kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тема Ана тілі ''Е?бек"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы: Е?бек

Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды жа?а та?ырыппен таныстыру.

М?нерлеп о?у?а, жат?а айту?а, бірлесе отырып е?бектенуге,д?птермен ?атесіз ж?мыс жасау?а ?йрету.

Е?бекті с?юге, еріншектіктен аула? болу?а ?йрету, ма?ал-м?телдерді? ма?ынасын ашу?а, ?йрету.

К?рнекілік : на?ыл с?здер, суреттер.

?дісі: топты? ж?мыс, с?ра?-жауап,т?сіндіру.

Т?рі: аралас  саба?

Саба?  барысы:

І. ?йымдастыру  кезе?і.

О?ушыларды  т?гендеп, саба??а дайынды?ын тексеру.

ІІ. ?й тапсырмасын тексеру:

«Тор?ай»?ле?ін м?нерлеп о?у?а, «То?ылда?» м?тінін о?ып келуге берілді.

О?ушыларды топ?а б?лемін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тема Ана тілі ''Е?бек"»

 1-сынып

Сабақтың  тақырыбы: Еңбек

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру.

Мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға, бірлесе отырып еңбектенуге,дәптермен қатесіз жұмыс жасауға үйрету.

Еңбекті сүюге, еріншектіктен аулақ болуға үйрету, мақал-мәтелдердің мағынасын ашуға, үйрету.

Көрнекілік : нақыл сөздер, суреттер.

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап,түсіндіру.

Түрі: аралас  сабақ

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі.

Оқушыларды  түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Торғай»өлеңін мәнерлеп оқуға, «Тоқылдақ» мәтінін оқып келуге берілді.

Оқушыларды топқа бөлемін.

І-топ:  «Талап»         ІІ-топ:  «Еңбек»

1-топқа: Торғай, жем  сөздеріндегі дауысты  дыбыстарды ата.

2-топқа: Тоқылдақты неліктен  «Орман емшісі» дейді?

Екі топқа да  Венн диаграммасын беремін.Өздері толтырады.

Сергіту  сәті:

Психологиялық  дайындық:

Ұзын  мұртты құмырсқа,

Келе  жатты  жұмысқа.

Көрді допты  жолдағы,

Олай шығып  қарады

Былай шығып  қарады.

Үлкен  тау  деп ойлады.

ІІІ. Жаңа  сабақ:

- Осы сергіту сәті не туралы балалар?

-Біз  құмырсқаны қандай жәндік деп білетін едік?

-Ұйымшыл, бірлесіп еңбек етеді.

-Қалай ойлайсыңдар, бүгін не туралы әңгіме  қозғаймыз?

-Еңбек.

- «Еңбек»  деген сөзді қалай  түсінесіңдер?

- Оқушылар  кезекпен шығып, өз ойларын тақтаға  топтастырады.

-«Топтастыру» стратегиясын  қолданады. Екі топтан да балалар шығып жазады.

ІҮ. Кітаппен жұмыс: Нұрхан  Жанаев  «Еңбек»

Екі топ та өлеңді түсініп оқып шығады. Жай дәптерлеріне дауысты дыбыс әріптерін қайталамай теріп жазады. Мысалы: ү,ө,і,е,ұ,ы,а,ә,и.

Ү. «Еңбек» туралы білетін мақал-мәтелдеріңді айтып  беріңдерші.

Қай топ көбірек айтса, сол топ көп ұпай жинайды.

ҮІ. Шығармашылық  тапсырма: 15-жаттығу.Екі топ та көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, өлеңді  мәнерлеп оқыңдар.

Ойын: «Кім жылдам?» Екі  топ та парақшаға дауысты дыбыстарды тез жазып береді.

ҮІІ. Мұғалімнің  «Анасы мен баласы» өлеңін оқып  беруі.

-Баланың  жауаптары сендерге  ұнады ма?

-Жалқаубай туралы тағы не білесіңдер?

- Сендер осы Жалқаубай сияқты болғыларың  келе  ме?

ҮІІІ. «Еңбек  неден  басталмақ?» өлеңін беремін.

Екі топқа екі шумақтан өздері мәнерлеп оқып шығады.

«Талап» тобына:

Еңбек  неден  басталмақ?

Еңбектенуден басталмақ.

Еңбектеді нәресте

Дәл  сол  күнді ал еске.

Ойнамаса жасында

Шынықпаса  басында

Қалай жігіт болады,

Өскенінде қасында.

 

«Еңбек» тобына:

Еңбек  жолы  баланың,

Дәл  сол  күннен басталар.

Бір ұланы даланың

Келешектен дос  табар.

Ойнамаса жасында

Шынықпаса  басында

Қалай жігіт болады,

Өскенінде қасында.

ІХ. Қорытынды:

-Сонымен балалар, баланың  еңбегі неден басталады екен?

-Ендеше, еңбектенуден бастау алған сендердің  ең басты еңбектерің не?

-Оқу, білім алу.

Ендеше сабағымызды Қазақ халқының біртуар ұлы, Халық Қаһарманы, Ұлы Отан Соғысының  Батыры  Бауыржан Момышұлы атамыздың  «Терлеп еңбек етпегеннің, тілегіне жеткенін көргенім жоқ » деген ұлағатты сөзімен аяқтаймыз.

Х.  Кері байланыс:

-Балалар, бүгін сабақ  ұнады ма?

-Несімен қызықты?

-Қай жері ұнады?

-Келесі сабаққа сенің тілегің қандай?

ХІ. Бағалау: Мұғалім бағаны өзі  қояды, бірақ талдап айтады.

ХІІ. Үйге  тапсырма:14-жаттығу. «Еңбек» өлеңін жаттау. Дауысты дыбыстарды жаттап келу.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Тема Ана тілі ''Е?бек"

Автор: Джумагалиева Рая Омаровна

Дата: 23.05.2016

Номер свидетельства: 329561


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства