kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты:Дін -имандылы? айнасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а  діни секталар, діни ?йымдар мен партиялар туралы а?парат беріп,

ислам мен ислам?а ?айшы ?рекеттерді ажыратуда ?осымша м?ліметпен ?аруландырып, имандылы? т?рбиені? ма?ызын т?сіндіру,

т?рлі діни секталарды? арбауына ж?не ?гіт-насихат жетегіне т?спеуіне ынталандыру,

топта ?з ойын еркін білдіруге, ?згелерді? пікірін ты?дау?а, сол ар?ылы ?зіндік талдау жасау?а бейімдеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты:Дін -имандылы? айнасы »

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж






Тақырыбы: Дін –имандылық айнасы

Мақсаты: Студенттерге діни секталар, діни ұйымдар мен партиялар туралы ақпарат беріп, ислам мен исламға қайшы әрекеттерді ажыратуда қосымша мәліметпен қаруландырып, имандылық тәрбиенің маңызын түсіндіру, түрлі діни секталардың арбауына және үгіт-насихат жетегіне түспеуіне ынталандыру, топта өз ойын еркін білдіруге, өзгелердің пікірін тыңдауға, сол арқылы өзіндік талдау жасауға бейімдеу.

Түрі: дөңгелек үстел

Әдістері: миға шабуыл, сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: плакаттар, кітапшалар


Барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші: Басқа елдерден келген діни конфессиялардың Қазақстанға үгіт-насихат жұмыстарын жасаудағы мақсаты не? Қазақстандағы ұлттарға қажеті бар ма? Олардың іс-әрекеттері мемлекеттің заңдарына қайшы емес пе? Жастардың болашағына, мемлекеттің қауіпсіздігіне, саяси тұрақтылығына нұсқан келтірмей ме? Міне, осындай сұрақтар кез келген азаматтың, елдің қамын, болашағын, мемлекеттің тұтастығын ойлаған саналы тұлғаның ой толғандыратын мәселесі.

- Сіздің ойыңызша, діни секталардың іс-әрекеттері нені көздейді? Оның адам тағдырына зияны бар ма? (Студенттер өз ойларын білдіреді)

Жүргізуші: Кез келген партияның, саяси ұйымның, діни ұйымдар мен бірлестіктердің, конфессиялардың белгілі бір мүддесі болады. Шартты түрде діни секталардың іс-әрекеттерін екі түрге бөлуге болады:

  1. Санаға шабуыл жасауды мақсат ететін діни секталар;

  2. Белгілі бір мүдде үшін әрекет ететін діни секталар.

Діни ұйымдардың үгіт-насихат жасап, жастарды өз арбауына, шырмауына түсіріп, санасын улауы, отбасының бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл халықты араздастыру мен араңдату болмағанда не?

Екіншіден, кейбір діни секталар мемлекеттің тұрақтылығы мен тұтастығына нұсқан келтіреді. Мысалы, ХХ ғасырдың соңында пайда болған Ахмеди жамағаты мұсылмандарды тұтастай мұсылмандар емес, олар кәпірлер деп қарайды. Ал олардың іс-әрекеттерін кейбір газет-журналдар немесе бұқаралық ақпарат құралдары исламмен тікелей байланыстырады. Ал шын мәнінде, Ахмеди жамағатының іс-әрекеттері исламмен мүлдем сәйкес келмейді. Міне, олардың іс-әрекеттері нағыз ұлт араздығын тудыру, халықтардың берекесін кетіру болып табылады. Немесе, ХХ ғасырдың ортасында Палестинада пайда болған Хизб-ут-Тахрир (бостандық партиясы) партиясының өзін діни, саяси партия атап, ислам халифалығын құру идеясын үгіттеп, қарсыластарды дұшпан, кәпір деп атап, өзін жанкешті құрбан етуді жихад санауы да исламның принциптеріне қайшы әрекет. Себебі ислам догматикасында дінде зорлық жоқ деп қарастырады. Ал өзін-өзі өлтіру үлкен күнә (айып іс) деп есептеледі. Осы үндеулер халықтардың берекесін кетіріп, қоғамда діни араздықты тудырып, ұлттардың ар-намысын қорлайтын белгілерді көруге болады.

Біз тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді мәңгі ұмытпауға, оны әрдайым есте сақтауға міндеттіміз. Басқа діни секталардың арбауына түсіп, өз дінін өз Отанын сату деген сөз. Өйткені дін біздің рухани болмысымыз, бүгінгіміз бен ертеңіміз және болашағымыз. Біз түрімізбен қазақ емес, керісінше, тілімізбен және салт-дәстүрімізбен қазақпыз.

Діни секталардың арбауымен алдануынан сақтану шаралары халықтардың ынтымақтастығы, ауызбіршілігі, мемлекеттік ішкі қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін жасалады. Бұл бір адамның немесе бір мемлекеттің жасайтын ісі емес. Діни секталардың арбауы мен шырмауына түсіп қалмас үшін оның алдын алу қажет.

- Сіздің ойыңызша, қандай алдын алу жұмыстарын жүргізу керек? (Студенттердің пікірі тыңдалады)

Жүргізуші: Сіздердің айтқандарыңызға қосымша ретінде айтып өтсем, діни секталарды тіркеуге алу Әділет министрлігі, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары, құқық қорғау органдары, жергілікті әкімшілік, жоғары оқу орындары, мектеп, ата-аналар жастардың діни секталардың арбауына түспес үшін мынадай шаралар жүргізу керек:

Біріншіден, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы діни секталарға қарсы мешіттерде халыққа ақ пен қараны ажыратып, діни секталардың шынайы бет-пердесін ашып беруі, діни басқармада және әрбір облыс мешіттерінде діни-танымдық газет-журналдар ашуы, 1-2-3 айлық жастардың діни сауатын ашу курстарын ұйыдастыру;

Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдары діни секталардың заңсыз және жағымсыз іс-әрекеттерін халыққа дер кезінде және шынайы түрде баяндап отыру, беделді дінтанушы ғалымдарының діни мәселелер, имандылық тақырыптарындағы бағдарламаларын ұйымдастыру;

Үшіншіден, әрбір жоғары оқу орындарында университет, ұжым болып, діни секталардың ланкестік іс-әркеттеріне қарсы семинарлар, дәрістер ұйымдастыру;

Төртіншіден, мектептерде мектеп ұжымы, сынып жетекшілері де жас буынға дін негіздері, имандылық, әдеп сабақтарын жүргізу;

Бесіншіден, әрбір ата-ана баласын күнделікті қадағалап, тәртібіне, сабағына, жүрген ортасына, қандай іспен айналысып жүргеніне мән беруі, имандылық пен ибалылықты жастайынан бойына сіңіруі қажет.

Сонымен қатар, «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес республикада білім беру мен тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі діни бірлестіктерден бөлінген және рухани сипатта болады. Ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар балаларын дінге баулу бойынша мәжбүрлеу шараларына жол берілмейді. Баланы дінге тәрбиелеу оның тәндік, психикалық саулығына және имандылық рухында дамуына залал келтірмеуге тиіс.

Дін туралы заңның 3-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкімнің де өз діни сенімдерін себеп етіп азаматтық міндеттерін атқарудан бас тартуға қақысы жоқ.

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың діни дүниетанымына негізделген тәрбиеге араласпауға, білім беру, тәрбиелеу ұйымдарының және өзге де мекемелердің шегінен тыс жерлерде баланың қатысуымен діни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, оның құқығын бұзатын және жауапкершілігін шектейтін жағдайларды қоспағанда, кепілдік береді деп көрсетілген.

Осыған байланысты, білім беру жүйесін діннен бөлу және оқушыларға арналған бірыңғай мектеп киімін кию қандай да бір жағдай болмасын кемсітушілікке әсер етпейді, өйткені бұл талап қай дінге сенгендігіне қарамастан барлық оқушыларға бірдей қойылады.

Намазға жығылу діни рәсімге жатады. Дін туралы заңның 12-бабында намаз оқитын жерлердің тізімі берілген. Бұл тізім кең талқылауға жатпайды.

Көрсетілген тізімде намазға жығылу рәсімі өтетін жер белгіленбеген, білім беру ұйымдарында намазхана бөлмелерін ашуға рұқсат етілмейді.

Мемлекеттік ұйымдарда бұл тыйым «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 2-тармағында көрсетілген.

Аталғандарды ескере отырып, осы мәселелер бойынша білім беру ұйымдарында оқушылар, білім алушылар, студенттер, ата-аналар және оларға теңестірілген тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын өткізу қажет.

ІІІ. Қорытынды

Жүргізуші: Қазіргі таңда басқа діни секталарына өтіп кеткен жастар көп. Айталық, Иегова куәгерлері, баптист, Ахмеди жамағаты, Хизб-ут-Тахрир партиясы сияқты ағымдарды айтуға болады. Мұны жастардың діни сауатының төмендігінен, іргетасты білімнің жоқтығынан, ой-өрісінің тарлығынан деуге болады. Сол секталарға өтіп кеткен жастарды ауыл болса, ауыл ақсақалдарын, қала болса, дінтанушы ғалымдарды, мешіт имандарын шақырып, олармен сұхбаттасып, нақтылы дәйектермен дәлелдеп, алған бетінен қайтуды өз санасымен мойындап қабылдату керек. Сондықтан адамның санасын уландыратын діни секталардан аулақ болып, олардың арбауына түскен жақын адамдарыңыздың көзін ашып, болашақта өз тіліңізді, салт-дәстүріңізді, дініңізді көркейтетін шағын жұмыстарды атқаруға бейім болыңыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды! Қатысқандарыңызға рахмет!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты:Дін -имандылы? айнасы

Автор: Сабирова Айнагул Базарбаевна

Дата: 19.05.2015

Номер свидетельства: 213478


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства