Күні: 14.03.16 ж
Сыныбы: 2
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
1)Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы сын есімдерді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету, сауатты таза жазуға дағдыландыру;
2)Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын, өз-өздерін бағалауға қалыптастыру.
3)Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, топтастыру,
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, оқу-құралдарын түгендеу. Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Псиқологиялық дайындық:
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам бастаймыз.
Жұмбақ шешу
Қабат, қабат қапталған,
Ақыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (Кітап)
Кітаптарың дайын ба?
Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)
Дәптерлерің дайын ба?
Денесі бар шыбықтан,
Темір тұмсық құдықтан.
Сусын алып ішеді,
Ойы із боп түседі. (Қалам)
Қаламдарың дайын ба?
Білім мен тәлім,
Парақтап ашқанда
Беттерінен мәлім. (Күнделік)
2. Өткен сабақтарды қайталау.
Зат есім дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Зат есімнің түрлері?
Етістік дегеіміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Етітіктің түрлері
Сын есім дегеніміз не?
3. Сабаққа кіріспе:
Балалар қазір қай мезгіл?
Табиғатта қандай өзгерістер болады?
4. Жаңа сабақ:
Балалар ендеше күннің тапсырмасын орындайық. (417-жаттығу)
Өлеңді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.
Құшағы кең теңізден,
Аясында гүл бақтың.
Аппақ сүтін емізген,
Қымбаттысы қымбаттың –
Анам қандайжақсы адам.
Көктем мезгілінде бізге жылыжақтан нелер келеді?
Құстардың тапсырмасы: (екі топқа)
Сын есімдерді зат есіммен байланыстырып жаз: сұрақтар қой.
1 топ: жуас ..., биік ..., ұзын ..., адал ..., кең ... .
2 топ: таза ..., сұйық ..., жүйрік ..., жіңішке ..., семіз ... .
Сергіту сәті:
Интерактивті тақтадан музыка ырғағымен би.
Гулдердің тапсырмасы:
Әрбір гүлде жұмбақ жасырулы. Сол жұмбақтың жауабы болған сөзді сын есіммен байланыстыру.
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)
2. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп. (Қалам)
3. Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті. (қарбыз)
4. Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (ағаш)
5. Жеміс-жидек жегенім
Балды жақсы көремін. (аю)
6. Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)
7. Өткiр жүздi келедi,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледi,
Ұсақтап та тұрар ол. (пышақ)
8. Өзi ащы, бiрақ,
Дәмдi етер асты. (тұз)
Енді балалар гүлдермен тағы да нелер бүршігін атып, көгере бастайды.
Ағаштардың тапсырмасы. (инт.тақтада)
Ендеше балалар ағаштардың тапсырмасын орындайық. (екі топқа)
Сын есімдерді оқы. Оларды мағынасына қарай топтап жаз.
Ащы, ала, үлкен, кіші, дәмді, күрең, қатты, жуан, қызғылт, мықты, сұр, тәтті, жақсы, жіңішке,
тұзды, жұмсақ.
1 топ. Түсі: ала,...
Сапасы: жұмсақ,...
2 топ. Көлемі: жуан,...
Дәмі: тұзды,...
5.Бекіту.
Тауларлардан су ағады.
Таудың тапсырмасы. Ребус шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
1 топ.
2 топ.
6.Қорытынды.
Балалар біздер бүгін қандайтақырыпты қайталадық.
Сын есім дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Сын есім топтастыру. (интер.тақтада)
Сонымен балалар тақтада қай мезгілдің бейнесі пайда болды.
Көктемге байланысты сын есімдер айтайықшы.
7.Үйге тапсырма.
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз, сын есімдерді тап, астын сыз.
1. Өсіп тұр, гүлдер, аулада, қызыл.
2. Балды, аю, ұнатады, қоңыр.
3. Озып келді, ат, жирен, бәйгеден.
4. Қалаларда, метро, болады, үлкен
Бағалау.
Рефлекция. Күн мен бұлттар
Сабақ аяқталды.