kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

План-конспект открытого урока по познанию мира на тему "Ыл?алс?йгіш ж?не ??р?а?шылы??а т?зімді ?сімдіктер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? д?ниетанымын жетілдіру ж?не таби?атты аялау?а т?рбиелеу ма?сатында т?рлі ?дістер енгізу ар?ылы ?здігіене білім алу жолдарымен саба?ымды ?зірледім. саба? барысында топпен ж?мыс ар?ылы ?сімдіктер туралы м?лімет беріп, оларды салыстыру, айырмашылы?тарын табу ж?не постер ??растыру ар?ылы білімдерін тияна?тау?а ?йреттім. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«План-конспект открытого урока по познанию мира на тему "Ыл?алс?йгіш ж?не ??р?а?шылы??а т?зімді ?сімдіктер"»

Күні:01.03.2016ж.

Пәні: дүниетану

Тақырыбы:Ылғал сүйгіш және құрағақшылыққа төзімді өсімдіктер

Мақсаты:Оқушыларға ылғал сүйгіш және құрғашылыққа төзімді өсімдіктерді ажырата білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, көрнекілік

Көрнекілігі:өсімдіктердің суреттері, постер,бағалау парағы,слайд, т.б.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылардың назарын сабаққа аудару;

-оқу-құралдарын әзірлеу;

1-2-3 отырамыз тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Біз сабақты бастаймыз.


2.Психологиялық дайындық.:

Шырылдады қоңырау

Сабақты біз бастаймыз

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Жақсы білім алуға

Алға қадам аттаймыз.


-Жақсы балалар сабаққа дайын болсақ сабағымызды бастайық.

-Сабағымызды бастамас бұрын бүгін сендер сабақта өз өздеріңді бағалайсыңдар.Сендердің алдарыңда бағалау парағы жатыр.Бүгінгі сабақта берілген әр тапсырманы орындай отыра, өз-өздеріңе баға қойып отырасыңдар.Түсінікті болса сабағамызды бастайық.


3.Үй тапсырмасын тексеру:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем

-Дұрыс айтасыңдар. Көктемнің бүгін алғашқы күні.

-Көктем мезгілінде табиғат құбылыстары қандай болады?

(күн жылынады, қар ериді, құстар жылы жақтан келеді т.б.)

-Олай болса көктем мезгілін тақтаға суреттейікші.

-|Мына партада көктем мезгілінде болатын құбылыстардың суреттері жатыр. Сол суреттерде өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар берілген. Сол сұрақтарға жауап берейік.

1.Өсімдіктер не үшін бейімделген?

2.Елімізде өсімдіктің неше түрі бар?

3.Өсімдік жақсы өсіп жетілуі үшін не керек?

4.Өсімдіктерді неше топқа бөлеміз?

5. Өсімдіктердің сабағын сипаттап бер.

6.Өсімдіктердің жапырағын сипаттап бер.

7.Өсімдік дегеніміз не?

8.Өсімдік мүшелерін ата?

9.Топырақ дегенімізқ не?

10.Өсімдік өсу үшін не қажет?

-Жақсы балалар сендер бұл тасырманы жақсы орындадыңдар.Өткен сабақта алған білімдерін тиянақталды деген ойдамын.


4.Қызығушылықыта ояту.

-Балалар мен екі топқа екі ребус бердім.Сол ребусты шешсеңдір бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.

1-топ: Ылғалдық

2-топ: Құрғақшылық

-Демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер деп аталады. Дәптерімізі ашып, бүгінгі ай күнді және тақырыпты жазып қойыңдар.


Жаңа сабақ:

Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді.бірінші суреттегі шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас ылғалы жеткілікті топырақта өседі. Осы өсімдіктердің жапырақтарына, сабағына және жоңышқаның тамырына көңіл бөл. Топырақтың өне бойында ылғал болғандықтан тамырлары онша ұзын емес,шашақты.Жапырақтары жалпақ,ылғалды буландыруға жақсы бейміделген,жапырақтарында қақпақты саңылаулары болады.Артық суды сыртқа буландырған кезде ол қақапақтар ашылады.Артық су буланған соң жабылады.Әрі өсімдік тыныс алады.Бұл сияқты өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер дейді.

Енді мына суреттегі өсімдіктердің жапырағын, тамырын, сабағын ылғал сүйгіш өсімдіктермен салыстырайық.Жантақ пен сүттіген ауасы мен топырағында ылғал өте аз, аптапты ыстық жерде өседі. Ондай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында болады.Жантақ тамырының ұзындығы 15-20 метрге жейін болады.Сондықтан жантақтың жапырақтары ұсақ, әрі сирек, бұтақшалары тікенді келеді. Жантақ осындай бейімділіктерінің арқасында құрғақышылық жағдайларда өсіп, тіршілік ете береді.

Ал сүттіген өзінің қысқы, тарамдалған тамыры арқылы түнгі салқында топырақтың бетінде пайда болған шықтан және сирек те болса жауған жаңбырдан ылғал сіңіріп алады. Сүттігеннің жапырағы қалың.Сондықтан суды аз буландырады. Бұл өсімдіктер құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.


Оқулықпен жұмыс:

-Берілген мәтінді 3-минут оқып шығуға уақыт беріледі.Мәтінді толық оқып болғаннан кейін тапсырма беріледі.


1-тапсырма: Постер құрастыру.

1-топ: 2-топ:

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

Ылғал сүйгіш өсімдіктер







Сергіту сәті: «Көңілді күн»биі


2-тапсырма: Мақал-мәтелдің мазмұнын ашу

1-топ: Шөлге құдық салған сауап

2-топ: Жолға ағаш еккен сауап.


Дәптермен жұмыс: «Білгенге маржан»

Күнбағыс-құрғақшылыққа төзімді өсімдік.Қазақстанның барлық жерлерінде тіршілік етеді. Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып қалып отыр.бірақ күнбағыстың беретін басты нәрсесі-оның жақсы майы.Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады.Күнжараны жылқы, сиыр қойлар жейді. Сабағын турап, булап шошқаға береді. Себетін келтіреді де ұнтақтайды, ол да –жақсы мал азығы.


3-тапсырма: Өсімдікті тану(берілген өсімдікті сипаттау)

1-топ: Жантақ

2-топ: Бақбақ


4-тапсырма:Әр топқа берілген сұрақтарды топта талқылап, сахналау

1-топ:Егер өсімдіктермен тілдесе алсаң не айтар едің?

2-топ:Өсімдік саған ен айтады деп ойлайсың?


Бекіту кезеңі:

Семантикалық карта:


Атауы

Ылғал сүйгіш өсімдіктер

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

Беде



Жантақ



Бақбақ



Сүттегін



Қоңырбас



Шалғындық беде



Су сарғалдақ



Күнбағыс




Үй тапсырмасы: мәтінді оқып, мазмұндау.(тақырып бойынша қосымша матеиал жинау.)

Бағалау:өз-өздерін бағалау

Қорытынды:

Менің досым сен!

Сенің досың мен

Біз бәріміз доспыз

Сабақтан боспыз!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Жылкайдарова Молдир

Дата: 06.03.2016

Номер свидетельства: 302702


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1590 руб.
2270 руб.
1700 руб.
2430 руб.
1770 руб.
2530 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства