kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану п?нінен "Арайлап атсын ?р та?ым" та?ырыбына саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

3-саба?

АРАЙЛАП АТСЫН ?Р ТА?ЫМ!

?рбір та??ы ?уаныш ?мірге шатты? сыйлайды

Халы? даналы?ы

 Ма?саты: «Ба?ыт», «махаббат» ??ымдарыны? адамгершілік ??ндылы?тары ретіндегі м?нін ашу.

Міндеттері:

- ?р т?рлі к??іл к?йді сезіне білуге ж?не  м?дениетті ?арым-?атынас жасауды ?йрету;

- сыныптастарымен, ?лкендермен, жа?ын адамдарымен жа?ымды ?арым-?атынастарын дамыту;

- ?зін ж?не айналасында?ы адамдарды сыйлай ж?не ?уанта білуге т?рбиелеу.

К?рнекі ??ралдар: ?нтаспа.

Шатты? ше?бері

Балалар ше?бер ??рып, ?ол ?стасып т?рады, с?лемдеседі. М??аліммен бірге мына ?ле? жолдарын ?айталайды:

?уан, шаттан!

?уан, шаттан!

?уанатын к?н б?гін.

?айырлы та?!

?айырлы к?н!

К?ліп шы?ты к?н б?гін!

?зіммен-?зім

М??алім саба?ты? та?ырыбын «?зіммен ?зім» ?дісін ?йымдастыру ар?ылы т?сіндіруіне болады.

О?ушылар?а ?нтаспа?а алдын ала жазып алын?ан ?й?ыдан оянатын та??ы с?ттегі тіршілік ?рекеттерінен ?зінді ты?датылады. Мысалы, «Т?ра ?ой, ??лыным!», «?айырлы та?!», «К?н жа?сы болсын!» деп айтыл?ан с?здер, ?тешті? ша?ыр?аны, са?ат ?о?ырауыны? шырылда?аны, малдарды?, та?ы бас?а жан-жануарларды? ?ндері, ж?ріп бара жат?ан к?ліктерді? дыбыстары, дикторды? «?айырлы та?! Астана уа?ыты са?ат 7.00 » деген даусы ж?не т.б.

??гімелесу

М??алім о?ушылар?а «Та?ерте?гі к??іл к?й» м?нін т?сіндіруді ??гімелесу ар?ылы ?йымдастырады.

  • ?нтаспада?ы ?андай дыбыстар сендерге таныс?
  • Сендерді кімдер оятады немесе нені? дыбысынан оянасы?дар?
  • ?андай к??іл к?ймен оянасы?дар?
  • Та?ерте?гі ?уануы?а не себеп болды?
  • Та?ерте?гі жабыр?ауы?а не себеп болды?

Балаларды? жауаптары ты?далып, д?йекс?зді? т?сіндірілуімен ?орытындыланады.

Тапсырма

Адамдарды? ?р т?рлі к??іл к?йде болатынын т?сіндіру ма?сатында о?ушылар?а о?улы?та берілген  тапсырма ?сынылады:

Суреттерге ?ара?дар. Балаларды? ?андай к??iл к?йде екенін айтып бері?дер? 

Тапсырманы орындау барысында балаларды? та?ерте?гі к??іл к?й туралы пікірлері беки т?седі.

М??алім та?та?а сюжетті суреттерді іледі. Суреттер бойынша с?ра?тар?а балалар жауап береді.

1-сурет. ?л баланы та??ы ?й?ыдан оятып жат?ан ананы? суреті.

  • Анасы баласын ?андай с?здер айтып оятты деп ойлайсы?дар?

Балалардан к?тілетін жауаптарды? ?лгісі: «?айырлы та?, ?лым!», «??лыным, т?ра ?ой!», «Жаным жа?сы ?йы?тап т?рды? ба?», «К?ні? жа?сы ?тсін, ботам!», «К?нім, к?ліп т?рды? ?ой!»

2-сурет. ?л мен ?ызды? отбасында?ы суреті.

  •  Арман мен Жанар?а ата-анасы ?андай тілек айтты?
  • Арман мен Жанар ата-анасына ?андай тілек айтты?

Балалардан к?тілетін жауаптарды? ?лгісі: Арман, Жанар: «?айырлы та?!», «?уанышты к?н болсын!» «Саба?та бес алы?дар»

?же, ?ке, Ана: «?айырлы та?!», «Ж?мыстары?ыз?а с?ттілік тілеймін.»

3-сурет. Мектепке келген Арманны? сыныптасымен к?лімдеп с?лемдесіп т?р?ан суреті.

  • Арман сыныптасымен с?лемдесіп т?рып ?андай жа?сы с?здер айтып т?р деп ойлайсы?дар?

Балалардан к?тілетін жауаптарды? ?лгісі: «?айырлы та?!», «Сені к?ргеніме ?уаныштымын», «К?н жа?сы болсын!», «?уанышты к?н болсын!», «Сені к?ргім келді», «Сен б?гін ?демі болып кетіпсі?»!

Балаларды? жауаптары д?рыс болма?ан жа?дайда немесе жауап беруге ?инал?анда м??алім к?тілетін жауаптар ?лгісі ар?ылы балаларды жетелейді ж?не жауаптарын толы?тырып, ?орытындылайды:

– Балалар, адамны? ?уану, жабыр?ау, ренжу, шаттану сезімдері ?р т?рлі жа?дайлар?а байланысты болатынын білдік. ?олымыздан келгенше бір-бірімізге ?уаныш сыйлай білейік.

Ойын

Балаларды жа?сы к??іл к?йде ж?руге да?дыландыруды ойын ар?ылы ?йымдастыру?а болады.

«К??іл к?йімді тап» атты б?л ойында м??алім ?р т?рлі к??іл к?йді білдіретін с?здер жазыл?ан кеспе ?а?аздарды ?стел ?стіне жазуы к?рінбейтіндей етіп жайып ?ояды. Балалар кезегімен шы?ып кеспе ?а?аздарды? біреуін та?дайды. Кеспе ?а?азда жазыл?ан с?зді м??алім баланы? ??ла?ына сыбырлап айтады. Бала сол к??іл к?йді тек ?имылмен ?ана к?рсетеді. Балалар оны? ?андай к??іл к?йді к?рсеткенін табуы тиіс.

Кеспе ?а?аз?а жазылатын к??іл к?й ?имылдарыны? ?лгісі:

к?лімдеу, жымию, к?лу, ?уан?аннан секіру, бас барма?ымен «б?рі жа?сы» деп к?рсету, ?уан?аннан билеу, ?уаныштан ??ша?тасу, ар?адан ?а?у, басынан сипау ж?не т.б.;

?аба?ын т?ю, к?зін т?мен ?арату, ая?ымен жер ш??у, желкесін ?асу, к?зін ?олымен у?алау, к?зінен жас тамып т?р?анын к?рсету, теріс ?арау ж?не т.б.

Д?йекс?з

М??алім та?та?а «?рбір та??ы ?уаныш ?мірге шатты? сыйлайды» деген халы? даналы?ын жазып ?ояды ж?не оны б?гінгі саба?ты? д?йекс?зі ретінде т?сіндіреді:

– «?р та??ы ?уаныш ?мірге шатты? сыйлайды» дегендей, ?рбір ат?ан та??а, жа?а к?нге ?уан?андары? ?зі?е, айнала?а шатты? сыйла?андары?. Сол себепті та?ерте? ?андай к??іл к?йде болса?дар да, айнала?да?ы адамдар?а жа?сы с?здер айтып, жылы шырай таныта алса?дар – ?здері?е ?уаныш сыйла?андары?.

М??алім балалар?а д?птерді? со?ында берілген «Мені? д?йекс?здерім» айдарында?ы б?гінгі саба?ты? та?ырыбы к?рсетілген бетке осы д?йекс?зді жазу?а ке?ес береді

Д?птермен ж?мыс

М??алім д?птерде берілген суреттегі адамдарды? к??іл-к?йі туралы ??гіме ??растыруды тапсырады.

Ж?ректен ж?рекке

Балалар ше?берге жиналып, жа?ын адамдарына жа?сы тілектерін білдіреді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану п?нінен "Арайлап атсын ?р та?ым" та?ырыбына саба? жоспары »


3-сабақ

АРАЙЛАП АТСЫН ӘР ТАҢЫМ!


Әрбір таңғы қуаныш өмірге шаттық сыйлайды

Халық даналығы


Мақсаты: «Бақыт», «махаббат» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

- әр түрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарым-қатынас жасауды үйрету;

- сыныптастарымен, үлкендермен, жақын адамдарымен жағымды қарым-қатынастарын дамыту;

- өзін және айналасындағы адамдарды сыйлай және қуанта білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа.


Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады, сәлемдеседі. Мұғаліммен бірге мына өлең жолдарын қайталайды:

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Өзіммен-өзім

Мұғалім сабақтың тақырыбын «Өзіммен өзім» әдісін ұйымдастыру арқылы түсіндіруіне болады.

Оқушыларға үнтаспаға алдын ала жазып алынған ұйқыдан оянатын таңғы сәттегі тіршілік әрекеттерінен үзінді тыңдатылады. Мысалы, «Тұра ғой, құлыным!», «Қайырлы таң!», «Күн жақсы болсын!» деп айтылған сөздер, әтештің шақырғаны, сағат қоңырауының шырылдағаны, малдардың, тағы басқа жан-жануарлардың үндері, жүріп бара жатқан көліктердің дыбыстары, диктордың «Қайырлы таң! Астана уақыты сағат 7.00 » деген даусы және т.б.

Әңгімелесу

Мұғалім оқушыларға «Таңертеңгі көңіл күй» мәнін түсіндіруді әңгімелесу арқылы ұйымдастырады.

  • Үнтаспадағы қандай дыбыстар сендерге таныс?

  • Сендерді кімдер оятады немесе ненің дыбысынан оянасыңдар?

  • Қандай көңіл күймен оянасыңдар?

  • Таңертеңгі қуануыңа не себеп болды?

  • Таңертеңгі жабырқауыңа не себеп болды?

Балалардың жауаптары тыңдалып, дәйексөздің түсіндірілуімен қорытындыланады.



Тапсырма

Адамдардың әр түрлі көңіл күйде болатынын түсіндіру мақсатында оқушыларға оқулықта берілген тапсырма ұсынылады:

Суреттерге қараңдар. Балалардың қандай көңiл күйде екенін айтып беріңдер?

Тапсырманы орындау барысында балалардың таңертеңгі көңіл күй туралы пікірлері беки түседі.

Мұғалім тақтаға сюжетті суреттерді іледі. Суреттер бойынша сұрақтарға балалар жауап береді.

1-сурет. Ұл баланы таңғы ұйқыдан оятып жатқан ананың суреті.

  • Анасы баласын қандай сөздер айтып оятты деп ойлайсыңдар?

Балалардан күтілетін жауаптардың үлгісі: «Қайырлы таң, ұлым!», «Құлыным, тұра ғой!», «Жаным жақсы ұйықтап тұрдың ба?», «Күнің жақсы өтсін, ботам!», «Күнім, күліп тұрдың ғой!»

2-сурет. Ұл мен қыздың отбасындағы суреті.

  • Арман мен Жанарға ата-анасы қандай тілек айтты?

  • Арман мен Жанар ата-анасына қандай тілек айтты?

Балалардан күтілетін жауаптардың үлгісі: Арман, Жанар: «Қайырлы таң!», «Қуанышты күн болсын!» «Сабақта бес алыңдар»

Әже, Әке, Ана: «Қайырлы таң!», «Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.»

3-сурет. Мектепке келген Арманның сыныптасымен күлімдеп сәлемдесіп тұрған суреті.

  • Арман сыныптасымен сәлемдесіп тұрып қандай жақсы сөздер айтып тұр деп ойлайсыңдар?

Балалардан күтілетін жауаптардың үлгісі: «Қайырлы таң!», «Сені көргеніме қуаныштымын», «Күн жақсы болсын!», «Қуанышты күн болсын!», «Сені көргім келді», «Сен бүгін әдемі болып кетіпсің»!

Балалардың жауаптары дұрыс болмаған жағдайда немесе жауап беруге қиналғанда мұғалім күтілетін жауаптар үлгісі арқылы балаларды жетелейді және жауаптарын толықтырып, қорытындылайды:

– Балалар, адамның қуану, жабырқау, ренжу, шаттану сезімдері әр түрлі жағдайларға байланысты болатынын білдік. Қолымыздан келгенше бір-бірімізге қуаныш сыйлай білейік.


Ойын

Балаларды жақсы көңіл күйде жүруге дағдыландыруды ойын арқылы ұйымдастыруға болады.

«Көңіл күйімді тап» атты бұл ойында мұғалім әр түрлі көңіл күйді білдіретін сөздер жазылған кеспе қағаздарды үстел үстіне жазуы көрінбейтіндей етіп жайып қояды. Балалар кезегімен шығып кеспе қағаздардың біреуін таңдайды. Кеспе қағазда жазылған сөзді мұғалім баланың құлағына сыбырлап айтады. Бала сол көңіл күйді тек қимылмен ғана көрсетеді. Балалар оның қандай көңіл күйді көрсеткенін табуы тиіс.

Кеспе қағазға жазылатын көңіл күй қимылдарының үлгісі:

күлімдеу, жымию, күлу, қуанғаннан секіру, бас бармағымен «бәрі жақсы» деп көрсету, қуанғаннан билеу, қуаныштан құшақтасу, арқадан қағу, басынан сипау және т.б.;

Қабағын түю, көзін төмен қарату, аяғымен жер шұқу, желкесін қасу, көзін қолымен уқалау, көзінен жас тамып тұрғанын көрсету, теріс қарау және т.б.


Дәйексөз

Мұғалім тақтаға «Әрбір таңғы қуаныш өмірге шаттық сыйлайды» деген халық даналығын жазып қояды және оны бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді:

– «Әр таңғы қуаныш өмірге шаттық сыйлайды» дегендей, әрбір атқан таңға, жаңа күнге қуанғандарың өзіңе, айналаңа шаттық сыйлағандарың. Сол себепті таңертең қандай көңіл күйде болсаңдар да, айналаңдағы адамдарға жақсы сөздер айтып, жылы шырай таныта алсаңдар – өздеріңе қуаныш сыйлағандарың.

Мұғалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазуға кеңес береді


Дәптермен жұмыс

Мұғалім дәптерде берілген суреттегі адамдардың көңіл-күйі туралы әңгіме құрастыруды тапсырады.




Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге жиналып, жақын адамдарына жақсы тілектерін білдіреді.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?зін-?зі тану п?нінен "Арайлап атсын ?р та?ым" та?ырыбына саба? жоспары

Автор: Ар?ынбек ?сем Сабыржан?ызы

Дата: 29.10.2015

Номер свидетельства: 245446


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства