kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Досты?ты ба?алай білейік!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты мен міндеттері:

  1. О?ушыларды  достаса білу ж?не бір-біріне ??рметпен ?арау  икемділігіне т?рбиелеу;
  2. О?ушыларды? топпен ж?мыс жасау икемділігін дамыту;

Саба?ты ?ткізу формасы:  ??гімелесу, топтарда?ы шы?армашылы? ж?мыстар, тест тапсырмалары, рольдік ойындар.

??рал-жабды?тар: плакаттар, ма?алдар, балалар сал?ан суреттер,  т?сті ?а?аздар, фломастерлер, д?птер пара?тары.

М??алімні? кіріспе с?зі: ?ымбатты балалар! Б?гін  біз «На?ыз досты? дегеніміз не?» та?ырыбы бойынша сынып са?атын ?ткіземіз.  Мен б?гінгі саба?ымызды В.Шекспирді? мына с?зімен бастауды ж?н к?рдім:                                                     На?ыз досы? ?асы?да,

Жа?сылы?та, ?иында.

Сен м??айса?, м??аяды,

Сен оянса?, оянады,

?ажет болса, с?ратпай-а?

?сынады к?мегін.

М??алім:

  • «Досты?» с?зін сендер ?алай т?сінесі?дер?
  • Оны ?алай ?абылдау керек?
  • Сендерді? на?ыз достары? бар ма?
  • На?ыз дос деген ?андай болуы тиіс?

О?ушылар с?ра?тар?а жауап береді.

М??алім:

«Досты?» деген ?андай тамаша с?з! Оны айтса? бірден онымен ойнау, жа?а кітаапты бірге о?у немесе бірде?е жайлы ??пия?ды айту ?ызы?ты болатын досы?ды еске аласы?.

Дос – сені? с?йікті кітабы?, дос – сені? ана?, дос – сені білім ??пиясына  жетелейтін ?стазы?, дос – ??ла?ы ж?лынып жатса да са?ан к??ілсіз бол?ан кездері айт?андары?ды тырп етпей ты?дайтын ойыншы? аюы?.

Та?тадан ?здері?  к?ріп отыр?ан ма?алдарды шетінен талдап к?релікші:

  • Адал дос мы? ?ызметшіден арты?.
  • А?аш – тамырымен, адам – досымен мы?ты.
  • Дос ізде, тап?ан досы?ды ба?алай біл.
  • Досты? орманнан тауып алатын жа??а? емес.
  • Ж?з те?ге? бол?анша, ж?з досы? болсын.

Ал сендер досты? жайлы ма?ал білесі?дерме?  К?не, кім айтады?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Досты?ты ба?алай білейік!" »


«Достықты бағалай біл»

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

  1. Оқушыларды достаса білу және бір-біріне құрметпен қарау икемділігіне тәрбиелеу;

  2. Оқушылардың топпен жұмыс жасау икемділігін дамыту;

Сабақты өткізу формасы: әңгімелесу, топтардағы шығармашылық жұмыстар, тест тапсырмалары, рольдік ойындар.

Құрал-жабдықтар: плакаттар, мақалдар, балалар салған суреттер, түсті қағаздар, фломастерлер, дәптер парақтары.


Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қымбатты балалар! Бүгін біз «Нағыз достық дегеніміз не?» тақырыбы бойынша сынып сағатын өткіземіз. Мен бүгінгі сабағымызды В.Шекспирдің мына сөзімен бастауды жөн көрдім: Нағыз досың қасыңда,

Жақсылықта, қиында.

Сен мұңайсаң, мұңаяды,

Сен оянсаң, оянады,

Қажет болса, сұратпай-ақ

Ұсынады көмегін.

Мұғалім:

  • «Достық» сөзін сендер қалай түсінесіңдер?

  • Оны қалай қабылдау керек?

  • Сендердің нағыз достарың бар ма?

  • Нағыз дос деген қандай болуы тиіс?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Мұғалім:

«Достық» деген қандай тамаша сөз! Оны айтсаң бірден онымен ойнау, жаңа кітаапты бірге оқу немесе бірдеңе жайлы құпияңды айту қызықты болатын досыңды еске аласың.

Дос – сенің сүйікті кітабың, дос – сенің анаң, дос – сені білім құпиясына жетелейтін ұстазың, дос – құлағы жұлынып жатса да саған көңілсіз болған кездері айтқандарыңды тырп етпей тыңдайтын ойыншық аюың.


Тақтадан өздерің көріп отырған мақалдарды шетінен талдап көрелікші:


  • Адал дос мың қызметшіден артық.

  • Ағаш – тамырымен, адам – досымен мықты.

  • Дос ізде, тапқан досыңды бағалай біл.

  • Достық орманнан тауып алатын жаңғақ емес.

  • Жұз теңгең болғанша, жүз досың болсын.



Ал сендер достық жайлы мақал білесіңдерме? Кәне, кім айтады?



Рөлдік ойын

Мұғалім: Енді біқ ойын ойнаймыз. Ол «Менің адал досым» деп аталады. Сендер топтасып отырғандарыңды көрдіңдер ғой, демек ойын топтық болады. Әрбір топқа бір оқиға ұсынылады, олар ол жайлы әңгімелеп беруі тиіс.

1-оқиға: Сен досың екеуің керісіп қалдыңдар. Бұл жағдайды жанжалсыз қалай шешер едіңдер?

2-оқиға: Сыныптастарыңның біреуі ауырып, көптен бері мектепке келе алмай жүр. Оған қалай көмектесер едіңдер?

3-оқиға: Сендерге бір адам ұнап қалды. Онымен танысуды қалай бастар едіңдер?

4-оқиға: Егер ең жақын досың сені сатып кетсе, сен не істер едің?


Шығармашылық жұмыс. Топтарға 5-7 минут ішінде достық эмблемасын жасауға тапсырма беріледі. Өз эмблемаларың газет журналдарда, халықаралық басылымдарда немесе мектеп жалауында басылады деп есептеңдер. Жасап болғаннан кейін әркім өздерің «Достық» эмблемасын қорғайды.


Мұғалім: Ал енді сендер бірқатар тест сұрақтарына жауап берулерің керек.


«Маған ұқсамайды» тесті


Тест сұрақтары соншалықты қиын емес. Дегенмен... өздеріңнің қандай нәтиже алатындарыңды тексеріп көріңдер.


  1. Сен тәрбиесі нашар құрдасыңмен достаса алар ма едің?

А. Ешқашанда

Б. Әрине

В. Ешкім білмесе, достасқан боларп едім.


  1. Саған ақыл айтқысы келген қарт адамдарға қалай қарайсың?

А. Тыңдаған қалыр танытамын.

Б. Ақыл айтып мазамды алмаңдар деймін.

В. Егер пайдалы бірнәрсе айтса, тыңдауға да болады.

3. Сені өзің жек көретін баламен бір партаға отырғызып қойды.

А. Ол өзі менің қасымнан қашып кететін жағдайға жеткіземін.

Б. Амал қанша, отырғызса, отырамыз.

В. Оған басқа көзбен қарауға тырысамын. Мұмкін мен білмей жүрген бір қасиеті бар шығар

  1. Бір елдің адамдары тек бір тілмен сөйлесуі керек дейтін пікірмен келісесіңдер ме?

А. Әрине

Б. Барлық тілдің де өмір сүруге құқығы бар деп санаймын.

В. Маған бәрібір

  1. Фин тілінде «Хува пайва» «Сәлем» дегенді білдіреді. Дауыстап айтып көріңдерші. Ай та алдыңдар ма? Ұнады ма?

А. Жаман естіледі

Б. Кәдімгі сөз

В. Маған оның керегі не? Маған өз тілім де жетеді.


1-Б. 2- В. 3- В. 4- Б. 5- Б


Өзіңе ұқсамайтын жандарға төзімділікпен қарау дамығандықтың белгісі. Құттықтаймыз! Сен өзгелермен оңай тіл табысасың, өзгеше жандарды тез қабылдайсың. Мұны түсінгенің жақсы.






1-В. 2- А. 3- Б. 4- В. 5- А







1-А. 2- Б. 3- А. 4- А. 5- В

Сенің кемшіліктерің - күдік-күманшілдік, сенімсіздік, оқшауланушылық. Басқа нәсілге басқа діни сенімге, басқаның пікіріне жақтармай қарау. Бұл жағынан адамзат қаншама қателіктерді басынан өткізген. Қай жолда тұрғаныңды ой елегінен өткізгенің жөн.








Мұғалім: Қымбатты балалар! Бүгін біз достық туралы шынайы әңгіме өткіздік. Енді сендер достаса білу керектігін, оны үйренуге болатынын білдіңдер. Расул Ғамзатовтың мына өлеңіне құлақ түріңдер:



Достарыңды сақтаңдар

Қастық пенен достықтың бағасын біл,

Бір – ақ сәтте бас тартуға асықпа.

Әлсіздікке бой алғызып бір сәттік,

Дос алдында батып қалма күнаға.

Қателесер досың дағы адам ғой.

Сөз ауыздан шығып кетер байқаусыз.

Басын иіп, кешірім сұрап келгенде,

Бетіне баспай, қателігін байқарсыз.

Құдай үшін өтінерісм сендерден

Жақсылықты аямаңдар достардан.

Дос дегенің жолда жатар жан емес,

Қайткенде де достарыңды сақтаңдар!


Сабақ соңында достық туралы өлеңдер оқылады.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма: «Екі дос» тақырыбына шағын эссе жазу


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты "Досты?ты ба?алай білейік!"

Автор: Бекет ?азиза Бахытжан?ызы

Дата: 25.04.2015

Номер свидетельства: 205696


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства