Просмотр содержимого документа
«Т?рби е са?аты "1 мамыр ?аза?стан халы?тарыны? бірлігі к?ні". »
Сабақтың тақырыбы:1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
Сабақтың мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін балаларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер. Сабақтың барысы: Тәрбиеші: «Бірлік бар жерде бақыт бар» «Ынтымақ-достық кепілі» Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз. Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,бірлесе еңбек етіп келеді.Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады.Бүгінгі жиналған ұлт өкілдері өздерінің бірлік, достық мерекесін тойламақ. 1 – ші бала: Елтаңбасы елімнің Неткен әйбат әдемі. Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі. Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым- жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр. 2 –ші бала: Жарасқан байрақтың мәні бар, Көк аспан,күн- қыран сәні бар. Көк байрақ ашық күн кеңісім, Алтын күн белгісі жеңістің. Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы.
3 – ші бала: Заман жаңа,ел жаңа, Күлімдейді кең дала, Өз Астанам- өз Ордам, Сүйенерім сен ғана ! Далам! Кең –байтақ.Сондықтан ғой,күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда- «Ұшса құстың қанаты талады,шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы толғаған.» 4- ші бала: Көрікті өлкеме қарашы, Тізілген орман- тау, қаласы. Алтай мен Атырау арасы, Қазақтың кең- байтақ даласы.
5 –ші бала: Ақ қара деп алдымен, Елім бөлмес адамды, Дәстүр, өнер, салтымен Таңқалдырған ғаламды. 6 –ші бала: Жырласа қазақ, түркімен, Молдаван,тәжік үн қосқан. Дос жүректер біріккен, Мейірлері жарасқан. 7- ші бала: Тыңда, тыңда, тыңда мені, Ұлы жұртым орыс халқым. Сен тербетіп өсіргенсің, Сенің даңқын, менің даңқым. 8-ші бала: Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын, Украина туысымның бірісің. Тұрды биік туымыздай бұл достық, Ел басына төнгенде де ұлы сын. 9- ші бала: Қадірменді бір досымыз- өзбегім, Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім. Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің, Өз көзімдей күлімдейді көздерің. Дәм тұзымыз араласпыз әріден, Дастарқандар жайылады сәнімен. Палауыңмен бесбармағым сыбайлас, Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен. 10- ші бала: Достық бізге тым ыстық, Бірлік – байлық, ырыс – құт. Жарқырасын күніміз, Жаса, жаса тыныштық
Хор: «Достық» әні
Хормен: Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз. Ортақ болсын асар тау, Жеміс толы бақша- бау. Болсын жер мен су ортақ, Болсын бізге ну ортақ. Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз!
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ
«Балдәурен» шағын орталық тобы I топ
Тәрбие сағаты:
Тақырыбы: «1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі» күні.