kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? кітабым Нуржакупова ?сел Егинбай?ызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ж?мыс  та?ырыбы:

О?у ?дістерінде  ертегіні   ке?інен  ?олдану жолдары

2014 – 2017 о?у  жылдарына  арнал?ан  жоспар

Ма?саты  -

Ертегі ты?дау ар?ылы адалды?ты, ?ділдікті, мейрімділікті бала бойына сі?іру.
Міндеті:
1. ?лтты? салт-д?с?рге, ?дет-??рып?а деген с?йіспеншілігін арттыру.
2. Ертегі кейіпкерлеріні? бейнесіне ене отырып шы?армашылы?ын жетілдіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? кітабым Нуржакупова ?сел Егинбай?ызы »

Мемлекеттік тілде оқытататын Заречный орта мектебі



Мектепалды даярлық және бастауш бірлестігі.

Мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Нуржакупова Әсел Егинбайқызы

Жұмыс өтілі – 12 жыл

Білімі- жоғары

Қостанай гуманитарлық институты түлегі 2006 жыл

Мамандығы - қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі



Жұмыс тақырыбы:



Оқу әдістерінде ертегіні кеңінен қолдану жолдары


2014 – 2017 оқу жылдарына арналған жоспар






Мақсаты -


Ертегі тыңдау арқылы адалдықты, әділдікті, мейрімділікті бала бойына сіңіру.
Міндеті:
1. Ұлттық салт-дәсүрге, әдет-ғұрыпқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
2. Ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне ене отырып шығармашылығын жетілдіру.






2013 – 2015 оқу жылының оқу бағдарламасының мониторингі

Сабақ беретін сыныбы

Жетілік жүктеме

Жылдық сағат саны

Тоқсандар

Оқулық аты

және авторлары

І

ІІ

ІІІ

ІV


Мектепалды даярлық

5

22























Біліктілік арттыру курстарымның тақырыбы

2014- 2015 оқу жылдары


Өткен курс тақырыбы

Уақыты

Қайда өтті

1

Шағын орталық


14.01.2008

Облыстық қайта даярлау иниституты

2

«Өзін-өзітану» пәнін оқытуды құрылымдық – мазмұндық және әдістемелік қамтамасыз ету.

15.06.2010

Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты

3

«Счастливая семья» в сфере дошкольного образования

23.08.2014

Институт семейного воспитания





Біліктілік арттыру және кәсіби қоғамдастықта болу үшін жазған әдістемелік мақалаларым

2013- 2015 оқу жылдары


Мақала тақырыбы

Уақыты

Қай басылымда

1




2




3




4




5






2013 – 2015 оқу жылдар аралығы бойынша өткізген семинарларыңыздың және ашық сабақтарыңыздың тақырыбы

Жылы

Аудандық

семинар тақырыбы

Облыстық

семинар

тақырыбы

Мектепішілік

апталықтағы ашық сабақ

2014-2015ж




Кіріктірілген сабақ «Көктем» »

2015-2016ж






2013 – 2015 оқу жылдар аралығындағы қатынасқан сайыстарыңыз және жетістіктеріңіз үшін алған марапаттарыңыз

Облыстық


Аудандық



Мектепішілік


2014-2015 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы


«Таза бұлақ» отбасылық шығармашылық фестивалі 2 орын






Білім саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық

Бөлім: Тіл дамыту, ҚМҰҚ, музыка

Тақырыбы: Көктем

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерін ажырата білуге ,әр мезгілдің ерекшелігін танып білуге бағыт беру, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Үй жануарлары жайында балалрдың білімдерін кеңейту, оларды күтіп-баптауға адамдарға тигізетін пайдалары жайлы түсінік беру және адамдардың жануарларға қамқорлығын түсіндіру. Балаларға ойыншықтарды сипаттай отырып, қысқа әңгіме құрастыра білуді үйрету. Ол неден жасалғанын және қатты ма, жұмсақ па екенін білу, меңгерту. Пішіндер арқылы құстарға үйшік жасау, дидактикалық ойындар арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамытып, ойлау қабілетін арттыру.

Қажетті құралдар: Суреттер, муляждар, пішіндер, ойыншықтар.

Билингвалдық компонент: жануарлар-животные, құс-птицы, төл-детеныш


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атсын!

Алтын сәуле таратсын!

Жарқырайды күніміз!

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн қонақтар!


-Балалар ортаға шығып орындайды.

іҰйымдастырушылық ізденіс

-Балалар бізге бүгін қонақтар келіпті. Конақтар өздерімен бірге тапсырмалар ала келіпті.

-Біз тапсырмаларды орындауымыз керек.

-Орындаймыз ба?

1-тапсырма:

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Атап шығыңдар.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде далада қандай өзгерістер болады?



Көкткемде неше ай бар?


Көктем келді еліме,

Көктем келді жеріме,

Байлық бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

-Тақпақ не жайлы?


-Ал балалар санамақ санауды білеміз бе?

Бір дегенім білім,

Екі дегенім еліме,

Үш дегенім үйшік,

Төрт дегенім төсек.


1.Тапсырма: Тура және кері санау. Көршісін тап.


2.Тапсырма: Жануарлар бар. Қызыл жолаққа қоян, ақ жолаққа жолбарыс және түлкі.

Қайсысы көп? Қайсысы аз? Жануарлардың жанына тиісті сандарды қой.

3 Тапсырма

Саны бойынша заттарды қос.

4 Тапсырма: Пішіндерді атап өту.

-Балалар көктем мезгілінде бізге нелер ұшып келеді?

-Ал ендеше біз құстарға ән жаттап уйренейік.


  1. Бесбайда бар үш іні,

Естайда бар екі іні,

Алсаң үштен екіні,

Неше екен шешуі?

  1. Қолымда бар қарындаш сары, қызыл, ақ. Қанша болды барлығы?

Сергіту сәті:

-Бір аптада неше күн бар?

-Атап шығыңдар.







-Иә


-4 мезгіл бар

-күз. қыс, көктем, жаз

-көктем

-Қар ери бастайды, күн жылынады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, бәйшешектер шығып, шөптер өсе бастайды.

Наурыз,Сәуір,Мамыр.















0,1,2,3,4,5,6,7,8,9

9,8,7,6,5,4,3,2,1,0









-Құстар



-үш қарындаш барлығы.

Қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.


-7 күн бар

-Дүйсенбі, Сейсенбі,Сәрсенбі,Бейсенбі, Жұма, сенбі. Жексенбі






-Сиыр

-Шөп,жем жейді.


-Сиырдың төлі: Бұзау



Рефлексивті-коррекциялау

-Сонымен балалар, біз бүгін қандай жұмыс жасадық?

-не туралы әңгімелестік?


Оқу іс-әрекетінде белсенді болған балаларды мадақтап, рахмет айтады.

Сұрақтарға жауап бердік

-Үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы.


Балалар қуанады,шаттанады,

мақтанады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: жыл мезгілдерін ажырата алады, әр мезгілдің ерекшелігн танып біледі , ойлау қабілеттерін,тіл байлықтарын дамытады, құстарға, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға көмектеседі.


Игереді:Үй жануарлары жайында балардың білімдерін, оларды күтіп- баптауға

адамдарға тигізетін пайдалары және адамдардың жануарларға қамқорлығын.


Меңгереді:Балалар ойыншықтарды сипаттай отырып, қысқа әңгіме құрастыра білуді, оның неден жасалғанын және қатты ма, жұмсақ па екенін меңгереді, дидактикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілетін дасытып, ойлау қабілетін арттыруды

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тиянақтау. Аңдардың аттарын, балаларын атай білуге үйрету. Осы аңдарды, табиғатты қамқорлауға, аңдарға деген сүйіспеншілікке баулу. Тақпақтарды айтқыза отырып еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдерін дамыту.

Көрнекілік құралдар: үлгі суреттер, ойыншық аңдар, құстар, шыршалар.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың барысы:

  1. Қатармен топқа кіру. Амандасу. Шеңберге тұрып бір-біріне алақан арқылы жылу беріп «сәлем» айту. Достығымыз берік сол,

Бекітейік беріп қол.

Қайта кіріп шеңберге,

Қандай жақсы қол.



Біз өз елімізді, жерімізді сүйеміз. Ендеше, кім айтады Қазақстан рәміздері нелер?

Балалар: -Қазақстанның туы, елтаңбасы, әнұраны.

Тәрбиеші:Туда ненің бейнесі бейнеленген және түсі қандай?

Балалар:-Мынау Қазақстанның туы. Тудың түсі көк, ортасында күн, күннің түсі сары, оң жағында өрнек.

Тәрбиеші:-Қазақстан Республикасының Елбасшысы кім?

Балалар:-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші:-Еліміздің ел ордасы қай қала?

Балалар:-Астана қаласы.

Тәрбиеші:Тамаша, өте жақсы.

Таңдану сәті: Қонаққа қонжықтың кіруі. Амандасу. Мен анамнан адасып қалдым, маған көмек беріңдерші. Орманға қалай баратынымды білмеймін.

Тәрбиеші:-Балалар көмек-тесейік пе? Ендеше, орманға қандай транспорт түрлерімен баруға болады?

Балалар:-Машина, автобус, т.б.

Тәрбиеші: Транспортқа кіру үшін, не төлеу керек?

Балалар:-Ақша, билет алу керек.

Тәрбиеші:-Жарайды, ренжімеңдер, біздер серуендеп, орманға жаяу барамыз.

Тәрбиеші:-Балалар, біздер қайда келдік?

Балалар:-Орманға.

Тәрбиеші:-Міне қонжық орманға да келдік. Апанға бара ғой! (шығып кетеді).

Тәрбиеші:-Балалар орманда нелер мекендейді?

Балалар: -Құстар, жәндіктер, жабайы аңдар, т.б

Тәрбиеші:-Мына шыршаға қараңдар, қандай әдемі! Мынау хат қой!!!

Кімде-кім бізбен ойын ойнаса, соларға сыйлығымыз бар делінген. Ойынның аты «Кім білгіш?» деп аталады. Сұрақтарға жауап айту керек екен.

Қасқырдың сұрағы:

-Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)

-Қасқырдың түсі қандай? (Сұр)

-Қасқыр қалай ұлиды? (у-у-у-у)

-Қасқырдың баласын қалай атайды? (бөлтірік)

-Түлкінің түсі қандай? (қызғылт сары)

-Түлкінің дене мүшелерін атаңдар?

Жұмбақ: «Өзі бір қу, жүрген жері айғай шу». (түлкі)

Қоянның сұрақтары:

-Қоянның терісі қыста қандай болады, ал жазда ше? (Қыста ақ, жазда сұр)

-Қоянның баласын қалай атаймыз? (көжек)

-Олар не жегенді ұнатады? (Сәбіз)

-Қоянның құлағы қандай? (ұзын)

-Қоянның көлемі қандай? (кішкентай)

-Қоян түралы тақпақ білесіңдер ме?






Тақпақ : -Ақ қон-ау. Ақ қоян

Қорқақ қоян, сақ қоян

Қаша берсең қалыңға

Қорқағым деп ат қоям.

Жұмбақ: «Өзі қорқақ, қыс пен жазда екі түрлі тон киеді». (қоян)

Аюдың сұрақтары:

-Аю жылдың қай мезгілінде ұйықтайды? (Қыста)

-Қай кезде оянады? (Көктемде оянады.)

-Аюдың баласын қалай атайды? (қонжық)

-Аю мен қонжық не жегенді жақсы көреді? (бал)

-Аю туралы тақпақ білесіңдер ме?

Тақпақ: -Аю отыр партада ,

Екі қолы қалтада.

«А» деді «Б» деді,

«Р»-ға тілі келмеді.

Жұмбақ : «Қыста ұйықтайды

Жазда қыдырады». (аю)

Кірпінің сұрағы:

-Кірпі туралы тақпақ білесіңдер ме?


Тақпақ: Кірпі, кірпі, кірпі,

Үстің толған ине

Бірін берсең шіркін

Қадар едім түйме.

Мына шыршаға қараңдар, балалар:

  • Шыршада нелер отыр? (құстар отыр).

Қане, санайық: 1-5 ке дейін тура және кері санау. 2 торғай ұшып кетті, нешеу қалды, 1 торғай ұшып келді, нешеу болды?

«Құстың ұясын бұзуға бола ма?» (болмайды)

Мына сұрақтар жазылған пішіндерді бәріміз атап айтамыз. Сандарға байланысты кім санамақ айтады

Санамақ: Бір дегенім-білім

Екі дегенім-еңбек

Үш дегенім-үміт

Төрт дегенім-төзім

Бес дегенім-бестік.

Дидактикалық ойын: 1 «Кірпіге көмектесу.»

Балалар, сендер кірпіні білесіңдер ме? Кірпі шыршаның бүрін жинағанды ұнатады.Ендеше, кірпіге шыршаның бүрін жинап берейік.

Дидактикалық ойын: «Жабайы мен үй жануарлады жеке қой»


Рахмет балалар,өте жақсы, енді тобымызға оралайық.

Міне, тобымызға да келіп жеттік. Ал қазір қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Мені? кітабым Нуржакупова ?сел Егинбай?ызы

Автор: Нуржакупова Асел Егинбаевна

Дата: 09.09.2015

Номер свидетельства: 229637


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства