді еңбекқор, батыр да батыл болуын қалаған.
2-жүргізуші: Ал нәзік жанды әйел ер адамның жолын кесіп өтпеген, аяғын аттамаған, бас киімін таптамаған. Себебі, әйел адамның әр жағымсыз іс- әрекеті ер адамның жолына қырсық, беделіне нұсқан келтіреді деген.
Көрініс:
Автор: Ұзын жолдың бойы. Аяңдай басып бір қыз келеді. Алдынан қарсы келе жатқан ер адамды көреді де жолын кесіп өтпей тосып тұрады.
Алдынан тосып тұрған қызға риза болған ер адам:
Неге сонша сен маған көп қарадың,
Неге тостың сен мені, өт қарағым.
Бабасының саған берген үлгісін,
Аруағынан айналдым текті ананың, - деп, батасын береді.
1-жүргізуші: Иә, ана тәрбиесі – тектілік тәрбиесі екені баршамызға аян. Себебі, бабамыз ер-азамат – түздің адамы, әйел – тәрбие беруші, отбасы, ошақ-қасының жылуы деп қарап, негізгі тәрбиені анаға артқан. Оны сонау Абай бабамыз өмір сүрген кезеңнен де байқауымызға болады.
Көрініс.
Автор: Ұлы ақын 13 жасар Абайдың Семейде оқып жүрген кезі. Әкесі Құнанбай басқа балаларынан ерекше зерек баласы Абайды оқудан шығарып алып, ел ісіне араластырмақ мақсатпен ауылға шақыртып алады.
Қаладан келген Абай балалығы ұстап, алдымен әжесі Зере мен анасы Ұлжанға қарай жылжиды. Баласының өздеріне қарай келе жатқанын байқаған анасы Ұлжан:
-Балам, анау тұста ауыл қарияларымен әкең тұр, алдымен әкеңе барып сәлем бер – дейді.
Абай әкелеріне қарай жылжып, әкесімен және ауыл қарияларымен амандасады.
1-оқушы. Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі , асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әкенің орны ерекше.
2-оқушы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдында үлгі өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көрегенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мақтайды.
3-оқушы. Қамқорсың әке өмірде,
Арманыс едің аңсаған.
Теңіздей шалқып жүремін,
Қуатым сенсің көңілге.
Әкелем бақыт мен саған,
Сүйенер сенсің – тірегім.
Әлпештеп мені өсірдің.
Ұрпағың боп жалғасам,
Барсам да қайда, жан әке,
Ұшармын ертең көгіңде.
Өзіңмен бірге жүрегім.
4-оқушы. Отбасының ұйытқысы, берекесі,мейір-шапағат көзі – ана. Оның бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, ерімен қабағы жарасып, тату-сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі артады.
5-оқушы. Ата-ана балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала-шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.
Мұғалімнің сөзі: Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
1 – кезең. Балам – менің болашағым.
- Бала деген кім?
* Ата-аналар жауабы:
Бала
Сүйенішіміз
Ізбасарымыз
Болашағымыз
Ертеде бір адам ғұламаға келіп:
Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс? – деп сұрапты.
Ғұлама:
Балаңыз қаншада? – деп өзіне сұрақ қояды.
Бес – ақ ай толды, депті. Сонда ғұлама басын шайқап:
Бес айға кешіккен екенсіз, - деген екен. Халық арасында кең таралған бұл аңыздың не айтпағы баршаға түсінікті. Яғни, баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек.
Демек, бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен – ата-ана.
2. Сұрақ-жауап.
Отбасының қорғаны кім?
Сіз балаңыздың қандай азамат болғанын қалайсыз?
Отбасыңызда ұлттық салт-дәстүрді қалай насихаттайсыз?
Балаңызға кімді үлгі тұтасыз?
Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па?
Ата-аналар пікірі тыңдалады.
1-оқушы. Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.
2-оқушы. Жақсы бала, ол анық,
Істемейді шалалық.
Тап-таза боп жуынып,
Алады ол таранып.
3-оқушы. Жаман бала құрысып,
Өз-өзінен тырысып.
Түске дейін жатады,
Шешесімен ұрысып.
4-оқушы. Жақсы бала әрдайым,
Деп «Ұятқа қалмайын»
Сабағына барады,
Күнделікті дап-дайын.
5-оқушы. Үлкенді де сыйлайды,
Достарын ол жинайды.
Әлсіздерге қамқор боп,
Жамандыққа қимайды.
Ән: «Анаға сәлем»
Мұғалім: Қолынан көп іс келетін адам өзін сенімді де, күшті сезінеді. Жалқаулық ең жаман әдет.
6-оқушы. Ата-анамыздың көңіл-күйі жақсы болсын десек, үй-ішін жинақы, таза ұстауымыз керек. Бөлмені жинастырып болған соң міндетті түрде желдетіп алу қажет.
7-оқушы. Тамақ ішіп болған соң үлкендердің ескертуінсіз өз ыдысымызды жуып қойған жөн. «Табағы таза адамның, тамағы да таза» дегенді ұмытпайық.
8-оқушы. Асқа отырар алдында міндетті түрде қолды жуу керек. Кір қолмен тамақ ішу тәрбиесіздік қана емес, денсаулыққа да қауіпті. Дастарқан басында өзгелердің тәбетін бұзатын қылық жасама. Тағамды, табақты езгілеп, берекесін алма.
9-оқушы. Ас үстінде көп сөйлемеген дұрыс. «Ас үстінде жалқаумын, саңырау да, мылқаумын» деген мәтел сөз бар.
10-оқушы. Үй іші дастарқан басына жайғасар кезде жасы кішілер үлкен адамдар отырып болғанша күте тұру керек. Нан турасып, ыдыс-аяқ қойысуға көмектесуге болады. Тамаққа үлкендерден бұрын кіруге болмайды.
Көрініс
Түскі ас кезі. Отбасы жиналып, тамақтануға отырды. Бір кезде телефон шырылдады. Тұтқаны баласы көтерді. Әке-шешесі баласына өздерін жоқ деп айтуды өтінді.
Ата-аналар пікірі тыңдалады.
Көрініс
Таңертеңгі мезгіл. Анасы баласын сабаққа баруға оятады. Бала ұйқысынан тұрғысы келмеді. Әкесі баласын жақтап, сабаққа бармауын өтінді. Осы кезде телефон соғылды. Тұтқаны алған шешесіне баласы өзін жоқ деп айтқызды.
Ата-аналар пікірі тыңдалады.
Би: «Қамажай»
Мұғалім сөзі: Ендігі кезекте оқушылар сендерге демек, адам бойында жақсы – жаман қасиеттер болады екен. Ал біз жақсы қасиеттерді ананың сүтімен, бал тілімен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.
Әр оқушы өзінің жаман қасиетін алдындағы қағазға жазуы тиіс. Мұғалім ол қағаздарды жинап алып, қоқыс жәшігіне тастайды. Біз бұдан былай ол қасиетімізді аулақ боламыз.
Мұғалім:
Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б. Момышұлы былай деген екен: «жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға дайын. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке, шеше жоқ»
Бауыржан атамыз бүгінде арамызда жоқ, ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстазға да ой салады деп ойлаймын.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік.