Саба?ты? ма?саты: М?хатетжан Етекбаевты? «Нан ?айдан шы?ады?» ертегісімен танысады. Ертегіні? ?зекті т?йінді ойын ашу?а ?йренеді, ?з бетінше шы?армашылы?пен ж?мыс істеуге т?селеді. Танымды? ?ызы?ушылы?ын арттыра отырып, шы?армашылы? ?абілеттері дамиды. Та?ырыпты ?мірмен байланыстыра отырып с?йлеу м?дениеттері артады. Топпен ж?мыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, к?мектеседі.
К?тілетін н?тиже: Нанды ?астерлеуге, ас атасы нан екендігін, нанны? адам ?міріндегі е? ма?ызды ас екендігін, оны? о?ай жолмен келмейтіндігін айтып ??ынады. Т?сініксіз жерлерін талдайды. Д?ниетаным ке?ейеді, п?нге деген ?ызы?ушылы?ы артады, шы?армашылы? ?абілеттері дамиды.
Просмотр содержимого документа
«Нан ?айдан шы?ады ?»
Сабақтың тақырыбы: Нан қайдан шығады?
Сабақтың мақсаты: Мұхатетжан Етекбаевтың «Нан қайдан шығады?» ертегісімен танысады. Ертегінің өзекті түйінді ойын ашуға үйренеді, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге төселеді. Танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттері дамиды. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып сөйлеу мәдениеттері артады. Топпен жұмыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, көмектеседі.
Күтілетін нәтиже: Нанды қастерлеуге, ас атасы нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғынады. Түсініксіз жерлерін талдайды. Дүниетаным кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Сабақта қолданылатын материалдар:1.Оқулық 2.Суреттер 3.Алма ағашы
Әдістері:сұрақ-жауап, бағыт беру, көрсету, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері: Үлкенге де,сіз
Кішіге де,сіз
Сәлемдесіп қоялық
Әдеппенен біз
Геометриялық фигуралар арқылы 4 топқа бөлу, бағалау жолақшаларын тарату, топ ережесін еске түсіру.
Автор туралы мәлімет: Мұхаметжан Етекбаев(1936-1998) Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Балалар жазушысы. Алматы облысында журналистік факультетін бітірген. Балаларға арнап 20 кітап жазған «Алтын мүйізді киік», «Қисық бұтақ» т.б.Социалистік Қазақстан газетінің редакторы болған. 1966 жылдан бастап өмірінің соңғы жылдары Жамбыл атындағы мұражайдың директоры болып жасаған.
-Балалар, нанның қалай жасалатын жолын мына суретке қарап айтайықшы. Көктемде диқаншылар егін даласына сепкен тұқымы жаздай өсіп, масақ бастары дәнге толып күзде сары алтындай жайқалған алқапқа айналады. Сол кезде егіс даласына комбайндар шығады. Комбайн егін орады, жинайды, бастырады. Бастырылған дән комбайнның жанына жүк машинасы келеді. Арнаулы тетік комбайн өңеші арқылы қауызынан аршылған дән машина қорабына құйылады. Машина астықты тиеп алып, қырманға әкетеді, қырманда астықты тазалап, кептіреді. Содан соң барып элеваторға жөнелтеді. Элеватордан астықты қажет кезінде диірменге жібереді, диірменшілер оны тазартып, ұн жасайды. Ұнды нан пісіру үшін наубайханаларға жібереді. Наубайханадан наубайшылар нан пісіреді де, оны дүкендерге жібереді екен.
Ауданымызда наубайхана бар, бүкіл халықты нанмен қамтамасыз етіп отыр. «Орион»наубайханасы. Ол наубайханада көбіңіздің ата-аналарыңыз жұмыс істейді.
Оқушылар ертегіні топпен оқып шығады.
V.Ойлан, жұптас, бөліс
1топ: 1.Ертегінің идиясын анықта.Дәлелде
2.Нан туралы жаңылтпаш айту
3.Нан-өмір,нан-ән,нан-нәр,себебі.....
2топ: 1.Ертегідегі оқиға жылдың қай мезгілінде болғанын түсіндір
2.Нанның дастарқанға қалай келетінін сызба арқылы көрсету
3.Нан туралы мақал айт
3топ: 1.Нанға қатысты тыйым сөздер айт
2.Бір дән жатса,еңкейіңдер,көтеріңдер,себебі.....
4топ:1.Нан туралы жұмбақ айту
2.Нан туралы 5жол өлең құрастыру
Сергіту сәті Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар
Дәптермен жұмыс
Кестені толтыр.Өзің бір тұжырым қосып жаз
«Дұрыс»(+)
«Бұрыс»(-)
Бұл ауыз әдебиетіне тән ертегі.
Қап-қап ұн диірменнен шығады.
Тышқан нанның еңбек арқылы табылатынын түсінеді.
Реті:нан,ұн,бидай,тұқым.
Ой қорыту. Ой толғаныс сатысы
1.Оқушылар біздің дастарқанымыздағы нан тағамдарын атайықшы.
-Тоқаш, бәліш, торт, тәтті кекс, печенье, бауырсақ т.б.
2. Ал осы бауырсақты қалай жасаймыз? Аналарыңнан көргендерің бар ма? (бауырсақтың жасалу жолдарын оқушылар баяндайды)
Қорытынды: -Сабақ ұнады ма?
-Біз нені үйрендік?
- «Көрініс» көрсету
Үй тапсырмасы:49,50-бет оқу, әңгімелеу «Комбайн мен Орақтың айтысы» тақырыбына мысал ойлап жазу.