- Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.
- Ендеше, баяндаңдар.
Математика: Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен болмасам, адамдар сағатты, сауданы, жерді т.б. ғылымдар есебін қалай есептей алады.
Ана тілі: Жоқ. Мәртебелі Ғалым, адам баласы ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесу мәнін білмес еді.
Қазақ тілі: (жүгіне отырып, қолы көкірек тұсында):
- Қазақ тілі болмаса дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қазақ тілінде қанша әріп барын да білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.
Ағылшын тілі: - Тоқтаңыз, Қазақ тілі. Сен осылай сайрап тұрғанда мен де қарап қалмаспын. Әлемді үш тұғырлы тіл жайлағанда ағылшын тілінің орны ерекше. Өйткені, мен арқылы компьютер, бүкіл дүние жүзі ғаламторға еркін самғай алады.
Орыс тілі: (басын иіп): Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса, қалайша ол үш тұғырлы болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?
Дүниетану: - Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салтын құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін. Менсіз сіздердің күндеріңіз не болмақ?
Дене тәрбиесі (спорттық қимыл көрсетіп): - Қымбатты достар, барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға келдім. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін ең алдымен дене қозғалысы ширақ, шымыр болу керек қой.
Ғылым: Өнер , сен неге үнсіз қалдың
Өнер: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір-бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырлықпен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті, үлгілі болуды қалаймын.
Ғылым: Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым. Десек те өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін. Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін,бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп, татулықпен тарқасайық достар.
«Ата-аналармен» ойын
2-жүргізуші: Хор: «Ақ мамам» қабыл алыңыздар.
3-оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарқын шырағы.
Тұрағы өзің мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.
4-оқушы: Өнерге ошақ тәрбиең,
Бір сеннен қуат аламын.
Жарылқашы тәңір ием,
Таудай ғой менің талабым.
5-оқушы: Мектебім- мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
1-жүргізуші: Көрініс: Әке мен бала.
2-жүргізуші: Бастауыш сыныпта біз мемлекеттік тілден басқа қай тілді жетік үйрендік? -Дұрыс орыс тілі. Келесі кезекті орыс тіліне береміз.
2-жүргізуші: Биылғы оқу жылында «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысып жүлделі ІІ орынға ие болған, Мұқағали Мақатаев өлеңдерін мәнерлеп оқитын сыныбымыздың мақтанышы Ақбай Мараттың орындауында «Поэзия» қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Біздің сыныптағы өте ерекше, әрі ақылды, апайымыздың жолымен ұстаз болуды армандайтын, Бағданайдың орындауында «Эссе» қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Азаматы болсын деп саналы елдің,
Кілтін бердің білімнің, сан өнердің.
Қимай-қимай біздерді аяулы ұстаз,
Ақ жол тілеп, қол бұлғап қала бердің.
Келесі сөз кезегін Бастауыш Оқу Ісінің Меңгерушісі Амангүл Пірәліқызына беріледі.
1-жүргізуші: Тал бойына шуақ тұнып, мейірлене есілген,
Тентектікті, еркелікті ақыл айтып кешірген.
Айналайын ата-аналар панамыз,
Әлпештеген, әлдилеген, ән-күйменен өсірген.
Құттықтау сөз құрметті ата-аналарға беріледі.
ЭССЕ «Алғашқы ұстазым»
Мен осы сынып оқушысы Бағданай боламын. Осы жылы бастауышпен қоштасқалы отырмын. Бастауыш – сенің алдыңғы өміріңнің бастауы. Мен жазу, сызуды, оқу мен санауды бастауышта үйрендім. Сол себепті алғашқы ұстазыма айтар алғысым мол. Әрине оның бәрін мектепке бара салып үйренбейсің. Сенің мінезіңе көніп, еркеліктеріңе шыдап, сені болашақ өмірге дайындап оқуды, жазуды, санауды үйрететін ол - алғашқы ұстазың. Алғашқы ұстазыңның да сенің өміріңде алар орны ерекше. Көп адамның ойынша, сенің мінезің де, оқып, жазуың да өсе келе алғашқы ұстазыңа ұқсап кетеді екен. Бұл шындық болуы да мүмкін. Мысалы, алғашқы ұстазың өнерге жақын болса, шәкірті де сол өнерге бейімделіп кетеді.
Менің алғашқы ұстазым Гулмира апай. Менің апайыма айтар алғысым, ақ тілегім мол. Болашақта өмірінің ұмытылмас бөлшегі болып қаларыма сенімдімін.