Разработка открытого урока по литературному чтению на тему: «Көңілді кыс»
Разработка открытого урока по литературному чтению на тему: «Көңілді кыс»
Сабақтың тақырыбы: «Көңілді кыс» Мақсаты: 1. Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгелдерінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру. 2.Оқушылардың тіл байлығын дамыту, оқу техникасын жетілдіру. 3.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Әдіс -тәсілдер:Веен диаграмассы, топтастыру, миға шабуыл, сұрақ жауап. Көрнекілігі:Кыс көрінісі туралы слайдтар
Оқу іс-әрекетінің барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі І І.Үй тапсырмасын тексеру «Жапалақ қар себелеп» а) Жұмбақтар шешу. Қоймасын қыс ақтарып, Жерде жаттып ақ момың.(қар)
Көзіңе көрінбейді, Тоңдырып қызартады. Күні-түні еренбейді, Өзенге мұз артады.(аяз) ә) Сұрақ жауап әдісі арқылы « Қыс» туралы айту. - Қазір қай мезгіл? - Қыстың күзден айырмашылығы неде? -Қар қандай ? Қарға сипаттама берейік.(Күмістей, суық, алтындай, жеңіл, ауыр) - Қыста адамдар қалай киенеді? - Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз? ІІІ.«Топтастыру» әдісі бойынша. Айтыңдаршы «Қыс мезгілі »дегенде не естеріңе түседі?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Разработка открытого урока по литературному чтению на тему: «Көңілді кыс»»
Сабақтың тақырыбы: «Көңілді кыс» Мақсаты: 1. Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгелдерінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру. 2.Оқушылардың тіл байлығын дамыту, оқу техникасын жетілдіру. 3.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Әдіс -тәсілдер:Веен диаграмассы, топтастыру, миға шабуыл, сұрақ жауап. Көрнекілігі:Кыс көрінісі туралы слайдтар
Оқу іс-әрекетінің барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі І І.Үй тапсырмасын тексеру «Жапалақ қар себелеп» а) Жұмбақтар шешу. Қоймасын қыс ақтарып, Жерде жаттып ақ момың.(қар)
Көзіңе көрінбейді, Тоңдырып қызартады. Күні-түні еренбейді, Өзенге мұз артады.(аяз) ә) Сұрақ жауап әдісі арқылы « Қыс» туралы айту. - Қазір қай мезгіл? - Қыстың күзден айырмашылығы неде? -Қар қандай ? Қарға сипаттама берейік.(Күмістей, суық, алтындай, жеңіл, ауыр) - Қыста адамдар қалай киенеді? - Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз? ІІІ.«Топтастыру» әдісі бойынша. Айтыңдаршы «Қыс мезгілі »дегенде не естеріңе түседі?
Боран
Аяз
Қар Жаңа жыл
Күн қысқа, түн ұзақ Суық аяз б) Қыс, боран, қар, күн деген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру. ІV..Жаңа тақырып Кіріспе бөлім Шәміл Мұхамеджанов (1931-1980) - бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Торғай ауылында туған. 1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген «Жұлдыз» журналында, көп жыл бойы «Жазушы» баспасында қызмет істеген. Алғашқы топтама өлеңі жас ақындардың «Жас қанат» жинағында 1959 жылы басылды. Бүдан кейінгі жылдары ақын қаламынан оннан астам өлең-дастан жинақтары, балаларға арналған кітап-шалары дүниеге келді. Аударма саласында М.Лермонтовтың, Я.Райнестің, Л.Украинаканың, Т. Шевченконың, Р.Ғамзатовтың, Я.Смеляковтің, т.б. шығармаларын тәржімалауға қатысты. Шығармалары: Ана қүшағы. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960; Қашалақ. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1962; Ақ жалын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964; Туысқан. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Көңіл-ашар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Күн төбе де түрғанда. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Назқоңыр. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Арқа сүйер - тірегім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976; Ақ желең. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Дәуір даусы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Жас қанат. Поэмалар. А., «Жазушы», 1980; Шабытты шақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1981.
Слайдпен жұмыс а) « Көңілді қыс» суреті бойынша әңгіме құрастыру қысқы ойын, аязды күн, қысқы табиғат, жылы киінген балалар бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізіледі. - Қыста қандай ойындар ойнаймыз; - Қыста балалар қандай ойын ойнайды? - Қыста неліктен көңілді деп атайды? - Дөң басынын шаңғы, шанамен түсіп көрдіңдер ме? - Аққаланы қалай жасайды. V.Сергіту сәтті. Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан, Қар лақтырып ойнасақ. Суық өтер қолғаптан. VІ.Оқулықпен жұмыс « Көңілді қыс» өлеңін мәнерлеп оқу VІІ. «Аққала» дидактикалық ойыны. Шартты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: мұрыны, басына киетін шелегі сияқты суреттер жатады. Балалар осы бөліктерді алып, көздерін жұмып тұрып, тақтаға жабыстырады. VІІІ.Дәптермен жұмыс Аққала сөзін қатыстырып, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыру. Мысалы: Аппақ аққала, әдемі аққала, үлкен аққала. Біз аққала тұрғыздық.
ІХ.Дидактикалық ойыны: «Қайсысы артық?» Суреттер көрсетіледі олар суреттерге қарап артығын табады. Бұл жерде артық-доп. Қыста далада шаңғы, шана, коньки тебеміз. Ал доппен ойнай алмаймыз. Х.Қорытындылау: Сұрақ-жауап. ХІ.Үйге тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқу.32- жаттығу орындау