kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С.Жиенбаев. ӘЛИЯ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдебиеттік оқу пәнінен 2 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С.Жиенбаев. ӘЛИЯ»

Қостанай облысы Арқалық қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы №1

жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Фазылова Айымкүл Қонысбекқызы


Сабақтың тақырыбы: С.Жиенбаев. ӘЛИЯ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз Әлия туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі идеяны ұғындыру. Оқушылардың өткен сабақтардан алған материалдардың терендету, білімдерін пысықтау.

Дамытушылық: Танымдық қабілетін дамыту. Өлең мазмұның түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Отанды қорғауға, сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: Әлия Молдағұлова туралы біледі .Өз пікірін ортаға салып оны дәлелдеу және өзгенің пікірін тыңдап,онымен санасады.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ойлау дағдыларын қолдану,Жеке,топтық,ой қозғау,салыстыру

Көрнекіліктер: интерактивті тақта,презентация,Әлияның суреті.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәттілік біздер тілейік

Мен саған,сен маған

Күндей күліп жүрейік,

Күннің нұрын төгейік

Мен саған,сен маған. Оқушылар топқа бөлінеді.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Білу: (ақпаратты еске түсіру, сәйкестікті табу. Іріктеу, тұжырымдау)

"Мәншүк " өлеңін сұраймын және Мәншүкке жазған сипаттамасын тексеремін.

ІІІ.Өткенді пысықтау

Түсіну: (түсіну, жинақтап қорыту, түсіндірмесін беру, теңеу)

"Миға шабуыл" әдісі

1) 1-тапсырма Мәншүктің пулеметші екенін неден аңғардыңдар ?(Сағи деген сөз шығады )

2) 2-тапсырма Қызу ұрыстың жүріп жатқанын өлеңнің қай жерінен аңғаруға болады ?(Жиенбаев деген сөз шығады)

3) Мәншүк не үшін шайқасты? (Әлия сөзі шығады)

Тақтадан "Сағи Жиенбаев Әлия "деген сөз шығады

Яғни,бүгінгі сабағымыз Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қызы туралы болады .

Бейнеролик «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында»

Сұрақтар қою

1Ұлы Отан соғысы туралы туралы не білеміз? 
2 Қазақтың соғысқа қатысқан батырларын ата 

ІҮ.Жаңа сабақ

Қолдану: (білімді пайдалану, түрлендіру, жасап көру, сырын ашып білу)

Бейнеролик көрсету Әлия туралы көрсету

2)Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова

1925 жылы 16- маусымда Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Әлияны анасы «Ақмоншағым деп еркелеткен.» Әлия сегіз жасқа толғанда анасы қайтыс болады. Әкесіне бағу қиын болғандықтан оны нағашылары тәрбиелейді. Кейін ол нағышыларының отбасының жағдайына байланысты Ленинградтағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Орыс тілін білмеген Әлияға орыс тілін үйрену қиынға соғады. Дегенмен қайсар қыз сабақты жақсы оқиды. 1941 жылы соғысқа аттанады. Соғыс басталғанда 17 жаста болады. Майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді. Әлия Казачиха деревниясы үшін болған ұрыста оққа ұшырайды. Әлияның денесі Казачиха селосында батыр жауынгер зиратына қойылған. Сол жерде ескерткіш орнатылған. Кейін Кеңес одағының Батыры атағы беріледі.

Талдау: (түрін анықтау, ой-идея түзу, бағытын айырып тану)

Ү.Қызығушылығын ояту Топтық жұмыс

І топ "Топтау" әдісін жүргізу

ІІ топ Ұлы Отан соғысы туралы туралы не білеміз?

ІІІ топ "Кім білгір ? " ойыны Қазақтың соғысқа қатысқан батырларын ата

ҮІ.Оқулықпен жұмыс

  1. Сағи Жиенбаев туралы мағлұмат беру : Автор туралы мәлімет.

Қазақ   ақыны,   нәзік   сезімді,  қайырымды  азамат,  поэзия  зергері   және   ақындардың   әлденеше   буынының   ұстазы – Сағи  Жиенбаев  1934 жылы  15 мамырда  Ақтөбе  облысының   Байғанин   ауданындағы  Оймауыт  ауылында   туған.

1955  жылдан  Гоголь  атындағы   Қызылорда  педагогика  институтын  бітіргеннен   кейін  Жезқазған   қаласының   10  орта   мектебінде   қазақ   тілі  мен әдебиетінен   сабақ   берді.

1956  жылдан   әдеби  қызметке   ауысып  «Қазақ   әдебиеті»,  «Қазақстан   пионері»  газеттері  мен   «Жұлдыз», «Мәдениет  және  тұрмыс» журналының   редакцияларында  істеді. Ұзақ   жылдар   бойы  «Жазушы»  баспасының   поэзия  редакциясын   басқарды.  Соңғы   жылдары  «Ақ   Орда»  журналының   бас   редакторы   болды.

2) Өлеңді мәнерлеп оқып беремін (видео арқылы)

а/Әлия. өлеңдерінің мағынасын ашу.

ә/ Сөздік жұмысын жүргізу.

Мәрмәр-сәнді құрлысқа пайдаланылатын жылтыр тас.

Өлеңдерді оқу

іштей оқу

жеке-жеке

Өлеңнен түсінгендерін ортаға салады

ҮІІ.Сергіту сәті

Топтық жұмыc

1-топ: Сематикалық картаны толтырады

№ Берілген сөйлемдер Дұрыс Бұрыс

1 Майдандас достары Лия деп атады

2 Желтоқсан оқиғасына қатысқан

3 Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келді

4 Ұлы Отан соғысына қатысқан

5 Шын аты Әлия

6 Шын аты Ілия

7 Анасы "ақмоншағым " деп еркелеткен

2-топ: Әлия мен Мәншүк венндиаграммасы

3-топ: "Дөңгелек үстел " әдісі Әлияға мінездеме беру

ҮІІІ.Бекіту:

Жинақтау: (Бұрынғы пікірлерді жаңа ой түзу үшін пайдалану, жобалау және ойлап табу. Қиыстыру. Түйіндеу, болжау,топтстыру)

Ойланып жауап бер (шығармашылық тапсырма )

Батырларымыз Отанын қорғап ,елін жерін қорғаған екен .

Ал сендер Отандарыңды қалай жақсы көресіңдер?

Кері байланыс «Бейбітшілік аспаны»

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін және тілектерін күнге жазып оқиды .

ІХ. Үйге тапсырма:

Өлеңді түсініп оқуға және ерлікке ,батырлыққа байланысты мақалдар жаттауға беремін.

Х.Бағалау: (болжамды сараптау. Идеяларды салыстыру, нәтижесін бағалау. Шешу.қолдау. баға беру)






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
С.Жиенбаев. ӘЛИЯ

Автор: Фазылова Айымкүл Қонысбекқызы

Дата: 06.02.2017

Номер свидетельства: 388280


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства