Сыныбы: 2 |
Сабақ тақырыбы:Сөйлемдегі сөздердің байланысы |
Сабақтың мақсаты: | Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау.Дұрыс сөйлеу,сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыта отырып,таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу. |
Әдіс тәсілдер | Сұрақ-жауап,түсіндіру Әңгімелесу, оқу, талдау, тіл дамыту, шығармашылық – ізденушілік әдістері. |
Күтілетін нәтиже | Оқулықтағы жұмбақтардың шешуі заттың қимылын білдіретінін табу. Жаттығудағы өлеңде етістіктер берілгенін аңғару.Сөздердің алдына зат есімді қойып, сөйлем құрастыра білу. |
| Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Ресурстар, көрнекі құралдар |
4 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер?(Сәлем сөздің анасы.Сәлем беру де парыз, сәлем алу да парыз.Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 – тағы қария иіліп сәлем береді.)Мінеки, балалар, сәлемдесу де әдептіліктің белгісі.Біз сәлемдесу арқылы бір – бірімізге тек жақсылық пен қуаныш сыйлаймыз. Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, сәлемдесейік. | Бір-бірімен, мұғаліммен амандасады. Психологиялық дайындық Болашақтың гүліміз, Жарқын біздің үніміз. Достық, байлық мекені Біздің туған еліміз. | Суреттер, доп. |
6 мин | Үй жұмысын тексеру. Iтоп – Сөйлем дегеніміз не? ІІ топ – Сөйлем нешеге бөлінеді? Түрлері. ІІІ топ – Сөйлемнің түрлеріне қарай мысалдар келтіру. IV-топ Сызба бойынша сөйлем құрау | Ережелерін айтады.216-жаттығу. Әр топ өз сұрақтарына жауап береді | |
5 м | Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс. | 217-жаттығу.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жазады. | Оқулық |
8мин | Шығармашылық жұмыс. Шығармашылық диктант. | Екі сөзден тұратын сөзді үш сөйлем етіп жазады. 2-тапсырма Ауамен, біз, дем, аламыз.Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте.Үйдің, таза, ауасын, әр, уақытта, сақтаңдар.Жиі, терезе, тұрыңдар, ашып.Отырыңдар, жаңартып, ауаны. | |
2 м | Сергіту сәті | Дене қимылдарын жасайды. | Ноутбук |
8Мин | Дәтермен жұмыс. | 219-жаттығу.Берілген сөздерден сөйлем құрап жазады.220-жаттығу. Берілген сөйлемдерді сызбаға түсіріп,байланысын сызып көрсетеді. | Оқулы,плакат |
6 | Тестпен жұмыс | Тест жұмысын орындайды. | Ноутбук |
4 | Үйге тапсырма. | 221-жаттығу | |
2 м | Сабақтың қорыту кезеңі. - Бүгін сабақта не үйрендіңдер? -Бүгін тағы нені үйрендік? | Стикерге жазады. | |
3 мин. | Бағалау.Топ бойынша бағалау болады.Оқушылар бүкіл сабақ бойы әр оқушы қала Бір-бірін бағалайды. Қандай баға,неліктен қойғанын дәлелдеп айтады. | жауап берді,соған қарап |