kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып са?аты. Мені? Отаным - ?аза?стан

Нажмите, чтобы узнать подробности

І. ?йымдастыру кезе?і
Психологиялы? дайынды? (?зін-?зі тану п?німен байланыстыру)
«Шатты? » ше?бер:
Бір ша?ыра? астында,
?аза?станда т?рамыз.
Бірге сайран ??рамыз,
Бір ?йде біз т?рамыз.
      ??т, береке-ша?ыра?,
      Орын ал?ан ол т?рде.
      Билігім ?з ?олымда-
      Еркіндігім- Елімні?!   
М??алім: Бізді? Отанымыз-?аза?стан. Мемлекетіміз т?уелсіздік ал?алы ?аза?стан Республикасыны? жетістіктері ?суде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, е?семізді к?терген ?аншама ?лы о?и?алар бар. ?аза?стан Республикасы 1991 жылы16 желто?санда ?зіні? т?уелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы ?ткен жолдарымыз?а ?арасаа?, ?р жылды? ?з шежіресі, сыры, тарихы, ?асиеті бар. ?аза?станды мекендеген барлы? халы?тарды? ?лтты? м?динетін к?ркейтіп, бірлігі мен ынтыма?ын жарастырып отыр?ан ?лы елміз. Осы?ан орай «Мені? Отаным-?аза?стан!» атты т?рбие са?атымызды бастаймыз.
Жанерке; Армысыздар! ?адірлі де ?ла?атты ?стаздар.
?ош келіпсіздер б?гінгі т?рбие са?атына,
Бас иіп с?лем бердік барша?ыз?а.

Аяжан: Алдары?да жау?азындай ??лпыр?ан,
Біз ала?сыз бал?ын ша?ты балдыр?ан.
?ош келіпсіз б?гінгі т?рбие са?атына,
Би билеп, ?н де б?гін шыр?алар.

Айкен: Елімні? атын айтсам- ?аза?стан!
Жерімні? атын айтсам – ?аза?стан!
?ойнауы ?азына?ы тол?ан мекен,
Байлы?ымды айтсам-?аза?стан!

Медет: ?аза?стан –бабамнан ?ал?ан м?ра,
Сенбейсі?бе даламнан бар да с?ра.
Ел мен жерді д?шпан?а таптатпа?ан
Батырларым демесем болар к?н?.

Ляисан: Естігенде к?к аспанны? астында,
Тік т?рындар айтыл?анда ?н?ран.
Бар ?аза?ты? ?ніндей шары?та,
Шары?ташы, ?н?раным, шары?та!
Оны айту?а, жас ?лан, жлы?па.

?Н?РАН орындалады.
М??алім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
1-о?ушыАлина: Отан дегеніміз- адамны? туып- ?скен жері, ту?ан- туыс?андарымен, жа?ындарымен, бірге т?ратын атамекен. ?аза? елінде т?ратын адамдарды? Отан- ?Р-сы.
2-О?ушы Альбина: Бізді? Отанымыз-?Р-ны? жері ?те ке?. Жерінде тау да, жазы? та, ойпат та, ?арат та кездеседі. ?лкен-?лкен к?лдер, ?зендер бар. Республикамыз ?сімдікке, жануарлар?а, ?азба байлы??а бай.
3-о?ушы Айс?лу:   Осы ?Р-ны? жас ?ланы екенімді ма?тан етем. Оны? бай тарихын зердеме т?йіп, ерте?гі азаматыболу ?шін білім аламын, е?бек етемін. Кешегі тарих жолында елді? ел болуына ?ызмет еткен хал?ымызды? асыл ?лдарына ??сап ?семін.
4-о?ушы Ма?пал: Отаным мені? ке?- байта?, ?рі бай. Онда ?р т?рлі халы?тар т?рады. Олар бір-бірімен тату, дос. ?аза? хал?ы ешуа?ытта со?ыс тілемейді бейбітшілік ?шін к?реседі.
М??алім: ?аза? хал?ы с?з ?адірін білген, ?асиетті с?зді ?астерлеп, аузынан тастамай, ?неге ретінде данышпанды?ын, ?ле? ?рнектерімен ?рнектеп тере? ма?ыналы с?з ?нері ар?ылы, ?ле?-жырымен т?лім-т?рбиесін зор ойлар айта білген.?аза?ты? ма?ал-м?телдеріні? айтары- ?сиет, ?ла?ат, т?лім, парасат.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып са?аты. Мені? Отаным - ?аза?стан»

Күні: 01.09.2015

Сынып: 1 «Ә»

Мұғалім: Алиева Б.Қ.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: 
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; 
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Арал қалаларына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік:
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру)
«Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
      Құт, береке-шаңырақ,
      Орын алған ол төрде.
      Билігім өз қолымда-
      Еркіндігім- Елімнің!   
Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Жанерке; Армысыздар! Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Қош келіпсіздер бүгінгі тәрбие сағатына,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.

Аяжан: Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Қош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

Айкен: Елімнің атын айтсам- Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!
Қойнауы қазынағы толған мекен,
Байлығымды айтсам-Қазақстан!

Медет: Қазақстан –бабамнан қалған мұра,
Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә.

Ляисан: Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жлықпа.

ӘНҰРАН орындалады.
Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
1-оқушыАлина: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
2-Оқушы Альбина: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
3-оқушы Айсұлу:   Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
4-оқушы Мақпал: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген.Қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары- өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.
 Аружан: Отан деген- атамекен, Отан деген- туған жер.
               Отан – деген ана, пан,
               Қазақстан-туған ел.
               Отан- менің  ата-анам,
               Отан -досым, бауырым,
               Отан -өлкем астанам,
              Отан- аудан, ауылым.
Аида: 
               Отанды біз атамекен,
              Деп аялап атаймыз.
              Өйткені оны мекен еткен.
             Бабамыз бен атамыз.
             Отан –деген атамекен,
             Отан деген- туған жер.
            Отан- ана,
             Отан –үлкен
             Қазақстан  -туған ел.
Абдіғаппар:  Отан- атам,
             Отан -әкем.
           Осы сөзім қатемекен?!
            Қате болса,
            Неге біздер-
            Дейміз оны Атамекен?!

Нұрдаулет: Отан- әжем,
                Отан –анам!
              Туған ел деп,
               Туған жер деп,
              Ол бекерге аталмаған.
Ербол: Атам, әжем, әкем, анам-
           Төртеуіде Отан маған.
           Төртеуіде ботам дейді,
           Ер азамат атан дейді.
           Мақтанамын Отанымен,
          Отаныма ботамын мен.      
Ақниет:  Отан дейміз –от жаққан жерімізді,
              Отан дейміз- өсірген елімізді.
              Отан дейміз – туған жер, атамекен-
              Биік тау, ориан, тоғай, көлімізді.
              Отан дейміз- кең байтақ астананы,
              Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,
              Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
             Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

ІІ. Жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.
Балауса: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
Жаннур: 1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.

Қорытынды: Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген.
 -Кім мықты? – десе біреу «Отан» дер ем!
    (хормен)
Хормен ән «Балалық шақ»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сынып са?аты. Мені? Отаным - ?аза?стан

Автор: Алиева Бахжан Кудайбергеновна

Дата: 05.01.2016

Номер свидетельства: 272590


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства