Просмотр содержимого документа
«Торт т?лік туралы жырлар. ?ой »
Бекітемін: М.Маңғыбаев
«Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
мұғалімі Төтенова Ақбөбектің
2 «А» сыныбына арналған әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімдік жоспары
Сабақтың тақырыбы:Төрт түлік туралы жырлар. Қой
Сабақтың мақсаты:
- Төрт түлік түрлерімен танысады, қойдың пайдасы туралы меңгереді
- Тіл байлықтарын, сөйлеу дағдыларын, топтағы қарым-қатынас мәдениетін дамытады
- Ұлттық салт-дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеп, малды ұрмауға тәрбиеленеді
Күтілетін нәтиже:
Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді
Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді
Шығармашылық қабілеттері артады
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ, СТО стратегиялары, диалогтік оқыту, жаңа сөздер, жазбаша тапсырма, «Бағдаршам» әдісі , кластер қорғау, ой қозғау.
Дерек көздері: Мультимедиялық проекторлар, балаларға таратылған ресурстар, сілтеме.
Пән аралық байланыс: дүниетану
Сабақтың жоспары:
Уақыты
Сабақты ұйымдастыру формасы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
2 мин
Ұйымдастыру формасы
Амандасу
Тақырыпты сұрақ қою арқылы ашу
Психологиялық дайындық
Сәлемдесіп, сабаққа дайындықтарын қадағалау
2 мин
Топқа бөлу
«Ханталапай» ойыны арқылы 4 топқа бөліну
Қоржынның ішіндегі нөмірленген асықтарды алу арқылы төрт топқа бөлінеді.Қызыл түсті асық алған оқушылар топ басшысы болады.
7 мин
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырма төрт түлік мал туралы жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тиым сөздер жаттап келу
І топ: Жұмбақтар
ІІ топ:Мақал-мәтелдер
ІІІ топ: Тиым сөздер
ІҮ топ:Жұмбақ,мақал,
тиым сөз айтады.
1 мин
Эвокация бөлімі
Миға шабуыл
«Асық» қайдан пайда болады?
Оқушылар сұраққа жауап береді,жаңа тақырыптың атын табады.
10 мин
Реализация бөлімі
Негізгі бөлім
1.Оқулықпен жұмыс
Оқушылар жырды іштей оқиды.
2.Мәнерлеп оқу
Әр топтан бір –екі оқушыдан мәнерлеп оқиды.
2 мин
Сергіту сәті
“I am a Gummy Bear”. Сілтеме:
http://www.youtube.com/watch?v=MxDz3aE0LZw
8 мин
Топтық жұмыс. Кластер қорғау
І топ: Қойдың жүнінен жасалатын заттар және пайдасы
ІІ топ: Қойдың терісінен жасалатын заттар және пайдасы
ІІІ топ: Қойдың сүтінен әзірленетін тағамдар және пайдасы
ІҮ топ: Қойды бағып-қағу және оның пайдасы
Әр топ тапсырма бойынша ауызша жауап береді
7 мин
«Керек-дерек» айдары
Жаңа сабаққа сай қойдың түрлері туралы айту
1.Елдібай қойы
2.Дегерес қойы
3.Миринос қойы
4.Қаракөл қойы
5.Қазақы қойы
Шағын топтар деректі тыңдап, өздерінің білетін қой түрлерін әңгімелейді
3 мин
Рефлексия бөлімі
Сабақты бекіту
Кері байланыс
«Ой қозғау» стратегиясы
Қойдың пірі қалай аталады?
Қойдың төлдерін жасына қарай қалай атайды?
Қойды қалай күтіп-бағу керек?
Қойдың топтасып жүруін қалай айтады?
Әр топ берілген сұрақтар бойынша жауап береді.
2 мин
Сабақты бағалау
Топтар бірін-бірі бағалайды
Оқушылар әр топты жауаптарына қарай «Бағдаршам әдісі» арқылы бағалайды. Барлық қойылған бағалардан қорытынды баға шығады