kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: Ана- г?лі ?мірді?.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Ана- г?лі  ?мірді?.

Ж?ргізіуші:

Конец формы

Начало формы

Ана деген – ?лы есім! О, Ана! Неткен ?лы есім е?!  Мін ба?пай ?рпа? ?сірген. Бар ?атені кешірген, Жасайды м??гі аруана Жал?асып тарих к?шімен. Асаудай асыл бейнесі, Кетпейді адам есінен. Баласын басса бауырына, Н?р там?ан а? т?сінен. Барма?тай жат?ан ба?ытты Арты? к?рген ?зінен. Сен дегенде к?сілем. Сен дегенде шал?имын, Болаттай жанып, бал?имын. О, Ана! Неткен асыл т?л?асы?! ?иын кезде м??дасым, ?уанышты с?ттерде ?зі?сі? та?ы жырласым. О, Ана! Мейірімді жан еді?! Бір ?олы?мен бесікті, Бір ?олы?мен ?лемді, Тынышты? ба?ып тербеді?.  Аз ?ызы??а м?з бол?ан, Айналайын, ана жан.

 ??рметті ?стаздар,А?жаулы?ты  ажелер,Аяулы аналар  б?гінгі  Ана-г?лі ?мірді? атты ашы? т?рбие са?атымыз?а  ?ош келді?іздер.

Асыл анам, н?р шаш?андай келбеті?, Сенсіз басып ж?ре алам ба жер бетін? Бір ?олы?мен бала? жат?ан бесікті, Бір ?олы?мен ?лы ?лемді тербетті?. Ана, жаным, ж?ре берші ?асымда, Сен ?тпеген, б?лкім, осы асу ма? ?ркез ма?ан бата беріп жол н?с?ап, Айтатынсы?: «??лыным-ау, жасыма!».Кешір ана, ?ателессем кеше к?р, Біра? алыс кете к?рме ?асымнан.Аналарымыз  жайлы  та?па?тарымыз  назарлары?ызда

Аниса:

Анам мені? – аяла?ан а? г?лім
Анам мені? – ба?ытым мен шатты?ым
“Анашым” – деп бала? жырын арна?ан 

?р?ашанда естіген т?тті ?німді.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Ана- г?лі ?мірді?. »

№8 жалпы білім беру орта мектебі КММ







Тақырыбы:













Өткізген: Темирбекова Г С


Сыныбы: 0 «Б»


Уақыты: 04 03 2014ж





Мұнайлы ауданы






Тақырыбы: Ана- гүлі өмірдің.

Жүргізіуші:

Конец формы

Начало формы

Ана деген – ұлы есім! О, Ана! Неткен ұлы есім ең! Мін бақпай ұрпақ өсірген. Бар қатені кешірген, Жасайды мәңгі аруана Жалғасып тарих көшімен. Асаудай асыл бейнесі, Кетпейді адам есінен. Баласын басса бауырына, Нәр тамған ақ төсінен. Бармақтай жатқан бақытты Артық көрген өзінен. Сен дегенде көсілем. Сен дегенде шалқимын, Болаттай жанып, балқимын. О, Ана! Неткен асыл тұлғасың! Қиын кезде мұңдасым, Қуанышты сәттерде Өзіңсің тағы жырласым. О, Ана! Мейірімді жан едің! Бір қолыңмен бесікті, Бір қолыңмен әлемді, Тыныштық бағып тербедің. Аз қызыққа мәз болған, Айналайын, ана жан.

Құрметті Ұстаздар,Ақжаулықты ажелер,Аяулы аналар бүгінгі Ана-гүлі өмірдің атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Асыл анам, нұр шашқандай келбетің, Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін? Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті, Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің. Ана, жаным, жүре берші қасымда, Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма? Әркез маған бата беріп жол нұсқап, Айтатынсың: «Құлыным-ау, жасыма!».Кешір ана, қателессем кеше көр, Бірақ алыс кете көрме қасымнан.Аналарымыз жайлы тақпақтарымыз назарларыңызда

Аниса:

Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған

Әрқашанда естіген тәтті үнімді.

Айдос:

Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Бегзат:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің.
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.

Дәмелі:

Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

  1. Начало формы

Ақылбек:

  1. Конец формы

  2. Начало формы

Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған, 
Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.
Осынау дөңгелеңген дүниеде,
Жан АНАМ, кім бар сендей қымбат маған?!

  1. Конец формы

  2. Начало формы

  3. Конец формы

  4. Начало формы

Бегзат

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Жүргізіуші:

Әнсіз өткен мереке мереке ме?! Өміріміздің мәні болған әйелдер қауымына әуезді әнімізді әуелетіп таң атқанша салсақ, артық емес, сірә да. Өйткені, 8 наурыз иелері мынау жарық жалғанның ең әсем әндеріне толығымен лайықты, Ақынға шабыт үстеп, сазгерге сезім қосқан сүйікті анамыз бен әжемізге арналған танымал әндер сіздердің назарларыңызда!

Хорменен ән:Анашым

Жүргізуші:

Жақсылыққа Үйреткен

Жамандықтан шектейді

Ертегі айтып беретін,Әжеге ешкім жетпейді.

Әжелерге арналған тақпақтар.
Абзал

Мені жақсы көреді, 
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі, 
Маған айтып береді.
Жасұлан
Әлпештеген аялаған, 
Ақ сүт берген Әжетайым.
Сәлем жазып бүгін саған, 
Мейрамын мен құттықтаймын.

Райымбек:
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам, 
Жас балаша күледі. 

Әсемай: Озің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем?
Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем. 

Ержан:

Әжеме кетсем жұғысып,
Тапқандай болам сөз кенін.
Ертегін қызық ұғысып,
Тыңдаймыз көзбен көргенін.

Жансая.
Ниеті таза, сондай ақ,
Мейірім толы жанары.
Таппаса байыз жанды аяп,
Демігіп, қажып қалады.

Қоя ғой, қарғам, күнім деп,
Айналар жанды жылытып.
Қараса әжем күлімдеп,
Кетеміз бәрін ұмытып.

Жүргізіуші:

Мадақтауға тұлғаңды, Жалықпаймын қайталап. Дұрысымды асырған, Бұрысымды жасырған, Мен гүл болсам қырмызы, Сенсің ана – жайған бақ! О, Ана! Неткен байтақ едің сен! Жер анадайсың керілсең. Иен құшағың бірде тар, Бірде шексіз, бірде жар, Қасиетіңнен айналдым! Бұрымды шашың толқындай, Майланған өзен сияқты. Жанарыңа жас толмай, Бастаудан бойлап ол ақты, Кей кезде таңғы шықтардай, Тұрады мұңмен мөлдіреп, Кірпігіңе жармасып, Үзілейін деп үлбіреп. Ортада 0 «б» сынып оқушылары Хорменен ән: Ақ мамам.

Жүргізіуші:Балалардың орындауында «Асық ойыны».

Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
Алдарыңызға биші қыздарыңыз о «б» сынып оқушы Қыздарының орындауында анаға қазақша би.

О, Ана! Неткен қамқор жан едің! Білегіңді сыбанып, Әлденеге қуанып, Тынып таппай жүресің. Қабақты да шытасың, Жібек көйлек кепкенше, Сондай жайлы мінезің!

Ана туралы тақпақтар:

Маусымжан:

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Мұсылманбек:

Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Денера:

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сүндет:

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Айдана:

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Медеш:

  1. Конец формы

Конец формы

Начало формы

Конец форНачало формыАрманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Еламан:

О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!
Ана керек, о адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

Жүргізіуші:

Алдарыңызда биші балдарыңыз Ұлттық Қаражорға биіменен:

Жүргізуші:Ата –аналарменен ойын «Өз балаңды тап» ойыны Ата –аналарымызды,ортаға шақырамыз.

Ойынның шарты:Мен ата-аналардың көздерін байлаймын,ал ата-ана көп балалардың арасынан өз баласын табуы керек болады.

Жүргізуші:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан ана.

Ана туралы тақпақтар:

Мөлдір:

. Біз доспыз гүлдермен, 
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз. 
Абай:

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен 
Құрметті аналар.
Қалыш:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Арай:

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді 
Сыйлайды оны бар адам. 

Руслан:

Мен үшін не керек- бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

Қуаныш:
Әр сөзімді жаттаған, 
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам, 
Айналайын ақ анам!

Санжар
Айналайын анашым, 
әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.

Мейірбек:
Ақ қабақты анашым, 
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым. 

Жүргізіуші:

«Бауырсақ» ертегісі оқушылардың орындауында.



Жүргізуші:

Құшағыңа алдың сүйдің сен анам,

Ренжу жоқ барлық сөзің жанбалам,

Ыстық суық желге күнге тигізбей,

Асырап сақтап болдың анам баспанам.

Түнде тұрып түн ұйқыңды төрт бөлдің,

Тыныш ұйықтасындеп аз сөйледің азкүлдің,

Ыңырансам я қарынаш,я тоңған,

Екенімді ойламастан тез білдің.

Ақжаулықты әжелерімізді құрметтейік ,аяулы аналарымызды әлпештейік,сүйкімді апа-сіңілдерімізді ардақтайық, келесі кездескенше қош сау болыңыздар!












































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Та?ырыбы: Ана- г?лі ?мірді?.

Автор: Темирбекова Гулнур Сейлхановна

Дата: 18.05.2015

Номер свидетельства: 212826


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства