Сөйлемнен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді және олардың байланысын тапқызу арқылы ойларын дамыту.
Ерлік, батырлық туралы түсінік бере отырып, патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың барысы:
I. Кіріспе бөлім.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы алған білімдері пысықталып, тақтаға төмендегідей кесте ілініп, қорытындыланады.
Сөйлемнің тұрлаулымүшелері
Баяндауыш
Бастауыштың іс, қимылын білдіреді
Не істеді? не қылды? қайтті
?
Негізі етістік және сын есім, сан есім, зат есімнен болады.
Бастауыш
Іс, оқиғаның иесін көрсетеді
Кім? кімдер? не? нелер?
Зат есім, есімдіктерден болады.
Осыдан кейін тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдері де пысықталады.
Тұрлаусыз мүшелерге қойылатын сұрақтар.
Сөйлемнен тұрлаусыз мүшелерді табу.
Мысалы: Арқарлар таудың (ненің?) ашық (қандай?) жерлерін (нелерін?) мекендейді.
II. Негізгі бөлім.
1. Оқулықтағы 1-2-3-4-жаттығуларын орындау. 2. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен керсету. 3. Әр жаттығуға берілген мәтіндерге байланысты ерлік, батырлық, достық, адамгершілік, еңбексүйгіштік туралы әңгіме өткізіледі.
III. Сабақты қорытындылау.
«Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға сөздерінің орындары ауысқан сөйлемдер жазылады. Оқушылар сөздерді ретімен қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.
Айтты әкесіне Қаныш әңгімені болған.
Жаңбыр айналды ақ жауынға.
Асау ұрды толқындар жағаны.
Дұрыс құрастырған сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, олардың байланысын сызбамен көрсету.