Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: «Жануарлар ?лемінде». Н?тиже саба?.»
Сабақтың тақырыбы:«Жануарлар әлемінде». Нәтиже сабақ. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін арттыра отырып, жануарлардың көп түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.Жануарлардың топтарға бөліну
ерекшеліктерін түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету.Логикалық
ой-өрісін дамыту барысында тапқырлыққа,танымдық қабылдауын
арттыруға дағдыландыру.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс ,жарыс-ойын
Cабақтың muni: білімді тексеру ,қорытынды/қайталау.
Көрнекілік: тақырыпқа байланысты суреттер, ойыншықтар, тапсырмалар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Жануарлар әлемінде».
Мен оқушы баламын
Жақсы баға аламын
Таудай үлкен талабым
Содан жақсы сабағым
1.ІІ. Фонетикалық жаттығу. қазір біз саяхатқа дайындалып, тілімізді жаттықтырайық. Берілген жаңылтпаштарды тез, дұрыс айтуға жаттығу.
1 Көп ешкі көк шөпті жейді,
Көк шөпті көп ешкі жейді.
2.Сөзжұмбақ шешу
Жануарлар да алуан түрлі болып келеді.Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп.Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Балалар, біз бұған дейін өткен Жануарлар әлемінде модулін бүгін қорытындылаймыз.Сабағымыздың жоспары :
Ойындар ойнаймыз.
Жұмбақтар шешеміз.
Тапсырмалар орындаймыз.
Сөзжұмбақ шешеміз.
Ертегілер елінен Алдар бізге келе жатқанда сиқырлы дорбасын жоғалтып алып, соны ауылдардан іздейміз.
Жұмбақ ауылы
1.Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. ( түйе)
2. Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар ( қой)
3. Екі айнасы бар
Екі айыры бар ( сиыр)
1.Үй жануарларды атаңдар.
2.Үй жануарлары адамға не береді?
Малшы ауылы. Ойын: "Үй жануарларын тап" Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын, "үй жануарын" естігенде қол шапалақтау керек.
Төлдер ауылы
Фонетикалық жаттығу.
АУ, -АУ, -АУ КІШКЕНТАЙ - ЫН, -ЫН, -ЫН ЖҮЙРІК
- АҚ, -АҚ, -АҚ АҚ
- ЗЫ, -ЗЫ, -ЗЫ МОМЫН
- ТА, -ТА, -ТА ӘДЕМІ
4-ші артықты тап
Мәтін ауылы
Түйеге жүк арту қолайлы. Әуелі шөгеріп болған соң, жүкті асықпай артасың. Содан соң тұрғызып, бір – біріне тіркеп, он шақтысын бір адамға жетелетеді.
Түйенің жас туған ботасы сондай сүйкімді болады. Екі көзі қап – қара. Оған көз тимесін деп, мойнына қызыл жіп байлап қояды.
Түйенің сүті – ертеден халқымыздың басты бір тағамы. Түйенің шұбаты әрі сусын, әрі тамақ . Оның емдік қасиеті бар. Өкпе, асқазан, ішек ауруларын шұбатпен емдейді.
Түйенің жүні де өте бағалы. Әр түйе бес-он килограмм жүн береді. Түйенің еті, өркешіне жиналған майы да пайдалы
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
Түйе қандай жануар?
Түйенің төлі қалай аталады?
Түйенің адамға қандай пайдасы бар?
Адам баласы пайдаланатын үй жануарлары өте көп. Үй жануарлары: сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі.
Адам жылқы, сиыр, түйе, ешкі, қойды ертеден –ақ пайдаланып келеді. Сиырдың сүтін, етін, майын, терісін кейінірек пайдалана бастаған. Сүттен айран, май, ірімшік, құрт жасайды.
Биенің сүтінен қымыз ашытады. Түйенің сүтінен шұбат жасайды.
Үй жануарларын адам көлік ретінде де пайдаланады. Атты мінеді, арбаға жегеді, өгіздің күшін пайдаланады. Итте адамға көп пайда келтіреді. Ит малды қорып, үйді күзетеді. Үй жануарларын қора-жайда ұстайды.
Аңдар ауылы
Сөздерден сөйлем құра
1.Бүгін паркіне балалар барды хайуанаттар.
2. Олар құстарды тамашалады түрлі неше паркте.
3. Мұғалім сатып билет алды балаларға.
1. Мынау қандай жануар? Сұрақ-жауап а) Жүрегінің салмагы 700 кг, тілінің салмагы — 2 тонна. кит Ол 9-10 метр жерге секіреді.жолбарыс
Оның салмағы 1,5 тоннадай. тасбақа
Олар 70-80 жыл өмір сүреді.піл
Ол 45 күнге дейін су ішпей жүре алады.түйе
Ойын Аңдар мен үй жануарларын жеке-жеке бөліп салу. Үлкен себетте аңдар мен үй жануарлары араласып жатыр, оларды екі себетке бөліп салу керек.
Сандар ауылы
Піл-құрылықтағы ең ірі, ауыр салмақты жануар. Оның салмағы 9 тоннадай болады..ересек пілдер бір күнде 140 кг. Өсімдік жейді. Піл тәулігіне 100-200 литр су ішеді.Олар 70-80 жыл өмір сүреді.
Піл баласын 22 ай күтеді.
Кестені толтырыңдар
ДҰРЫС (+)
БҰРЫС (-)
Аю ақырады.
Пілдің Отаны – Қазақстан.
Гепард – ең жүйрік аң.
Түлкі орманда мекендейді.
Қасқыр маңырайды.
Дұрыс жауабы:Аю ақырадыПілдің Отаны – Үндістан.Гепард – ең жүйрік аң.
Түлкі орманда мекендейді.Қасқыр ұлиды.
-Мынау – аю Мынау – аюдың күшігі -қонжық.
-Мынау-түлкі Мынау – түлкінің күшігі – жаутаң,
-Мынау –қоян Мынау - қояның күшігі –көжек,
Мынау –қасқыр Мынау – қасқырдың күшігі бөлтірік
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен,
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Балық ауылы
Балалар мына глобусқа қараңдаршы, қай түс өте көп.(Көк түс). Бұлар теңіздер, көлдер,өзендер. Біздің планетамыздың көп бөлігін су алып жатыр. Ал осы суда нелер өмір сүреді. (балықтар)
Теңізде балықтар өте көп. Қандай балықтарды білесіңдер?
Балалар балықтар суда өз жауларынан тастың артына, құмның астына, шөптің арасына тығылады, сонымен қатар адамдар да оларға жау. Адамдар өзенге барғанда бөтелке, түрлі қоқыстар лақтырып суды ластайды, ол дұрыс па ? жоқ әрине .
Міне мына суды адамдар ластап кетіпті, балықтарға көмектесеміз
Құрастыру Балық.
Балықтың әр бөлігіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы, балық құрастыру
1. Балықтың жұмыртқасын қалай атаймыз?
2. Балықтар қайда тіршілік етеді?
3. Балық түрлерін атап бер.
Балалар сендер «Алтын балық» ертегісін оқыдыңдар. Кім балық аулады:
Қарт кісі қандай балық ұстады?Балықтың қандай қасиеті бар?
Ал сол тілек орындалу үшін, оның суретін салып ермексазбен бояймыз.
Құстар ауылы
Суретті жұмбақтар шешу
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды
Құйрығы ұзын,өзі ала
Бұл қандай құс? (Сауысқан)
Көлдің көркі, сәні екен
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған
Адамдар қорғап сақтаған
Бұл қандай құс? (Аққу)
Тоқ-тоқ етіп
Ағашты ояды.
Ондағы құрттарды
Тауысып қояды. (Тоқылдақ)
Жер көкті кезіп
Тамағын табады.
Үйіме үйін
Балшықтан салады. (Қарлығаш)
Құстар-қанатты жануарлар деп аталады. Олар өз беттерінше өмір сүреді. Дамиды, көбейеді.Құстардың түрлері өте көп. Олардың көбі пайдалы. Мысалы: егістікке зиян келтіретін жәндіктермен қоректенеді.
өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға біздің де үлесіміз тию керек екен. Болашақта өсімдіктер мен жануарларды қорғауға белсенділік білдіреміз. «Қызыл кітап».Сирек кездесетін жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақстымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы , үшінші басылымы 1996 жылы шығарылды. Мұнда балықтардың 16 түрі, бақалардың 3 түрі, жорғалаушылардың 40 түрі енгізілген . Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапта гүлді өсімдіктердің 304 түрі сипатталған.
«Вагон құрау» ойыны. әр оқушысына түрлі-түсті вагондар таратылады, олардың артында тапсырма бар- «Түсіп қалған әріпті жаз», оны жазып болған соң, оқушылар вагонды құрайды,
Т...лкі, Қас...ыр , Ешк..., Шош...а
...йрек, Майм...л, Ти...н, ...теш
...ой, Т...йе, Үйр...к, К...рпі
П...л, ... аз, Мысы...
Қорытынды
«Жүректен жүрекке дейін» шеңбері
Мен барлық балаларды «Жүректен жүрекке дейін» шеңберіне тұруға шақырамын. Бір-біріміздің қолымыздан мықтап ұстайық. Біз бүгін өте көп және қызықты жаналықтарды естідік. Енді біз ұлы оқытушы – бұл Ана-табиғат, ал адам – табиғаттың бөлшегі. Адам, өсімдіктер, ағаштар, гүлдер, жануарлар, құстар, жәндіктер, андар – Ана-Табиғаттың бөлшегі. Біз оларға қамқорлық жасап, қорғауымыз қажет- олар Жердің інжу-маржаны, өмірдің баға жетпес әшекейі.
Ал қазір сіздер, балалар мені мұқият тындаңыздар. Менім артымнан сөздер мен қозғалыстарды қайталаңыздар: (Балалар екі қолдарын жоғары қарай көтеріп, тартылсын).
Мен тұрмын және өсемін, жүремін – мен жануармын. Я стою, и расту, и хожу – я животное. (Балалар екі қолдарын жоғары қарай көтеріп, тартылсын).
Мен тұрмын, өсемін, жүремін айтамын, ойлаймын мен адаммын (Балалар екі қолдарын жоғары қарай көтеріп, жүреді, содан кейін оң қолдарын мандайына қойып «ойлайды» ).
Сондықтан да біз Ана-Табиғатты қастерлеуіміз қажет. бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз.