Білімділік:Та?ырып бойынша о?ушыларды? с?здік ?орын молайтып,оларды? о?ылым,ты?далым,айтылым,жазылым ?рекеттерін ж?йелі іске асыру. О?ушылар?а мектеп ережелері туралы ??гімелеу, т?сіндіру.
Дамытушылы?:Сауатты о?у,с?йлеу да?дыларын дамыту.
Т?рбиелік:О?ушыларды тазалы??а т?рбиелеу.Тазалы?ты? адам ?міріндегі ма?ыздылы?ы жайында т?рбиелік ??гіме айту.
Білімділік:Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайтып,олардың оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым әрекеттерін жүйелі іске асыру. Оқушыларға мектеп ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру.
Дамытушылық:Сауатты оқу,сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды тазалыққа тәрбиелеу.Тазалықтың адам өміріндегі маңыздылығы жайында тәрбиелік әңгіме айту.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,топпен жұмыс пікірлесу,талдау,әңгімелесу,ынталандыру.
Көрнекілігі : суреттер,плакат.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,сабақтың тақырыбын хабарлау. Сәлеметсіздерме,оқушылар. Көңіл күйлеріңіз қалай? Тәрбие сабағына дайынбызба? Бүгінгі тәрбие сабағымызды сіздермен мен Дүйсенова Т.Т.өткіземін. Бүгінгі тақырыбымыздың аты: “Мектеп тазалығы”.
Кіріспе сөз:Жалпы сынып – сыныптағылардың айнасы, оқушы – мұғалімнің айнасы. Әрдайым әр ісімізге, сөйлеген сөзімізге мән бергеніміз дұрыс. Өйткені, адам өнегені жақсыдан да, жаманнан да үйренеді. Бірде әдепті, ұқыпты, жаны, ары таза бір ғалымға: «Осынша әдептілікті қайдан үйрендіңіз?» деп сұрағанда ол: «Әдепсіздерден үйрендім» деген екен. Қоғамдық орындарда көзге көрсетпей істеген жағымсыз істер өзгенің жиіркенішін туғызады. Сен өзің кімнің істегенін білмейтін ұнамсыз істің істеушісін айыптағаныңдай, сенің де жасырын істеген жағымсыз ісіңді өзгелер айыптайды. Құр айыптап қоймай, сені тәрбиелеген ата-анаңа, ұстаздарыңа тіл тигізеді. Мұны айтып отырған себебіміз: көшеде, қоғамдық көліктерде, мектепте және сыныптарда түкірілген түкірік, айғыздалған із, жабыстырылған сағыз, жартылай желінген тамақтарды көптеп кездестіреміз. Осыны істегендердің көбі – мектеп жасындағы балалар.«Сонда олар мұндайды қайдан үйренді?» деген сұрақ туындайды.
I)Білімін тексеру кезеңі:оқушылар 3 топқа бөлінеді,әрбір топқа тапсырма жазылған конверт және А4 парақ беріледі(дұрыс жауапқа бір күлегеш беріледі).
1 топқа: сабақ үстінде оқушы өзін қалай ұстау керек?
2 топқа: асханада оқушы өзін қалай ұстау керек?
3 топқа: үзілісте оқушы өзін қалай ұстау керек?
Оқушыларға косымша ақпарат: Үзілісте: баспалдақтармен жүгіруге, терезе ойығы, шыны витрина немесе басқа да ойнауға арналмаған жерлерде жақын, бір-бірін итеріп, заттарды лақтыруға және күш көрсетіп жаман, былапыт сөздерді айтып қол сермеп, басқа қылықтар жасап шулауға, басқаларға демалуға, жұмыс істеуге кедергі жасауға болмайды.
Асханада болғанда оқушылар: ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары керек; асханадан алған немесе үйлерінен алып келген тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек; мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынады: тамақты кезекпен алады: тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды.
Сабақ үстінде:Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрулары керек. Олар амандасқаннан соң және мұғалімнің рұқсатынан кейін орындарына отырады. Осылай оқушылар сабақ кезінде сыныпқа кіріп келген әрбір кісімен амандасып қарсы алулары керек. Сабақ үстінде шулауға, өзі басқа нәрсеге алаңдап және де жолдастарын да сөзге тартып, ойынмен алаңдатуға болмайды.Егер оқушы бірдеңе айтқысы, сұрақ қойғысы келсе, ол қолын көтеріп, мұғалім рұқсат берген соң сөйлеуі керек.
Ситуациялық сұрақтар:(жауап қабылданса бір күлегеш беріледі)
Асхана ішінде сіз тамақ ішіп болған соң,ыдыс-аяқтарды апара жатып оларды байкаусыздан сындырып алдыңыз.сіздің әрекетіңіз?
Сыныпқа жаңа оқушы келді,мұғалім сенің қасына отырғызды. Ол сабақ үстінде саған кедіргі жасап,әлде әңгіме айтып отырады,сен оған ескерту жасайсын,бірақ ол құлақ аспайды. Сіздің әрекетіңіз?
Қорытынды бөлім: Тақтада ағаштың суреті ілініп тұрады,оқушылар стикер арқылы өздерінің сабақтан алған әсерін жазады немесе смайлинк түрінде бейнелейді.-Олай болса,”Мектеп тазалығы”-атты тәрбие сабағымыз аяқталды. Құрметті оқушылар,зейін қойып тыңдағандарыңа алғыс білдіремін! Белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет.Сау болыңыздар!