kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен сегіздемін қысқа мерзімді жоспар 2 сынып қазақ тілінен

Нажмите, чтобы узнать подробности

краткосрочный план по казахскому языку 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен сегіздемін қысқа мерзімді жоспар 2 сынып қазақ тілінен»

7- сабақ


Сабақ тақырыбы:

Мен кеме құрастырамын.

Күні:


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.2.1 таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.

2.5.1.1 мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану.

2.5.1.2 сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.



Көбі: заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады.



Кейбірі: сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын қолданады.

Күтілетін нәтиже

Тақырып көлемінде қазақша қарапайым хабарлама жасай алады, шағын мәтіндерді тыңдау барысында түсінгенін сурет, сызба арқылы көрсете алады.

Жаңа сөздер:

Не істейсің? кеме құрастыру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

тақта, слайдтар, түрлі түсті суреттер, кестелер, желімқағаздар (стикерлер).

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ойлан, тап!» стратегиясы, «Кім не істейді?» дидактикалық ойыны, «Баспалдақ» үлгісі, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Шаттық шеңбері» тренингін өткізеді.

Оқушылар «Шаттың шеңбері» тренингінің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

1. Қызығушылықты ояту

Мұғалім «Ойлан, тап!» стратегиясы бойынша алдын-ала тірек сөздерді (кеме, қайық, теңіз) тақтаға жазып қояды. оқушылар тірек сөздермен байланысты өз ойларын айтады, ассоциация құрады.

Тірек сөздермен байланысты өз ойларын айтады.

II. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.


Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. оқулықтағы мәтінді оқытады, қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, сұраққа жауап береді.

3. оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.

А) Айтылым. оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Көп нүктенің орнына сөздерді қойып оқиды.

Ә) Жазылым. оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Бағандағы сөздерді сәйкестендіріп жазады.

4. Сергіту сәті. Мұғалім күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.

III. Ойтолғаныс

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Тапсырма шартын орындайды.

IV. Бекіту

Жаңа тақырыпты бекіту үшін «Кім не істейді?» ойынын (4-тапсырма) ұйымдастырады. оқушыларға суретті көрсетіп, оның атын қате айтады.

Ойынның шартын орындайды.

Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Баспалдақтың суреті салынған парақ таратады. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Баспалдақ» үлгісі бойынша өзін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Жазу дәптерінен тапсырма беріледі.

2 т 23 б

VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі желімқағаздар (стикерлер) таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға (стикерлерге) жазып, тақтаға іледі.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Мен сегіздемін қысқа мерзімді жоспар 2 сынып қазақ тілінен

Автор: Дина Николаевна Калиева

Дата: 09.11.2020

Номер свидетельства: 562870


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства