О?ытуды? жа?а технологияларыны? о?ушыларды? білім сапасына ?сері атты жобасы
О?ытуды? жа?а технологияларыны? о?ушыларды? білім сапасына ?сері атты жобасы
?лемде ?о?амды? ?арым-?атынастарды? ?демелі ?згеріп жа?а келбет алу бет б?рыстары ?леуметтік-экономикалы? инфра??рылымны? модернизациялануымен шектелмей, д?ние ж?зілік білім беру ке?істігінде де біршама динамикалы? т?рлендірулер ж?руде.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
І ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................7
Оқытудың жаңа технологиялары туралы жалпы түсінік.............................7
1.2 Оқытудың жаңа технологияларының жіктелуі, топтастырылуы...............10
1.3 Оқытудың жаңа технологияларының түрлері..............................................9
ІІ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫНА ӘСЕРІ
2.1 Бастауыш сыныпта жаңа технологияларды пайдаланудың ерекшелігі....16
2.2 Оқыту технологияларының білім сапасын көтерудегі ықпалы................18
2.3 Сабақтарда жаңа технологияларды пайдаланудың шығармашылық танымды дамытудағы тиімді жолдары................................................................22
ІІІ ІС ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСЫ.............................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Әлемде қоғамдық қарым-қатынастардың үдемелі өзгеріп жаңа келбет алу бет бұрыстары әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның модернизациялануымен шектелмей, дүние жүзілік білім беру кеңістігінде де біршама динамикалық түрлендірулер жүруде.
Осыған сәйкес, отандық және шетел мемлекеттерінде жастарға білім беру мен оларды тәрбиелеу педагогтің үстемдік тұрғыда оқытудан тұлғалық бағдарлы оқытуға көшудің жаңа парадигмалары (үлгі) қалыптасуда. Оқу орындарында жастарға білім беру мен тәрбиелеу үрдісі оқушы тұлғасы мен кәсіби-тұлғалық қасиеттерінің қалыптасып дамуына, өз бетімен іс-әрекет құралдарын жүзеге асыруға айрықша көңіл аударылуда. Осы өзекті мәселені шешуге өткен ғасырда шетел мен Отандық ғылыми-педагогикалық қауымдастық педагогика ғылымы мен оның тәжірибесіне біршама үлес қосты. Оған кепіл болатын– оқытудың жаңа технологиялары.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» деген Жолдауында «ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы білім беру саласында жаңаша көзқарас, кәсіби қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті – «ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» екендігі атап көрсетіліп, онда білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасын ұсынды. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр.
Білім алушы нысанда немесе процестерде пайда болған қиындықтарды өзі танымның әдістерімен сауатты шешіп, табысты нәтижелерге жетуге барлық танымдық потенциалын жұмылдыруға бағыттайды. Оқу үрдісінде білім алушының аталған қасиеттерін жүзеге асыруға мұғалімнің ролі жетекшілік, кеңесші және достық қатынаста жүруге бағыт алады. Жоғарыдағы қасиеттер мен қарым-қатынасты орнықтыруға, оны оқу процесінде жүзеге асыруға оқытудың жаңа технологиялары өздерінің материалданған тәжірибесімен үлкен ықпал етеді.
Қазіргі замандағы білім берудің қарастырылған бағыттары: дәстүрлі, проблемалық, бағдарламаланған (бихевиористік негізде және ой-еңбек әрекеттерін сатылап қарастыру теориясының негізінде), оқытудың алгоритмизациялануы, белгілік-контекстік оқыту «таза» күйінде, бастапқы нұсқасына сирек жүзеге асырылады. Олардың әрқайсысы басқасының элементтерін қамитды. Мысалы, ой-еңбек әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясының негізінде оқыту мен білгілік-контекстік оқыту мәселе қоюшылықты, проблемалық тапсырмаларды кіргізеді; дәстүрлі оқыту контектісінің элементтерін кіргізеді т.б..
Оқытудың осы бағыттарының теоретикалық негіздемеленіп қосылуы білім беру үдерісінің негізгі сипаттамаларын шығармашылықтық тұрғыдан қолдануды шын мәнінде жүзеге асыра алады: оның басқаруға көнуін, меңгерудің психологиялық ерекшеліктерімен салыстырылуын атап, айтқанда оқушылардың ақыл-ой қызметінің ерекшеліктерімен, бағдарламанушылық, белсенділік, өз бетімен әрекет жасаушылық және студенттердің жеке бастарының ерекшеліктерін ескерту.
«Оқу іс-әрекеті» түсінігі үнемі бір жақты түсінік деп айтуға келмейді. Кең мағынада алғанда ол кейде үйренудің, оқудың және тіпті оқудың синонимі ретінде жөнсіз қарастырылады. Тар мағынада Д.Б.Эльконин бойынша –кіші мектеп жасындағы жетекші іс-әрекет түрі. Д.Б.Эльконин В.В.Давыдов, А.К.Маркова жұмыстарында «оқу іс-әрекеті» түсінігі, субьектінің оқу пәніне деген, С.Л.Рубинштейн бойынша түсіндірілетін, бүкіл оның барысындағы ерекше «жауапгершілік қатынаспен» теңдестіріле отырып, іс-әрекеттік мазмұн мен мағынаға толады [59,60].
Қазіргі Отандық білім беру оқу орындарында, әсіресе, жалпы және кәсіби білім беру мектептерінде оқытудың жаңа технологияларын оқу процесінде белсенді қолдануға ұмтылуда. Біздің бірнеше жыл бойы педагогтердің оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану тәжірибесін бақылауымыздан, олардың оқыту технологиясы мен оқыту әдістемесін баламалаумен шектелуі сипат алуда.
Жаңа оқытудың технологиясын тәжірибеде қолдану жүйесі жеткіліксіз емес, көріністі түрде қолдану, пән сабақтарының оқу үрдісінде байқалады. Бұл ауытқулар оқыту технологиясының мәні мен нәтижесінің толық мақсатына жетуіне күмән тудырады.
Оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісінде біртұтас, жүйелі және мақсатқа сәйкес қолдану үшін оқыту технологиясы түрінің тұжырымды қағидалары мен теорияларын және сабақты құру мазмұнымен толық қарастыра, ұғынып түсіне барып, оқыту мазмұнының тұжырымды және процессуальды құрылымды элементтеріне кӛшу абзал. Өкінішке орай, қазақ тілінде оқытудың жаңа технологиялары туралы толық мәліметтер де шектеулі. Көптеген тәжірибелі педагогтер оқыту түрлерін қолдануда кезеңді баспа беттерінде қарастырылған әдістемелік ұсыныстарға негіздеп оқытудың мазмұнын құрайды.
Осы кемшіліктерді толықтыруға, болашақ педагогтер мен оқытушылардың кәсіби еңбегінде оқытудың технологияларын, олардың көздеген мақсатына сәйкес мазмұны да сапалы, жүйелі де нәтижелі, педагогтың жаңа оқыту технологияларының мазмұнымен толық, саналы меңгеріп, аталған оқытудың технологияларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдану мен авторлы жаңа оқытудың технологияларын жобалап құрастыра, нәтижелі жетістіктерге жетуге ықпал ететін оқу құралының мазмұнындағы оқу материалдары болып табылады.
Оқу құралының мазмұнында «технология», «педагогикалықтехнология», «оқытудың технологиясы» ұғымдарына кеңінен талдау жасалынып, оқытудың жаңа технология түрлерінің шығу өзектілігі мен тарихы, оқыту түрлерінің мәні, жетекші идеялары мен тұжырымдамалары, теориялық және технологиялық, әдістемелік негіздері қарастырылған.
Курстық жұмысты зерттеудің мақсаты: оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары ұғымына ғылыми-педагогикалық тұрғыдан сипаттама бере отырып, бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа педагогикалық технологияларының оқушылардың білім сапасына әсерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Тақырыпқа байланысты жұмыстарды тіл білімдік, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиетермен танысу.
2. Жаңа технологиялар ұғымына анықтама бере отырып, оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін анықтау.
3. Бастауыш сыныптың әрбір сабақтарында оқушылардың тілдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту жолын, әдісін іздестіріп, педагогикалық зерттеу арқылы талдау.
4. Бастауыш сыныптардың әрбір сабақтарында жаңа технологияға байланысты сабақтың ерекшеліктерін ашып көрсету.
5. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып әрбір тақырыптың бір-бірімен байланысын аша отырып, маңызын сипаттау.
Курстық жұмыстың болжамы: бастауыш мектептердің әрбір сабақтарын оқыту барысында мұғалім оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын жүйелі түрде қолданса, төмендегі жетістіктерге жетуге болады.
1. Балалардың ақыл – ойы кеңейеді.
Сөздік қорлары молаяды.
Өз беттерінше ой қорытуға жұмыс істей білуге дағдыланады.
Тілді бүрмелемей, дұрыс сөйлеуге үйренеді.
Қазақ тілінен талдауды дұрыс жасай білуге дағдыланады.
Тәрбие мәселесі дұрыс жолға қойылады.
Дүниетанымдары кеңейеді.
Белгілі бір іс - әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуге талпынып,
шығармашылық тапқырлықтары үстей береді.
Курстық жұмыстың теориялық маңыздылығы: дәстүрлі оқытудың мазмұны мен әдістемесі білім алушының пән бойынша оқу материалын теориялық мазмұнда игерсе, ал тәжірибеде қолданылуы шектеулі болғаны белгілі. Бұл, әрине, оны тәжірибелі іс-әрекеттерді белгіленген алгоритм бойынша орындауға көп еліктетті, бірақ әрбір әрекетті дәл, нақты орындауға ұмтылдырды. Оқу үрдісіндегі оқу әрекеттері педагогтің басшылығымен орындалуы жиі байқалды.
Ал білім беру процесінің жаңа үлгілері (парадигма) мен оқытудың технологиялары білім алушының тұлғалық және кәсіби-тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыта, оның меншікті потенциалына негізделе, өз бетімен оқу-танымдық іс-әрекеттерді жүргізу, тапсырмаларды дербес орындап, шығармашылық және интеллектуальды қасиеттерін жетілдіруді, өзін-өзі жетелеуді көздейді.
Курстық жұмыстың практикалық маңыздылығы: қазіргі білім берудің оқу-тәрбие үрдісінде оқыту технологияларының алуан түрлерін ұтымды қолдана, жастардың үйлесімді әлеуметтенуіне жаңаша қарым-қатынастарды жүзеге асырып отыру үздіксіз педагогикалық процестің мақсатты құбылысына бет алады.Білім беру саласындағы қызметкерлердің алға қойған басты міндеттерінің бірі болып оқыту технологияларын меңгеріп қана қоймай, өзінің жұмыс барысына тиімді қолдана білу болып табылады. Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.
Зерттеу әдістері:
Әдістемелік әдебиеттерді талдау.
2. Бастауыш мектеп, орта және жорғары мектеп мұғалімдерінің озық іс – тәжірибелерімен танысып, зерттеу, байқау.
3. Әр түрлі әдістер қолдану.
Курстық жұмыстың әдіснамалық негізі: ғылыми – педагогикалық әдебиеттер болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, І және ІІ бөлімдер, эксперимент жұмысы, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі.
І ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1.1 Оқытудың жаңа технологиялары туралы жалпы түсінік
Білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, инновациялық технологияларды өмірге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты қалыптастыру – өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмейтін мәселе. Осыған сәйкес білім беру мақсаттары мүлде жаңа арнаға бет бұрды, білім парадигмасы да өзгерді.
Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау, өзін-өзі тану, соған сәйкес өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, әр тұлғаның дарынын ашу оқытушылар қауымына тыњ міндеттер жүктеп, келелі істерге бағыт берді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіндігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру – білім берудің түпкілікті мақсаты», - екендігі айқындай түседі. Ұлттық білім беру жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін құруда айтулы жаңарулар жүріп жатыр. Білім стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың дүниеге келуі, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістің куәсі.
2000 жылғы сәуір айында Декара, Сенегада өткен бүкіл әлемдік форумда шығармашылық жеке тұлға қалыптастыру, әр тұлғаның дарынын, талантын ашу, өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олардың өз өмірлерін жақсартуы мен олардың қоғамда өз орнын табуына ықпал ету мәселелері сөз болды. Бұл маңызды талаптар мен міндеттерден егеменді еліміздің білім беру жүйесі мен оқытушылары тыс қалмақ емес. "Ұлттық курикулизм" деп аталатын жаңа мазмұнды құжаттың басты бағыты бүкіл әлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат еткен.
АҚШ пен Батыс Европада XX – ғасырдың екінші жартысынан бастап оқыту процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. Осы уақытта оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» - термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен бұл терминдер «педагогикалық технология» - деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде кеңінен қызу талқылана бастады. Мұнда негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті, техникалық құралдарды қолданумен байланыстырылса, екіншісінің құрамында оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да педагогикалық технология «оқытудың технологиясы» - деген термин пайда болды [7;28].
60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде АҚШ, Англия, Франция, Италия, Жапония т.б. көптеген елдерде оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту процесі білім беру процесінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан, «оқытудың технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай олқылық «тәрбиенің технологиясы», «дамыту технологиясы», «қалыптастыру технологиясы» - ұғымдарына да тән. Қазіргі кезеңде батыста білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін «білім беру технологиясы» - ұғымы пайдаланылып жүр. Осы ұғымның ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесіңде және т.б.) қолданылатын кез келген технологияны қамти алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы» - терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге қатысты қолданған дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі оқыту процесі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр [12;74].
«Білім беру технологиясы» - ұғымын мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудін технологиясына — оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады.
Сырттай қарағанда, технологияның әдістемесі мен оқыту үрдісіңдегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдер арасында қарама-қайшылық жоқ. Себебі, «оқытудың әдістемесі» - ұғымы «білім беру технологиясы» - ұғымынан әлдеқайда кең. Дәлірек айтсақ, әдістеме «не үшін, неге және қалай оқыту керек?» - негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады. Ал, технология болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтау қажет болған сәтте ғана іске кіріседі. Олай болса, технология әдістемелік процестің құрамына еніп, әдістемені жүзеге асыруға қызмет етеді деген қорытынды жасауға болады.
Педагогикалық технологияларға барлық елдер ғалымдары қызығушылық танытуда. Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырады.
Сонымен, педагогикалық технологияны — оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, және осы жолда тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде қарастыруға болады.
Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудын технологиясын — қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы - оқыту іс - әрекетінін әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:
- білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
- білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;
- мұғалім мен білім алушының өзара қарым - қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.
Білімді меңгерту - оқушының танымдық талдау жасай отырып оны орынды пайдалана білуі арқылы жүзеге асатын құбылыс. Бұл оқушылардың есте сақтау, ойлау, даму қабілеттерін арттырады. Қазақ тілі, ана тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.
«Технология» терминіне келетін болсақ, ол - грек сөзі. Техно – өнерпаздық, шеберлік, logos – ілім деген мағынаны білдіреді. Педагогика тіліне аударсақ, педагогикалық шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымға келіп саяды. «Технология» туралы қазір 300-дей анықтама бар. Ғалымдар оның өндірістен келген сөз екенін айтады. Ал, инновация дегеніміз – белгілі бір жүйедегі ішкі өзгерістер. Педагогикалық инновация дегеніміз – педагогикалық жүйедегі жаңашылдық [18;45].
Мектепте жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың ойлауын дамыту, жаңа технологияны пайдалану арқылы оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен оқушылардың білім деңгейіне қарап сараланып, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды. Сонымен, оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырып оқыту әдісі оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Бұл технологиялар оқушылардың мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлеуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын технологиялар болып табылады. Жаңа технологияларды пайдалану арқылы біз сабағымызды оқушыларға тиімді беруімізге мүмкіндігіміз туады.
1.2 Оқытудың жаңа технологияларының жіктелуі, топтастырылуы
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап «технология» ұғымы қоғамдық санада әбден орнығып, ғылыми және практикалық іс-әрекеттің ерекше бағдарына айналады.
Адам баласының әр түрлі теориялық және практикалық іс-әрекетіне тән ғылыми-техникалық қарқынды жетілу үдерісі, оған қоса, психологтар мен оқытушылардың өз салаларында кепілді нәтиже алуға ұмтылысы психология мен педагогикаға «технология» ұғымымының кіріктірлуіне ықпал етті.
Білім беруге қатысты технология ұғымы ғылыми тұрғыдан бірмәнді анықталмайды. Тым кең мағынада технология «бұл – өнер, шеберлік, біліктілік» ретінде қарастырылады. Ғылыми-әдістемелік, көпшілік әдебиетте «психологиялық технология», «педагогикалық технология», «білім беру технологиясы», «оқыту технологиясы», «тәрбиелеу технологиясы», «дамыту технологиясы» сияқты ұғымдар кеңінен пайдаланылады. Әдебиеттерге жасалған талдау ең алдымен «оқыту технологиясы» ұғымының пайда болғанын көрсетті. Аталмыш ұғым тұңғыш рет 1970 жылы ЮНЕСКО мәслихатында қолданылған екен. Онда оқыту технологиясы адамдардың, байланыс, қарым-қатынас жасау тәсілдері мен құралдарының жиынтығы, білім беру үдерісін модернизациялаудың қозғаушы күші ретінде анықталған. Олардың арасында нақты айырмашылықтар да әлі күнге дейін ғылыми негізде тағайындала қойған жоқ. Олай болса, «технология» ұғымының көпмәнді мазмұны қазіргі кезде аз емес.
XX ғасырда ізгілікті технология мен психотерапияның негізін салған К.Роджерс технологиялық және қалыптастырушы идеялары өз тұжырымдамаларының мәніне, адамға деген көзқарасқа, тұрғыларға қарама-қайшы деп ұсынған екен. Бұл ұстаным аса орынды болғанымен, «технология» ұғымы қазіргі психологиялық-педагогикалық ,ылымдарда әбден орнығып, бекініп қалды. Сонымен қатар, аталмыш ұғымның бірнеше мағынасы да айқындалған-ды. Атап айтқанда, «технология» ұғымын кейбір іс әрекет жүйесін, оқыту-тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру мағынасында қолдану орын алған. Біз де осы ұстаным негізінде «технология» ұғымын пайдалануды зерттеу жұмысымыздың қисынына келеді деп санаймыз[10;13].
Қазіргі заманда жоғары білім беру стратегиясы нақты бір іс-әрекет пен оған қатысты қарым-қатынас аясынан тыс кезде де мәдени тұрғыдан субъектілік танытуға, инновациялық көрсеткіштерге жетуге, шығармашылықты жүзеге асыруға қабілетті болу үшін болашақ мамандардың психологиялық дамуын, өзіндік дамуды жүзеге асыруын және өзін-өзі актуалдандыруын көздейді. Мұндай стратегия колледжде білім беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, құралдары мен формаларын субъектілік және психологиялық даму технологияларына түбегейлі айналдыруды қажет етеді. Бұл субъект-бағдарлы психологиялық дайындау технологиясын жасап, жүзеге асыруға тіреледі.
Осы кезге дейін «технология» ұғымын анықтауға жалпыланған тұрғының болмауы оның түрлері бойынша бірмәнді жіктеменің қабылданбағанын түсіндіреді. Дегенмен, Г.К.Селево жасаған ағарту саласында қолданылатын технологиялардың жіктемесі әлдеқайда нақты сияқты. Ол ерекшеліктері және қолдануда мәнді қасиеттері бойынша технологияларды жіктерге айырып, былайша топтастырды:
Қолдану деңгейіне қарай: жалпы педагогикалық, дербес әдістемелік (пәндік) және локальді (модульдік);
Ғылыми тұжырымдамалық негізі бойынша: ассоциативті-рефлекторлық, бихевиористік, гештальт технлогиялар, интериоризаторлық және дамыту;
Тұлғалық құрылымдарға бағытталуына орай: ақпараттық (білім, дағды және біліктілікті қалыптастыру), амалдық (ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру), эмоциялық-эстетикалық және эмоциялық адамгершіліктік (эстетикалық және адамгершіліктік қатынастарды қалыптастыру), өзіндік даму технологиялары (тұлғаның өзін-өзі басқару механизмдерін қалыптастыру), эвристикалық (шығармашылық қабілетті дамыту) және қолданбалы (әрекеттік-практикалық саланы қалыптастыру).
- ұйымдастыру формаларына байланысты: сынып-сабақтық және баламалық, академиялық және клубтық, жеке-дара және топтық, топтық оқыту тәсілі және саралап оқыту;
- басыңқы (доминанты) әдіс бойынша: догматикалық (репродуктивті), түсіндіру-иллюстрациялық, диалогтік, ойын, проблемалық (ізденушілік), бағалап оқыту, дамыта оқыту, өзін-өзі дамыта оқыту, ақпараттық (компьютерлік) және шығармашылық;
- дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау бағытына қатысты: қатынастарды ізгілендіру және демократияландыру негізіндегі, оқушылардың іс-әрекетін белсенді және қарқынды ету негізіндегі; тиімділік және басқару негізіндегі, материалды әдістемелік және дидиактикалық жағынан қайта құрастыру негізіндегі, баламалық, табиғатқа сәйкес, авторлық мектептердің технологиясы;
- студенттер категориялары бойынша: алдыңғы қатарлы білім беру, компенсациялаушы, виктимологиялық, бұқаралық технология, қиын студенттермен жұмыс технологиясы, дарынды студенттермен жұмыс технологиясы.
Оқытуға қатысты аталған технология түрлерінен басқа да дидактикалық теорияларға сәйкес білім беру технологияларының жіктемесі жасалған. Мәселен, Д.В.Чернилевский [33] дидактикалық негіздегі өлшемдерге қарай проблемалық, шоғырландырып оқыту, модульдік оқыту, дамыта оқыту, саралап оқыту, контекстік және ойын арқылы оқыту технологияларын бөліп көрсетеді.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында кәсіби дайындауға қатысты П.И.Образцов жіктеген технология түрлеріне назар аударуға болады. Ол ассоциативті-рефлекторлық, ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру, прблемалық оқыту, дамыта оқыту, бағдарлап оқыту, контекстік және модульдік оқыту технологияларын психологиялық-педагогикалық жағынан құрастыру мен тиімді болатынын тағайындаған [14;28].
1.3 Оқытудың жаңа технологияларының түрлері
Қазір оқытылатын пәндер оқушылардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталып мақсатты білім беру ісіне назар аударылуда. Білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы - жеке, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер.
Қазіргі кезеңнің ең басты ерекшелігі жеке тұлғаның, яғни, оқушының көзқарастары мен болмысына көңіл қою болып отыр. Бұл бағдарламаның негізінде оқушылардың білімді өз бетімен игеру идеясы жатыр. Оқушы пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу сияқты қарапайым іс-әрекеттер мұның астарында жатыр. Қазіргі кездегі оқыту технологияларының көптеген түрлері бар. Атап айтсақ:
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.
Жаңа дәуірдегі барлық қоғамдық жүйенің өзгеруі, оның дәл ортасында «адамның» тұруы, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени салалардың басты бағдары мен құндылықтарының өзгеруі, жаңа ғасырда білім беру жүйесінде демократия мен ізгілік ұстанымдарының қалыптасуына ықпал етуде. Осындай өзгерістерге орай ғалым И.П.Подласый қазіргі кезеңде білім берудің: үш тұжырымдамалық үлгісінің бар екендігіне тоқталады. Олар: пәнге бағытталған білім беру үлгісі; тұлғаға бағдарланған оқыту үлгісі; пәндік және тұлғаға бағдарланған оқыту үлгілерінің кіріктірілген түрі–ынтымақтасу үлгісі деген үш түрінің қалыптасуын айтады.
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Проблемалық оқыту оқушыларды дербес ізденіске, зерттеу жұмыстарына баулуда, бейтаныс, белгілі емес проблемаларды өз беттерінше шешуде өте ұтымды болып келеді. Проблемалық оқытуды зерттеуші ғалымдар мен жаңашыл ұстаздар ізденісі баршылық. М.И.Махмутов, Н.Н.Скаткин, В.Оконь, Т.Ақшолақов, Қ.Тасболатов, Ә.Дайырова сынды ғалымдар мен қоса белгілі ұстаз Қ.Бітібаева еңбектерін айтуға болады. Проблемалық оқыту негізінде проблема жататынын ғалымдар ізденісінен түсінуге болады[11;62].
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Негізін көрнекті орыс ғалымдары В.В.Давыдов, Д.Б.Элькониндер салған дамыта оқыту дәстүрлі оқытуға қарама- қарсы, оның альтернативті түрі. Ол білімді жеке тұлғаға бағыттай отырып, оны жан-жақты дамытуды мақсат етеді. Дамыта оқыту туралы орыс ғалымы Г.Ю.Ксензова: «Под развивающим обучением мы будем понимат способ организации обучения, содержание, методы и формы организации которого прямо ориентированы на всестороннее развитие ребенка», - деп анықтама береді. Ғалым дамыта оқытудың басты ерекшелігі, ұстанымы туралы нақты анықтама береді. Оның тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталатынына түсінік береді. Дәстүрлі оқыту оқушылардың икем-дағдысы, іскерлігін қалыптастыруды бағыттаса дамыта оқыту оқушы-субъектінің теориялық ойлау қабілетін, танымын, дарынын, дамытуды мақсат етеді. Ойлауды өнімді- өнімсіз; шығармашылық- шығармашылық емес деп жіктеуге болады. Дамыта оқыту балалардың шығармашылық ойлауларын дамытуға түрткі жасайды. Ал шығармашылық ойлау жеке тұлға дамуының биік сатысы болып табылады.
ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Жобалау технологиясы әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді. Түсіндірме сөздікте: Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ.Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі.
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Оқытудағы негізгі мақсат — сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету. Сөйлей білуге машықтандыратын ұтымды әдістердің бірі - ойын. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын ойындар сабақта үлкен рөл атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, шәкірт санасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сонымен қатар ойын оқушының сөйлеу қабілетінің даму әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Ойынды өткізудің психо-дидактикалық талаптарын мұғалім естен шығармауы керек. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігі мен қабілетінің даму әрекетіне әсер ететіндей, оның мүмкіншіліктеріне сай болуы керек. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниесі, ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.
ҰЖЫМДЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Ұжымдық оқыту дәстүрлі оқыту кезеңінде де, қазіргі технологиялық оқыту кезеңінде де тәжірибеде кеңінен қолданылып келеді.Әсіресе білімді жеке тұлғаға бағыттай беру үрдісінде ол өнімді нәтиже беріп келеді. Технология талаптары оқушы-субъектінің білімді өз ізденістері арқылы алуын мақсат етсе, ұжымдық оқыту оған мүмкіндік туғызады. Мұғалім мен оқушы іс-әрекеті үнемі алмасып отырады. Оқушы өз бетімен ізденуші, өз бетімен мақсатқа жетуші, өз жұмыстарын өздері талдаушы, бағалаушы іс-әрекетінде болса, мұғалім жетелеуші, ұйымдастырушы, бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады. Ұжымдық оқыту 30-жылдары практик-мұғалім А.Г.Ривиннің іс-тәжірибесінен туындаған. Ары қарай оны зерттеп, тиімділігін дәлелдегендер қатарына В.К.Дьяченко, А.С.Соколов, В.В.Архипов сынды ғалымдарды айтуға болады[20;74].
ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау.
ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. Білім беру парадигмасының түбегейлі өзгеруіне сәйкес инновациялық үдерістердің қарқындылығы артуда. Дәстүрлі үдерістен инновациялық үдеріске көшу талабы мамандардың жаңа педагогикалық технология ауқымында әрекет жасауларына себепші болуда. Бүгінгі күндегі озық педагогикалық технологиялар арасындағы өзектілігімен, пәрменділігімен айшықталатыны - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
МОДУЛЬДЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Модуль – латын сөзі өлшем, шама. Күрделі бір тақырыптың модулін жасау немесе болкпен оқыту. Бұл оқу жүйесі 1969 жылдары АҚШ-тың оқу жүйесінде пайдаланылған. Қазақстан М.Жанпейісованың докторлық диссертациясында біраз пікірлер болды, соған байланысты мектеп мұғалімдері көп еңбек етуде. Ұстаздардың модульдік оқыту тәсілдерін тәжірибеге пайдалану жолдары әр түрлі болып келеді. Оқытудың бұл түрі бүгінгі технологияландыру кезінде де өз маңызын сақтап отыр. Модульдік оқытуды басшылыққа ала отырып, пәнаралық байланыс арқылы шығармашылық тапсырмаларды жүргізудің тиімділігін көрсетеді. Модель, жоба жасау, оны қорғау-модульдік оқытудағы басты әдіс-тәсіл. Модульдік оқыту оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытады. Ал, шығармашылық ойлау-шығармашылық табыстарға жетудің кепілі. Шығармашылық ойлаудың басты белгілері төмендегідей: 1) бұрын ешкім ашпаған, қол жетпеген беймәлім нәрсені ашу, оған қол жеткізу; 2) нәтижеге жетудің әр түрлі жолдарын іздеу; 3) нәтижеге әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жету; 4) ешкімнің жетелеуінсіз өз беттерімен іс-әрекет жасау[5;41].
САРАЛАП-ДАРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.Саралап - даралап оқыту – мұғалімнің жаттығу жұмысын жүргізудегі бір тәсілі, І деңгейдегі білімі бар оқушыларға, ІІ деңгейдегі білімі бар оқушыларға, ІІІ деңгейдегі білімі бар оқушыларға тапсырма немесе жаттығу жұмысын бергенде сыныбы, жас ерекшелігі, білім көлемі есепке алынатын жұмыс түрі. Ерінбейтін білімді, шебер мұғалім ІІ деңгейдегі оқушыларды І тоқсанда І деңгейлі білім бар оқушылар қатарына қосады. ІІІ деңгейлі білімі бар оқушылар жыл аяғында ІІ деңгейдегі білімі бар оқушылар қатарына қосылады. І деңгейде «өте жақсы» оқитын оқушылар білім деңгейімен санаса отырып, күрделі жаттығуды ұсыну; ІІ деңгей – жақсы оқитын оқушылар, оларға сәл төмендеу жаттығу ұсыну; ІІІ деңгейдегі білімі төмен оқушыларға жаттығудың жеңіл түрін, кітаппен не кеспе арқылы, т.б. жұмыстар беріледі. Былайша айтқанда, даралап-саралап оқыту әдісі мен тәсілі дегеніміз осылар.
ДИДАКТИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ ІРІЛЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ (П.М.Эрдниев)математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу, пәндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау. Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі: бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеру;өзара қарама-қарсы ұғымдарды салыстыру; тұтас және қарама-қайшы ұғымдарды сәйкестендіру, салыстыру. жаттығуларды орындау, есептер шығаруда амалдардың орындалу тәртібін (жұмыс кезеңдерін) реттеу.
ТҮСІНДІРЕ БАСҚАРЫП-ОЗА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ (Лысенкова С.Н.)Педагогикалық ынтымақтастық тұжырымдары: табыс- баланы оқыту арқылы дамытудың басты шарты;сыныптағы қалыпты жағдай (түсіністік, өзара көмек)қателікті ескерту, жазғырмау;оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі;саралау әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы;бірте-бірте толық дербестікке жету;нашар оқитын оқушыны білгір оқушы арқылы үйрету.Бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, азайту үшін оза оқыту әдісін қолданады:қиын тақырып әр сабақ сайын азғантайдан өтіле бастайды;сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;1 сыныпта үйге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай(әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі.
ТІРЕК СИГНАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ (В.Ф.ШАТАЛОВ).Тұжырымының ерекшелігі:үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас;ізгілік (барлық бала талантты);зорлықсыз, еркімен оқыту; әр оқушының табысының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау; оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.Мазмұнының ерекшелігі:материал ірі мөлшерде енгізіледі; материалды блокпен топтау,оқу материалдарын тірек-схема, тірек конспект түрінде хаттау[13;36].
ІІ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫНА ӘСЕРІ
2.1 Бастауыш сыныпта жаңа технологияларды пайдаланудың ерекшелігі
Соңғы кездері мектептерде бастауыш сыныптарда білім берудің жаңа технологияларды пайдалана отырып оқытуға көңіл бөлініп, ол іс жүзінде кеңінен қолданылуда. Осындай бір оқушылардың ой-өріс қабілеттерін дамытып, оны сабақтарында дәйекті түрде пайдаланып, бүкіл ұжым болып осы іске бет бұрған мектептер баршылық.
Қазіргі білім беру саласындағы жаңартпашылыққа оқытудың озық педагогикалық технологиялары жатады. Осы жаңартпашылықтарға жаңа педагогикалық технологиялар барынша қарқынмен тез қосылып, өзінің тиімділігін әр түрлі тәжірибеде көрсете білді.
Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді[10;28].
Әдетте әдістеме өз-өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы ұстаз қызметінің іс-тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында, ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерінде пайдалана алатын болады. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады.
Жаңашыл мұғалімдер практикум, конференция, іскер ойын сияқты әдістерді енгізіп отыр. Мұның өзі оқытушының бірыңғай мақсатын - өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады. Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Мұғалім жаңа педагогикалық технологияны біріншіден – оқып үйренеді, екіншіден – меңгереді, үшіншіден – жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде колданады, төртіншіден – оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.
Яғни, бұрынғы кезде мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы «субъект-объект» бағытында болса, қазіргі кезде оқушы тұлғасын дамыту қарым-қатынасында «субъект-субъект», «тұлға-тұлға» бағытын ұстану керек. Өйткені, қазіргі оқушы дүниетанымдық қабілеті жоғары; дарынды, өнертапқыш; ізденімпаз; талапты, өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс.
Осындай қасиеттерді оқушының бойында қалыптастыратын қазіргі мұғалімнің бойында мынандай қасиеттер болуы тиіс: педагогикалық өзгерістерге тез төселе алатын; педагогикалық үрдісте жұмыс істей алатын; жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; оқушылармен тез тіл табыса алатын; білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Ал жүйелі білім беру мен оқушыны жан-жақты дамытуда инновациялық технологиялардың ролі өте жоғары.
Жаңа педагогикалық технологияны сабақта қолдану мынадан көрінеді:
Оқу үрдісін түрлендіреді.
Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады.
Оқушылар сол тақырып бойынша жан – жақты мазмұнды деректер
негізінде дайындалады.
Логикалық ойлау қабілеттері дамиды, әр түрлі мәселелерді жан –
жақты философиялық, психологиялық, социологиялық тұрғыдан қарап, талдау жасайды.
Ойлау қабілетін тереңдетеді.
Өз пікірін нақты қысқа дәлелді түрде жетізуге дағдыланыды.
Сын көзқарасын қалыптастырады.
Оқушылардың шешендік қабілеттерін дамытады.
Оқушылардың көпшілік алдында өзін - өзі ұстауы, байыпты сөйлеу,
басқаның пікірін тыңдау сияқты қасиеттері дамиды.
Оқушының әдептілік нормаларын сақтауға баулиды.
Топпен, жеке жұмыс істей білуге үйренеді.
Бұл технологиялардың сабақта қолдануда оқушының жан –жақты
дамуына әкеліп, өз ісіне шығармашылық тұрғысында қарауға үйретеді.
Дәстүрлі оқыту жүйесінен жаңа педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі мынандай:
оқу қызметінің төрт түрін (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) жетіледі;
жалпы мәдениеттен, пәннен терең білімділігін (хабардары) дамиды;
өзінің ойын нақты да жинақы жеткізу шеберлігін дамытады;
пәнге қызығушылығы артады;
ойлау қызметінің белсенділігі артады;
шығармашылықпен жұмыс істеуі артады.
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде мынаған дағдыланады:
Сыни тұрғыдан ойлау.
Зерттеу.
Ұйымдастырушылық.
Білім көздерімен – кітапханадағы картотекамен, оқу әдебиеттерімен,
тарихи құжаттармен, статистикалық мәліметтермен, қоғамдық саяси газет – журналдармен, энциклопедиялық сөздіктермен жұмыс істеу.
5. Тақырып бойынша қозғалған мәселеге өз тұжырымын жасауға, қоғамға, адамзатқа пайдалы, пайдасыз не деген өлшемдерге, адамгершілік өлшеміне өзіндік баға беруге үйренеді[15;37].
2.2Оқыту технологияларының білім сапасынкөтерудегі ықпалы
Білім негізі бастауышта қаланатыны баршаға мәлім. Бастауыш буында бүлдіршін оқуды, сауатты жазуды, сөйлей білуді, арифметикалық амалдарды пайдалагуды үйренеді. Сондықтан бастауыш клсс мұғалімдеріне қойылатын талап өте жоғары болатыны заңдылық.
Бастауыш класс мұғалімі әр оқушының психологиялық ерекшелігін зерттейді. Осыған орай әрқайсысымен жекелей жұмыстар жүргізеді. Түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланады. Мәселен, кейбір балалар есептуге жүйрік, ал сөйлеуге тұйық. Енді біреулері естігенін тез қабылдайды, бірақ есептеуге шорқақ немесе жазу каллиграфиясы наша болып келеді. Бастауыш класс мұғалімі әрбір баланың осындай әлсіз тұстарымен жұмыс жасап, және оны ерекше зерттеп білуі керек. Сонда ғана өтілгелі отырған сабақтың мазмұнына талдау жасай отырып, белгілі бір нақтылы жағдайға байланысты жүзеге асыруға тиісті деп белгіленген оқу-тәрбие мақсатын орындау үшін ең тиімді деген әдіс-тәсілдердің қатарларын үйлесімді түрде таңдап алуы да жетістікке жетуге бір табан жақындатады.
Бастауыш кластың мұғалімі бағдарлама көлемінде білім беріп қана қоймай, пәндер арқылы баланың дамуын қамтамасыз етуі керек. Дамыта оқыту, оқулық мазмұнымен оны оқыту әдістерімен жүзеге асады. Баланы оқуға қызықтыру мәселелері әрқашанда өзекті. Осы жерде қолданатын әдіс-тәсілдер туралы мәселе де туындайды. Оқыту әдістерінің қызметіне оқытушылық, оған қызығушылық тудыру, дамытушылық, тәрбиелік, ұйымдастырушылық қызметтері жатады. Өйткені, әдістер тек оқыту құралы ғана емес, олар арқылы қызығушылық тудыру, тәрбиелеу, бүкіл оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға болады.
Оқыту мақсатына жету жолдары өте көп. Оның тиімдісін табу мұғалім шеберлігіне байланысты. Оқытудың әдістері: 1. Білім алу көзіне қарай. 2. Қызметіне немесе дидактикалық мақсатына орай. 3. Танымдық әрекеттердің түріне қарай. 4. Оқушылардың белсенділігне қарай жіктеледі. Осындай оқыту әдістерін ескере отырып, сабаққа дайындалу барысында мұғалім әдіс-тәсілдерді өзі таңдайды[9;61].
Оқыту технологиясы – бұл оқытушылар мен оқушылардың қызметiн құру. Мұнда оқушылардың өнiмдi қызметiн ұйымдастыруға мүкiндiк беретiн оқыту жағдайларына (нысандарына, әдiстерiне, тәсiлдерiне, құралдарына) басымдық берiледi.
П.Буга мен В.Карпов оқыту технологиясы дегенiмiз - ғылыми ұйымдастырылған бiлiмдi практикалық тапсырмаларды орындауда жүйелi түрде iс жүзiнде қолдану деп түсiндiредi және оқыту технологияларын оқытудың әртүрлi әдiстерiн қолданудың ғылыми негiзi ретiнде анықтайды.
Жапон педагог ғалымы Т.Сакамотоның сипаттауынша, өз мәнi бойынша педагогикалық технология барлық басқарылатын компоненттер:
1. Бiлу, түсiндiру, пайдалану, бағалау, түсiну, қолдану, жасау, атап көрсету және т.б.
2. Қайта құру, болжау, сауал, қою, қайта ұйымдастыру, топтастыру, жүйелеу, жеңiлдету және т.б.
3. Белгiлеу, қорытынды жасау, мәнерлеп оқу, айту және т.б.
4. Пiкiрiн айту, қолдау, ынтымақтаса қызмет ету және т.б. [2;28]
Осы негізде қазіргі кезде оқыту технологияларының көптеген түрлері пайда болып, арнайы құзырлы органдармен мақұлданып, білім беру бағдарламаларында кеңінен қолданылуда. Атап айтсақ: оқытудың жаңа технологиясы, инновациялық технология, ақпараттық технология, жобалау технологиясы және т.б. Аталған технологиялардың әрқайсысы өзіндік қолданылу аясымен, мақсатымен, міндеттерімен, қойылатын талаптарымен ерекшеленеді.
Оқытудың жаңа технологиясы – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, алайда оның мұғалімді толығымен алмастыратын қабілеті жоқ. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектептер шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, оқу бағдарламарына жоғары дәрежеде қолдана білетін, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдерді қажет етеді.
Компьютер, интерактивті оқыту құралдарды мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды қасиеттерінің дамуын жобалаушы. Ал, бұл мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді[6;36].
Бүгінгі күнгі республикалық оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалы оқыту технологиялары оқу процесіне енуде. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.
ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді. Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі [13;19].
Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған ағылшын психологы, педагогы және философы Джон Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе, бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі » - деген екен Килпатрик [4,11].
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін – өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса, ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдыққа, ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелейді. Жобалау технологиясының негізінде оқушының жұппен, топпен бірігіп шығармашылық жұмыстарды орындауы жатыр, ал бұл ерекшелік оқушының қоғаммен жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Жоғарыда қарастырылып отырған оқыту технологиялары бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енгізудің негізі болып саналады. Мұғалімдер мен оқушылардың жан – жақтылығын дамытуға, оқу сапасын арттыруға, есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдануға әсерін тигізеді. Үнемі ізденіс істінде жұміс істейтін оқушының білім деңгейінің жоғарылауына, оқуға деген қызығушылығының артуына, шығармашылық қабілетінің дамуына, ғылым мен білімді толық дәрежеде меңгеруіне септігін тигізеді.
Ана тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын, дүниетану сабақтарында қолданатын тиімді тәсілдердің бірі- тірек сызбалар. Тірек сызбалар негізгі ойды жинақтауға, сабақты анық түсіну үшін, тақырыпты бекітуде тиімді тәсіл болып табылады. Ал қазақ тілі, математика сабақтарында Ж.Қараевтың «Деңгейлеп саралау» технологиясын қолдана отырып өткізу тиімді. Осы технологияның сабақтарда тиімді жақтары: Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады. Жеке-дара қабілеттері айқындалады. Оқушылар нақты өз деңгейінде бағаланады. Дамыту мониторингі айқын көрініп отырады. Сабаққа деген қызығушылығы артады. Сонымен бірге мұғалімге қиындық келтіретін жақтары да жоқ емес. Біріншіден сабақтағы уақытты тиімді пайдалана отырып, оқушы тапсырмаларын тексеріп үлгеру керек. Соынмен қатемен жұмысты әр оқушыға түсіндіре отырып жүргізу керек. Себебі, ол келесі тапсырмаға көшпес бұрын алдыңғы тапсырманы дұрыс меңгергені дұрыс. Барлық оқушының жұмысын тексеріп шығу ауыртпашылық түсіреді. Осыған орай оқушылардың білімін тексеруде тест әдісі өте тиімді рөл атқарады. Тест арқылы оқушы жауапты жанама түрде емес нақты береді.
Қорыта айтқанда, жаңа оқыту технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға, оқушылардың дайын өнімді қабылдайтыны ғана емес, өз бетімен ізденіп, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жоғарыда аталған технологиялардың негізі болып табылады. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті алдын-ала нақтылы жоспарлануы керек. Конфуцийдің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін» дегенін қай технологияның болмасын негізгі ұстанымы ретінде алсақ та, қателеспейміз деп түсінеміз[8;35].
2.3 Сабақтарда жаңа технологияларды пайдаланудың шығармашылық танымды дамытудағы тиімді жолдары
Бастауыш мектептерде оқушы тілін дамыту – тілде барды дұрыс таңдап, талғап сөйлеуге, жазуға, сауаттылыққа үйрету болып табылады. Бастауыштан бастап оқушы пікірінің тууы және түсінік әлдеқайда тиімді болып шығады немесе ұсынылған құрылымға бағынады, бұнымен бірге екі жақтың да дүниетанымдық бағыты және рухани құндылықтары артады. Осыдан шығатын қорытынды: сабаққа бар ынтамен қатысу мақсатын қоймай–ақ оқушы ауызша және жазбаша ойын бекітуші, даттаушының сөзіне қойылатын заңдылық негізінде құра алады.
Жаңа педагогикалық технологиялармен сабақтарды жүйелі түрде жүргізіп отырса оқушы білік пен білім, шеберлік дағдыларын игереді. Бір жағынан оқушы жаңа түрдегі сабаққа бар жанымен қызыға кіріседі, өз ойын айтуға тырыса отырып, үйренеді. Міне, осындай сабақтарда қарастырғанда жаңа технологияны қолданып оқу үрдісін түрлендіруге, мұғалімнің біліктілігін арттыруға, оқушылардың жан–жақты терең білім алуына шығармашылық тұрғыда ізденіс қабілеттерін арттыруға маңызын тигізеді.
Сабақтарда жаңа педагогикалық технологияны тереңдете оқыту және оның маңызы мына төмендегідей:
сөз әдебіне үйрету;
әлеуметтік тілдің дағдыларын қалыптастыру;
тілдің құндылығы арқылы қоғамда ой – сана алуандылығын туғызу;
еркін саяси көзқарастардың бәсекелестігін туғызу;
тыңдаушының сөйлеушіден 2 есе мәдениеттілігін насихаттау;
пікірсайыс түрлері, оның мәні;
шешендік; белсенді сөйлеуді ойлау сөйлеуімен ұштастыру;
оқушы дербестігін дамыту;
оқушы өзін - өзі қадағалап, тексертуге баулу;
таным қабілетін дамыту;
өздігінен білім алуға қажеттілікті тудыру;
ақыл – ой еңбегіне жалпы мәдениетін арттыру;
пікір шектелмейтін еркін шығармашылық қалыптастыру;
ғылым дағдыларын жүйелеу;
шығармашылықпен жұмыс істей білуді ұштау;
ойлау, есте сақтауды дамыта отырып, зейінін тұрақтандыру.
Қазіргі соңғы жаңалықтарды оқыту барысында оқытудың жаңа технологияларын пайдалану үлкен бір тараумен жұмыс істеуден көрінеді. Сол сияқты бастауыш мектептердің әрбір пәнді оқыту әдістемесі бойынша әр тарауды оны модульдеп немесе блокпен бөліп оқыту жүйесінен басталады. Мұғалімдер бағдарама жасағанда әр тарау сайын бірінші блоктың тақырыбы, не бірінші модульдің тақырыбы деп жазып, терминді енгізуде.
Дамыта оқыту, проблемалық оқыту технологиясы жаттанды іс-әрекеттерге сүйенбейді, оқушының жеке басын дамыту, білімді өз ізденістері арқылы алуды қамтамасыз етеді. Шығармашылық еңбекке кең жол ашады. Ол оқушының шығармашылық ойлауына, ізденісіне, іс-әрекетіне түрткі жасайды, оны дәстүрлі оқытудағы өнімсіз еңбектен босатады. Оны зерттеуші, ізденуші биігіне көтереді. Оқытудың бұл түрінде сұрақтар, тапсырмалар жүйесі де басқа сипатта болады, яғни өз беттерімен орындалатын шығармашылық тапсырмаларға ерекше назар аударылады.
Қорыта келгенде, дамыта, проблемалық оқытудың жұмыстарын жүргізудегі ең басты тиімділігін төмендегідей көрсетуге болады:
1) дербес ізденісінке, білімді өз бетімен алуына пәрменді ықпалы;
2) оқушылардың шығармашылық ойлауын жетілдіруі;
3) қабілет, дарын, шығармашылық бейімді дамытуға түрткі жасауы;
4) шығармашылық тұлға қалыптастыруға әсері, жеке бас ерекшеліктерін жан-жақты дамытуы;
5) өзін-өзі тануы мен «Мен» менталитетін жетілдіруге жағдай жасауы;
6) ғылыми ізденіске, ғылыми еңбекке баулуы.
Бастауыш сыныптан бастап-ақ (3-4 сынып) проблема шешу, проблемалық тапсырмалар, сұрақтар әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Бұл үрдісте әсіресе пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше.
Проблемалық оқытудың тиімділігі де сол - ол оқушының өз дербес іс-әрекеті арқылы проблеманы шешуі, сол жолдағы ізденісі, шығармашылық өнімге қол жеткізуі. Бұл жерде проблема қайдан және қалай пайда болады деген сұрақ туындайды[5;74].
Оқытудағы оқушының шығармашылық іс-әрекеті:
1. Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.
2. Проблеманы ашу, өнім жасау, шығармашылық еңбекке қол жеткізу.
3. Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.
Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз.
Мысалы: қазақ тілі сабағында модульдік тақырып «Зат есім» деп келеді де, оның анықтамасы, жұрнақтары, төрт түрлі жаттығулары сағатқа бөлініп көрсетіледі. Бұл тақырып таныс болғанмен, оны есепке ала отырып, жеделдетіп, жетілдіре білім береміз деп өз ойларын баяндайды. Сөйтіп, модульдік оқыту дегеніміз – іріленген дидактикалық бірлік, үлкен бір жүйе. Мұндай мұғалім беретін білімге тарау бойынша жоспар жасайды.
Мектепте оқытылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында тілдің грамматикасының өз ішінде морфология және синтаксис болып бөлінетін екі саласы бар. Бұл екі бөлім – бір-бірімен тығыз байланыста қарстырылатын бір бүтіннің екі жағы. Морфология, синтаксис бір бүтіннің екі жағы болғанмен, бұлардың өз алдына қарастыратын объектілері басқа-басқа.
Морфология – сөздерді жеке-жеке қарастырмайды, оларды белгілі бір топқа бөліп, сол топтардың әрқайсысына ортақ грамматикалық белгілерін және өзіне тән ерекшеліктерін анықтап, сол жөнінде анықтама жасайды. Морфология мен синтаксистің қарастыратын объектілеріінің үнемі бірлікте жұмсалатыны грамматикалық талдау амал-тәсілдері арқылы іске асырылады. Грамматикалық талдаулардың барысында морфология синтаксис ішінде, керісінше, синтаксис морфология ішінде жарыса қолданылып, олар тығыз байланыста бір-бірімен ұштастырыла оқытылады.
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып сөз таптарының сыр-сипатын ашпуда, ең алдымен қазақ тілі лексикологиясындағы сөздердің мағыналық, морфологиялық белгілеріне қарай үш топқа бөлінетінінен мәлімет бергенде өте жеңіл. Бұны мұғалімдердің өздері саралап, жіктеп алулары керек.
Жаңа технологиялардың ішінде даралап, саралап, ұжымдық оқыту технологиясы бойынша қазақ тілі лексикасындағы сөздердің жоғарыдағыдай негізінен үш топқа бөлінетіні, бұлардың ең бастысы – негізгі сөздер екені айтып түсіндіру дәстүрлі оқытуға қарағанда жеңлірек.
«Сын тұрсынан ойлауды дамыту» технологиясының негізінде сын емес, шыңдалған ойлау жатыр. Оқушы өз ойын сынан өткізіп, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлап отырып, келе-келе мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық, топтық жұмыстармен оқушылар өз ойларын ашық айта білуге, пікір айтуға, ойланып жауап беруге, жолдастарының ойын тыңдауға, жауаптарын бағалай білуге үйренеді. Сабақта пікір таластыру, яғни, дебат әдісін қолдану арқылы оқушылар бойында сыйластық, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелейді. Сыныптағы оқу үлгерімі нашар оқушылардың да қызығуы туады. Олардың өз мүмкіндіктері мен білімдеріне қарай яғни ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі деңгейлік тапсырмалар бөлініп беріледі.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолдану арқылы сынып оқушыларының білімдерін бағалау үшін бағалау критерийлерін белгілеп алу өте маңызды. Ол критерийлерге мыналар жатады:
1. Сабақта оқушылардың белсенділік танытуы;
2.Өз ойларын ашық, еркін жеткізе білуі;
3.Тақырып бойынша ең негізгіні түсініп, ажырата білулері;
4.Сыныптастарына әділ түрде баға беруі;
5. Тапсырмаларды орындау барысында уақытты тиімді пайдалануы. Бағалау критерийлерімен оқушылар алдын ала таныс болуы тиіс. Немесе тақтаға көрсетіп, іліп қоюға да болады.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, жұптық және ұжымдық, білесіп жұмыс жасауға, ықпал етеді, ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады[11;42].
«Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасына негізделген сабақтар оқушыларды жан-жақты және тереңірек алуға оларға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге, оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Мұндай сабақтарды өту барысында сабақтың мақсатын нақтыланып, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығушылықтарын арттырып, ой-өрісін дамытуға баса назар аударылады. Оқушылардың дербес ізденісі жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға көмектеседі.
Оқушылармен жүргізілетін барлық ойын түрлері мынандай:
1. Дидактикалық ойындар.
2. Сөздік – дидактикалық ойындар.
3. Рөл – сюжеттік ойындар.
4. Драмалық ойындар.
5. Творчествалық ойындар.
6. Әдеби – музыкалық ойындар деп бөлінеді.
Ойын - оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Сабақта қолданылатын әр ойынның тәрбиелік мәні зор, оқушының ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлау қабілетін арттыруға оң әсерін тигізетіндей болуы тиіс. Ана тілі мен қазақ тілін оқыту тәжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан.
Оқытудың жаңа технологияларына негізделген ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі: қарпайым жұмбақ арқылы; қиындық – оңай жолмен, қажеттілер – қызық жолмен беріледі.
2. Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекеттер, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын – болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді?», «мен не істер едім, егер…» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балаладың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
4. Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді.Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын - әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы – олар эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады[18;35].
Проблемалық оқытуға негізделген қазақ тілі не ана тілінен тапсырмалардың қай түрі болмасын (шығарма, мазмұндама, мәтінге жоспар құру), оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы - оқушылардың шығармашылық қабілетін, дарынын дамытуға бағытталады. Проблемалық оқыту технологиясынан дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді, нәтижелі қорытынды береді.
Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.
Деңгейлеп оқыту технологиясының ІІ бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу болып саналады. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.
Деңгейлеп оқыту технологиясын оқу процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:
- Оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.
- Оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы азаяды).
- Оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады.
- Дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, дамытуға жағдай жасалады.
- Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.
- Олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның болашағы, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты[19;12]. Осыған орай біздің тәуелсіз, жас мемлекетіміздің басты даму бағыттарының бірі – қазіргі білім мен ғылымды барынша дамыту болып табылады.
Азамат дамуының тарихы және әлеуметтік тәжірибе дүниетанымдылық, шығармашылық, терең білімділіктің негізі – тіл, сөйлеу екендігін көрсетеді.
1) Жеке тұлғаның принциптерін, көзқарасы мен сенімін іске асыратын;
2) Дүниеге деген қайталанбас көзқарасын білдіретін;
3) Болып жатқан жағдайда теңбе–тең елең ету қабілеттілігін көрсететін, сонымен бірге болмысқа бейімділігін көрсететін – тіл.
Ғылым үшін болсын, әдіскер үшін болсын, мұғалім үшін болсын оқушысының тілді меңгеруі, тілді оқытудың тиімді технологиясын таңдау туралы мәселе өзекті мәселе болып қала берді.
Бұның бір себебі: бүгінгі күн ақпараттық кеңістіктің баюы, бұл әр адамға көп еңбек етуді қажет етеді және ол адамның тілдік білім жағынан қабілеті дамыған болуы керек. Соған орай қоғамдағы өзекті мәселелерді шеше алатын, жаңа әлеуметтік – психологиялық қабілеттердің қалыптасуына ықпал ететін, оқушылардың ойлау қабілеттерін шыңдап, шешендік өнерге баулитын мүмкіндіктер жүйесі ұсынылған. Тіл сабақтарында ұштастырылатын олқылықтарды жоюда мұғалімдер өз білімдерін жетілдіріп, толықтыруды бүгінгі мектеп реформасы талабындағы шешімдердің ең бастысы деп қараулары керек.
Демек, қазіргі уақытта біліктілікті арттыру үрдісіне пәнішілік тар шеңбердегі әдістемелік көмек деп қарап, онда репродуктивті амал әрекетпен шектелу ағаттық болар еді. Білім көтеру – адамның жан жүйесін, ішкі құрылымдарын жаңа деңгейге көтеретін психологиялық үрдіс. Ол тыңдаушының тұлға ретінде дамуына әсер етіп, болмысының өзгеруіне әкелуі, ақырында сол адамның қоғамдық тәжірибеге үлес қосумен аяқталуы тиіс. Бұл орайда біз біліктілікті арттыру жүйесінде жоғарыда тоқталып кеткен дамытушы орта жасауды шығармашылаққа қол жеткізудің шарттарының бірі деп есептейміз. Дамытушылық шығармашылық орта – білімділік үрдістің субъектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы.
Біріншіден, дамытушылық шығармашылық орта қалыптасуы үшін оған әсер ететін қайнар көз ретінде оқу үрдісі алынады. Оқыту үрдісінің мазмұны қажеттілік сұраныстарға қарай өзгермелі, технологиялық жағынан қамтамасыз етілген, субъектінің өзін-өзі дамытуға ықпалы барлығымен сипатталады. Дамытушылық шығармашылық орта өз қызметін тиімді атқарады, егер субъект үшін мәні болса.
Екіншіден, дамытушылық шығармашылық орта өзінен - өзі стихийялы түрде пайда бола салмады, кіріктірілген, жасампаздық педагогикалық әрекет нәтижесінде сол дәрежеге жетеді. Демек мұндай ортаны жасау үшін мақсатты жұмыс жүргізілуі қажет.
Үшіншіден, дамытушылық шығармашылық орта мәнді – құндылықтардың бірлігі мен теориялық технологиялық тұтастықтың болуымен сипатталады. Сондықтан мұндай теориялық технологиялық тұтастықтың болуымен сипатталады. Сондықтан мұндай шығармашылық ортаны жобалауды оның субъектілер үшін эмоциналдық мәнмен толы болуын да ескеру қажет.
Төртіншіден,дамытушылық шығармашылық орта педагогикалық үрдістің ықпалынан өзіндік кіріккен сапаға да ие болуы мүмкін. Ондай сапаға біз субъектілердің әрекеті барысында пайда болатын, оларға позитивті немесе негативті әсер ететін психологиялық климат немесе психологиялық ахуалды жатқыздық.
Бесіншіден,дамытушылық орта жасауда шығарамашылықпен өзін-өзі жетілдірудің әлеуметтік-психологиялық қондырғылардың қалыптасуының механизмдерін қолдану тиімділігін тірек етеміз.
Сипатталып отырған орта - әлеуметтік-мәдени кеңестіктің бір бөлігі, субъектілердің өзара әрекеттесетін аймағы. Мұндай ортаның аспектілері. Инновациялық технологиялар және оны меңгеру жолдары оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасының негізі қаланып, Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық белгісі де қалыптасып келеді. Мұнда басты мақсат етіп алдымен оқушы тұлғасы мен оның білім алу арқылы өзін-өзі дамытуды көздейді.
«Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді» деген еді неміс психологі Н.Энкельманн. Осыған байланысты оқытудың инновациялық технологиясы бойынша қазіргі сабақтар тренингтер түрінде де өткізіліп жүр.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді.
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады – дегендей, кез келген диалектикалық даму үдерісі секілді, білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді.
Қорыта келгенде, оқушыларға сапалы білім беруде, оқу тәрбие жұмысының мазмұнын жаңартуда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің ұтымды жақтарын дұрыс енгіе отырып, жүйелі пайдалану нәтижесін береді.
Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында сабақты қазіргі заман талабына сай түрлендіріп өткізудің маңызы зор. Білім жолы әр ұстаздан талмай, тынымсыз еңбектенуді, шығармашылық ізденісті талап ететін қиын да қастерлі жол.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігінің арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы., -2005.-200б.
Амиргалина Н.М. Білім берудегі инновациялық технологиялардың бірі- тірек конспектілері арқылы оқытуды колледж оқу үрдісіне ендіру //Білім,-2009.- №4.-18-20б.
Алиева А.М. Жаңа оқыту технологиялары. //Қазақстан мектебі, 2008.- №2.-28-30б.
Әбдіманапов С. Елдік өркендеу және инновациялық даму. // Егемен Қазақстан, 2007, 28 сәуір.
Беспалько В.П. Программированное обучение. Дидактические основы. – М., -1970.-158с.
Бейсенбаева А. Білім берудің жаңа технологиялары. Қазақстан мектебі, 2006.- № 2.-22-24б.
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. - Алматы, 2004, 210б.
Валиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. (Әдістемелік нұсқау) – Алматы, -2002.-200б.
Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. Усть-Каменогорск.-1982.-200с.
Жанпейсова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. -Алматы.,- 2002.-120б.
Жүнисбаева А.А. Оқу-тәрбие ісінде педагогикалық технологияны ұтымды пайдалану.-Білім,2007.- №3 .-15-17б.
Көкеева К. Қалықова А. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану.- Білім, -2006.- №3.-17-20б.
Қараева Қ. Педагогикалық жаңа технологиялары тиімділігі.//Қазақстан мектебі, 2010.- №3.-15-17б.
Қараев Ж., Көбдикова Ж. Педагогикалық жүйені технологиялық тұрғыдан жаңартудың өзекті мәселелері.// Оқыту- тәрбиелеу технологиялары, 2008.- №1.-20-23б.
Құлдыбаева С.Б. Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технология.-Білім,-2009.-№6.-21-23б.
Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар. Алматы., -2005.-200б.
Омарова С. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана білейік.-2006.- №7-8.-20-22б.
Өстеміров К. А., Айтбаева Б. Қазіргі білім беру технологиялары Алматы, -2006, -145б.