kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Төрт түлігім-тірлігімнің тынысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Психологиялық дайындық.
Балалар  аналарымыз қалай  еркелететінін  айтайықшы. Бір –бірімізге жылы сөз айтып  сабаққа  сәттілік тілейік.
Рахмет балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Сабаққа жақсы қатысамыз.
Балалар, кейінгі өтіп жатқан тақырыптарымыз нелер туралы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Төрт түлігім-тірлігімнің тынысы»

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі

Мектеп: №17

Күні: 24.10. 2016ж

Мұғалім Қайронбаева. Н.Қ

Сынып: 2 Ә

Қатысқандар:

Қатыспағандар :

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу, меңгеру арқылы төрт түліктің түрлері мен атауларын енгізу. Оқушылардың тіл байлығын, ой – өрісін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқиды.

Оқушылардың басым бөлігі

Жырға сүйеніп сұрақтарғажауап береді.Мәтінді сахналап бере алады.

Кейбір оқушылар

  • А) Суретке және сызбаға сүйеніп әңгіме құрап жазады.

  • -В)Өлеңді оқу арқылы талдау-жинақтау жұмысын жасайды

Тілдік мақсаттары

  • Оқушылар: Диалогтік қарым-қатынасқа түсе алады. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын ашық айтады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:Берілген сөздердің мағынасын ашу.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Шығармашылық тапсырмалар орындау


Алдыңғы оқу


«Түйе» жырын түсініп,мәнерлеп оқу

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы


I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Балалар аналарымыз қалай еркелететінін айтайықшы. Бір –бірімізге жылы сөз айтып сабаққа сәттілік тілейік.
Рахмет балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Сабаққа жақсы қатысамыз.
Балалар, кейінгі өтіп жатқан тақырыптарымыз нелер туралы? Қой. Сиыр. Торы құлын. Түйе . Бүгінгі сабағымыздың мақсаты төрт түлік малдар туралы толық мағлұмат алып, пысықтау.
Ендеше топтың аттары да малдың аттары болады. «Жұмбақ шешіп үйренейік» …

Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады. (Түйе)

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіші бар. (Сиыр)

Өзі жуас,өзі момын,

Бір шешпейді тонын .(Қой)

Қамбар ата- баласы,

Шөптің жеймін түр-түрін.

Дертке дауа қымызым,

Берік арқан қыл, түгім. (Жылқы)

І топ – «Сиыр»
ІІ топ – «Түйе»
ІІІтоп – «Қой»
ІҮтоп – «Жылқы»
Үйге қандай тапсырма берілді?
- Түйе өлеңін жаттауға берілді.

IV. Қайталау-білім кілті.Түйе-киелі жануар
Әр топтан бір оқушы шығып, үй тапсырмасын айтады.

«Қар кесегі» ойынын ойнайық.

Әр топ келесі топқа сұрақ жазып лақтырады. Келесі топ ауызша жауап береді.
1.Пірі-Ойсылқара.

2.Қос өркешті және бір өркешті болады.

3.Көлік ретінде пайдаланады.

4.30-40 жылға дейін өмір сүреді.

5.Еті,сүті,жүні пайдалы.

6.Шөлге шыдамды, 10 күнге дейін су ішпей жүруге шыдамды.

7.Ыстыққа,ұзақ жүріске шыдамды



Слайдтар, оқулық, төрт түлік суреттер,
мақал – мәтелдер, топтастыру, тыйым сөздер


Электронды

оқулық

Ортасы


Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ
1. Жылқы төлінің атауларының бірі. Т А Й
2. Жыл атауынан құр қалған жануар. Т Ү Й Е
3. Ешкі төлі. Л А Қ
4. Сиыр сүтінен жасалатын тағам І Р І М Ш І К
5. Қойдың күзем жүнінен жасалатын зат. К И І З
Қандай сөз шықты? (Түлік)
Яғни бүгінгі тақырыбымыз, Төрт түліктің кеңесі деп аталады.Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықты ашамыз. Мәтінге саусақ түсірейік.
1. Мұғалімнің оқуы. 2. Іштей оқу..
Сөздік жұмысы. «Түртіп алу» әдісі
1. Қалың қорыс нуға
Қоры үзілген қуға - азығы таусылған кедей.

2. Күнгейлі қара тасқа

3. Бетегелі бел

4 Жалман құлақты сорға
Слайдпен жұмыс.
Мұғалім түсіндірмесі.
Сиыр айтады екен Мен шөбі қалың жерге барсам, Тұрмысы нашар адамның қолында өмір сүрсем дейді. Яғни сүтімен асырайды. Бітем деген сөз қандай адамның қолында өмір сүруін айтады.
Қой айтады. Жылы жерге, күн суықта ықтауға болатын тау - тасты жерге барсам, еңбекқор адамның қолына барсам дейді.
Жылқы айтады. Шөбі шүйгін ен далаға барсам, аттың қадірін білетін ер азаматқа барсам дейді.
Түйе айтады. Мен шөлді жерлерде де жүре аламын. Бұл жерде сор – деген шөл деген мағынаны білдіреді. Өздерің көрген шығарсыңдар, күзде, көктемде далада жаңбырдан кейін кепкен жер аппақ болып қалады. Сол жер сор деп аталады. Және ауқатты, бай адамға барсам дейді.
Оқушылардын оқуы Рольге бөліп оқыту
С
ергіту жаттығуы.

Шығармашылық жұмыс. Әр топ өзінің төлін қорғау.
Әр топ өзінің жануары туралы жаттаған өлең, тақпақ, жұмбақ ізденіс жұмыстарын айтып береді. Бұған әр топ белсенді қатысуы керек.

Топтар өз жұмысын қорғайды.

Топ жұмысын бағалау. Смаилик арқылы.

Тест жұмысы.

Атадан қалған асыл мұра тарауын аяқтап қалдық.


туған жерге арналған суреттер, кеспе қағаздар,

Аяқталуы


X. Сабақты қорытындылау.

Қазақ халқы ежелден мал баққан ел.Мал мінсе көлігі, ішсе-сусыны, жесе-тамағы, кисе- киімі, тұтынса- бұйымы,байлығы мен салтанаты осы мал болған.Қазақ елін малсыз елестету мүмкін емес.Өздерің айтып жатырсыңдар аналарың сендерді ботақаным ,қошақаным , қозым деп еркелетеді деп. Ол да біздің төрт түлікті жақсы көретініміздің дәлелі.

Сондықтан біз кейінгі ұрпақ ата дәстүрін сақтап,қасиетті төрт түлікті,ұлтымыздың бай тәжірибесін қадірлеуіміз керек.

XI. Үйге тапсырма беру. «Төрт түліктің кеңесі» 57-59 беттер.

Мәтінді мәнерлеп оқып, сызбаны дәптерге толтыру.

XII. Оқушылардың білімін бағалау.



Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Төрт түлік туралы мақалдар жаттау

1) өзін-өзі бағалау

2) бағдаршам арқылы

3) топтық бағалау

музыка, дүниетану, бейнелеу.

РЕФЛЕКСИЯ

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуда да, оқуда да)

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді? (оқытуда да, оқуда да)

1.

2.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Төрт түлігім-тірлігімнің тынысы

Автор: Кайронбаева Нурсипа Кызыргалиевна

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397397


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства