kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка открытого урока по литературному чтению на тему: "Мұхтар Шаханов «Төрт ана"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға ақын Мұхтар Шахановтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып,  өлеңнің  негізгі  идеясын ашу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.                                                   

Тәрбиелілігі: Отансүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Пәнаралық байланыс:  тарих.

Көрнекілігі:   интерактивті тақта, слайд, оқулық, А4 парақтары, түрлі-түсті маркерлер, суреттер, видеоролик.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі:

Психологиялық дайындық

Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Әдебиеттік оқу сабағы. -Оқушылар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп  сүйсініп тұрмын. Бүгін  бізге әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткелі жатыр. Сондықтан  сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік.

                       ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау:

«Құстар айтысы» үнді ертегісін мазмұндау.Слайд №1

«Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтел» жатқа айту.

Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

-Ертегі не жайлы?

-Неліктен құстар айтысы деп аталған?

-Қандай құстар айтысты?

-Негізгі ойы қандай?

- Осы сабақтан біз не түйдік Осы ертегінің негізгі ойын қандай мақалмен қорытындылауға болады?

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді».

«Бірлік болмай, тірлік болмас».

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка открытого урока по литературному чтению на тему: "Мұхтар Шаханов «Төрт ана"»

Бекітемін:

Күні: 16.11.16ж

Пәні: әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға ақын Мұхтар Шахановтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: Отансүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Пәнаралық байланыс: тарих.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, оқулық, А4 парақтары, түрлі-түсті маркерлер, суреттер, видеоролик.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Әдебиеттік оқу сабағы. -Оқушылар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін бізге әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткелі жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік.

  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау:

«Құстар айтысы» үнді ертегісін мазмұндау.Слайд №1

«Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтел» жатқа айту.

Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

-Ертегі не жайлы?

-Неліктен құстар айтысы деп аталған?

-Қандай құстар айтысты?

-Негізгі ойы қандай?

- Осы сабақтан біз не түйдік Осы ертегінің негізгі ойын қандай мақалмен қорытындылауға болады?

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді».

«Бірлік болмай, тірлік болмас».

Қызығушылығын  ояту. Рахмет, өте жақсы! Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер.

Түстер бойынша топқа бөлу.

І - топ: Салт - дәстүр
ІІ - топ: Туған тіл
ІІІ - топ: Туған жер
ІV - топ: Туған тарих
Жұмбақ  шешу.
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (Ана)

Ана дегеніміз кім?

  «Күн шұғыласы» ойын өткізу.

 өмір сыйлаушы           ақылшы               сырласың        

 

     тәрбиешің                   Ана                отбасының берекесі

             ұстазың                             досың

-Қалай ойлайсындар неліктен біз ана туралы айтып жатырмыз?

-Дұрыс, өйткені біз бүгін жалпы ана атаулыға тән, бәріміздің анамызға ортақ оқулығымыздағы тамаша бір шығармамен танысамыз.. Ол Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңі.

ІІІ. Жаңа сабақ .

Мағынаны тану .Слайд №2

- Мұхтар Шаханов өміріне тоқталу

Мұхтар Шаханов (2.07.1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны.

Мұхтар Шаханов 1942 жылы сәуір айының 2-сі туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. 1993-2003 жж.Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

- Балалар,қазір неліктен өлең «Төрт ана» деп аталғандығын білу үшін, ақын өлеңін тыңдап көрейік. (бейнеролик тыңдау, слайд №3)

-Өз анасынан басқа әр адамда тағы қандай аналары болады екен?

-Дұрыс, яғни туған тілі, туған жері, салт-дәстүрі, тарихы.

Сергіту сәті:

«Қимылмен сөйле» ойыны
- Аналарыңды неге теңейсіңдер?

- Аналарына қалай еркелейсіндер?

- Дүниеге келгенде біз қандай болдық?

- Әке-шешеміздің арқасында қалай өстік? - Аналарыңды қалай жақсы көресіңдер

Дәптермен жұмыс.

- Ендеше барлығымыз дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің ретін жазамыз.

- Қарашаның он алтысы. Мұхтар Шаханов «Төрт ана»



Сөздік жұмыс.

Ғұмыр-өмір бойы
Жебеп жүрер- қорғау, қамқор болу
Тағдырыңның тынысы – өмір сүруі

Салт-дәстүрі- жеті атасын білу. 

Тарихы – қазақ елінің басынан кешкен оқиғалары 

ІV. Бекіту: «Төрт ана» өлеңін мәнерлеп оқу. 
1.Өлеңнің мазмұнын ашу. 

2.Кітаппен жұмыс. «Сызбаға сүйеніп талдау» Слайд №4

-Ақын атаған төрт ана. 

- Оқушылар айтады. (туған жер, туған тілі, салт-дәстүр, тарих) .

-Қалай ойлайсындар неліктен ақын оларды анаға теңейді?

Өз ойларын жүйелеп айтқызу. 



Оқушылардың «төрт ана» туралы пікірлерін білу үшін шығармашылық жұмыс жүргізу.

Шығармашылық тапсырма: Слайд №5

1-Туған тіл: «Тіл» туралы мақал-мәтел

2-Туған жер: «Туған жер» туралы эссе жазу

3-Салт-дәстүр: Бір салт-дәстүрді сипаттап беру. (жеті ата туралы жазу)



4-топ. Туған тарих: Өлең жолын аяқтау

-------------------- өсеміз,
-------------------- аламыз.
-------------------- құрметтеп,
-------------------- боламыз


Тарихи оқиғалар. Слайд №6

550 жыл- қазақ хандығының құрылғаны

170 жыл- Абай Құнанбайұлының туғанына

20 жыл- ассамблеяның құрылуына, Ата заң

70 жыл -Ұлы жеңіске

4 - маусым рәміздер күні

16 - желтоқсан тәуелсіздік күні

22 - қыркүйек тілдер күні


V. Қорытындылау.

- Өте жақсы!

- Сонымен біз бүгін қандай ақынның шығармасымен таныстық?

- Мұхтар Шаханов кім?

- Қандай өлеңімен таныстық?

- Ол не жайлы?

- Әр адамда өз анасынан басқа тағы неше анасы бар?

Сызбамен жұмыс

Слайд № 7

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ- демекші өз тарихымызды ұмытпай, салт-дәстүрімізді сақтап, тілімізді құрметтеп, ата-бабамыз қызғыштай

қорғаған жерін қорғау келешек ұрпақ сендердің қолдарыңда. Білімдеріңді шыңдай беріңдер деген тілекпен бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді «Алма ағашы» әдісі арқылы сипаттайық.  











• Оқушылардың алдарында екі түсті “алма” жатады. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Сары түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Жасыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 

VІ.Үйге тапсырма: Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жаттау.Тіл туралы мақал-мәтелдер жинастырып жазып келу.

VІІ. Бағалау.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Разработка открытого урока по литературному чтению на тему: "Мұхтар Шаханов «Төрт ана"

Автор: Есжанова Гулсара Исатаевна

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 385851


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства