kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп айналасының ауданы мен периметрі

Нажмите, чтобы узнать подробности

бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп айналасының ауданы мен периметрі»


Менің педагогикалық есебім


Мен, Нурпеисова Жибек Сакеновна

білімім: жоғары, бітірген оқу орным: ҚӘТУ 2010ж.

Педагогика және бастауыш сынып әдістемесі

Жалпы еңбек өтілім: 23 жыл

Педагогикалық еңбек өтілім: 19 жыл

Санатым: 2

Біліктілікті көтеру курсы: 2010-2012 ж. - 2014ж. ИПК Қостанай қаласында

Менің педагогикалық ұстанымым:

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Ақылың мен білімің екі жақтан”

Абай Құнанбаев.

Жеке әдістемелік тақырыбым: "Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру".

Педагогикалық мақсатым: Оқушының ізденушілік, зерттеушілік қабілетін дамыту. Оқушылармен ынтымақтаса жұмыс жүргізу. Оқушыларды саналы тәртіп пен сапалы білім алуға тәрбиелеу, бағыттау.

Педагогикалық тұжырымдамам: Үнемі жаңалыққа ұмтылып, өз әдістемелік шеберлігімді, тәжірибемді жетілдіру.

Менің жұмыс жасайтын мәселем:

1. Әдістемелік бірлестік жетекшілік жұмысымды жетілдіру

2. Әріптестеріммен үнемі тәжірибе алмаса отырып, жұмыс істеу.

3. Оқушыларды өз бетінше білім алуға дайындау…


Жұмыс жүйемнің негізі: ата-аналармен жұмыс, сыныптан тыс жұмыс, әдістемелік жұмыс, шығармашылық жұмыс, оқушымен жеке жұмыс, қоғамдық жұмыс.

Іс-тәжірибемде бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданамын. Атап айтқанда венн диаграммасы, түртіп алу, суретті сызбалар, дидактикалық ойындар т.б. Жұмыс жасау барысында оқытудың жаңа технологиясының бірі-педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі іліміне сүйене оқыту болып табылады. Нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек ете білетін, қабілетті жастар керек. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Әр деңгейлік тапсырманы орындаған сайын оқушы жақсы орындауға талпынады. Мұғалім де, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды, сондықтан да оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдетуі үшін оларды іздендіру керек.

Бірінші деңгейлік тапсырма оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек.

Екінші деңгейлік тапсырма түрленіп, күрделене түседі. Мазмұны өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар.

Үшінші деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушы өзі тұжырым жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушының өзі сөздіктерді пайдаланып, мәтіндерді аударады. Берілген мәтіндерге сұрақ ойлап жазады. Өзіне керек материалдарды іздеп, тауып оқиды.

Кез-келген сабақта ыңғайлы түртіп алу әдісін үнемі қолданамын. Осының нәтижесінде оқушылардың ізденісі мен шығармашылығы дамып отырады. Баланың логикасын, ойынын ұшқырлау мақсатында сканвордтар мен суретті кросвордтар, суретті тапсырмалар дайндалып, сабақта қолданамын. Әсіресе бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың маңызы өте зор. Оларды да сбақ барысында қолдану басты мақсаттарымның бірі.

Мұғалім ретіндегі ізгі мұратым – тек білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу, шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі ұзақ та маңызды үдеріс. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Әсіресе оқушыларды шығармашылық жұмыстармен айналысуына көбірек назар аударамын. Оқушыларымды ғылыми жұмыстар жазуға да баулимын. Ісіміз нәтижесіз де емес. 2015 жылы өткен ғылыми жұмыстар конференциясынжа екінші орын иегері болды. Мектепішілік бірнеше сайыстарға да қатынасады.

Педагогикалық жолда тек осы істермен шектелмей, интернет жүйесінде де өз тәжірибеммен алмасып, өзге әріптестеріммен қарым қатынас жасаймын. Өзімнің жеке сайтым да бар. Интернет желісіне сабақтарымды, баяндамаларымды салып, өзге де әріптестеріммен бөлісемін. Бірнеше сертификаттарым да бар.

Баланың өмірлік тәжірибесі қоршаған ортасына, жанұясына және мұғалімдеріне байланысты. Қабілеттер тек іс-әрекетте анықталады. Оқушыларға жеке пәннен білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да ғылымилыққа, өз беттерінше ізденуге, белгілі бір бағытқа, заман талабына сай бәсекелестікке қарсы тұра білуге баулу ды өзімнің маңызды міндетім деп ойлаймын.

Оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетінен терең пәндік білім беруде олимпиадаға, пәндік сайыстарға дайындау мақсатында олимпиадалық топ жұмысын жүйелі жүргізіп отырамын.

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер оданда көп. Сол жолда еселі еңбегімді адан әрі жалғастыра беретініме сенімім мол. Мұғалім ретіндегі жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке жетелеу жолындағы жұмысыммен қоса, өз мектебімнің тиімді дамуына әсер ететін белсенді көшбасшылықты да абыроймен алып жүрсем деген ұстаныммен еңбек ете бермекпін.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Мектеп айналасының ауданы мен периметрі

Автор: Даулетбердиева Улбосын

Дата: 17.11.2018

Номер свидетельства: 486137


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства