Я работаю в школе-лицее №1 учителем начальных классов.Оброзование высшее.Стаж работы 35 лет.Очень люблю свою профессию и горжусь ею.Кроме того воспитываю замечательных внуков.Хочу вырастить своих учеников образованными,честными и истинными патриотами своей Родины.Всегда нахожусь в тесном контакте с родителями.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың мақсаты:Ұстаздарды мерекелерімен құттықтау, үлкенді, ұстазды сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана, ұстаз оқушы арасындағы байланысты нығайту,оқушыға рухани тәрбие беру. Сабақтың түрі: әдеби- музыкалық бағдарлама Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу, тақырыпқа байланысты әндер айту Көрнекілігі: Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер, өлеңдер. Мұғалім сөзі: Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріміз - Ұстаздар күні де келіп жетті. Бүгін сол дәстүрлі мерекеге орай 4 «Ә» сыныбының оқушылары барлықтарыңызды шын жүректен құттықтау тілегімен, бәріңізге жақсы мерекелік көңіл- күй сыйламақ ниетпен өз өнерлерін көрсетпек. Ұстаз сөзінің ұғымы өте кең. Оның негізгі мағынасы:жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып,өзгені де бақытты етуге тәрбиелеу.Яғни ұстаз - адамдардың өмірге көзқарасын қалыптастыратын, айналасына білім-тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ойшыл тұлға. Тәрбие сағатын «Жарқын жүзді ұстазым» әнімен бастаймыз.
1-жүргізші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгін біз мұғалімдер мерекесіне жиналып отырмыз. 2-жүргізуші: Осынау ерекше есте қалатын жаңа оқу жылында қадірлі ұстаздар сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,отбасыларыңызға береке,шығармашылық табыстар тілейміз. 1-жүргізуші: Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер! 1-2-жүргізуші бірге: Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық Аяулы ұстаздардың мерекесін Барлығымыз қуанып қарсы алайық!
2-жүргізуші: Халқымыздың батыр ұлы Б.Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет,себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді» деп бекер айтпаған./1/ 1-ж: Мектептің басты тұлғасы, жүрегі –мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, Ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің Еңбегі орасан екенін баршамыз мойындаймыз. 1-о Ұстаздарым, биік тұлға байсалды, Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. Қуанышты жарқын тілек білдіріп Құттықтаймыз, ұстаздарым баршанды. 2-о: Үйретіп өмір ұстамын, Үлгілі іске нұсқадың Ақ көңіл іскер қашанда Ақылшым менің –ұстазым 3-о: Көзімдегі шырағым Ол – өзіңсің мұғалім Сенен жиған білім-нәр Нәрсені мол ұғамын. Зәулім де асқақ шынарым Жүрек жылы жыр-әнім. Ән: «Ұстазым» (Д.Қырықбаеваның орындауындағы ән)/2/ 4-о: Тек биіктер шығарым Ақылшы бек мұғалім Жаныма серік еткенмін Білімнің қайнар бұлағын. Кеңейтіп сана түлеткен, Өшер ме есімің жүректен? 5-о: Құйылады жыр ағын Көптен дара пырағым Құтты болсын мерекең Заңғар тұлға мұғалім! 1-ж:Мұғалім – барша мамандықтың көш бастаушысы,мәртебелі мамандық. Мұғалім сөзіне талдау жасап көрелік! М - мейірімді Ұ- ұлағатты Ғ- ғазиз А- ақылды Л- лайықты І- іскер М- маман 1-о: Білімнің кәусәр бұлағын, Жүресің құйып санама, Біз үшін сенсің-мұғалім, Ұстаз да,ғалым дана да.
Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.
2-о: Шәкірттерін азамат қып саналы Ұстаз-ана , дана бола алады Ең бастысы ұстаз мына өмірде Ұлағат боп, ұлылық боп қалады
Ұлы өмірге жетелеп, Ашқан білім есігін. Құрметтеік мәпелеп, Ұстаздардың есімін.
3-о: Мұғалім,ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым Ұланың бүгін тойыңда, Арнайды саған бұл әнін. 1-ж: Көріністі тамашалаңыздар! Мұғалім: Ертеде бір ханның жалғыз қызы қатты ауырып қалыпты. Қызын емдеп жазған адамға ат басындай алтын беремін деген хан бұйрығын естігендер жер-жерден келіп қызды емдемекші болады. Бірақ ешбірінің емі қыздың дертіне дауа болмайды. - Биші де келеді - Күйші де келеді - Әнші де келеді - Дәрігер де келеді - Бұл хабар ұстаздар еліне де жетеді. Әліппесін құшақтап ұлағатты ұстаз келеді. Ол қызға іші ілім-білімге толы әліппе оқулығын ұстатып, 42 әріппенен таныстырып, «оқу» атты жарық дүниенің есігін ашады. Міне сол уақыттан бері мұғалім адамзат баласына саналы да сапалы білім беріп, жан-жақты дамытып,жақсы қасиеттерге тәрбиелеуде. Екеуі қосылып «Үйретеді мектепте» /3/ әнін орындайды. 2-ж: Құлақтан кіріп бойды алар, Тәтті ән мен жақсы күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай,әсем әндер адамның көңілін көтеріп, бойға қуат береді. «Ұстазым менің ұстазым» әні орындалады./2/ 1-о: Әр адамға құрметпенен қараған Өз бойынан мол ізгілік тараған. Талап пенен тәртіпті тек ту етіп, Осы өмірге мұғалім боп жаралған. 1-ж: Ұстазым екінші анам аялаған, Біздерден бар білімін аямаған, Оқысын,білім алсын,үйренсін деп, Таңертең күнде құшақ жаяды алдан. /4/ Ендеше ұстаз апайларға,яғни екінші аналарымызға келесі әнімізді арнаймыз. «Ана туралы жыр» сөзі: Ғ.Қайырбеков, әні:Ш.Қалдаяқов./5/
1-о: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, Өздеріңнен бастау алар бар арман./6/ 2-о: Жанымды менің жайнатып, Баураған өзің- мұғалім. Өзіңмен бірге таң атып, Өзіңмен бірге шығар күн
3-о: Сабақтан еш қалмаймыз, Сонда гүлдей жайнаймыз. Ұстаздардан үйреніп, Биіктерге самғаймыз.
4-о: Білімін құйған санама, Ұқсайтын асыл анама. Мектептегі бар ұстаз, Лайық ең зор бағаға.
5-о: Ұстаз деген бір тұлға, Ең қадірлі мамандық. Мұғалімге, ұстазға Біз тілейміз амандық.
6-о: Ұстаздар - ұлттың тірегі, Ұстаздар - мектеп жүрегі Ұрпаққа жетер ұстазбен, Халықтың ұлы тілегі./7/
Оқушылар хормен: «Мұғалім ғазиз,мұғалім» әнін орындайды. Екеуі хормен: Қара сөздің дауылы, Құрмет еткен ауылы Сыйымызға риза бол, Мұғалімдер қауымы!
Мұғалім: Қорытынды: Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн щуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы. Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын./8/ Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік сабағымыз аяқталды.