Просмотр содержимого документа
«Сынып са?атыны? жоспары " Дені сауды?-жаны сау"»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
«№32 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау».
( ашық тәрбие сағаты)
Өткізген: Біліктілігі жоғары бірінші санатты
бастауыш сынып мұғалімі Аскарова А.К
Өскемен қаласы, 2016
Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау». Тәрбие сағатының мақсаты:
Жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы! Бүгінгі «Дені саудың – жаны сау». сайысына қош келдіңіздер! Біз, бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең 21 ғасырда өмір сүріп отырмыз. Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі керек. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы ж/е жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек. Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтауға арналады. Топтарды таныстыру: 1 - топ – «Шымыр» тобы – « Шынықсаң шымыр боласың».
2 - топ – «Сымбат» тобы – «Сымбатты болу қолыңда» Өнерлеріңді салыстырып, өздеріңді жарыстыратын, қазылар алқасымен таныстырып қояйық
1оқушы
Мәңгі бақи есте қалар, қызықты бір ойын болсын, Білімдірек шәкірт озар, сұрақтары қиын болсын.
Бәйге сайысы.Қай топ бірінші қолын көтереді, сол топ жауап береді. 1. Пайдалы тағамдар /айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз/. 2. Пайдасыз тағамдар /фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока – кола/. 3. Зиянды әдеттерді атаңдар?/темекі шегу, қолды аузына салу/. 4. Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама неше алтын, неше күміс, неше қола жеңіп алды? /7 + 1 +5/ 5. Қазақстанның әуесқой боксшысы, Лондон Олимпиядасының чемпионы, алтын жүлдегер кім?/Серік Сапиев/ 6. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық кім? 7. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? /көкпар, қыз – қуу, асық ату, аударыспақ/. 8. Қазақтың ұлттық тағамы (бесбармақ) 2.«Тұжырымдамалық карта»
Денсаулық сөзіне топтастыру жасау. Денсаулық деген не?
Оқушылар әңгімесі.Адам денсаулығы, денсаулық туралы білетіндерін ортаға салады.
Мұғалім әңгімесі.Өз өмірінің жарты ғасырын адамдарды табиғи сауықтыру идеясына арнаған П.К.Иванов туралы айтқым келеді.Ол адамдарға көптеген қолжазбалар мен бақылауларын қалдырды.Ол балаларға арнап 12 табиғи шынығу идеясын қалдырды.Олар мыналар:
1.Күніне 2 рет табиғи сумен шомыл.бойыңдағы теріс энергияны жерге ала кетеді,ұйқыдан оятады.
2.Қыста қарда жүріп үйрен,таза ауамен демалып,барлық адамдарға амандық тіле.
3.Темекі шекпе,ішімдікке әуес болма.
4.Тамақты уақытында іш.
5.Таза ауада қыдыр.
6.Жұртқа мүмкіндігінше көмектес,әсіресе жалғыз басты кісілерге.мүгедек жандарға көмегіңді шын көңілмен істе.
3. «Кім жылдам» ойыны. / қарындашпен астын сызу/ «Шымыр» тобы Денсаулыққа пайдалы факторлар. «Сымбат» тобы – Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар. Еңбек, еріншек, күн, жалқаулық, су, ауа, арақ, жеміс – жидек, насыбай, дұрыс дем алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналыспау, көп ұйықтау, ластық, дұрыс тамақтану, тамақты асығып жеу, қолды сабындап жу, дастарқан басында қисаймай түзу отыр, тамақтанып отырғанда сөйлеу, қасықты оң қолыңмен ұстау, күн тәртібін сақтамау, тамақтанып отырып сөйлемеу, ащы мен тұщы тағамдарды көп жеу. нан екі қолмен үзіп жеу, тамақтан соң аузыңды шәю, жеміс – жидектерді жумау, асқа бата беру.4.. 4.Жарнама сайысы «Дені саудың жаны сау».
«Шымыр» тобы: Мынау айран. Бұл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып алып ішкен тиімді. Әрі арзан, әрі дәмді. «Сымбат» тобы: Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Орбит алғанша, осы құртты сатып алған тиімді. «Шымыр» тобы: Мынау алма, кәмпит басқа да тәттілерді жегенше жеміс – жидектерді же. «Сымбат» тобы: бұл сабын. Бұл сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды. Бетті, қолды күнде жуып отыру керек. «Шымыр» тобы - Денсаулықтың тағы бір дауасы – таза ауа. Табиғат ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы көп. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан ауаның ластанбауына өз үлесімізді қосайық. «Сымбат» тобы - Денсаулық мықты болуы үшін ми демалысы – ұйқының орны ерекше. Адамға су, ауа, ас қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет. Дені сау бала тәулігіне10 сағат ұйықтауы керек. Бала күн сайын белгілі бір мезгілде ұйықтап, бір, бір мезгілде тұруы керек. 5. Ойын «Білек күрес». Білек күшін сынаймыз. Кім епті екенің сыныпта, Күштілер бар біздерде Төтеп берер тығырықта деп, оқушылар білек сынысады. Біреуінің жүрегінің түгі бар, біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар, Біреуінің күмбірлеген күйі бар, енді біреудің қатты істейтін миы бар. 6. «Тапқырлық» сайысы. Мақал – мәтелдерді аяқтау. 1. Денсаулық -........................ (зор байлық) 2. Тәні саудың -....................... (жаны сау) 3. Емнің алды -................................ (еңбек) 4. Тазалық – саулық негізі, саулық -................. негізі. (байлық) 5. Шынықсаң -..................... (шымыр боласың) 6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын............. ізде. (жол) 7. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса....... /аузыңды тый/ 8. Жан ауырса тән азады, қайғы басса жан...../азады/ 9. «...... қадірін ауырғанда білерсің» 10. «....... жасырған өледі» 7. «Жұмбақ сайысы». 1. Ертемен күнде сен, Қолыңды сүйкесең, Кетіп кір - ласың Тап – таза боласың Бұл не?(сабын) 2. Аузы жоқ, көзі жоқ, Тілі жоқ, сөзі жоқ. Бірақ та тісі бар Басыңмен ісі бар Бұл не?( тарақ) 3. Ақ қарда тек тұрмадым, қос тақтаймен зырладым. /шаңғы/. 4. Аяқтарым қалтылдап, қос тай міндім жалтылдақ. Шапса жұбын жазбайды, бір – бірінен озбайды. /коньки/ 5. Иілсең иіліп, Түйілсең түйіліп, Қарайды кісіге Ұқыпты ісіне Бұл не?(Айна) 6. Шомылған баланы Аймалап алады. Сипайды қолын да Сипайды жонын да Бұл не? (Сүлгі) 7. Бір атым бар, құлын болып тумаған. Құнан болып өспеген. /велосипед/ 8. Ұрып қалсаң кері атып, оралады өзіңе. Көрсең досы бері атып, қайтып барар өзіңе./ доп/.
Сонымен ден сау болу үшін мына шарттарды орындап жүрейік.
1.Ерте тұру.
2.орта тазалығын сақтау.
3.Үнемі денені таза ұстау.
4.Сергек жүру.
5.Артық тамақ ішпеу.
6.Спортпен шұғылдану.
7.Салауатты өмір салтын сақтау.
8.Зиянды нәрселерден аулақ болу.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтумен сабақ аяқталды.
Әділқазылар алқасы әр топтың әділ бағаларын беріп, марапаттайды.