Просмотр содержимого документа
«Тап?ыр достар (топтар арасында?ы білім сайысы)»
Құрметті: «Сайт» !
Ел ертеңі жас ұрпақты саналы тәрбие,сапалы біліммен қаруландыру мақсатында өз тәжірибелерімді сіздермен бөліскім келеді.Осы мақсатпен жіберіп отырған
«Тапқыр достар» сыныптан тыс шараны сайтқа жарияланса деген өтінішім бар
Құрметті редакция ұжымы, еңбектеріңіз әрдайым жемісті де табысты болсын!
Құрметпен, Теректі ауданы, Ақсоғым ауылы
Восход жалпы орта білім беретін мектебі
Хами Сандуғаш Беркінқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
«Тапқыр достар»
(топтар арасындағы білім сайысы)
Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай ынталандыру.Білім-білік дағдыларын байқап, өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытып, білімге деген қызығущылықтарын арттыру. Жан-жақты қырынан танып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, өзгені тыңдай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: танымдық ойын сабағы
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі, дүниетану, ағылшын.
Барысы: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар- халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Болашақтың бастауы- балғын шақты балалар. Оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін,шындайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын, 3-4 сыныптар арасында өткелі отырған
«тапқыр достар» атты сайысымызды бастаймыз. Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батыл.
Ал оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салайық.
Білімділер шықпақ ортаға,
Қол соғып қарсы алайық.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ,
Азаматын өзара күрестірген.
Ақыл –тон аңдағанда тозбайтұғын
Білім- кен қанша болса озбайтұғын
Қатарың оза шауып бара жатса
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын- деп, Тұрмағамбет Ізтілеуов ағамыз айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған, білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыз. (3-4 сынып)
Сәлемдесу- игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі!
Келесі сөзді оқушыларға береміз. Оқушылар өздерін таныстырып, топтың атымен ұранын айтады.
Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің.
Таңдап баға беруге
Шақырайық төрге.
Шын жүйріктер сыналады жарыс та
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре, жақын ба, әлде алыспа- дегендей әділқазылар алқасын сайлауға рұқсат етіңіздер.
(Жылы лебіз )Күліп-қағып қолымды......
Оқушыларға сұрақ қою. Қандай арманың бар?............
Жылдың қай мезгілі:қыс
Қыс мезгілі: бейнебаян
Енді құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ойынымыздың шартымен таныс болыңыздар.
Сайысымыз 7 бөлімнен тұрады.
І. Бөлім «Кім көп біледі» сұрақтар қою
ІІ. Бөлім «Тіл өнері» (сыңарын тап ойыны)
ІІІ. Бөлім «Полиглот көп тілді маман» жұмбақ жасыру үш тілде.
ІV. Бөлім «Ата салтың- халықтық қалпың» ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді жаңғырту
V.бөлім «Іздеген жетер мұратқа» сұрақ- жауап (барлық пәндер бойынша)
VІ.бөлім «Логикаға жүйріксің бе?»
VІ.бөлім «Сегіз қырлы, бір сырлы»шығармашылық ізденіс
Оқушылар іске сәт!
І. Бөлім «Кім көп біледі?» Бұл бөлімде оқушылар қойылған сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай
3 сынып «Жасқыран»тобына Әдебиет пәні бойынша (ұраны)
1. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға? (Президент)
2. Қ.Р. – ның ұлтаралық тілі? (орыс тілі)
3. Біз қай мектепте оқимыз. (ВЖОББМ)
4. «Менің атым қожа»повесінің авторы кім? (Б.Соқпақбаев)
5. М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқып бер?
6. Қазақтың билері кімдер?(Төле, Әйтеке, Қазбек би)
7. Дала аруы атанған өсімдік? (жүгері)
8. Көне заттарды сақтайтын орын? (мұражай)
9. Тұңғыш рет қазақ әнін шетелге орындап күміс жүлде алған әнші( Әмірбек Қашаубаев)
10. Арабиядағы қасиетті бас қала? (Мекке)
11. Жабайы аңдарды өсіретін жер? (қорық)
12. Ұя салмайтын құс?(көкек)
13.Қай жылы Қазақстанда Халықаралық ЭКСПО көрмесі өтеді. 2017ж. Тақырыбы: Болашақ энергиясы
14. Қазақта тұңғыш дүние жүзінің чемпионы атанған палуаны (Қажымұқан Мұңайтпасов)
15. Оқушы жанының бағбаны (мұғалім)
4сынып «Жасқыран» тобына әдебиет, дүниетану (ұраны)
1. Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылығы халыққа жолдауы қалай аталды.(Нұрлы жол)
2. Вальс королі (Ш.Қалдаяқов)
3. Адамға ең қажетті жағдайлар (ауа, су, жарық, жылу, тағам)
4. Жердің формасы қандай? (домалақ, шар тәрізді).
5. Күнделікті тұрмыстағы белгілі пайдалы қазбаларды ата? (тас, құмсаз, әк, мұнай, газ, тезек, көмір)
6. Ас тұзының қасиеті (мөлдір, түссіз, суда тез ериді, дәмі ащы)
7. Балқаш көлінің жартысы неге көк, неге ақ (себебі жартысы тұз)
8. «Абай жолы» роман эпопеясының авторы (М.Әуезов)
9. Қара алтын (мұнай)
10. Бес арыс кімдер? (М.Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш. Құдайбердіұлы)
11 Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады?(көкжиек)
12. Ең кішкентай құс (колибри)
13. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге көшуі қалай аталады. (жел)
14. Қазақстанның ядролық ошағы болған қала (Семей)
15. Үкіметті кім басқарады (Премьер-министр)Кәрім Масымов
Ән «Ертегілер әнімен» орындайтын Айнара 4сынып
ІІ-бөлім «Тіл өнері»
І-топ
«Сыңарын тап» ойыны. Берілген мақалдағы жасырын сөздерді тауып, мақалды жалғастыр. Дұрыс жауапқа 1 ұпай
Сөз тапқанға .............................. (қолқа жоқ)
Республикалық балалар газеті қалай аталады? (ұлан)
73 (343)
Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім? (Абай)
Қазақ тілінде неше септік бар?
Терең сөзінің антонимі (тайыз)
Көбейтудің компоненттері
456 санын разрядтық қосылғыштарға жікте 4(жүзд, 5онд,6бірл.)
ҰБТ қандай сөз
Жапырақ қай кезде сарғаяды (күзде)
Еңүлкен және ең кіші төрт таңбалы сан (1000, 9999)
Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді. (жасыл)
Екі сабақтың ортасында не бар? (үзіліс)
Баға қоятын кітап (сынып журналы)
Студентке төленетін айлық (степендия)
Қазақстандағы ең терең көл (Байкал көлі)
Қ.Р. рәміздері (Ту,Елтаңба, Әнұран)
Біз қай елде тұрамыз. Қазақстанда
Сұрақ:Ту қай кезде көкке көтеріледі.
«Бейнебаян» «Қазақстан» «Галлерияға саяхат»
шығармашылық жұмыс Бәйтерек, Тудың суретін салу
Келесі кезекте Ән: «қуыршақ» 4 сынып
VІ.бөлім «Логикаға жүйріксің бе?»
Екі адам шахматты 2сағат ойнайды, әрқайсысы неше сағаттан ойнады.2с
Бес бұтақты ағашта бұтақ сайын бес алма, біреуін бер Омарға сонда қалмақ неше алма? (24)
11түйе,5жылқы
2сиыр, 2ешкі,
2қоян 3түлкі, Таба алмасаң бол күлкі (25)
5түйеқұс ұшып келеді, оның 2-ін аңшы атып алады, нешеуі қалады(түйеқұс ұшпайды)
Бір жанұядағы 5ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6 бала)
Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмеген соң жанып кетті.)
Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15)
1тонна мақта ауырма, 1тонна темір ауырма? (екеуі бірдей)
«Сиқырлы бейне» слайдта. Екі шырпыны ауыстырып сиырды қалай артқа қаратуға болады?
Сергіту сәті бейнебаян Ұлытау тобы
V-бөлім «Сегіз қырлы, бір сырлы»
( сұраққа жауап беру арқылы тапсырма орындау)
«Автор орындығы» әдісі
Өзіне ұнаған шарды таңдап сұрақтарға жауап беру
Ребустар,
Сөзжұмбақтар шешу
Шаш үлгісі
Тілектер, 8наурыз сыйлықтар жасау
Жарнама, жақтаушы, даттаушы
Қазылар алқасының шешімі:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Би: Ұлдар тобы
Қорытынды: марапаттау,сыйлықтар тапсыру, әділқазыларға сөз беру.
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар
Білімменен аспанға жол салынар- дей отырып, бүгінгі «тапқыр достар» деп аталатын сайысымызды аяқтаймыз.
Восход жалпы орта білім беретін мектебі
(3-4 сыныптар арасындағы топтық сайыс)
Өткізген:бастауыш сынып мұғалімі:
Хами Сандуғаш Беркінқызы
2014-2015 оқу жылы
«жорға»
Шарты: Екі командадан да екі оқушы қалып, өзінің командасын сұраққа жауап беру арқылы қорғап шығады. 1- минут уақыт беріледі. Сұраққа нақты дұрыс жауап берген оқушыға 10 ұпай беріледі. Қай команда көп жауап беріп, ұпай жинаса сол команда жеңіске жетеді.