Ма?саты: Таби?и материалмен ж?мыс істеуге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру.
Міндеттері:
Білімділік:Балаларды? ?ыс жыл мезгілі,?ыс?ы ойындар туралы білімдерін бекіту.Керексіз ??рал*тая?шаларды*таби?и материал шишканы,ермексазды пайдалана отыра ша??ы теуіп келе жат?ан ша??ышыны? м?сінін жасай білуге ?йрету.
Просмотр содержимого документа
«Ша??ышы (таби?и материалды пайдалану)»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологияалық картасы.
Күні:
«Таным» білім беру саласы.
Тақырыбы: Шаңғышы. ( табиғи материалды пайдалану)
Бөлімдері:Құрастыру.
Мақсаты: Табиғи материалмен жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
Білімділік:Балалардың қыс жыл мезгілі,қысқы ойындар туралы білімдерін бекіту.Керексіз құрал*таяқшаларды*табиғи материал шишканы,ермексазды пайдалана отыра шаңғы теуіп келе жатқан шаңғышының мүсінін жасай білуге үйрету.
Сиқырлы сөздер.Шеңбер бойында бір- бірлеріне сиқырлы сөздер айтады.
Қысқы ойындар суреттері бар көрме ұйымдастыру.
Шеңбер бойында бір-бірлеріне сиқырлы сөздер айтты.
Іс-әрекетке деген қызығушылықтарын арта түсті.
Ұйымдастыру-іздестіру.
Қыс жыл мезгілі,қысқы ойындар туралы сурет бойынша әңгіме.
Әңгіме бойынша сұрақ-жауап.
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Қыста неше ай бар?
-Қазір қай ай?
-Ақпан айы қыстың қай кезеңіне жатады?
-Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады?
-Қыста адамдар қалай киінеді?
-Қандай қыс ойындарын білесіңдер?
-Қысқы ойындардың жызғы ойындардан айырмашылығы неде?
-Неге біз қыста далада секіргішпен секірмейміз?
-Неге жазда біз далада шаңғы теппейміз?
-Қысқы ойындардың ішінде сендерге қандай ойын көбірек ұнайды?
-Оның себебі неде?
Жұмбақ жасыру.
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолын тоңады. *Қар*
Сұрақ :
-Қардан қандай ойындар ойнаймыз?
-Қардан не жасаймыз?
-Шана тебу үшін қардан не жасайды?
-Шаңғы тебу үшін қардан не жасайды?
Ойын*Қарды кім алысқа лақтырады*
Б.Соқпақбаев «Шынықсын денеміз»өлеңін оқып беру.
Керексіз құрал*таяқшаларды*табиғи материал шишканы,ермексазды пайдалана отыра шаңғы теуіп келе жатқан шаңғышының мүсінін жасауды көрсете отыра жұмыс барсын түсіндіру.
Жұмыс барысы.
Сергіту сәті:
Әңгімені танымдық қызығушылықтарын арта тыңдай отыра,әңгіме бойынша қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауап бере келе өз ойларын жеткізе білді.
Жұмбақтың жауабын ойлана отыра шеше алды.
Сұрақтарға толық жауап бере алды.
Қызығушылықпен, ұжымшылдықпен ойнады.
Өлеңді мұқият тыңдай отыра,мағынасын түсіне білді.
Әдіс-тәсілді меңгерді.
Өз беттерінше орындай алды.
Өлең жолдарын қимылдармен бірге қайталады.
Рефлек-
сивті
түзетушілік
Балалардың жұмыстарын мақтай отыра «Көңілді шаңғышылар»көрмесін ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері.
Өз жұмыстарын мақтан тұта отыра көрме ұйымдасытруға белсене қатысты.
Шеңбер бойында өлең жолдарын қайталады.
Күтілетін нәтиже.
Нені біледі: -Қыс жыл мезгілі туралы,қыс айларын.
-Қыста табиғатта болатын құбылыстарды.
-Қыс ойындарын
Қандай түсініктерді игереді:- Керексіз құрал*таяқшаларды*табиғи материал шишканы,ермексазды пайдалана отыра шаңғы теуіп келе жатқан шаңғышының мүсінін жасай білуді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
-Көрсетілген тәсіл бойынша жұмыс істеу іскерліктерін меңгерді